Ф. 4-46
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
КафедраТіл және әдебиет теориясы Мамандығы5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті Оқу түрікүндізгі негізгі
Дипломдық жұмысқа (жобаға) РЕЦЕНЗИЯ
Студент (тегі, аты-жөні)Қайыр Ақерке Тақырыбы:«Бейімбет Майлин прозасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі» Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны (түсіндірме хатта, графикалық бөлімде әзірленген сұрақтардың тізімі және көлемі).
Жұмыстың бірінші тарауындаБейімбет Майлин шығармаларына лексикалық тұрғыдан зерттеу жасалды. Автор туындыларындағы сөздерді қолдану барысына ғылыми тұрғыда қолданысы анықталды. Қазақ тіл білімі саласында зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасай отыра, шығармаларға талдау жасалып, автор шығармаларының лексикалық ерекшелігі анықталды. Жұмыстың екінші тарауындаБейімбет Майлин прозасы тілінің көркемдегіш құралдардың қолданысы мен олардың зерттелу мәселесі қарастырылды. Ғылыми еңбектерге сүйене отырып, көркемдегіш құралдарды қолдану түрлеріне сай бөлінді. Шығармаларлар талдау барысында мысалдарға комментарийлер беріліп, жан-жақты талдау жасалды. Дипломдық жұмыстың (жобаның) қадір-қасиеттері (ұсынылатын әзірлемелердің экономикалық тиімділігі, ғылыми және тәжірибелік құндылығы, орындау сапасы, тақырып өзектілігі). Жазушы шығармаларының тілдік ерекшелігі кейіпкер тіліндегі берілу жолдары, тілдік құралдардың қолданыс мақсаты, троп түрлерінің стильдік қызметтері, жазушы шығармаларындағы кірме сөздердегі өзгерістерді көрсету үшін қоғам, ондағы адам келбетін таныту дипломдық жұмысымыздың зерттеу өзектілігін көрсетеді. Дипломдық жұмысқа (жобаға) ескертулер (кемшіліктер, жіберілген қателер).Ескерту жоқ. Қорытынды (орындаған жұмысты (жобаны) іске асыру мүмкіндігі; әріптік балдық-рейтингтік жүйемен қойылған жалпы жұмыстың бағасы).Ғылыми зерттеу нәтижелері оқыту процесінде, тіл теориясы, лексикология сынды салаларда, сондай-ақ Бейімбет Майлин шығармаларын зерделеу мен оқытуда теориялық материал ретінде қолданылуы мүмкін. Еңбек қорғауға лайық деп санаймын. Бағасы (балл) 85B+.
Рецензенттің (тегі, аты-жөні)
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Жұмыс орны
Атқаратын қызметі Қолы _____________
( ұйым мөрі ) ______________20___ ж.