Исследование урока методические рекомендации Астана 2016 удк


Әріптестерді нәтижелермен ресми түрде таныстыру



бет11/13
Дата30.11.2023
өлшемі265,65 Kb.
#194227
түріМетодические рекомендации
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІ ҚАЛАЙ САПАЛЫ ЖҮРГІЗУГЕ БОЛАДЫ ДОРАБОТАННЫЙ
Ахмет Айтолкын СРС 2ФГМ
8. Әріптестерді нәтижелермен ресми түрде таныстыру.
Нұсқаулықта: «Сабақты зерттеуді бастамас бұрын топ мүшелеріне өздері енгізіп жатқан оқыту әдісінің негіздеріне қатысты қандай жұмыс атқарғанын, ол туралы не білгенін, нені пысықтағанын әріптестеріне көрсетуге мүмкіндік беру қажет. Мұғалімдер өздерінің істеген істері туралы пікірлерімен басқалармен бөлісетінін алдын-ала білсе, олар мұны бүкіл үдеріс бойында естерінде ұстайтын болады. Бұл Сабақты зерттеу тобына өз пікірлері мен ойларын әріптестері алдағы уақытта оны пайдалана алатындай етіп нақты баяндауға мүмкіндік береді», деп көрсетілген. Расымен де, егер кез-келген адам өзінің жасаған өнімін басқаларға көрсетуі керек екенін сезінсе, онда өнімді өндіруге деген жауапкершілік артады, ол өз кезегінде сапалы өнім шығаруға әкеледі.
Сабақты зерттеу үрдісінің бірнеше циклі аяқталған кезде топ мүшелерінде зерттеудің қорытындысы болып табылатын, өздерінің дайындаған, әр түрлі категориядағы оқушыларға арнап бейімдеген немесе жетілдірген педагогикалық әдістеме немесе нұсқаулық, яғни қандай да бір өнім пайда болады. Сабақты зерттеу тобы өздерінің зерттеу нәтижелерінде пайда болған өнімін мектептегі әріптестеріне таныстыру үшін төмендегі шаралардың бірін немесе бірнешеуін таңдайды:

  • Педагогикалық немесе әдістемелік кеңесте мектеп мұғалімдеріне арнап таныстырылым жасау;

  • Әріптестеріне осы әдістемені пайдаланып шебер-сынып көрсету;

  • Педагогикалық әдістемені толық ұғынуға көмектесу мақсатында әріптестеріне коучинг өткізу;

  • Зерттелген, жетілдірілген педагогикалық әдісті пайдалану туралы нұсқаулық жазып шығару;

  • Өз тәжірибелерін желілік қоғамдастық арқылы аймақтағы мектептерге тарату.



9. Сабақты зерттеу үрдісіне арналған уақытты жоспарлау және оны мектеп бағдарламасына енгізу.
«Егер Сіз зерттеумен айналысатын мұғалімдер мен мектептегі басқа әріптестеріңізге бұл әдістің нәтижелерін тәжірибеге енгізуге мүмкіндік жасасаңыз, Сабақты зерттеу үрдісі баға мен сапа тең дәрежеде ескерілген ұтымды тәсіл болмақ», деп Нұсқаулықта көрсетілген. Сондықтан, мектеп басшылары өз ұжымындағы мұғалімдердің басым көпшілігі Сабақты зерттеу үрдісімен айналыса бастағанда, бұл үрдісті жоспарлы түрде Мектептің даму жоспарына енгізулері қажет. Сабақты зерттеу үрдісін Жапония мектептерінде әр мектептің оқыту жағдайларына байланысты жылына 4-тен 10-ға дейін өткізуді жоспарлайды. Сабақты зерттеу үрдісінің ашық сабақтары өтілетін күндер үшін мектеп әкімшілігі сабақ кестесіне өзгерістер енгізеді. Мектептің басқа мұғалімдерінің Зерттеу сабағына қатысуларына жағдай жасайды. Пит Дадли өз еңбектерінде Сабақты зерттеу мен оның тиімділігін басқару арасында өнімді байланыс орнату, соның арқасында Сабақты зерттеуге қатысу мен оның нәтижелерін әріптестеріне таныстыру тиімділікті басқару құралдарының бірі ретінде қарастырылатын болған. Зерттеуге тартылған қызметкерлердің айтуынша, Сабақты зерттеуге оқыту тұрғысынан алғанда оншалықты тиімді емес салада тәуекелсіз жұмыс істеуге қарағанда, олардың өздерін сенімсіз сезінетін мәселелерді шешудегі дағдыларының анағұрлым жетілуіне көбірек ықпал ететінін сезінгендігін айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет