Білім — ол əлеуметтік институт, өйткені ол өзінің тұрақты құрылымы, статусы, нормасы, ережесі, символдары бар, автономды түрде əрекет етеді. Əлеуметтік институтқа тəн, басқа да белгілері бар. Білім беру – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі. Атап айтқанда, білім - бұл жүйелік білімді беру жəне ол өркениетті қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер мен элементтердің болуын талап етеді. Білім беру – міндетті екі субъектісі – мұғалім жəне білім алушы, яғни оқытушы жəне оқушы бар, ұйымдастырылған процесс. Осы субъектілер болмаса білім беру процесі болмайды
Білім əлеуметтік институт ретінде келесі құрылымнан тұрады:
білім беруді басқару органдары;
білім беру мекемелер тобы (мектептер, колледждер, гимназиялар, лицейлер, кəсіптік мектептер, университеттер мен академиялар т.б.);
шығармашылық одақтар, кəсіптік ассоциациялар, қоғамдар, ғылыми жəне методологиялық кеңестер мен басқа да бірлестіктер;
оқытушылар мен білім алушылар үшін шығарылған оқулықтар мен əдістемелік оқулықтар;
білім беру бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік стандарттары;
білім беру мекемелері əлеуметтік жəне заңдық статусқа ие, өзінің жарғысы жəне басқа да құжаттары болады. Олар ғимараттарда орналасады, жер көлемі болады, материалдық құндылықтары мен қаржыларға ие. Білім беру субъектілері мыналар: 1) білім алушылар, 2) мұғалімдер. Сонымен бірге, білім беру субъектілері мыналар бола алады: білім беру мекемелері (ұйымдар) — ішінде əлеуметтік қатынастар, нормалар, ережелер орын алатын кəсіптік белгілері бойынша біріккен адамдар топтары.
Білімнің кез келген деңгейде екі негізгі қызметі бар. Олар: 1) білім беру; 2) əлеуметтендіру, тəрбиелеу.
В.И. Добреньков жəне А.И. Кравченко білім берудің бірнеше қызметтерін бөліп көрсетеді:
бір ұрпақтан екінші ұрпаққа білімді беру жəне мəдениетті тарату;
қоғам мəдениетін сақтау жəне жетілдіру;
тұлғаның əлеуметтенуі, əсіресе, жастардың жəне олардың қоғамда интеграциялануы;
тұлғаның статусының анықталуы;
əлеуметтік таңдау (селекция) қоғам мүшелерін дифференциациялау, бірінші кезекте жастарды, оның нəтижесінде қоғамның əлеуметтік құрылымы қайта өндіріледі жəне өзгереді, индивидуальды мобильділік;