Коммунизм Анархизм және Анархиялық капитализм Саяси идеологиялардың ішіне анархизмнің бір ерекшелігі – ол ешқашан ұлттық деңгейде билікке келіп көрмеген.Мәселен XX ғасырдың басына дейін анархистік қозғалыс Испания,Франция,Ресей және Мексикада өте ықпалды болды.Ал анархистік идеялар заң,үкімет пен мемлекет пайдалы әрі қажетті деген дәстүрлі сенімдерге қарсы шығып,саяси пікірталасты әлі де қоздырып отырады.Сонымен қатар анархистік ойлау кәзіргі кездегі антикапиталистік немесе антиглобалистік қозғалыстар аясында да ықпалды күшке ие болды.Анархизмнің негізгі идеясы–саяси билікті оның барлық формаларында,әсіресе мемлекет түрінде зұлымдық әрі қажетсіз деп тану.
Анархиялық капитализм
Реттелмейтін нарықтық бәсекені қоғамдық қатынастардың барлық саласына қолдануға болады және қолдануға тиіс дер,мемлекеттің қажеттігін жоққа шығаратын анархистік дәстүр.
Ортақ меншікті қоғамдық ынтымақтастықтың бірден-бір сенімді негізі ретінде қарастыратын,сондықтан мемлекетсіздікті тапсыз қоғаммен байланыстыратын анархистік дәстүр.
Анархиялық коммунизм
Жекелеген адамдар мен топтардың алыпсатарлық пен қанаушылыққа жол бермей,тауар мен қызметті әділ де тең дәрежеде алмасу жүйесі
Мутуализм
Анархизм
Популизм латын тіліндегі populus «халық» сөзінен шыққан.Саяси қозғалыстарды және саяси ойдың белгілі бір дәстүрін сипаттау үшін қолданылған.Популист ретінде сипатталған қозғалыстар мен партиялар қарапайым халықты «жемқор» экономикалық не саяси элитадан қорғалуымен ерекшеленеді.Саяси дәстүр ретінде популизм халықтың инстинктері мен қалауының саяси іс-әрекетке бастайтын басты легитимді нұсқаулық екенін көрсетеді.Сондықтан популист саясаткерлер халыққа тікелей үндеу тастап,олардың үміті мен үрейін жеткізетінін айтады.
Популизм
Алексис Ципрас солшыл популистік партияның жақтастарымен.СИРИЗА,Афина,2012.Ципрас–соңғы онжылдықта пайда болған танымал популист қайраткерлердің бірі.
«Философтар дүниені түрліше түсіндірумен ғана шектеледі,бірақ істің түйіні оны өзгертуде жатыр» Карл Маркс.Фейербах туралы тезистер.1845