«it мектеп – лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Физикалық терминдерді ағылшын тілінде оқып үйрену»



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі30,92 Kb.
#120691
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
null


« IT МЕКТЕП – ЛИЦЕЙІ »
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Физикалық терминдерді ағылшын тілінде оқып үйрену»
( 9 сыныптарға арналған үйірме курсы )


2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫ


Физика пәні мұғалімі: Доскалиева Жанил Тулегеновна
Ақтау, 2019ж
Бекітемін Келісемін Қаралды:
Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі ӘБ жетекшісі: Жеңісбекова А.Б
________ Мендыгалиева Л.И. ________ Нұрғожина С.Ж Хаттама № ______
«___» ______ 2019ж «___» ________ 2019ж «___» ________ 2019ж

«Физикалық терминдерді ағылшын тілінде оқып үйрену»
( 9 сыныптарға арналған үйірме курсы )


Физика пәні мұғалімі: Доскалиева Жанил Тулегеновна


2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫ


Түсінік хат

9 сыныптарға арналған үйірме курсы бағдарламасы мемлекеттік білім беру стандарты бойынша физика курсының мектеп бағдарламасына сай құрылған.


Курстың бағдарламасы берілген әрбір тақырыптағы физикалық терминдердің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде баламасын түсініп,
оқып үйрену, тілдік мақсаттарға сай оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру бағытында жасалған. Жиі қолданыста жүретін термин сөздердің түсіндірмесі және оларды сабақта пайдалану жолдары көрсетілген. Бұл үйірме курс бағдарламасын физика пәні мұғалімдеріне әдістемелік құрал ретінде ұсынуға болады Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген біліммен бағаланады. Сондықтан дамудың ең биік шыңынан көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.
Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашып, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік береді. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үш тілде оқыту арқылы оқушының сөздік қорын толықтыруға, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады. Оқыту үдерісінде бағдарламаға сай оқушылар физикадан негізгі ұғымдардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аудармасын оңай игеріп, олардың мағынасын терең түсінуге мүмкіндік алады. Бағдарламаға CLIL әдістемесі, яғни физика пәніне ағылшын тілін кіріктіре оқыту әдісі салынған.
Үйірме курс бағдарламасы 9 сынып оқушыларына бір жылдық
оқу үшін арналған.
Сыныпқа барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағатқа есептеліп құрылған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет