Источники формирования и направления использования финансовых ресурсов в регионе


Аймақтың қаржы жүйесін басқару және оны пайдалану бағыттары



бет2/2
Дата30.07.2022
өлшемі1,03 Mb.
#147865
түріДиплом
1   2
Байланысты:
TDMDP

1.2 Аймақтың қаржы жүйесін басқару және оны пайдалану бағыттары




Муниципалдық өкілдікті органдарға өз міндеттерін атқару үшін белгілі бір мүліктік және қаржы бюджеттік құқықтар беріледі.
Тәжиребі көрсеткендей осы құқықтарды ресурспен муниципалдық қаржы қамтамасыз етеді. Оған жергілікті бюджеттер (ҚР — облыс, аймақ, қала, ауыл, село бюджеттері) және аймақтың мұқтажын қанағаттандыру үшін пайдаланылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы кіреді. Муниципалдық қаржы тұрғын халыққа әлеуметтік-мәдени және коммуналдық-тұрмыс қажетін өтеу қызметтімен байланысты шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Сөйтіп, муниципалдық қаржы ол муниципалдық құрылымдардың экономикалық және әлеуметтік дамуына жұмсалатын ақшалай қаражат қорын, ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуді жүзеге асыруға ықпал ететін экономикалық қатынастар. Ілмексөз: Аймақтың қаржы жүйесін басқару
Муниципалдық қаржы арқылы мемлекет әлеуметтік саясатты жүзеге асырады. Жергілікті өкімет органдарына бюджет қаржысын беру арқылы білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын халыққа коммуналдық қызмет көрсету, құрылыс жүргізу мен және жолдарды қалпында сақтау істерін қаржыландырады. Муниципалдық қаржының көмегімен мемлекет тарихи, географиялық, әскери және басқа жағдай нәтижесінде экономиклық және әлеуметтік дамуы бойынша Қазақстанның басқа аймақтарынан артта қалған аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму денгейлерін теңестіре алар еді. Осындай артта қалушылықты жеңіп шығу үшін аймақтық бағдарламалар әзірленуге тиіс. Оларды жүзеге асыруға қажет қаржы тиісті әкімшілік-аймақтық бөліністердің бюджет кірістері көздерінен, сондай-ақ жоғары бюджеттер салығынан жинақталады. Муниципалдық бюджеттерге аймақтық салықтардан қаржы аударылады, сондай-ақ субвенциялар бөлінеді, яғни денсаулықты сақтау, жол құрылысы, коммуналдық объектілердің және дамуының т.б. жоғары құрылымдар бюджетінен бөлінетін қаржы ресурстары [13].

Муниципалдық қаржы ресурстарының көздері. Муниципалдық қаржыны пайдаланудың басты бағыты әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымның қаржысымен қамтамасыз етілуі болып табылады. Муниципалдық қаржыландырудың көзі — бюджет қаржылары мен шаруашылық жүргізу субъектілерінің қаржысы (кәсіпорын, ұйымдар) болып саналады. Муниципалды қаржылардың құрамдас бөлігі — жергілікті бюджеттер. Бүгінгі таңда жергілікті аймақтарында өндірістін және өндірістін емес салалардың кешенді дамуын бұрын соңды болмаған дәрежеде қамтамасыз етуге міндетті. Олардың аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы үйлестіруші рөлі де артады. Бұл жергілікті органдардың қаржы базасын одан әрі кеңейту және нығайту, муниципалдық құрылымдардың қаржы ресурстарын қалыптастыру және пайдалану тәсілдерін жетілдіру мен тығыз байланысты аса маңызды проблемаларды шешудің қасиетін туғызады.


Муниципалдық қаржы түйінінің бірі — шаруашылық жүргізетін субъектілердің қаржысы болып табылады. Оған:
-біріншіден, муниципалдық меншікке кіретін кәсіпорындардың қаржы ресурстары жатады. Көбінесе ол коммуналдық кәсіпорындар,
-екіншіден, ол кәсіпорын, фирма, ұйымдардың әлеуметтік-мәдени және тұрғын үй-коммуналдық объектілері қаржыландыруға пайдаланылатын қаржы ресурстары.
Шаруашылық жүргізетін субъектілер өз қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыда қолдау мақсатымен үй, пәтер, мектепке дейінгі балалар мекемесін, әдістемелік мекемелерді және демалыс объектілерін сатып алады немесе салғызады. Тіпті муниципалдық қаржысынаң жалпы көлемінде кәсіпорындардың едәуір қаржысы әлеуметтік дамуға жұмсалады. 

Муниципалдық қаржысының зандық негізі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында жергілікті органдарға өзіне қарасты аймақта шаруашылық және мәдени құрылысты басқару саласында үлкен құқық берілген. Олар құрылысты, коммуналдық шаруашылықты, білім беру, денсаулық сақтау ісін басқарады; ауыл, қаланы өркендету шараларын жүзеге асырады; жол құңысы саласындағы жұмысты ұйымдастырады [15].


Муниципалдық өкілдікті және атқару органдарының өз аймақтарындағы экономикалық және рухани даму саласындағы шешімін күткен міндеттерді орындаудағы рөлін одан әрі арттыру қажет. Осының бәрі олардың құқықтарын кеңейтіп, материалдық техникалық базасын нығайтуды талап етеді. ҚР 1992 жылдың 13 қантарындағы «Жергілікті өзін-өзі басқару туралың Заңында осы мәселердің бәрі тілге тиек етілген. Осы Заңда жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізгі көрсетілген. Оған аймақтың табиғи ресурстары, коммуналдық меншік, сондай ақ жергілікті бюджетке кіріс кіргізу көзді болып табылатын меншіктің басқа түрлері кіреді. Жергілікті өкімет органдары және аймағында орналасқан кәсіпорындардың өзара реттеледі. Ол қарым-қатынастар келісіл негізінде жүзеге асады. Барлық кәсіпорындар жергілікті бюджтті толықтыру ісіне өз кірісінің бөлігін беру арқылы қатысуға міндетті. Жергілікті өкімет органдарына өзінен жоғары органдармен келіспей ақ, кәсіпорын құру, аймақ қансеттілгін қанағаттандыру мақсатымен олардың бағытын өзгертуге, аймақтың жергілікті шаруашылықты басқарудың және аймақ аралық, салалық және сала аралық органдарын құнуға құқылы. Заңға сәйкес, жергілікті өкімет органдары өздеріне берілген өкілеттін шамасында аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуынан, жоспарларын өздері әзірлейді. Жергілікті өкімет органдарының жаңа құқықтарында валюталық өзін-өзі ақтау принципі негізінде сыртқы-экономикалық қарым-қатынас жасауға жол ашты. Жергілікті өкімет органдары өз аймағында орналасқан кәсіпорындардың осындай байланыстарынын кеңеуіне, экспорттық базаны сыртқы рынокта бәсекеге түсуге қабілеті бар өнім, өндіру жұмыс, қызмет көрсету жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Тиісті аймақта құрылып пайдаланылатын қаржы ресурстарының жалпы көлемін анықтау үшін жергілікті өкімет органдары аймақтық жиынтық қаржы балансын жасайды. Ал мемлекеттік және қоғамдық орган кәсіпорын мекеме мен ұйымдар жергілікті өкімет органдарына осы балансты әзірлеуге қажет мәлімет береді [17].
Тұрғын халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғау мақсатымен өкімет органдарына ағымдағы шығындар бөлігінде жергілікті бюджеттің ең төмен мөлшерін ұстау құқығы беріледі. Ол жергілікті бюджеттің былтырғы шығындары деңгейіп сақтай отырып, жоғарғы органдар шешімдерінен туындайтын шығындарды ескере отырып жасалады.
Жергілікті өкімет органдары қаржы ресурстарының бюджеттік тыс қорын, валюталық қорын құрып, пайдалануға, жергілікті өкімет органдары мен кәсіпорындарды қаржысын жалпы аймақтың шараларды қаржыландыру үшін біріктіруге құқылы.

2. Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджет жағдайына баға беру


2.1 Бюджеттің кіріс бөлігіндегі қаражаттардың қалыптасу көздерін талдау

Бюджет кірістері-ол мемлекеттік функцияларды орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін заңнамаларға ссәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін құралдаын көрсетеді.Олар ақша құралдар қоры қалыптасу процесінде пайда болатын экономикалық қатынастарды әлпеттейді. Бюджет кірістері түсінігі мемлекет кірістері түсінігінен біршама қысаң, бірақ олардың республиканың мемлекеттік кірістер құрылымында шешімді мәні бар.


Бюджет кірістерінің басты мматериалды көзі-ол Ұлттық табыс. Ұлттық табыстың өсуі мемлекет кірістері мен мемлекеттік бюджет кірістері көлемінің тұрақты ұлғаюын қамтамасыз етеді.Мемлекеттік кірістердің айтарлықтай бөлігі-ол өндіріс пен айналым салалары мен әр түрлі меншік формаларының кәсіпорындарында жасалынған қоғамның иаза табысы.Соеымен бірге ,мемлекет жалпы мемлекеттік мұқтаждарды қанағаттандыру үшін әр түрлі кәсіптік іс-әрекетпн және өндірістік пен өндірістік емес салаларда шұғылданатыен азаматтардың табысының бөлігін өз кірістеріне алады [11].
Бюджетке түсетін кірістер, олар жұмылдыратын формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрады.Мұндай түсімдер маңында Бюджет кодексімен тағайындаған белгілі мөлерде және тағайындалған мерзімде бюджет есебіне алынған міндетті төлемдер түсіндіріледі.


1-кесте
Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджет кірісіне түсетін түсімдер
мың.тг

Көрсеткіштер



2020 ж

2021 ж

Нақтылан-ған
бюджет сомасы

Болжам


Нақты түсім



Ауытуы
(+;-)



Болжам


Нақты түсім



Ауытқуы
(+;-)



Кірістер



5841724

6363114,6

521390,6

6361176

6682045,4

320869,4

318930,8

Салықтықтүсімдер



751613

777145,6

25532,6

779205

781714,4

2509,4

4568,8

Салықтық емес түсімдер





3084

3960,1

876,1

93590

93852,2

262,2

89892,1

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер



2587

2865,6

278,6

9914

10216,8

302,8

7351,2

Трансферттік түсімдер



5084440

5579143,3

494703,3

5478467

5796262

317795

217118,7

Ескертпе: Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің 2020-2021 жылдар аралығындағы бюджеттің орындау есебінің мәліметтері негізінде жасалынған.

Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің 2020 жылдағы бюджет кірісіндегі жоспарды нақты түсіммен салыстырғанда 521390,6 мың теңгеге өскен, себебі салықтық түсімдер 25532,6 мың теңгеге, салықтық емес түсімдердің 876,1 мың теңгеге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 278,6 мың теңгеге, трансферттік түсімдер 494703,3 мың теңгеге өулеріне байланысты болған.
Ал 2021 жылы бюджет кірістерін жоспармен салыстырғанда кірістер 320869,4 мың теңгеге өскен, себебі салықтық түсімдер 2509,4 мың теңгеге. салықтық емес түсімдердің 262,2 мың еңгеге және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің 302,8 мың теңгеге және трансферттік түсімдердің 317795 мың теңгеге өсулеріне байланысты болған.
Жалпы 2020-2021 жылдар аралығындағы бюджет кірісіне тоқталсақ. кірістер 318930,8 мың теңгеге артқан, ал салықтық түсімдер 4568,8 мың теңгеге және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдердің 7351,2 мың теңгеге, трансферттік түсімдердің 217118,7 мың теңгеге артуларына байланысты болған.
Осы мәліметтерге сүйене отырып Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджет кірісінің динамикасын 1-суретте қарастырамыз.
1-сурет. Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджет кірісіндегі түсімдердің орындалуы

Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімнің 2020-2021 жылдар аралығында бюджет кірісі төмендегідей пайыздар құрайды:


а) салықтық түсімдер – 11,9 пайызды,
б) салыққа емес түсімдер – 0,73 пайызды,
в) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,1 пайызды,
г) алынған ресми трансферттер – 87,2 пайызды құрайды.
2.2 Бюджет кірісіндегі салықтық түсімдер қозғалысын талдау

Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады.


Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық
формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады.
Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері
мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп,
өзгерістерге ұшырап отырды.
Егер екі мемлекет бір - бірімен соғыс жүргізсе, женген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырған [12].
Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджет кірісіндегі салықтық түсімдер орындалуын 2- кестеде қарастырамыз.

2- кесте


Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөліміндегі бюджет кірісіне түсетін салықтық түсімдердің қозғалысын талдау
мың.тг

Көрсеткіштер



2020 ж

2021 ж

нақтылан-ған
бюджет сомасы

Болжам

Нақты түсім

Ауытуы
(+;-)

Болжам

Нақты түсім

Ауытқуы
(+;-)

Кірістер

5841724

6363114,6

521390,6

6361176,0

6682045,4

320869,4

318930,8

Салықтықтүсімдер



751613




777145,6

25532,6

779205

781714,4

2509,4

4568,8

Кірістерге салынатын табыс салығы



155252


159185,5


3933,5


187838


140736,5


-47161,5


-1844,9


Әлеуметтік салық

113033

109926,6

-3106,4

130143

132096,4

1953,4

22169,8

Меншікке салына-тын салықтар



467739


491725,4


23986,4


445310


491551,8


46241,8


-173,6


Тауарлар,жұмыстар қызметтерге салына-тын ішкі салық



8520


8960,1


440,1


8388


8812,6


424,6


-147,5


Міндетті төлемдер



7069

7271,8

202,8

7350

8380,6

1030,6

1108,8

Басқа да салықтық түсімдер

-


76,2


76,2


116


136,6


20,6


60,4


Ескертпе: Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің 2020-2021 жылдар аралығындағы
бюджеттіңорындау есебінің мәліметтері негізінде жасалынған.

Есептеу нәтижелері бойынша салықтық түсімдердің 2020 жылдағы бюджет кірісіне түсетін салықтық түсімдердің нақты түсімін болжаммен салыстырғанда 25532,6 мың теңгеге өскен, себебі:


а) кірістерге салынатын табыс салығының 3939,5 мың теңгеге,
б) меншікке салынатын салықтардың 23986,4 мың теңгеге,
в) тауарлар, жұмыстар қызметтерге салынатын ішкі салықтың 440,1 мың теңгеге,
г) міндетті төлемдер 585,2 мың теңгеге өсулеріне байланысты болған.
Ал 2021 жылдағы бюджет кірісіндегі салықтық түсімдердің нақтысын болжаммен салыстырғанда 2509,4 мың теңгеге өскен,себебі:
а) әлеуметтік салықтың 1953,4 мың теңгеге,
б) меншікке салынатын салықтардың 46241,8 мың теңгеге,
в) тауарлар, жұмыстар қызметтерге салынатын ішкі салықтың 424,6 мың теңгеге;
г) міндетті төлемдердің 1030,6 мың теңгеге;
д) басқа да салықтардың 20,6 мың теңгеге өсулеріне байланысты болған.
Қорыта айтсақ 2020-2021 жылдар аралығында салықтық түсімдер 4568,8 мың теңгеге өскен, себебі ол әлеуметтік салықтардың 22169,8 мың теңгеге, міндетті төлемдердің 1108,8 мың теңгеге, басқа да салықтық түсімдердің 60,4 мың теңгеге өсулеріне байланысты болған. Бюджет кірісінің салықтық түсімдер қозғалысын 2- суретте қарастырамыз.

2- сурет. Жергілікті бюджет кірісіндегі салықтық түсімдер деңгейі

Бюджет кірісіндегі салықтық түсімдер 2020-2021 жылдар аралығында 100,0 пайыз деп есептесек , оның құрамы;


а ) кірістерге салынатын табыс салығы –19,2 пайызды,
б) әлеуметтік салық – 15,4 пайызды,
в) меншікке салынатын салық -63,0 пайызды,
г) тауарлар, жұмыстар, қызметтерге салынатын ішкі салық – 1,1 пайызды,
д) міндетті төлемдер 0,95 пайызды құраған.

2.3 Бюджет кірісіне түсетін салықтық емес түсімдер, капиталмен жасалған операциялар, арнайы ресми трансферттерден түсетін түсімдерді талдау


Бюджет кірісіне салықтық түсімдермен қатар салықтық емес түсімдер арқылы қалыптасады. Олардың көбі қатаң белгіленген мөлшерлеме арқылы есептелмейді және тұрақты фискалды сипатта емес.Сондықтан,басқа түсімдерге қарағанда ,салық емес түсімдерді жоспарлау мүмкіндігі төмен, бірақ тәжірибеде олар өткен жылғы деңгейде болжамдалады.Сондай болжамдау негізі болып салық емес түсімдердің төлеуін реттейтін нормативті – құқықты актілер табылады.Салық емес түсімдерді болжамдау маңында олардың бірнеше жыл бойы динамика мәліметтері және болжамды жылға есептелген тұтынушылық бағалардың индексі мен теңге курсының өзгерісі пайдаланады [13].


Аудан бюджеті бойынша салықтық емес түсімдердің орындалуын келесі 3-кестеде қарастырамыз.

3-кесте


Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімнің бюджет кірісіне түсетін салықтан тыс түсімдер
мың.тг

Көрсеткіштер



2020ж

2021 ж

Нақтылан-ған
бюджет сомасы

Болжам

Нақты түсім

Ауыт-қуы
(+;-)

Болжам

Нақты түсім

Ауыт
қуы
(+;-)

Кірістер



5841724,4

6363114,6

521390,6

6361176

6682045,1

320869,1

318930,5

Салықтан еместүсімдер

3084

3960,1

876,1

93590

93852,2

262,2

89892,1

Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері

966


1072,2


106,2


872


871,5


-0,5


-200,7


Мемлекет менші-гіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

56


107,8


51,8


78,0


79,1


1,1


-28,7


Қаржы агенттеріне үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен жергілікті бюджеттен ішкі қарыз есебінен берілген бюджеттік кредиттер бойынша
сыйақылар



517


529


12

243

248

5

-281


Басқа да салық емес түсімдер

1528

2233,1

705,1

92397

92653,6

256,6

90420,5

Ескертпе: Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің 2020-2021 жылдар аралығындағы бюджеттің орындау есебінің мәліметтері негізінде жасалынған

Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің 2020 жылдың бюджетінің кірісіне түсетін салықтан тыс түсімдердің нақты түсімін болжаммен салыстырғанда 876,1 мың теңгеге өскен, себебі:
- мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірі бөлігінің түсімдерінің 106,2 мың теңгеге,
- мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер 51,8 мың теңгеге;
- Қаржы агенттеріне үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен жергілікті бюджеттен ішкі қарыз есебінен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар 12 мың теңгеге және басқа да салықтық емес түсімдердің 705,1 мың теңгеге өсулеріне байланысты болған.
Ал 2021 жылдың бюджетінің кірісіне түсетін салықтан тыс түсімдердің нақты түсімін болжаммен салыстырғанда 876,1 мың теңгеге өскен, себебі:
- мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірі бөлігінің түсімдерінің 106,2 мың теңгеге,
- мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер 51,8 мың теңгеге;
- Қаржы агенттеріне үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен жергілікті бюджеттен ішкі қарыз есебінен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар 12 мың теңгеге басқа да салықтық емес түсімдердің 705,1 мың теңгеге өсулеріне байланысты болған.
Сондай-ақ 2021 жылдың бюджетінің кірісіне түсетін салықтан тыс түсімдердің нақты түсімін болжаммен салыстырғанда 262,2 мың теңгеге -скен, себебі: ол мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістердің 1,1 мың теңгеге және қаржы агенттеріне үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен жергілікті бюджеттен ішкі қарыз есебінен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар 5 мың теңгеге, басқа да салықтық емес түсімдердің 256,6 мың теңгеге өсулеріне байланысты болған. Бюджетке кірісіне түсетін салықтық емес түсімдердің орындалу деңгейін келесі 3-суретте қарастырамыз.



3-сурет.Бюджетке кірісіне түсетін салықтық емес түсімдердің орындалу деңгейі

Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімнің бюджет кірісіне түсетін салықтық емес түсімдер 2020-2021 жылдар аралығында 0,73 пайызды құраған, оның құрамы төмендегідей пайызды құраған;


а) мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері – 0,015 пайызды,
ә) мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар 0,0055 пайызды,
д) салықтан тыс басқа да түсімдер – 0,708 пайызды құраған.
Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі бойынша бюджет кірісіне түсетін негізгі капиталдың түсімін келесі 4-кестеде қарастырамыз.

4-кесте


Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімнің бюджет кірісіндегі негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің орындалуы
мың.тг

Көрсеткіштер



2020ж

2021 ж

Нақтылан-ған
бюджет сомасы

Болжам

Нақты түсім

Ауыт-
қуы
(+;-)

Болжам

Нақты
түсім

Ауыт-
қуы
(+;-)

Кірістер



5841724

6363114,6

521390,6

6361176

6682045,4

320869,4

318930,8

Негізгі капи-талды сатудан түсетін түсімдер

2587

2865,6

278,6

9914

10216,8

302,8

7351,2

Мемлекетке тиесілі мүлік пен ұйымдарды сатыдудан түсетін түсісм

2266


2544,4

278,4


940


939,7

-0,3

-1604,7


Материалдық емес активтер мен жерді сатудан түсетін түсім

321

321,2

0,2


8974

9277,1

303,1

8955,9


Ескертпе: Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің 2020-2021 жылдар аралығындағы Бюджеттің орындау есебінің мәліметтері негізінде жасалынған.

Есептеу нәтижелері бойынша бюджет кірісіндегі негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 2020 жылдың нақты түсімін болжаммен салыстырғанда 278,6 мың теңгеге өскен, себебі мемлекетке тиесілі мүлік пен ұйымдарды сатыдудан түсетін түсімнің 278,4 мың тенгеге және материалдық емес активтер мен жерді сатудан түсетін түсімнің 0,2 мың теңгеге өсулеріне байланысты болған.Ал 2021 жылдың негізгі капиталды сатудан түсетін түсімді болжаммен салыстырғанда 302,8 мың теңгеге өскен, себебі ол материалдық емес активтер мен жерді сатудан түсетін түсімдердің 303,1 мың теңгеге өсулеріне байланысты болған.



8-сурет. Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджет кірісіне түсетін негізгі капиталды сатудан түсеттін түсімдер қозғалысы

Есептеу нәтижелері бойынша бюджет кірісіне түсетін түсімдегі негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер қозғалысы бойынша 2021 жылдың мәліметтерін 2020 жылдың мәліметтерімен салыстырғанда негізгі капиталды сатудан түсетін түсім 0,098 пайызды құраған:


- мемлекетке тиесілі мүлік пен ұйымдарды сатыдудан түсетін түсім – 0,027 пайызды;
- материалдық емес активтер мен жерді сатудан түсетін түсім -0,71 пайызды құраған.
5-кесте
Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімнің бюджет кірісіне түсетін трансферттік түсімдердің қозғалысы
мың.тг

Көрсеткіштер

2020ж

2021 ж

Нақтыланған
бюджет сомасы

Болжам

Нақты түсім

Ауытқуы
(+;-)

Болжам

Нақты
түсім

Ауытқуы
(+;-)

Кірістер

5841424

6363114,6

521390,6

6361176

6682045,4

320869,4

318930,8

Трансферттік түсімдер

5084440

5579143,3

494703,3

5478467

5796262

317795

217118,7

-Мақсатты ағымдағы трансферттер

708563


1191266,3



482703,3


583470


881265


297795


-310001,3



-Дамытуға жұм-салатын ағымды трансферттер

1003419


1015419


12000


885218


905218


20000


-110201


- Субвенция

3372458

3372458

-

4009779

4009779

-

635321

Ескертпе: Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің 2020-2021 жылдар аралығындағы бюджеттің орындау есебінің мәліметтері негізінде жасалынған.

Есептеулер нәтижесінде Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің мәліметтері бойынша 2020-2021 жылдар аралығында бюджет кірісіне түсетін трансферттік түсімдер 217118,7 мың теңгеге артқан, себебі ол субвенциялардың 635321 мың теңгеге қаржының бөлінуіне байланысты болған.


Осы мәліметтерге сүйене отырып бюджет кірісіне түсетін трансферттік түсімдерді 4-суретте қарастырамыз.

4-сурет. Бюджет кірісіне түсетін трансферттік түсімдер қозғалысы

Есептеу нәтижелері бойынша бюджет кірісіне түсетін трансферттік түсімдер 2020-2021 жылдар аралығында 87,15 пайызды құраған: оның ішінде;


а) мақсатты ағымдағы трансферттер -15,9 пайызды;
б) дамытуға жұмсалған ағымды трансферттер – 14,7 пайызды;
в) субвенция- 56,5 пайызды құраған.
2.4 Бюджет шығыстарындағы қаражаттардың жұмсалуын және бюджеттің орындалуын талдау

Мемлекеттің барлық шығыстары негізінде мемлекеттік бюджетте шоғырланған құралдар арқылы қаржыландырылады.Бұл шығыстарды қоғамдық қайта өндірістегі рөліне байланысты келесі екі топқа бөлуге болады.


- өндірістік қорларды ұлғайту мен өндірістің үздіксіз процесін қамтамасыз ету үшін;
-қоғам мүшелерінің әлеуметті-мәдениеттік мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін.
Аудандық бюджеттің шығыстары келесі бағыттар бойыша қаржыландыру үшін қалыптасады:

  • жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер;

  • қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;

  • құқықтық, соттық, құқық қорғау қызметтері;

  • білім беру;

  • денсаулық сақтау;

  • әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету;

  • мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңестігі;

  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;

  • Ауыл, орман, су, балық шаруашылықтары мен қоршаған ортаны қорғау және жер қатынасары;

  • өнеркісіп,құрылыс және жер қойнауын пайдалану;

  • көлік және коммуникация;

  • басқа да бағыттар [14].

Осыған сәйкес,бірақ әкімшілік аумақтарға арналған шығыстар бағыттары төмен тұрған бюджеттер деңгейлері бойынша да қалыптасады.Жергілікті бюджеттер шығыстарының қалыптастыру Бюджет кодексімен,нормативті-құқықтық актілермен және тиісті маслихаттар шешімдерімен реттеледі.
Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімнің шығыс бөлігіндегі қаржылардың жұмсалуын келесі 6-кестеде қарастырамыз.

6-кесте


Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімнің шығыс бөлігіндегі қаржылардың жұмсалуы
мың.тг

р/с

Көрсеткіштер



2020 ж

2021 ж

Нақтылар-ды салыстыр-ғандағы
ауытқуы
(+;-)

Болжам


Нақты


Ауытқуы
(+;-)



Болжам


Нақты


Ауытқуы
(+;-)






Шығыстар

6000053,0

6494446,8

494393,8

6388710

6688826,9

300116,9

194380,1

1


Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

296956


296932,8


-23,2


327654


330651,5


2997,5


33718,7


2

Қорғаныс

2247

2246,6

-0,4

3302

3301,7

-0,3

1055,1

3

Қоғамдық тәртіп

1500

1499,5

-0,5

1255

1254,4

-0,5

-245,1

4

Білім саласы

4175740

4175734,5

-5,5

4664238

4664329,4

91,4

488594,9

5


Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

214168


251153,6


36985,6


279757


335376,2

55619,2


84222,6


6


Тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық

658448


982966,8


324518,8


397054


658873,2


261819,2


-324093,6



7


Мәденитет, сопорт және ақпараттық кеңестік

183283


183278


-5


221873


221864


-9,0


38586


8

Ауыл,су, орман, балық шаруашылығы
қоршаған ортаны қорғау

130351

140613,9

10262,9

148799

131564,3

-17234,7

-9049,5

9


Өнеркәсіп, архетиктура және құрылыс қызметі

31294




156279,4


124985,4


20044


22290,6


2246,6


-133988,8



10


Көлік және коммуникация

210891

210890

-1

236422

236422

-

25532

11

Басқалары

57559

55235,9

-2323,1

74927

10515

-5412

14279,1

12

Тансферты

37607

37606,8

-0,2

13369

13368,5

-0,5

-24238,3

Ескертпе: Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің 2020-2021 жылдар аралығындағы бюджеттің орындау есебінің мәліметтері негізінде жасалынған.

Есептеу нәтижелері бойынша бюджеттен бөлінген қаржылар 2020 жылы бюджеттен бөлінген қаржылардың нақтысын болжамен салыстырғанда 494393,8 мың теңгеге өскен, ол келесі салаларға бөлінген қаржылардың көп бөлінгеніне байланысты; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласына 36985,6 мың теңгеге, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласына 324518,8 мың теңгеге, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау саласыны 10262,9 мың теңгеге, өнеркәсіп, архетиктура және құрылыс қызмет саласына 124985,4 мың теңгеге көп қаржылардың бөлінулеріне байланысты болған.


Ал 2021 жылы бюджеттен бөлінген қаржылардың нақтысын болжамен салыстырғанда 300116,9 мың теңгеге өскен, ол келесі салаларға бөлінген қаржылардың көп бөлінгеніне байланысты; жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер саласына 2997,5 мың теңгеге, білім саласының 91,4 мың теңгеге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласына 55619,2 мың теңгеге, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласына 261819,2 мың теңгеге, өнеркәсіп, архетиктура және құрылыс қызмет саласына 2246,6 мың теңгеге көп қаржылардың бөлінулеріне байланысты болған.
Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады.
Жергілікті бюджеттің қалыптасуы мен атқарылуын бақылауды тиісті деңгейдегі өкілді органдардың тексеру комиссиялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және оның аумақтық органдары тиісті жергілікті атқарушы және өкілді органдарға міндетті түрде хабарлай отырып жүзеге асырады [15].
Қазіргі уақытта көп елдер бюджет тапшылығына ұшырауда. Егер де мемлекет өз шығындарын ұлғайтатүссе, олардың пікірінше қоғамда сатып алу қабілеттері жоғарлайды. Егер де мемлеет үш жыл сайын баланс жасаған бюджет қатаң түрде керектігі болмаса да бюджеттің шығысы мен кірісін өз дәрежесіне келтіріп отырған жөн. Нарықты механизм нің тиімді жұмысы көбінесе өзінің кіріс пен шығысының қалай теңеуіне байланысты. Бұлардың шығыстыры кірісінен жоғары болса теріс сальдоны құрастырады, яғни «бюджет тапшылығы». Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімнің бюджетінің орындалуын талдауын келесі 7-кестеде қарастырамыз.
7-кесте
Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімнің бюджетінің орындалуын талдау
мың.тг

р/с

Көрсеткіштер



2020 ж

2021 ж

Болжам


Нақты орындалуы



Ауытқуы
(+;-)



Болжам


Нақты орындалуы



Ауытқуы
(+;-)



1

Кірістер



5841724

6363114,6

521390,6

6361176

6682045,4

318930,8

2

Шығыстар



6000053

6494446,8

494393,8

6388710

6688826,9

300116,9

3

Бюджет тапшылығы (профициті)

-158329


-131332,2



-26996,8


-27534


-6781,5


-20752,5


Ескертпе: Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің 2020-2021 жылдар аралығындағы бюджеттің орындау есебінің мәліметтері негізінде жасалынған.

Талас әкімдігінің қаржы бөлімінің 2020 жылғы мәліметтері бойынша кірістердің нақты түсімін 6363114,6 мың теңге болса, шығыстар 6494446,8 мың теңгені құраған. Сондықтанда түскен кіріске қарағанда жұмсалынған қаржы көп, яғни бюджет тапшылығы 131332,2 мың теңгені құраған.
Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімнің бюджетінің орындалу қозғалысы 5-суретте қарастырамыз.



5-сурет. Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімнің бюджетінің орындалу қозғалысы

Ал 2021 жылғы мәліметтері бойынша кірістердің нақты түсімін 6682045,4 мың теңге болса, шығыстар 6688826,9 мың теңгені құраған. Сондықтанда түскен кіріске қарағанда жұмсалынған қаржы көп, яғни бюджет тапшылығы 6781,5 мың теңгені құраған.


3. Аймақтың қаржы ресурстарының қалыптасу көздерін арттыру жолдары

Нарықтық қатынастарды дамытудың негізі қалыптасқанда (жекешелендіру, әсіресе ауыл шаруашылығында, бағалар либерализациясы, еңбек өнімділігін және ауылдық жерлердің шағын индустрияландырылуын ынталандыруға салықтық жеңілдіктердің механизімі және т.б.) облыстар мен аудандардың түрлі бастапқы мүмкіншіліктері есепке алынған жоқ, сонымен қатар ауылдық жерлерде тұратын тұрғындардың шаруашылық жүргізудің нарықтық моделін ұғынудың құқықгық, идеологиялық және психологиялық мәселелерін шешу қолға алынуда.


Дағдарыстан шығудың Аймақтық шаралары республиканың стратегиялық және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескеретін, оң жақгарын айқындайтын, облыстар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық өмірінің деңгейін бірте-бірте теңестіруге алып келетіндей болуы тиіс. Және кез келген жағдайда халық шарушылығының маңызды салаларымен біз қалай қатынасамыз, яғни «суға кеткенді құтқару суға кеткеннің шаруасы» қағидасы бойынша істі жүргізуге тырысамыз. Салалық және Аймақтық деңгейдегі шаралардың сәйкессіздігі аймақгардағы халықгың тұрмыстық деңгейі көрсеткіштерінің түрлі болуын арттырады. Мұнда «Қазақстан Республикасы Аймақтық саясатының тұжырымдамасында» келтірілген үзіндіні айту қажет: «нарықгық реформаларды жүргізуде мемлекеттік және Аймақтық басқару құрылымдарында» тігінен және көлденеңінен келіспеушілік және жүйесіздік реформалардың бірыңғай мемлекеттік саясатын мақсатты бағытта жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Дәйексөздің мазмұны көпшілік адамдардың әлеуметтік жағдайының төмен болуы оның субъективті сипаттамасын дәлелдейді. Аймақтық қайта өндіру мен әлеуметтік-шаруашылық үрдістерді басқарудың ғылыми негізделген механизмін жасап шығару және жіберген қателерді түзету қажет [16].
Әрине, осындай механизм Қазақстан Республикасының Ата заңына негізделуі тиіс, өйткені мұнда (86 бап) маслихаттар, жергілікті өкілді органдар, тиісті әкімшілік аумақтық бөліністегі халықгың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шаралдарды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Сонда конституциялық және басқадай заңды күзіретін іске асырғанда (86 баитың 4-п .) маслихттардың тиісті аумақгардың әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған шешімдерге ықпалын тигізу жөніндегі еркіндік істің барлық элементтері бар. Сондықтан және экономикада дағдарысты құбылыстардың болу жағдайында жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру туралы мәселені көтеру орынды ма?
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың ұйымдық- құқықгық негізін қалыитастыру мәселелері кем дегенде келісім-шарттың орындалуымен шешілуі тиіс:

  • аумақтық әлеуметтік-шарушылық жүйесі прогресс жагдайында емес, экономикалық прогресс тәртібімен жұмыс істеу қажет;

  • адамдардың интеллектуалды деңгейі мен құқықгық ой-өрісінің даму заңның басымдылығын нәрсе ретінде қабылдайтын деңгейге жеткізілуі тиіс.

Экономикалық категория ретінде, қоғамдық өндірісті дамыту мен жетілдіру қоғамның әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қоғамдық өнімнің бөлігін бөлу, қайта бөлу және тұтынуға байланысты мемлекеттік шығыстар экономикалық қатынастарды көрсетеді.
Түрлі билік деңгейіндегі бюджеттер арасындағы қарым – қатынас механизмін келесі бағыттарда жетілдірген жөн деп санаймын:

  • облыс және аудан аумағында қалыптасатын қаржы ресурстарының жалпы көлемін анықтау;

  • аймақтардың минималды бюджеттік қамсыздандыру нормативтерін ары қарай жетілдіру;

  • жеке бюджеттік қаржылардың төменгі шекті деңгейін анықтау;

  • аймақтардың құқықтары мен міндеттерін, соның ішінде жергілікті деңгейдегі сыртқы қаржылық бақылау мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттармен жұмыс істеу;

  • бюджет тепе-теңдігін қамту іс-шараларын ұйымдастыру.

Осындай жағдайларды есепке алмай жоғарыда аталған мәселелерді шешу — жергілікті сайлау «додасын» қайта бастау, қазіргі жағдайда жүргізілетін экономикалық реформалардың жүрісіне жергілікті халықгың әлеуметтік-шаруашылық белсенділігін тудырмай саяси белсенділігін артыру деген сөз. Ал осындай белсенділік, яғни тиісті әкімшілік-аумақгық таксондарды дербес басқару «делбесін» қолына мақсатпен алып алу облыстық деңгейге жетсе, онда осындай белсенділерде сепаратистік көңілдің элементтері пайда болуы мүмкін. Аталғандардың пайда болуы (қалалық,аудандық) әкімдерді сайлауды енгізу талабы да әкелуі мүмкін . Айтылғаннан, жақын ардағы 10-15 жыл ішінде жергілікті өзін өзі басқару органдарын құру жөніндегі мәселелерді шешу қажет емес деген тұжырым шығып тұр. Бірақ, бұл экономиканы басқарудың орталықсыздандырудан бас тарту дегенді білдіре ме? Әрине, жоқ! Бұл маслихаттардың сайлауын конституциялық негізде іске асыру жағдайында республикадағы әкімшілік- аумақгық бөлінісі жүйесінде осы мәселенің дұрыс шешілуі керектігін көрсетеді.
Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:

  • қолда бар нақаы қаржы ресурстарын негіздей отырып,
    бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық
    өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және
    кәсіби топтардың мұдделерін сақгау;

  • қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

  • қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;

  • қаржы резертерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі);

  • мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектіледің арасында
    қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу;

Қаржы саясатының тиімділігін қамтасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналар жатады:

  • объективті экономикалық заңдарының іс-әрекетінін есепке алу;

  • нақгы тарихи жағдайлары есепке алу;

  • өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу;

  • жеке (өзгеше) қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:

  • қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрылымын, қаржы қатыныстардың жоспарлы ұйымдастыруды және қаржы механизмінің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету; қаржы жүйесінің барлық салаларымен буындарындағы кірістер мен шығыстардың тепе-тендігі;

  • бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып түсетін қаржы
    резервтерін жасау;

  • салық жуйесін ұтымды құру арқылы экономикалық және
    әлеуметтік дамуының манызды бағыттарына қаржы ресурстары
    шоғырландыру;

  • негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру
    оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу;

  • қаржы және кредит-ақша саясатының тепе-тендігі.

Қазіргі таңда жергілікті бюджеттің негізгі проблемасы балансқа келтіру проблемасы. Мұндай проблеманы шешу жолы — аймақтың әлеуметтік дамуы шығындарын қысқартпай, жергілікті деңгейде өзіндік табысты көбірек табу. Жергілікті жеке басқарудың жалпыға тән белгісі және өзінің жеке қаржылық жекелігінің өлшемі, ол, жергілікті бюджеттің өзіндік табысы. Өзіндік табысты жергілікті билік органдарының өз еркінше қабылдаған шешімдерінің қабылдау нәтижесінде алынған, қаржылық құрал деп анықтасақ болар еді. Мысалы, салық жөнінде айтар болсақ, онда жергілікті басқару органдары салық төлеушілердің салық ауыртпалығын алу мүмкіндігі және дайындығына орай, өздерінің қажеттіліктеріне қарай салық салу ставкаларын өздері анықгау құқына ие болған болар еді. Мұндай құқықты беру қоғамдық мемлекеттік зандардың бағыты болып, бірақ оның жүзеге асырылуы, муниципалдық өзгерістердің негізіндегі билік органдарының жеке шешімдерінің негізі болар еді. Экономикалық және әлеуметтік дамудың бірден-бір негізі болып бюджеттік жоспар мен болжамның мақсаты мен талаптары, қоғамдық өндірістің салалары мен құрылымдарының дамуындағы сандық және сапалық өзгерістер бірімен-бірі тығыз байланысқан көрсеткіштері табылады [17].
Жергілікті бюджет табыстары мен шығындарының орындалуын төменде көрсетілген мәліметтерден көруге болады.
Халыққа әулеметтік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатымен әулеметтік сала мекемелері мен ұйымдарында жаңа шаруашылық механизмі енгізілді. Бюджеттен олардың қажеттіліктерін қаржыландыру бір тұрғында жұмсалатын әлеуметтік шығындардың есебіне немесе басқа көрсеткіштерге қарай анықгалатын ұзақ мерзімді тұрақгы нормативтердің негізінде жүзеге асырылады. Әлеуметтік сала мекемелеріне ақылы қызметтер көрсетуге, алған табыстарын өзінше жұмсауға құқық берілген.
Мемлекеттің қаржы механизміне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Мемлекет бюджет кірістерінің қалыптасуы салықгық негізге көшірілді, бюджет шығыстарының құрылымы мен қаржыландыру жүйесі қағидалы түрде өзгерді/3/.
Нарықгық қатынастардың дамуы, басқарудың әдістерін жетілдіру мүлікті және өмірді салықгандыру мен басқару саласында оң нәтижелерге жеткізді: кооперативтік сақгандыру дамуда, салықтық қоғамдар пайда болуда; сақгандырудың міндетті және ерікті нысандары арасындағы ара салмақ өзгеруде. Сақтық механизмді жақсарту сақтандырушыларға сапалы қызмет көрсетуге, сақгық ісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Қаржы механизмін қайта құру процесі тиісті база жасаумен қосарлана жүргізілуде. Соңғы жылдары Парламент қаржы кңзметтінің құқықгық негізін қалайтын бірқатар зандар қабылдады. Оларға мемлекеттік кәсіпорындар туралы, жаңа салық кодексі туралы және басқа завдарды жатқызуға болады.
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты практикаға акционерлеу, бағалы қағаздар, дивидеттер, еркін бағалар, лицензиялар, кәсіпорындардың тұтыну және қорлану қорлары, валюта қорлары сияқгы ұғымдар енді; салықгардың жаңа түрлері (акциздер, қосылған құнға алынатын салық, жер салығы, мүлікке салынатын салық, кеден баждары, жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық және басқалары), акціа қаражаттарының мақсатты аударымдары енгізлді.
Жүргізіліп жатқан реформа қоғамдық жүйедегі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың өзара іс-әрекетінің көрінісі болып табылатын шаруашылық механизмді қайта кұрудың кешенді тәсілдемесін қажет етеді.
Экономика дамуының қазіргі кезендегі қаржы механизмінің міндеттері өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық енгіздерді, нарықгық реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынтамалықгың өсуімен, байланысты болып отыр. Акшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі өндірістің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.
Бүгінгі күні Қазақстанда Аймақтық сипатындағы тағы да үш мәселені шешудің қажеттілігі бар. Олар: әлеуметтік артта қалған, жекелеген шалғайдағы аудандар (олардың саны 70 тен кем емес) тоқыраған шағын және орташа қалалары (олардың саны 50 ден кем емес) және арнайы экономикалық аймақ. Осы мәселелерді шешу салық салу, кедендік режим және т.б. саласында ерекше жағдайлар мен протекцияның механизмдерін қалыптастыруда бағдарламалы-мақсатты көз қарасты және олардың басыңқылығын жалпы мемлекеттік қабылдауды талап етеді. Өткен жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, берілген таксондардағы әзірленген мақсатты бағдарламалар — бұл іс жүзінде жүзеге асырылмайтын игілікті ниет. Яғни, осындай бағдарламалардың занды негізі болу және олар кезекпе — кезек және уақытында орындалуы тиіс. Егер үкімет ұзақ мерзімді нормативтер бойынша табыстарды бюджет аралық бөлуге көшкісі келсе, онда бұл істі қарастырылатын аудандар мен кэлалардан бастау қажет . Сонымен қатар өзін —өзі басқарудың функцияларын кеңейтуді дәл осы әкімшілік аумақтық таксондардан бастаған дұрыс [18].
Біз білгеніміздей, арнайы экономикалык аумақтардың құрылу мен іс жүргізу мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде шешіледі, мұнда басқару, қаржы-несиелік, салықтық-кедендік және жұмыс жүргізудің басқадай жақтары айтылады. Бірақ, қазіргі кезде арнайы экономикалық аймақ құрылуы мүмкін аумақта қажетті маңызды алғы шарттардың бірі негізінде арзан жұмыс күшінің болуы көрсетілгенін айтып кету жөн. Қарастырылатын аумақгық экономикалық құрлымдарды құрағанда осындай алғы шартісд сүйену мүмкін емес. Жоғарыда айтып өткенді қортындылаганда, Аймақтық мәселелерді шешуге бағытталған орталық басқару органдарының функционалды міндеттернің негізгі бағытын көрсету жөн. Олар біздің ойымызша, келесідей:

  • Жалпы мемлекеттік аймақтық саясат тұжырымдамасын біртіндеп іске асыру;

  • Республиканың артта қалған аудандары, тоқыраған шағын және орта қалалары үшін қажетті режимнің әдістері мен механизмдерінің бар күш куатын пайдалану;

  • Жергілікті өкілді органдарға тапсыру мақсатымен орталық
    басқару органдардың функциялары кұрамын анықтау, жергілікті өзін
    өзі басқарудың эволюциялылығын қамтамасыз етеді;

  • бюджеттер арасындағы табыстарды бөлудің ұзақ мерзімдік нормативтерінің деңгейін ғылыми негіздеу және анықгау;

  • жергілікті табиғи экономикалық, инфрақұрлымдық және
    әлеуметтік — экономикалық, инфрақұрлымдық және әлеуметтік интеллектуалдық ерекшеліктерін ескере отырып арнайы экономикалық аймақтарды құрудың алғы шарттарын дұрыс анықтау.

  • аймақтағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері мен пайдалану бағыттарын дұрыс жүргізу.

Қорытынды

Мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдалану барысындағы мәселелер ішкі қаржы ресурстарының құрамын, мемлекеттік бюджеттің қаражаттары, қаржы механизмін бақылау яғни институтционалды органдар, әлеуметтік экономикалық дамуда қаржы ресурстарын сақтау, мемлекеттік бюджет қаражаттарын басқа да салаларда тиімді пайдаланып, ел игілігіне жарату, әлеуметіміздің, экономикамызды тиісінше дамытып, 50 елдің қатарына қосылуын қамтамасыз етуге тиіспіз.


Бюджет әр мемлекетте өзінің экономикалық,әлеуметтік және саяясаттық функцияларын орындауға обьективтік ақшалай түрде қажетті.Бюджет қай мемлекеттікі болмасада мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады,яғни салық,займдар,шығын және тағы басқалары,сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді.Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан,ол сол қаржының барлық негізгі,сапалы сипаттамаларына сай.Басқаша айтқанда,егерде қаржы жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса,яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі,онда бюджет өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құраады,яғни бюджеттік қорды қалыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды қаржыландыруға арналған орталқтандырылған ақша қоры [19].
Қаржы саясатының мақсаты — қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарының толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамуының басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Қаржы қатынастары көрінісінің нысандары экономиканы басқарудың секторы, экономикалық аймақ, сала, ішкі сала, шаруашылық жүргізуші субъект, әкімшілік — Аймақтық құрылым неғұрлым толық нақтылануы мүмкін. Сондықган анағұрлым толық нақгылы нысандар — экономикаға (әрі қарай тәптіштеледі), әлеуметтік — мәдени мақсаттарға (білім беру, денсаулық сақгау, әлеуметтік сақгандыру және қамсыздандыру және басқалары, ғылымға, басқаруға) жұмсалатын шығывдар бөліп көрсетіледі. Бастапқы буын деңгейінде — фирмаларда, компанияларда, ұйымдарда, мекемелерде сан алуан қаржы қатынастарын реттеу үшін басқарудың нақгылы нысандары мен әдістерінің сан алуан түрлері қолданылады.
Қаржы механизмін қайта құрудың негізіне ұлттық шаруашылықга қаржылық өзара байланыстарды ұйымдастыруға деген қағидалы жаңа көзқарас қойылған, ол жұмыстың түпкілікті үшін кәсіпорындардың, ұйымдардың, аймақгардың шаруашылық ынтасы мен жауаптылығын барынша дамытуды қамтамасыз етеді.
Аймақтың экономикалық жекелігін тәжірибеде жүзеге асыру үшін әлеуметтік экономикалық дамудың аймақтық бағдарламаларын қаржылық қамтамасыз етуде аймақтық бюджеттің ролі үлкен. Біріншіден, территорияның инфракұрылымы және әлеуметтік саланың дамуын қаржыландырудың негізгі қаржылық көзі болып табылады. Екіншіден, Аймақтық бюджеттің табыс бөлігі шаруашылық қызметінің тиімділігіне тәуелді.
Тәжірибеден көріп отырғанымыздай, аймақтар дамудың қосымша қаражаттарды тарту есебінен қаржылық базаның кеңейтудің жаңа мүмкінідіктерін ертерек бағалағандары нарық экономикасының тығырықтарынан тез шығуда.
Қазіргі өзекті проблемалардың бірі, тұрғындардың табыс деңгейін республикалық және Аймақтық деңгейде арттыру. Аймақтағы инвестициялық процестердің материалды-қаржылық баланстылығын қамтамасыз ету. Бұл міндетті шешуі, өндірістік емес саланың және аймақтың экономикалық құрылымына тәуелді.
Зерттеу объектісі ретінде қарастырылып отырған Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі мысалында 2020, 2021 жылдардағы қаржылық мәліметтеріне тоқталсақ, осы жылдар аралығында жергілікті бюджетте негізінен ақша қорлары ең көп жұмсалған салалары білім беру саласына жұмсалған, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласының шығындары, көлік және байланысқа бөлінген қаржы, басқа да жергілікті бюджет шығындарына жұмсалып отырғанын қарастырдық.

Қолданылған әдебиеттер тізімі :


1.Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі .Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Кодекс .Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 5 желтоқсан, N 370-374 (25343); "РЕСМИ ГАЗЕТ" 2009 жылғы 3 қаңтар N 3
2.Қазақстан Республикасының Салық Кодексі .Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 10-ы. № 99-ІV ҚРЗ
3.Қазақстан Республикасының Заңы. 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы. // Егемен Қазақстан 2009 жыл 5 желтоқсан.
4.Алибеков С. Т., Налоговое право Республики Казакстан – алматы: Юридическая литература, 2010 г. – 210 стр.
5. Арзаева М.Ж. Ермекбаева Б.Ж . Шет мемлекеттер салықтары. Алматы 2004 жыл.
6.Алданыш Нұрымов, “Налоги и финансы рыночной экономики”,- “Елорда” Астана: 2012, 89-92 бб.
7. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі .Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 10-ы. № 99-ІV ҚРЗ
8. Қазақстан Республикасының Заңы. 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы. // Егемен Қазақстан 2008 жыл 5 желтоқсан.
9.Мырзабай Л.У. «Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедураның алар орны мен рөлі.» Аль-Пари, №1, 2021 жыл.
10. Сәрсенбаев Ғ.Е. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстары өкілеттігін бөлу саясаты», Қаржы-Қаражат, №11, 2020 жыл.
11.Төребеков С.М. «Бюджет жүйесін жетілдіре берсек» Қаржы-Қаражат, №2, 2011 жыл.
12.Тілеужанова Д. «Бюджетаралық қатынастарды реттеу жүйесі» Ақиқат,№7, 2006 жыл.
13.Шалабаев И. «Бюджетная политика региона» Аль-Пари, №5-6, 2020 год.
14. Әубәкіров Я. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы, «Санат», 2008. – 479 бет
15. Утибаева Б.С., Жунусова Р.М., Саткалиев В.А. Государственный бюджет: Учебник / Под общ. ред. к.э.н., доцента Б.С. Утибаева – Алматы: Экономика, 2006. – 412 с
16.Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория: Оқулық. – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2009. – 455 бет
17. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2012. – 552 бет
Асқар А. Қазақстан және қаржы дағдарысы // Дала мен қала, – 2009. – №16. – 27 сәуір – 2 бет
18.Айбеков Д. Бюджет қаржысына қырағылық қажет // Жас қазақ, – 2012. – №25. – 2шілде – 6 бет
19.Бердісүгірова А. Еліміздегі бюджеттік жүйесінің даму және жетілдіру кезеңдері // Заң газеті, – 2020. – №23. – 13 ақпан – 4 бет
20. Талас әкімдігінің қаржы бөлімінің 2020-2021 жылдардағы бюджеттің атқарылуы туралы есеп мәліметтері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет