Исследование урока методические рекомендации Астана 2016 удк


Сабақты зерттеу үрдісінің түрлері



бет2/13
Дата30.11.2023
өлшемі265,65 Kb.
#194227
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІ ҚАЛАЙ САПАЛЫ ЖҮРГІЗУГЕ БОЛАДЫ ДОРАБОТАННЫЙ

Сабақты зерттеу үрдісінің түрлері

Доктор Хироюки Куноның зерттеулеріне сай бүгінгі күнге Сабақты зерттеу үрдісін Жапония мен Қазақстаннан басқа АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Гонконг, Таиланд, Малайзия, Индонезия, Бруней, Қытай, Швеция мемлекеттері қолдануда (Kuno 2011 WALS).


Сабақты зерттеу үрдісінің мақсаты әр мемлекетте әртүрлі. Мысалы, АҚШ-ның ғалымы Lewis (2002) Сабақты зерттеу үрдісін басқару циклі ретінде сипаттайды:
1. Сабақты зерттеу тобын құру;
2. Студенттерге оқу және ұзақ мерзімді даму мақсаттарын қою;
3. Зерттеу сабағы үшін бірігіп жоспар жасау;
4. Бір топ мүшесі сабақты жүргізіп, қалғандары студенттердің оқуы жөнінде мәлімет жинайды;
5. Сабақ кезінде жиналған мәліметті талқылап, оны сабақты жақсарту үшін қолдану және жалпы нұсқаулықтарды жинақтау;
6. Тексерілген сабақты қайта басқа сыныпта өткізу.
Сабақты зерттеудің бұл түрі мұғалімдердің оқыту дағдысын дамытады.
Ұлыбритания ғалымы Dudley (2011) Сабақты зерттеуді мұғалімді дамытатын үрдіс ретінде сипаттайды. Ол сыныптағы түрлі оқушылардың топтарына жататын белгілі оқушылардан ақпарат жинау процесін аса маңызды деп есептейді. Бақылаушылар оқушыларға сұрақ қою арқылы олардың оқу жолдарын және сабақтың тиімділігін анықтайды.
Ал, Жапонияда Сабақты зерттеудің белгіленген мақсатқа байланысты үш түрі бар екен. Бірінші түрі Сабақты зерттеудің бірыңғай тақырыбына байланысты, екінші түрі оқыту дағдыларын дамытуға арналған, ал үшінші түрі мұғалімдердің бақылау дағдыларын дамытады.
Сабақты зерттеу үрдісінің бірінші түрінде барлық мұғалімдер бірге жұмыс істеп, бірыңғай зерттеу тақырыбын таңдайды. Олар бірге ақпарат жинап, зерттеу сабағын соның негізінде өткізеді. Жыл аяғында олар зерттеу туралы есепті басып шығарады. Сабақты зерттеу үрдісінің бұл түрінде әрбір мұғалім зерттеу сабағын өзі үшін емес, бірыңғай тақырып үшін өткізеді. Бұл жағдайда, сабақ жоспарын талқылау әсіресе маңызды. Әрбір Зерттеу сабағы мектептің зерттеу тақырыбына байланысты болуы керек. Сабақты зерттеудің әрбір циклін өткізгеннен кейін мұғалімдер зерттеу нәтижелерін бірыңғай тақырыпқа байланыстыруға тырысады. Жапонияда көптеген мектептер Сабақты зерттеудің осындай түрін өткізеді. Бірақ, Жапонияның білім саласындағы ғылыми зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Тошия Чичибу өзінің «Lesson Study (сабақты зерттеу) бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулығында» Сабақты зерттеудің бұл түрі үлкен тәжірибені қажет ететіндіктен, Қазақстан мектептеріне қолдануға әлі ертерек екенін ескерткен.
Сабақты зерттеудің екінші түрінде мұғалім өз еркімен Зерттеу сабағын өткізеді. Мұғалім өзінің зерттеу тақырыбын таңдап, өзінің оқыту әдісін дамытуға тырысады. Ол өзінің сабақ жоспарын зерттеу тақырыбына байланысты жазып, зерттеу сабағын өзі жүргізеді. Ол сабақты бірнеше мұғалімдер тобы бақылайды. Бақылаушылар сабақты талқылап, оның нәтижесінде мұғалім сабақ жоспарын қайта жазып, екінші зерттеу сабағын ашады. Мұғалім Сабақты зерттеу циклі барысында кері байланыс алып, өзінің оқыту дағдыларын дамытады. Ұлыбритания мен АҚШ-та өткізілетін Сабақты зерттеу үрдісі осындай түрге ұқсас (Т.Чичибу, Л. Ду Тоит, А.Тулепбаева, Lesson Study (сабақты зерттеу) бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 8 бет, Астана, 2013ж).
Сабақты зерттеудің үшінші түрінде барлық мұғалімдер зерттеу сабағын өткізіп, сонымен қатар әріптестерінің зерттеу сабағын бақылайды. Сабақты бақылаған кезде, мұғалімдер жақсы әдіс-тәсілдермен бөлісіп, өздерінің оқыту және бақылау дағдыларын дамыта алады. Сабақты зерттеудің бұл түрінде мұғалімдер өздерінің зерттеу тақырыбын таңдай алады, бірақ бірыңғай тақырыпты беру оларға көбірек пайда келтіреді. Сабақты зерттеудің бұл түрінде әрбір мұғалім жылына бір зерттеу сабағын өткізіп, бірақ бақылау процесіне көбірек назар аударады (Т.Чичибу, Л. Ду Тоит, А.Тулепбаева, Lesson Study бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 10 бет, Астана, 2013ж).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет