42-НҰСҚА 1. Қазақстандағы ерте палеолит дәуірі қай кезеңді қамтиды?
A) б.з.б. 5-3 мың жылдықтарды.
B) б.з.б. 800-140 мың жылдықтарды.
C) б.з.б. 12-5 мың жылдықтарды.
D) б.з.б. 40-12 мың жылдықтарды.
E) б.з.б. 140-40 мың жылдықтарды.
2. Андронов мәдениетінің 30-дан аса тұрағы мен 150-ден астам қорымы ... аумағында табылды
A) Орталық Азия
B) Оңтүстік Қазақстан
C) Батыс Қазақстан
D) Солтүстік Қазақстан
E) Орталық Қазақстан
3. Қаңлылар астанасы
A) Шырық-рабат
B) Битянь
C) Суяб
D) Чигучен
E) Янгикент
4. Керейлердің бас ордасы қай өзенде орналасты?
A) Ертіс
B) Шу
C) Іле
D) Хуанхе
E) Орхон
5. Деректерде Шу аймағында орналасқан қай қала туралы: Онда әр елден келген саудагерлер кездеседі, ал қаланың жартысы саудамен айналысады деп жазған?
A) Баласағұн.
B) Суяб.
C) Отырар.
D) Тараз.
E) Сығанақ.
6. Жібек жолының тұрақты дипломатиялық және сауда күретамыры болып қалыптасқан уақыты:
A) Б.з.б. ІІ мыңж.
B) Б.з. ІІ ғ.
C) Б.з.б. ІІІ ғ.
D) Б.з.б. ІІ ғ.
E) Б.з. І ғ.
7. Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан кімнің ұлысына енді?
A) Шағатай
B) Төле
C) Жошы
D) Батый
E) Үгедей
8. Әмір Темір Орта Азияда қай жылдары билік құрды?
A) 1375-1410 ж.ж.
B) 1380-1415 ж.ж.
C) 1365-1400 ж.ж.
D) 1360-1395 ж.ж.
E) 1370-1405 ж.ж.
9. Қазақ халқының Жәнібек пен Керей бастаған бөлігі қайдан Моғолстанға көшті?
A) Темір ұрпақтары мемлекетінен
B) Ноғай ордасынан
C) Әбілқайыр хандығынан
D) Ақ ордадан
E) Сібір хандығынан
10. Орта Азиядағы орта ғасырлардағы қала мәдениетінің гүлдену кезеңі
A) ХІ-ХІІ ғ.ғ.
B) ХІІІ-ХІV ғ.ғ.
C) ІХ-ХІІІ ғ.ғ.
D) ХІV-ХV ғ.ғ.
E) ХV-ХVІ ғ.ғ.
11. XVІІІ ғ. Кіші жүздегі шаруалар көтерілісіне кім басшылық етті?
A) Есет батыр.
B) Амангелді Иманов.
C) Кенесары Қасымұлы.
D) Сырым Датұлы.
E) Исатай Тайманұлы.
12. Кіші жүздің соңғы ханы
A) Арынғазы.
B) Шерғазы.
C) Айшуақ.
D) Есім.
E) Ералы.
13. Қазақстанның Ресей құрамына енуі қанша уақытқа созылды?
A) 300 жылға.
B) 250 жылға.
C) 200 жылға.
D) 150 жылға.
E) 100 жылға.
14. Tанымал болған "Адай", "Сарыарқа", "Балбырауын" күйлерінің авторы.
A) Дина Нұрпейісова
B) Ықылас
C) Бекболат Тілеухан.
D) Құрманғазы Сағырбайұлы
E) Даулеткерей Шығайұлы
15. 1870 жылғы Маңғыстаудағы шарулар көтерілісін басқарған.
A) Ж.Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы.
B) Досан Тәжіұлы және Иса Тіленбайұлы.
C) Сейіл Түркебайұлы және Иса Тленбайұлы.
D) Есірген Дастанұлы және Кафар Қарамжігітұлы.
E) Б.Маяұлы және Бекметұлы.
16. 1905ж. Успен кенішінде болған ереуілде қазақ-орыс жұмысшыларының негізінен қойған талабы.
A) Діни
B) Саяси
C) Берілген жауаптардың барлығы дұрыс
D) Мәдени
E) Әлеуметтік
17. ХХ ғ. басында халық дастандарын, батырлар жырының түпнұсқасын ел арасында насихаттаған қазақтың ұлы ақындарының бірі.
A) Н.Байғанин.
B) М.Дулатов.
C) С.Торайғыров.
D) Ж.Көпеев.
E) С.Дөнентаев.
18. Торғай уезінде Амангелді Имановтың көтерілісшілерден үлкен жасақ құрып, жүзеге асырған іс-шаралары:
A) Қару өндіруді ұйымдастырды.
B) Әскер өнеріне үйретті.
C) Жауаптардың бәрі дұрыс.
D) Мергендерден жасақтар құрды.
E) Ұрыстың тактикасын үйретті.
19. Еңбекшілерді мобилизациялау туралы декрет жарияланған мерзім:
A) 1918 ж. мамыр.
B) 1918 ж. қаңтар.
C) 1918 ж. сәуір.
D) 1919 ж. қазан.
E) 1919 ж. ақпан.
20. Қазақ АКСР-нің Халық Комиссарлар Кеңесі орыс және қырғыз (қазақ) тілін қолдану тәртібі туралы декретін қашан қабылдады?
A) 1924 ж. қаңтар.
B) 1922 ж. қаңтар.
C) 1923 ж. қаңтар.
D) 1921 ж. қаңтар.
E) 1920 ж. қаңтар.
21. Индустрияландыру кезінде Қарағанды көмір бассейніне шефтік алған кеншілер:
A) Сібір кеншілері.
B) Орал кеншілері.
C) Донбасс кеншілері.
D) Аталғандардың бәрі.
E) Кузбасс кеншілері.
22. Қазақстанда күшпен ұжымдастыруға қарсы қарулы күрес болған жылдар:
A) 1929-1931 жж.
B) 1937-1938 жж.
C) 1938-1939 жж.
D) 1921-1922 жж.
E) 1931-1933 жж.
23. 1939 жылы Шымкент қорғасын зауыты марапатталған орден түрі:
A) Октябрь Революциясы.
B) Даңқ.
C) Құрмет белгісі.
D) Ленин.
E) Қызыл Ту.
24. Соғысқа дейінгі бесжылдықтарда мәдениет майданында еңбек еткен комсомол мүшелері саны:
A) 60 мың.
B) 40 мың.
C) 65 мың.
D) 70 мың.
E) 55 мың.
25. Кеңес Одағының батыры Т.Тоқтаров қаза тапқан шайқас:
A) Ленинградты қорғауда.
B) Сталинград шайқасы.
C) Курск шайқасы.
D) Бресті қорғауда.
E) Москва шайқасы.
26. 1950 ж. Ембі мұнай бассейніндегі Мұнайлы кәсіпшілігін іске қосу нәтижесінде мұнай өндіру Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңмен салыстырғанда қанша процентке артты?
A) 74 процентке.
B) 45 процентке.
C) 30 процентке.
D) 20 процентке.
E) 52 процентке.
27. 1957-58 жылдары ауыл тұрғындарынан ірі қараны алу мақсаты қандай жағдайға байланысты болды?
A) Шығыс Еуропа елдеріне ет беруді ұлғайту
B) колхоз-совхозда мал санын ұлғайту
C) шаруалардың бос уақытын,демалысын қамтамасыз ету үшін
D) жеке шаруашылықтың жойылуына байланысты
E) мемлекетке ет тапсыруды өсіру
28. 1985-1991 жж. КСРО-да жүргізілген мемлекеттік іс-шаралар жүйесінің атауы:
A) Қайта құру.
B) Реставрация.
C) Реконструкция.
D) Жаңа бағыт.
E) Жаңа экономикалық саясат.
29. Қазақстан коммунистік партиясы таратылып, оның орнына қандай партия құрылды?
A) Демократиялық партия.
B) Социал-демократиялық партия.
C) Социалистік партия.
D) Ешқандай партия құрылмады.
E) Халық партиясы.
30. 1995ж. ЮНЕСКО-ның бастамасымен қазақтың ұлы ойшылының 150 жылдық мерей тойы аталып өтті:
A) Абай Құнанбаев.
B) Жамбыл Жабаев.
C) Ыбырай Алтынсарин.
D) Мұхтар Әуезов.
E) Шоқан Уәлиханов.