Источник: ИС ПАРАГРАФ, 26.08.2013 11:14:07
Фрагмент документа: 'Қазақстан Республикасыныњ визаларын беру, сондай-ақ олардыњ қолданылу мерзімдерін ђзарту жңне қысқарту қаѓидаларын бекіту туралы' Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрініњ м.а. 2013 жылѓы 5 наурыздаѓы № 08-1-1-1/71 жңне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрініњ 2013 жылѓы 7 наурыздаѓы № 175 бірлескен бђйрыѓы
Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2013 жылғы 5 наурыздағы № 08-1-1-1/71 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 175 бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту туралы қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Қазақстан Республикасының визаларын беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 08-1-1-1/457 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 488 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 6011 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2010 жыл, № 10 (07.07.2010)); 2) «Қазақстан Республикасының визаларын беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 08-1-1-1/457 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 488 бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 08-1-1-1/24 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 45 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7416 тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.