Қытай әдебиетіндегі әйелдер бейнесінің типологиясы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата11.06.2022
өлшемі426,09 Kb.
#146408
  1   2
Байланысты:
Қытай әдебиетіндегі әйелдер бейнесінің типологиясы
Педагогика 1, Педагогика 2, Педагогика 3, Педагогика 4, «Әйелдер әдебиеті» қазіргі заман әдебиеті контексінде


69
issN 1563-034Х KazNU bulletin. oriental series. №3(64). 2013
Қытай әдебиетіндегі әйелдер бейнесінің типологиясы
ӘОЖ 82.02 
А.Ә. Кенжебаева 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
e-mail: china.aida@mail.ru
Қытай әдебиетіндегі әйелдер бейнесінің типологиясы
Берілген мақалада қытай әдебиетіндегі әйелдер бейнесінің типологиясына жан-жақты талдау 
жасалынған.
Түйін сөздер:
образ, тип, портрет, теңеу.
А.А. Кенжебаева 
Типология женских образов в китайской литературе 
В данной статье дается разносторонний анализ типологии женских образов в китайской литературе. 
Ключевые слова:
образ, тип, портрет, сравнение. 
a.a. Kenzhebaeva 
Typology of female characters in Chinese literature
this article provides a complete analysis of the typology of female characters in Chinese literature.
Keywords: 
image, style, portrait, comparison.
Әлемдік әдебиеттану ғылымында әйел об
-
разын зерттеу мәселесі ешқашан назардан тыс 
қалған емес. Өйткені әдебиет өз алдына адамта
-
ну ғылымы боп танылса, әдебиеттің нысаны – 
адам жөніндегі мәселені қарастырады.
Нәзік тіршілік иесі пайда болып, оның ру
-
хани игіліктері дүниеге келгеннен бастап-ақ, 
әйел – көркем өнер туындыларының негізгі 
зерттеу объектісіне айнала бастаған, соны
-
мен қатар барша қаламгерлердің асыл мұраты 
сол әсем тіршілік иесінің ішкі жан дүниесіне 
тереңінен бойлап, олардың мінез табиғатының 
қыр-сырларын, жұмбақ дүниесін жан-жақты 
зерттей бастады.
Адам жанына асқақ рух пен ізгілік сыйлаған 
Электра мен Антигона, Ақжүніс пен Гүлбаршын, 
Лин Дайюй мен Ян Гуйфэй, Шырын мен 
Ләйлілердің ақыл-парасаты, данышпандылығы 
әркез қаһармандарға күш-қуат беріп отырды. 
Әлемдік әдебиет тарихында әйел бейнесінің 
кең тараған типтерінің бірі – ғашық жардың об
-
разы боп табылады. Мұдай үлгілер қатарына 
«Рамаянадағы» Сита, «Гильгамештегі» Шах
-
мат, «Ләйлі Мәжнүндегі» Ләйлі, «Фархад-
Шырындағы» Шырын бейнелерін жатқызуға 
болады, сонымен бірге әйел адалдығының 
үлгісі ретінде Пенелопа алынса, Навзикаи хан
-
ша бейнесі әйел нәзіктілігі мен әсемдігін паш 
еткен образ ретінде ашылады, ал Медея бейнесі 
қорқыныш ұялатқан әйел махаббатын көрсетсе, 
Антигона бейнесі әке үмітін ақтаған қамқор пер
-
зент ретінде танылады.
Қытай әдебиетіне келер болсақ, еркекті 
ақыл-есінен айырған қас сұлу бейнесі – Ян Гуй
-
фэй (Ян Тайжэн) бойына шоғырланған. Асқақ 
арудың бейнесі көптеген қытай қаламгерлері 
туындыларына арқау болған, ол туралы Бай 
Цюй-идің «Мәңгілік қасірет», Цин Чунның «Ли 
Шанның қасіреті», Ли Шының «Ян Гуйфэй», 
«Кәусар бұлақ туралы естеліктер», атақты дра
-
матург Бо Пудың «Жауын», Юй Шының «Ян 
Тайжэнның бейресми өмірбаяны» туындылары
-
нан мағлұмат алуға болады.


70
ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №3(64). 2013
А.Ә. Кенжебаева
Қытай әдебиетінің жауһары боп табылатын 
«Шицзин» жырнамасында әйелдер бейнесінің 
алғашқы үлгілері бейнеленген, мұнда әр 
кезеңдерде әр алуан қоғамда өмір сүрген 
әйелдер образының тамаша галереясы жан-
жақты көрсетілген, мұнда көбіне «адал жұбай», 
«ғашық жар» типтері көзге түседі. Мәселен, 
осы жинаққа енген «Чжунға деген өтініш... », 
«Жеміс теруге барғанда», «Күйеу жігіттің бетін 
қайтарған қалыңдық» атты өлеңдерде айқын 
көрініс тапқан. Әсіресе «Өзің неткен кербез ең» 
атты өлеңде: 
И вижу я, как твой прекрасен лоб,
Округлены виски и ясен взгляд,
О эта женщина! Подобной ей
Красы в стране нет больше, говорят [1].
Пальцы – как стебли травы, что бела и нежна,
Кожа – как жир затвердевший, белеет она,
Шея – как червь-древоед, белоснежна, длинна,
Зубы твои – это в тыкве рядком семена [2].
Одан кейінгі кезеңдерде әйелдер бейнесін 
тамаша суреттеген Ван Шифудың «Батыс фли
-
гель» Тан Сяньцзудың «Нефритті қыстырғыш 
туралы», «Гүлді аспалы бақ», «Цзинь, Пин, 
Мэй» шығармаларын тануға болады. Алай
-
да Цао Сюецин сомдаған Лин дайюй образы 
қытай әдебиетінде ерекше орын алады. Қытай 
поэзиясында раушан гүл әйел бейнесімен 
тоғысып жатады. Раушан гүл символикасы әйел 
сұлулығы мен әйелге деген құштарлықты бей
-
нелеген. Сондай-ақ нефрит тасы да көбінесе 
әйел сұлулығын дәріптейтін белгі ретінде 
қолданылған. Мәселен, белді ақын Сюй Чжы
-
мо туындыларында кербез ару раушан гүліне 
теңеледі: 
Она спит
Смотри, красавица!
Солнце весны покрывает ее кожу,
Это роза, это дикая роза. 
Әйел сұлулығының әдебиеттегі көрінісі 
ретінде Си Ши, Ван Чжаоцзюнь, Дяочань 
бейнесі алынады. Дәстүрлі түрде қалыптасқан 
пікір бойынша сұлулардың арасында алғашқы 
орынды – Си Ши, екінші орынды – Ван Чжаоц
-
зюнь, үшінші орынды – Дяочань, соңғы тізімді – 
Ян гуйфэй есімі жалғастырады. Олардың есімі 
сұлулықтың синонимін әрі символын көрсетеді.
Көбінесе қытай лирикасында қытай ақын- 
дары әйел тақырыбы туралы қалам тартқанда 
қытай қоғамындағы әйелдің ең төменгі сатыдағы 
орнын әсіресе басты орынға қойып отырған. 
Мәселен, ғалым Ю.К. Щуцкий «Стихи о 
жене Цзяо Чжун-цина» атты поэма туралы 
мақаласында әйелдің тіпті адами болмысын 
шетке шығарған конфуцийшілдік норма туралы 
ерекше атап өтеді. Мұндай тақырыпты академик 
В. М. Алексеев те атап өткен: «Жене полагается 
быть только дома, никуда не отлучаясь и подчи
-
няясь семейным установлениям» [3]. 
Махаббат пен сүйіспеншілік Лю Чао 
поэзиясының туындауына әкеп соқты (iii–
vii ғғ.), мұнда әйелдің «таңғажайып үлгісі» 
қылаң береді. «Таңғажайып әйел» термині 
Б.Б. Бахтиннің «Заметки о лирике Шэнь Юэ» 
[4] атты мақаласында орын алған, мұнда ғалым 
Лю Чао кезеңінде туындаған әйел образының 
ерекшеліктеріне жан-жақты талдау берген. 
Мұнда И.Н. Конрадтың да қытай поэзиясындағы 
осы құбылысқа тоқтап өткенін атап өтпесе бол
-
майды: «Куртуазных поэм и романов в средне
-
вековом Китае не было, но лирика, близкая к 
той, которую мы находим на Западе, например, 
в провансальской поэзии, была. И так же как и 
в Провансе, лирика в средневековом Китае была 
прежде всего лирикой любви» [5].
Әйелдердің тамаша бейнесін сомдаған 
ақындар ішінен Шэн Юэнің «Қызыл кебіс» атты 
өлеңінде нәзік тіршілік иесінің әсем бейнесі бы
-
лайша көрініс тапқан: 
На красные ступени поднимаются, словно взле
-
тают,
Из яшмового дворца спускаются быстро и не
-
принужденно.
Повернутся резко – звенят жемчужины на поясе,
Выступят вперед – благоухает вышивка на коф
-
точке.
Полы платья распахиваются, когда приближа
-
ются к циновке для танца,
Рукава платья колышутся, когда кружатся по 
залу для пения.
Вздыхаю – вдруг забудут любимую наложницу
И бросят эти туфельки под ложе, расшитое шел
-
ком [6] 
Ақынның тағы бір туындысында әйел 
бейнесінің сұлулығы одан әрі көрініс табады:


71
issN 1563-034Х KazNU bulletin. oriental series. №3(64). 2013
Қытай әдебиетіндегі әйелдер бейнесінің типологиясы
Вспоминаю, как пришла!
Сияньем света взошла по ступеням.
Правдивой была при разлуке,
С грустью говорила, что будет тосковать о лю
-
бимом.
И вот глядим друг на друга – наглядеться не мо
-
жем,
Смотрим друг на друга – и забываем о еде.
Вспоминаю, как сидела!
Стройная-стройная перед шелковым пологом.
То песни поет одну за другой,
То играет на струнах мелодии.
Когда улыбается – нет ей равных,
Когда хмурится – еще милее!
Вспоминаю, как ела!
Поглядит на еду и отвернется.
Хочет сесть – и стесняется сесть,
Хочет кушать – и стесняется кушать.
Откусывает кусочек так, словно и не голодна.
Поднимает чару так, словно сил не хватает!
Вспоминаю, как спала!
Он уже спит, а она изо всех сил старается не ус
-
нуть.
Развязала платье, не ожидая уговоров,
Но коснется подушки и вновь тянется за пла
-
тьем.
Очень боится, что посторонние увидят ее,
Очаровательно стыдится того, что горит свеча.
Әйелдер бейнесінің келесі типтерін қытай 
тіліне әкелген қаламгерлер қатарына Чжао 
Шули, Ба Цзин, Лао Шэ, Тян Хандарды 
жатқызуға болады. Олар сомдаған әйелдер жаңа 
өмірге құлшынған, жаңалыққа құштар жандар – 
Мынке, Лин Даоцзин, Суй Суйлер не де болса өз 
бақытына жетуден тайынбаған қайсар жандар.
Қытай 
әйелдерінің 
типтік 
бейнесін 
ашып көрсеткен тағы бір туынды – «Шашы 
ағарған қыз», мұнда Шиэр арудың беташар
-
да айтқан жыры «шендестіру» әдісімен ше
-
бер ұштастырылып, лирикалық сезімді шебер 
бейнелейді.
Атақты қытай қаламгері Ба Цзиннің «Ма
-
хаббат» трилогиясы әйелдер бейнесін жан- 
жақты ашып көрсеткен өз алдына шоқтығы 
биік туынды. Туындыда сомдалған әйелдер 
дені – студенттер, жаңаша өмірге ұмтылған 
жастар. Мұндай жаңашыл әйелдер бейнесі 
шығармадағы Юй Фэй бойынан анық көрінеді. 
Жазушының «Күйреу» повесіндегі Ли Цзин 
бейнесі де жаңаша типтегі образдар бейнесін 
толықтыра түскен. Шанхай қаласында болып 
жатқан бетбұрстар мен қозғалыстарға араласу
-
шы күрескер әйел бейнесінде танылады.
Бұл дәстүрді әрі қарай жалғастырған – Мао 
Дүн болды. «Кемпірқосақ» романында жас ару 
Мэйдің қараңғы қапас түнектен шығар оңтайлы 
сәтті таппай, болашағының бұлыңғырлығына 
налыған әйелдің жан айқайын сезінуге бола
-
ды. Роман соңында автор қыздың бос қиялға 
бой алдырпайтын күрескерлік рухын паш етеді. 
Кейіпкер мақсаты – жаңашыл өмірді көксеп, 
ескіліктің қараңғы торынан бұлқына шыққан 
«4 мамыр көтерлісінен» қуат алған жаңашыл 
бейнені ашып көрсету.
Қытай әдебиетінде аталған проблеманы 
Чжао Шули де өз туындыларының орталық ны
-
саны етіп алады. «Сяо Ырхейдің үйленуі» атты 
шығармасында жапон басқыншыларына қарсы 
шыққан күрескер әйел бейнесінде Сяо Цинді 
алып көрсетеді. Қытай дәстүрлі әдебиетіне тән 
дәстүрлі қас сұлудың барлық қасиетін жинаған 
қыздың «инабатты әрі нәзік» ару үлгісінен 
басты айырмашылығы – қайсарлығы мен 
жаңашылдығында, тік мінезі мен биік рухында.
Әйелдер бейнесінің жаңаша типі – «азат 
әйел» және «теңдікке жеткен белсенді қоғам 
қайраткерлері» типі қазіргі заман жазушылары 
Чжан Цзе, Ван Мын, Чжан Канкан, Лу Яо туын
-
дыларында жалғасады.
Мұнда, әсіресе Чжан Цзе қаламынан туған 
Цын Лир, Е Цзычю, Ли мэй бейнелерінен анық 
байқауға болады. Мұндағы әйелдер – қоғамда 
келелі орын алған, биік мансап пен дәрежеге 
жеткен толыққанды жандар. Алайда жазушы 
жаңа қоғамда өмір сүріп жатқан әйелдер алдында 
жаңа қиындықтар мен жаңа асулардың тоғысып 
жатқанын суреттейді. Мұндағы әйелдер – 
классикалық әдебиетте кездесетін Ян Гйфэй, 
Лин Дайюй, Си Шыларға мүлдем ұқсамайды. 
Олардың бойында әйелдерге тән нәзіктілікке, 
инабаттылыққа, көнбістікке қарағанда тік мінез, 
өрескел болмыс тән, «бамбук ағашының нәзік 
өркеніндей», «нефрит жанарлы», «өрік көзді», 
«мейхуа жемісіндей» уылжыған әйелдерден де 
өзгешелігі жер мен көктей. Себебі әр кезеңде 
туындаған кейіпкерлер алдында туындаған про
-
блемаларды олар өзінше шешуге тырысады, ал 
жазушылар сол арқылы қоғамға үндеу салады.


72
ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №3(64). 2013
А.Ә. Кенжебаева


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет