Ист 17-3 Бахит б көне Грек діні. Көне Рим діні



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі21,95 Kb.
#86816
  1   2
Байланысты:
Bahit B


Ист 17-3 Бахит Б
Көне Грек діні. Көне Рим діні
Римдіктер өздері жаулап алған халықтардың құдайларына да теріс қарамады, өйткені оларды басқа кейіптегі өз құдайларымыз деп қабылдады. Сөйтіп олардың құлшылық ету жолына тыйым салмай, оны өздері де ұстанатын болды. Осылайша қол астындағы бағынышты халық көбейген сайын, римдіктер ұстанатын діни рәсімдердің саны да өсе берді. Олардың дінінде бір құдайға адалдық таныту талап етілмейтін. Адамдар бір уақытта бірнеше құдайға құлшылық ете беретін.
Римдіктердің басты құдайы Юпитер еді. Ол Оптимус Максимус, яғни ең жақсы да ең ұлы деп аталатын және жел, жауын, найзағайдың құдайы саналатын. Юпитердің қарындасы әрі жұбайы Юнона әйелдердің өмірінің барлық саласын қадағалайтын ай құдайы болып есептелетін. Ал қызы Минерва болса, қол өнері, кәсіп, бейнелеу өнері және соғыс құдайы саналатын.
Римдіктер олардан басқа да сан алуан құдайларға табынатын. Ларалар мен Пенаттар үй құдайлары болатын. Веста отбасына бақыт әкелетін әйел тәңір еді. Екі бетті Янус барлық бастаманың құдайы саналатын. Сондай-ақ әр кәсіптің де құдайы болатын. Римдіктер тіпті абстрактілі нәрселердің де құдайлары бар деп ойлаған. Мысалы, Пакс бейбітшіліктің, Салус денсаулықтың, Пудисития қарапайымдылық пен пәктіктің, Фидес шыншылдықтың, Виртус батылдықтың, Волюптас ләззаттың құдайы болатын. Рим қоғамы мен жеке адамдардың өмірі құдайлардың еркіне тәуелді деп есептелетін. Сондықтан қандай да бір істің нәтижелі болуы үшін дұға ету, құрбандық шалу және діни мереке өткізу арқылы өмірдің сол саласына қарайтын құдайды риза қылу керек-тін.
Римдіктер құдайлардың еркін белгілерге қарап білуге болады деп ойлайтын. Көбінесе олар құрбандыққа шалынған малдың ішкі мүшелеріне қарайтын. Өйткені малдың ішкі құрылысының күйі мен түрінен құдайлардың іске оң батасын беретін-бермейтінін білуге болады деп ойлайтын.
Біздің заманымыздан бұрынғы II ғасырдың соңында римдіктер гректердің құдайлары өздерінің басты құдайларының баламасы деп қарастыра бастады. Мысалы Зевс Юпитердің, Гера Юнонаның баламасы саналатын. Сондай-ақ римдіктер грек құдайлары туралы мифтерді де қабылдаған. Бұл — адамдарға тән кемшіліктері мен шектеулері бар құдайлар туралы аңыз әңгімелер еді. Мысалы, Зевс пенделермен және құдайлармен жыныстық қатынаста болатын және тіпті балаларды да зорлайтын құдай ретінде суреттелетін. Сол уақыттағы театрларда құдайлардың ұятсыз қылықтарын қызыға тамашалайтын адамдар олардың әрекеттерін қайталайтын.
Бұл аңыздарды көзі ашық адамдардың азғанасы ғана тура мағынада қабылдаған сияқты. Өзгелері болса оларды ойдан шығарылған әңгіме деп есептеген. Понти Пилаттың “шындық деген не?” деп сұрауына осындай жайттар себеп болған сияқты (Жох. 18:38). Бұл абсолютті шындық жоқ деп есептейтін сол кездегі оқымысты адамдардың көзқарасын білдіретін сұрақ еді.
Эгей теңізі аймағында ежелгі тұрғындарының ой-санасында барша табиғат күштері мен құбылыстары аса құдіретті, мәңгі жасайтын тіршілік иелері құдайлар кейпінде бейнеленіп, адам баласына тән барлық сезімдермен (қуаныш, қайғы, ашу-ыза, қызғаныш, өшпенділік т.б.) керемет кіршіксіз адамдар түрінде елестеген.
Ежелгі грек мифтері ішінара тәңірілік әрекеттер туралы баяндаса, ішінара ғажайып құдірет-күш, ептілік пен батылдық дарыған әр алуан ерлі-зайыпты құдайлар ұрпағы есептелетін қаһармандардың ерліктері мен бастан кешкен оқиғаларын суреттеуге арналған. Жерорта теңізі әлемі халықтарының арасында кеңінен тараған бұл бағзы хикаялар мен аңыздарды римдіктер де пайдаланған. Жаңа дәуірде ол хикая аңыздар ежелгі грек мифологиясы дейтін ортақ атаққа ие болды.
Гректер құдайлар Грекияның ең биік тауы Олимпте тұрады деп сенді. Оларды Олимп құдайлары деп атады (Зевс және негізгі құдайлар). Гректер Олимптегі құдайлар тұрмысын шонжарлардың тұрмысына ұқсатты. Шонжарлар тайпаларды қалай басқарса, Зевс бастаған «Олимпиялықтар» адамдар мен табиғатты солай басқарды. Құдайлар да мансапқор, қатал, кекшіл келеді-міс. Құдайлар біреуді бай әрі шонжар, енді біреуді кедей, тағы біреуді құл етіп жаратқан. Кімде-кім құдайлар орнатқан тәртіпке қарсы шықса, ол адам құдайлардың қаһары мен аяусыз жазаға ұшырайды-мыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет