Аймақтағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері мен пайдалану бағыттары (Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі мысалында) тақырыбына жазылған дипломдық жұмысқа
Аннотация
Бұл дипломдық жұмыс негізгі үш бөлімнен тұрады. Дипломдық жұмысты орындау үшін таңдап алынған тақырыптың өзектілігінің негіздемесі, сондай-ақ мақсаты мен міндеттері кіріспеде қаралған. Дипломдық жұмысымның бірінші бөлімінде аймақтағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері мен пайдалану бағыттары қарастырылған. Дипломдық жұмысымның екінші бөлімінде Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджет жағдайына баға беріліп, талдау жасалған. Сондай-ақ үшінші бөлімде аймақтың қаржы ресурстарының қалыптасу көздерін арттыру жолдары ұсынылған. Қорытындыда дипломдық жұмыс бойынша негізгі шешімдер мен ұсыныстар берілген.
Аннотация
на дипломную работу студента по теме: Источники формирования и направления использования финансовых ресурсов в регионе(на примере финансового отдела акимата Таласского района)
Данная дипломная работа состоит из трех основных разделов.Обоснование актуальности выбранной темы для выполнения дипломной работы, а также цель и задачи рассмотрены во введении. В первой части моей дипломной работы рассмотрены источники формирования и направления использования финансовых ресурсов региона. Во второй части дипломной работы дана оценка и анализ состояния бюджета отдела финансов акимата Таласского района. Также в третьем разделе представлены пути повышения источников формирования финансовых ресурсов региона. В заключении даны основные решения и рекомендации по дипломной работе.
Annotation
for the student’s thesis on the topic: Sources of formation and directions of use of financial resources in the region(on the example of the financial department of the Talas district)
This thesis consists of three main sections. The rationale for the relevance of the chosen topic for the thesis, as well as the purpose and objectives are discussed in the introduction. In the first part of my thesis, the sources of formation and directions for the use of the financial resources of the region are considered. In the second part of the thesis, an assessment and analysis of the state of the budget of the finance department of the financial department of the Talas district. The third section also presents ways to increase the sources of formation of the region's financial resources. In conclusion, the main decisions and recommendations for the thesis work are given.
Мазмұны
Кіріспе
|
6
|
1.
|
Аймақтағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері мен пайдалану бағыттары
|
8
|
1.1
|
Аймақтағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздерінің мәні мен мазмұны
|
8
|
1.2
|
Аймақтың қаржы жүйесін басқару және оны пайдалану бағыттары
|
12
|
|
|
|
2.
|
Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджет жағдайына баға беру
|
15
|
2.1
|
Бюджеттің кіріс бөлігіндегі қаражаттардың қалыптасу көздерін талдау
|
15
|
2.2
|
Бюджет кірісіндегі салықтық түсімдер қозғалысын талдау
|
17
|
2.3
|
Бюджет кірісіне түсетін салықтық емес түсімдер, капиталмен жасалған операциялар, арнайы ресми трансферттерден түсетін түсімдерді талдау
|
19
|
2.4
|
Бюджет шығыстарындағы қаражаттардың жұмсалуын және бюджеттің орындалуын талдау
|
23
|
|
|
|
3.
|
Аймақтың қаржы ресурстарының қалыптасу көздерін арттыру жолдары
|
27
|
|
|
|
|
Қорытынды
|
32
|
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі
|
34
|
|
Қосымшалар
|
35
|
Кіріспе
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазақстандағы қаржы ресурстарының жеткіліктілігі ағымды және әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешуге өз үлесін қосады. Елдегі қаржы секторы неғұрлым төзімді болған сайын елдегі күрделі мәселелер мен халықтың әлеуметтік тұрғылықты жағдайы жақсара түседі.
Елдің экономикалық потенциалының тапсырмалары нақты шешімін табу үшін барлық даму институттары және Индустриялды - инновациялық даму стратегияларын жүзеге асыруда қаржы мәселесі орын алады.
Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің тұрақталуы, әлеуметтік мүмкіндігінің ұлғаюы, жалпы ішкі өнімі және жалақының көбеюі, екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің табыстылығы Қазақстанның қаржы – несие сферасының жиынтық нәтижесін көрсетеді.
Қаржы экономикалық ғылымның маңызды категорияларының санына жатады. Бұл тақырып өзекті, себебі қазіргі жағдайда қаржылық қатынастар ең жоғары дамуына жетті. Бүгінгі таңда сөз қарызға берілетін ақшалай капитал көлемдерін әрдайым арттыру жөнінде емес, сонымен қатар қаржылық катынастар субъектілерін кеңейту және операциялардың өзінің көп түрлілігінің өсуі жайлы болып тұр.
Нарықтық экономикада ақша әрдайым айналымда болып, үздіксіз айналым жасауы қажет. Уақытша бос ақшалай құралдар қаржы капиталдары нарығына түсіп, қаржылық мекемелерде шоғырланып, содан соң қосымша капитал салымдарының қажеттілігі бар экономика салаларында орналастырылып, іске тиімді қосылуы қажет.
Қазақстан Республикасының экономикасының тұрақтылығы, аймақтардың түрақгылығымен байланысты болып келеді. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсіздік дағдарысы мен инфляция деңгейі көптеген аймақтардың қызметіне тосқауыл болып отырды. Жұмысты жазу барысында карастырып отырған мәселелер, атап айтқанда: «Аймақтағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері мен пайдалану бағыттары» мәселелері Қазақстанның экономикасының дамуы мен қалыптасуына байланысты сұрақтарды зерттеудің жаңа бағыты болып табылады.
Талдау мен зерттеу жүргізу барысында аймақтардағы қаржы ресурстарын қалыптастыру мәселелерін ашып көрсету үшін, біз әлемдік тәжірибеге үлкен көңіл аударып отырмыз және соның көмегі арқылы Қазақстан Республикасында қолдануға тиімді де пайдалы әдістерін қарастырып, аймақгың қаржы саясатын қалыптастырудағы кажетті әдістемелерді саралап отырмыз. Осы кешегі күнге дейін аймақгар үшін басты проблема заң базасын нығайту болып саналып келді. Бүгінде өзінің өзектілігін жоғалтпай, бүл проблема өзінің орынын басқа проблемаға береді — ол ел экономикасына аймақтың қаржы саясатын жүргізудің әсері, оны қалыптастыру әістемелерін одан әрі жетілдіру проблемасы. Сонымен, аймақтардың қызмет аясы кеңейген сайын, аймақтардың қаржы ресурстарын қалыптастыру және басқару тәуекелі де ұлғая бермек. Бірақ, аймақтардың әлемдік тәжірибеде белгілі барлық тәуекелдің түрлерімен кездесті деп айта алмаймыз. Алайда олардың саны өсіп барады, ал бұл проблема аймақгар үшін жаңа болып табылады, сондықган да аймақгардың қаржы саясатын жүргізу әдістері бойынша қандай да бір терендетілген зерттеулер жүргізілген жоқ. Осы орайда аймақтардың қаржы саясатын қалыптастыру саласындағы зерттеулер Қазақстанның экономикасын реформалау кезіндегі өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Барлық аталған проблемалар және себептер осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, оның мақсаттары мен негізгі міндеттерін қоюға негіз болды.
Диплом жұмысының мақсаты - болып аймақтағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері мен пайдалану бағыттары, қаржы саясаты саласындағы әлемдік тәжірибені оқып білу және оның жергілікті жағдайға бейімделуі болып табылады.
Қойылған мақсат жұмыстың келесі міндеттерін анықтайды:
аймақтардың қаржы ресурстарының қалыптасу көздері мен пайдалану бағыттарының теориялық сұрақтарын оқып білу, олардың құрылымын анықтау,«Аймақтардың қаржы саясаты» түсінігінің мазмұнын нақтылау және анықтама беру;
Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі мысалында есептеулер мен талдаулар жасау;
талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру;
отандық экономика үшін аймақтардың қаржы саясатын
жүргізудегі практикалық үсыныстарды өндеп шығару.
Диплом жұмысының объектісі ретінде мемлекеттік бюджет саласын зерттеу оны атқарушы органдар қызметтерінің негізінде жүзеге асырылатындықтан, жергілікті қаржы мекемелерінің бірі зерттеліп отырған объект – Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі болып отыр.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізі ретінде қаржы саясатының мәселелеріне байланысты отандық және ТМД елдері бойынша ғалымдардың, ізденушілердің ғылыми еңбектері; халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференцияның мақалалары пайдаланылды. Сондай-ақ, Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджеттің орындалуы туралы есептері және түсіндірме хаттары пайдаланылды және ғалымдардың оқулықтарымен пікірлері көрініс тапты.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар келтірілген.
Аймақтағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері мен пайдалану бағыттары
Аймақтағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздерінің мәні мен мазмұны
Қаржы қатынастары көрінісінің нысандары экономиканы басқарудың секторы, экономикалық аймақ, сала, ішкі сала, шаруашылық жүргізуші субъект, әкімшілік — Аймақтық құрылым неғұрлым толық нақтылануы мүмкін. Сондықган анағұрлым толық нақгылы нысандар — экономикаға (әрі қарай тәптіштеледі), әлеуметтік — мәдени мақсаттарға (білім беру, денсаулық сақгау, әлеуметтік сақгандыру және қамсыздандыру және басқалары, ғылымға, басқаруға) жұмсалатын шығывдар бөліп көрсетіледі. Бастапқы буын деңгейінде — фирмаларда, компанияларда, ұйымдарда, мекемелерде сан алуан қаржы қатынастарын реттеу үшін басқарудың нақгылы нысандары мен әдістерінің сан алуан түрлері қолданылады [1].
Жаңаша жағдайларда қаржы жүйесінің құрылымы ғана өзгермейді, оның ынталандырылу және қызмет ету принциптері де өзгереді.
Мұның барлығы және қаржылық стратегияны жасауды және қаржылық реттеуші стратегияны жүзеге асырушы жүйелерді жасауды талап етеді. Мұндай реттеушілер, салыктар, амортизация нормалары, ренталық төлемдер, сақгандыру төлемдері, сонымен қатар, әлеуметтік және экономикалық даму стратегиясымен үйлесімді келетін қаржылык стратегияны қамтамасыз ететін реттеуіштер қажет. Бұл өндіріс құрылымын қайта кұру үшін кәсіпкерлер табысын пайдалануды ынталандыруға итермелейтін, әртүрлі жеңілдіктер. Бюджеттік қаржыландыру және жоспарлау әдістемесі да өзгеруде. Бұл мемлекеттің әкімшілік шаруашылық қызметтерінен бас тартып, территориялық жүйенің әрбір звеносының қызметін кеңейтімен, қаржылық реттеушілердің қаржы-ақша айналымына әсерін арттырумен байланысты.
Қаржы саясатының мақсаты — қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарының толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамуының басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Қаржы саясатының түбегейлі өзгеруімен байланысты каржы механизмі қайта құрудың мақсаты — нарықгық қатынастарды дамыту негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпалын күшейту, қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету.
Нарық экономикасы жағдайындағы қаржы жүйесі түбегейлі өзгерістерді талап етеді. Өздерінің қаржылық ресурстарын қолданудың бағытын өздері тандау құқын ескергендегі экономикалық жеке субъекттер мен меншік формаларының әртүрлі болуымен байланысты болып келетін бірінші кезекте оның құрылымына өзгерістер ендіру қажет (1-сурет) .
Мемлекеттік қаржы
|
|
Кәсіпкерлердің қаржысы
|
Республикалық ресурстар
|
|
Аймақтық және жергілікті қаржы ресурстары
|
Аймақтың дамуындағы әлеуметтік және экономикалық бағдарламалар
|
Ұлттық банк
|
|
Коммерциялық банктер
|
|
Банктік емес мекемелер
|
1-сурет. Қаржы-несие жүйесі және оның өзара байланысы
Қаржы механизмін қайта құрудың негізіне ұлттық шаруашылықга қаржылық өзара байланыстарды ұйымдастыруға деген қағидалы жаңа көзқарас қойылған, ол жұмыстың түпкілікті үшін кәсіпорындардың, ұйымдардың, аймақгардың шаруашылық ынтасы мен жауаптылығын барынша дамытуды қамтамасыз етеді.
Қаржы нарығы — тұтас нарықтық экономиканың негізгі буыны. Бұл нарықгағы тауар — бұл жалпылама эквивалент қызметін атқаратын ақша. Қаржылық ресурстар нарығын құрумен ақшаның маңызды қызметі, яғни бірінші кезекте төмен қызметі қалпына келтіріледі.
Қаржы ресурстары нарығының құрылу болашағын бағалап, және қазіргі жағдайын сипаттауда қаржы кезеңдер маңызды болып табылады:
Нарық-ауқымды ұғым, оған әртүрлі нарық түрлері жатады.
Қаржы нарығының дамуы салыстырмалы төмен. Тұтыну тауарлары,
өндіріс құралдары, өздерінің классикалық «тауар» түсінігіне жауап
береді [2].
Қаржы ресурсы нарығындағы процестер күрделі болып келеді.
Олар барлық әртүрлі нарық түрлерінің өзара әсерін көрсетіп, оларға
өз реттеушілерінің жағдайын өзгерту арқылы әсер етеді.
Қаржы ресурстары нарығы нарық экономикасының ажырамас
бөлігі. Ол көптеген жүзжылдықгар бойына қызмет етіп, жалпы
экономиканың зандарға бағынады. Осы себептерден, социалистік
қаржы нарығын құру деген пікір өте жалған болды, өйткені, бұл
нарық социалистік нарық зандарына бағынуы тиіс болар еді.
Нарық экономикасының ерекше белгісі — тауарлардың қозғалыс
жылдамдығы. Бұл бірінші кезекте қаржы ресурстары нарығына
байланысты жағдай, олардың қозғалысына ешқандай қосымша
көліктік құралдар қажет емес. Олардың қозғалысы үшін ақпараттык
жүйелер қажет. Қаржы ресурстары нарығының қызметі белсенді
болуы үшін алғашқы кезекте қажетті:
нарық субъектілер, яғни қаржы ресурстарын қолданудан табыс
алатын коммерциялық ұйымдар;
инфрақұрылым — ғимарат, құралдар және қазіргі кездегі
жетілдірілген ақпараттықжүйелер;
тауарлар, әртүрлі формаларда берілген каржылар және әртүрлі
бағалы қағаздар;
нарықтың барлық түрлерінің субъектілерінің өзара қатынасын
қамтамасыз етуді және мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз ететін
реттеушілер (салықгар, баға, қаржы ставкалары);
қаржы нарығы субъектілерінің арасындағы өзара қатынасты
реттеуші заңды-кұқықгық құжаттар және нормативтер.
Қаржы ресурстары нарығының құлауы мен оның дамуы аймақтық кәсіпкерлік мен тұрғындарының бос қаржы ресурстарын жинақгау кабілеті мен мүмкіндіктеріне тәуелді. Мұнда факторлардың үш тобын бөліп айтуға болады.
Аймақтық қаржы ресурстарын тарту мүмкіндіктерін анықтаушы факторлар:
- аймақтық саяси және әлеуметтік жағдайы және нарықтық
қатынастардың дамуын үдету ықгималдылығы;
- аймақтың экономикалық жағдайы, оның қайта құруларға бейім-
ділігі, өндірістік құрылым және Аймақтық ғылыми-техникалық күші
Мұның барлығы аймаққа қаржы ағымдарын тарту бағыттарын құру;
тартымдылықгы анықтайды;
- аймақтық билік органдарының позициясы және олардың бос қаржы ресурстарын жинақгауға қаблетті ортаны құруы.
Мұндай ортаны құрушылар жеңілдетілген салық саясаты, өндірісті:
инфроқұрылымды құрудағы белсенді көмек, яғни территорияны инженерлік даярлау, ғимарат болу және оның қызметіне қолайлы жағдайларды жасау.
Нарық субъектілерінің салымшылар (сатушылар) және қарыз
алушылар (сатып алушылар) ерекшеліктерімен байланысты
факторлар:
— мемлекеттің салық саясатына, экономиканың тиімді дамуына,
тұрғындар табыс деңгейіне тәуелді, бос қаржы ресурстарының болуы;
— экономиканың жан-жақгы болу дәрежесі және ұжымдық,
жекеменшік иелігіндегі үлкен үлес салмактағы меншік
формаларының болуы;
— қаржы нарығының субъекті ретінде азаматтардың психологиялық
дайын болуы [5].
Нарық жүйесінің тұтастығын құру процесімен байланысты
факторлар. Мұндай тұрғыдан нарықгық және нарықгық
қатынастарын монополиялавдырмау. Өйткені, әртүрлі меншік
иеліқтері болған жағдайда ғана нарықгы құруға болады. Сондықган
да, жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу, экономиканы
өзгертудің алғы шарттарының бірі болып табылады. Тұтыну нарығын
кұру тұрғын үй нарығын құру, өндіріс құралдары нарығын құру,
инвестициялық нарықгы құру, қаржы нарығын құруды
ынталандырушы және оны құру көздері болып табылады. Барлық
нарықгарды құру топтастық түрінде болуы қажет [6].
Негізгі бағыттаушысы нарық экономикасының белгілері болып, тауар өндіріс заңымен, салықгар, пайыздық ставкалар және де тұтынушылар мен жеткізушілерді тандау ерікті болған жағдайда, Аймақтық экономиканың қосымша жүйелерінің арасындағы өзара қатынас және оларды басқару сипатындағы мәселелер туындайды.
Қаржыны басқару және ақшалай пропорцияны басқару келісімдегі міндеттерді шешуге бағытталған:
Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуының материалды-
қаржылық балансқа жету. Аймақтық экономиканы басқарудағы
экономикалық жекелік аймақгың таза өнімін бөлу және қайта бөлу
көзқарастарын өзгертуді талап етеді. Бұған дейін оның үлкен бөлігі
мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлінсе, ал нарықгық
қатынастарға көшу ұлттық өнімінің бөлінуін орталықгандырмауды
талап етеді.
Әртүрлі бюджеттерге таза өнімнің аударылу нормалары:
басқарудың әрбір басқару деңгейінің қызмет жиынтығын, осы
қызметтердің орындалуымен байланысты шығындар;
экономиканың әрбір құрылымының қызметін экономикалық
ынталандыруды қамтамасыз ету.
Аймақтың қаржылық балансын жасау. Аймақгың жиынтық қаржылық балансын жасаудың мақсаты қаржы ресурстарының жалпы ауқымын анықгау. Қаржылық баланстың табыс бөлігі 5 негізгі топтан құралады:
жергілікті бюджет құратын табыс;
табиғи ресурстарды қолданғаны үшін ренталық төлемдер;
жоғарғы бюджеттерден түсімдер;
тұрғындар мен кәсіпкерлердің табысын екінші рет бөлудің нәти-
жесі ретіндегі бюджеттен тыс қаражат;
қарыз қаражаттар.
Аймақтық бюджетті жасау. Аймақгың экономикалық жекелігін
тәжірибеде жүзеге асыру үшін әлеуметтік экономикалық дамудың
аймақтық бағдарламаларын қаржылық қамтамасыз етуде Аймақтық
бюджеттің ролі үлкен. Біріншіден, территорияның инфрақұрылымы
және әлеуметтік саланың дамуын қаржыландырудың негізгі
қаржылық көзі болып табылады. Екіншіден, Аймақтық бюджеттің
табыс бөлігі шаруашылық қызметінің тиімділігіне тәуелді.
Аймақтық дамуының негізгі бағыттарына бос ақша қаражаттарын
шоғырландыру. Тәжірибеден көріп отырғанымыздай, аймақгар
дамудың қосымша қаражаттарды тарту есебінен қаржылық базаның
кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін ертерек бағалағандары нарық
экономикасының тығырықгарынан тез шығуда.
Тұтыну нарығының мүмкінідктері және тұрғындардың ақшалай
табыстары арасында пропорцияны бақылау.
Нарық экономикасында бақылау өзге мәнге ие, тауар және қызмет-тердің өндірісін қарқындылау мақсатында аймақ органдарының тұгқалары көмегімен тез арада бейімделу дегенді білдіреді.
Қазіргі өзекті проблемалардың бірі, тұрғындардың табыс деңгейін республикалық және Аймақтық деңгейде арттыру.
Ақша айналымын жақсарту шарттарын жасау. Бұл міндет касса-
лық жоспарды жасау жолымен шешіледі.
Кассалық жоспардың орындалынуы экономиканың сандық және сапалық бағалану мумкіндігін береді.
Аймақтағы инвестициялық процестердің материалды-қаржылық
баланстылығын қамтамасыз ету. Бұл міндетті шешуі, өндірістік емес
саланың және аймақгыц экономикалық құрылымына тәуелді.
Қаржы механизмін қайта құрудың негізіне ұлттық шаруашылықга қаржылық өзара байланыстарды ұйымдастыруға деген қағидалы жаңа көзқарас қойылған, ол жұмыстың түпкілікті үшін кәсіпорындардың, ұйымдардың, аймақгардың шаруашылық ынтасы мен жауаптылығын барынша дамытуды қамтамасыз етеді [11].
Достарыңызбен бөлісу: |