История
мамандықтарына PhD докторантураға қабылдау емтиханының
СҰРАҚТАРЫ
Қазақстан тарихы пәні. Қазақстан тарихындағы қазіргі концептуалдық тұжырымдар.
Қазақстанның тарихы бойынша деректерге сипаттама.
Қазақстан тарихы аса көрнекті шығыстанушылардың (Ш.Уәлиханов, Н.Я.Бичурин, В.В.Бартольд, А.И. Левшин,т.б.) еңбектерінде.
ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда Қазақстанды зерттеген ғылыми экспедициялар. П.С.Паллас, П.П.Семенов-Тянь-Шанский, т.б.
XVIII-XX ғғ. Қазақстан тарихы 1940-1980 жылдардағы кеңестік тарихшылардың еңбектерінде.
Қазақстан аумағындағы тас ғасыры және оның кезеңдері. Ежелгі адамның шаруашылық және қоғамдық өмірінің эволюциясы.
Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.
Қазақстан аумағындағы сақтар бірлестігі: орналасуы, шаруашылығы және саяси – қоғамдық құрылымы. Жаңа әдебиет және тұжырымдар.
Сақ тайпаларының материалдық және рухани мәдениеті.
«Ежелгі Үйсін Елі» және басқа еңбектер бойынша Үйсін мемлекеттігі: аумағы, басқару жүйесі, шаруашылығы, меншік формалары.
Қазақстан аумағындағы ғұн тайпалары.
ІҮ-Ү ғасырлардағы Орталық Азиядағы саяси жағдай. Түрік қағанаты: гүлденуі және құлдырауы.
Батыс-Түрік қағанаты («Он оқ будун»): аумағы, этникалық құрамы және басқару аппараты. 28 дәрежелі лауазым туралы.
«Мәдени мұра» бағдарламасы. Қыпшақ кезеңіне қатысты әдебиет.
Қарахандар мемлекеті: аумағы, этникалық құрамы мен билік жүйесі. Жер иелену формалары.
VI-IX ғғ. I-жартысындағы Қазақстандағы отырықшы және көшпелі өркениет, олардың өзара байланысы және ықпалы. Көшпелі өркениет: мәселеге қатысты пікір- таластар эволюциясы.
Ортағасырлық қала мәдениеті: географиялық орналасуы мен архитектуралық ерекшеліктері (X-XIIғғ.).
Ұлы Жібек Жолының Қазақстандағы басты бағыттары. XXIғ. даму перспективалары.
ІX ғасырдың 2- жартысы мен XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан тұрғындарының материалдық және рухани мәдениеті.
Ортағасырлардағы Қазақстан ғалымдары мен ойшылдарының өмірі мен мұрасы (X-XIIғғ.).
Қазақстан туралы Еуропа саяхатшыларының (Плано Карпини, Гильом де Рубрук, Марко Поло) еңбектері.
Қазақстан аумағын монғолдардың жаулап алуы. Шыңғыс әулеті ұлыстарының құрылуы.
Алтын Орданың құрылуы. Қазақстан Алтын Орда құрамында.
Ақ Орда: құрылуы, аумағы, халқы, мемлекеттік құрылымы және билік жүйесі.
Қазақстан аумағындағы қалалар мен елді мекендер: мәселенің мәні мен зерттелуі
Қазақ хандығының құрылуының тарихи алғы шарттары мен заңдылықтары. Дерек көздері және соңғы зерттеу еңбектеріндегі көзқарастар мен ұстанымдар.
Қазақ халқының қалыптасуы: кезеңдері, негізгі аспектілері, проблемалар.
Қазақ жүздері: пайда болуы, аумағы және этникалық құрамы. «Қазақ» этнонимі: мәселеге жаңаша көзқарас .
Қасым ханның қазақ мемлекеттігін нығайту жолындағы күресі. «Қасым ханның қасқа жолы».
Қазақ хандары және хандық институты: эволюциясы және тарихнамасы
XVI-XVIIғғ. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. Негізгі категориялары мен топтар. Е.Бекмаханов қазақ қоғамының әлеуметтік құрамы туралы.
XVI-XVII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастары. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жарық көрген әдебиет.
ХҮІІІ ғ. қазақ - жоңғар қатынастары: тарихнамасы, барысы, нәтижелері.
XVIII ғ. бірінші ширегіндегі патша өкіметінің Қазақстандағы әскери - барлау экспедициялары.
ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы әкімшілік және басқару реформалары. Әкімшілік- аумақтық басқару жүйесіндегі өзгерістер. Хандық биліктің жойылуы.
Тарихтағы тұлғалар: Абылайхан тұлғасы және оның мемлекеттік және мәмлегерлік қызметі туралы зерттеулер
Сырым Датов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1783-1797 жж.): қазіргі зерттеулер бойынша
38. Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
XVIII-XIX ғғ.бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті.
Қазақстанның Ресей құрамына енуі. Жаңа әдебиет және тұжырымдар.
Кіші және Орта жүздердің Ресей құрамына қосылуына қатысты бүгінгі ұстанымдар.К. Тевкелевтің журналы мен күнделігі. («Мәдени мұра» бағдарламасы.)
Тарихтағы тұлғалар: Әбілқайыр хан туралы зерттеулер.
ХҮІІІ-ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық қозғалысы және оның тарихнамасы.
Патша үкіметінің Оңтүстік Қазақстандағы әскери экспансиясы. Аймақтың Ресей билігіне көшуі.
Қазақстанда капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері
ХІХ-ХХ ғғ. Қоныс аудару қозғалысы: оның кезеңдері, бағыттары
1867-1868 жж. реформалардың дайындалуы және жүргізілуі. Әкімшілдік- аумақтық және сот жүйесіндегі өзгерістер.
Орал және Торғай облыстары (1868-1869жж.) мен Маңғыстаудағы (1870ж.) қазақтардың көтерілісі.
1886-1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот жүйесіндегі өзгерістер.(Заңдық актілер бойынша)
Қазақстанда өнеркәсіп ошақтарының пайда болуы және оның жағдайы (XІXғ. екінші жартысы).
XІXғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы сауда және қалалар.
Ш.Уәлиханов – Ұлы ғалым-ағартушы. Ш.Уәлиханов еңбегінде қазақ тарихының зерттелуі .
Ы.Алтынсарин – аса көрнекті педагог – ағартушы
Абай Құнанбаев - ұлы ақын – ағартушы.
XIX ғ. екінші жартысы - XX ғ.басындағы Қазақстандағы халыққа білім берудің дамуы.
Қазақстан 1905-1907 жж. Ресей революциясы жылдарында.
Ұлттық – демократиялық интеллигенцияның патшалықтың отаршылдық саясатына қарсы күресі (1905-1910 жж.).Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және басқалары.
Ресейдің Мемлекеттік думасындағы қазақ депутаттарының қызметі.А. Бірімжанов, Б. Қаратаев.
П.А. Столыпин реформасы жылдарындағы патшалықтың Қазақстандағы аграрлық саясаты.Ішкі ресейлік шаруалардың жаппай қоныс аударуы.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ ауылының экономикалық және әлеуметтік жағдайы.
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің сипаты мен қозғаушы күштері жөніндегі пікірталастар. 1916 ж. оқиғаларға қазақ зиялыларының көзқарасы.
«Қазақ» газеті және отарлық езгіге қарсы күрес идеологиясының қалыптасуы. ХХ ғ. басындағы қазақ көркем ойындағы негізгі бағыттар.
1917 ж. Ақпан төңкерісі және оның әсерімен Қазақстанда болған өзгерістер
«Алаш» партиясының құрылуы, бағдарламасы және қызметі
Қазан төңкерісі: мәні мен мазмұны. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
ІІ Жалпықазақ съезінің шешімдері және оның іске асырылуы
Түркістан мұхтариятының (Қоқан автономиясы) құрылуы және қазақ қоғамындағы оған қатысты көзқарастар
Азамат соғысы жылдарындағы қазақ қоғамы және Қазақстанда майдандардың құрылуы
Қазақ АКСР-інің құрылуы және оның құрамына қазақ жерлерінің біріктірілу тарихы
Жер-су реформасының мақсаты және жүзеге асырылмауының тарихи себептері
Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері.
Қазақстандағы индустрияландыру саясаты: тарихнамасы, мәні мен мазмұны, сипаты және нәтижелері
1920-1930 жж. Қазақстандағы «Ұлттық ауытқушылықпен» күрес мәселесі.
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру науқаны: тарихы және салдарлары
Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қоғамдық-саяси процестер: тарихы және тарихнамасы
Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдени құрылыс («Мәдени революция» теориясы және большевиктік тәжірибе)
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялыларының тағдыры
Қазақстанға халықтарды депортациялау (1935-1940 жж.): тарихнамасы, себептері және барысы
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ерен ерліктері. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның мәдениеті мен ғылымы
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ ауылдарының күнделікті өмір тарихы: соғыстың адамдардың психологиясына тигізген әсері, билік пен шаруа қатынасы, колхоз жұмысы, отбасы шаруашылығы, бала тәрбиесі, тамақ пен киім мәселесі және т.б.
Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ қоғамы: қоғамдық-саяси және әлеуметтік саладағы өзгерістер (1946-1953 жылдар)
«Жылымық жылдарындағы» Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі (1954-1964 жылдар)
Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: барысы, көлемі, салдарлары.
Қазақстан ғылымы мен мәдениеті саяси қуғын-сүргін жылдары (1940-1950 жж.).
«Тоқырау жылдарындағы» Қазақстанның әлеуметтік жағдайы мен мәдениеті
Д.А.Қонаев мемлекеттік қайраткер.
1970-1980 жылдардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
Қазақстан «Қайта құру» кезеңінде (1985-1991 жж).
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі: шығу себептері, көтерілісшілерді қуғындау шаралары.
Қазақстан тарихы «ақтаңдақтарының» зерттелуі. 1980 жылдардың соңы – 1990 жылдардың басы.
Тарихи кезеңдер мәселесі. Қазақстан тарихын кезеңдеу туралы көзқарастар
КСРО-ның ыдырауы. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңының қабылдануы және оның маңызы.
Қазақстан Республикасындағы отандық тарих ғылымының дамуы, ерекшеліктері, проблемалары.
Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы тарихы жаңа көзқарас тұрғысынан (1991-2009 жж.).
Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастар жүйесінде.
Қазақстан Республикасындағы мәдени-рухани процестер. «Қазақстан - 2030» Стратегиясы.
Қазақстан Республикасындағы білім беру ісінің негізгі бағыттары және проблемалары
«Мәдени мұра»мемлекеттік бағдарламасы: қабылдануы, кезеңдері, маңызы.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент Н.Назарбаевтың ролі мен қызметі. Қазақстан тарихының проблемалары Н.Назарбаевтың еңбектерінде.
Достарыңызбен бөлісу: |