Б) Әділет министрлігінің органдарында практикадан өту Заңды тұлғаларды тіркеу саласында: -бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне, сондай-ақ электрондық деректер банкіне заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтерді енгізу тәртібін зерделеу;
- заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тарату мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысу;
- Әділет департаменті (аудандық, қалалық әділет басқармалары)бастамашылық еткен заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу, таратуды тіркеу мәселелері бойынша сот отырыстарына қатысу;
- құқықтық жалпы оқытуды жүргізу және заңнаманы түсіндіру әдістері мен тәртібін зерделеу;
- архивте сақталатын тіркеу материалдарының сақталуын қамтамасыз ету, есепке алу, ретке келтіру және пайдалану тәртібін зерделеу;
- Әділет департаментінің Өз аумақтық басқармаларына бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету тәртібін зерделеу;
- Әділет департаменті бекіткен істер номенклатурасына сәйкес іс жүргізу бойынша құқықтық құжаттарды зерделеу.
Есепке студент орындаған құжаттардың жобалары қоса берілуі керек.
Құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң қызметтерін көрсету саласында: - құқықтық түсіндіру жұмысын жүзеге асыратын бөлімнің мақсаттарын, міндеттері мен функцияларын зерделеу;
- бөлімнің басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимылының негізі мен тәртібін зерделеу;
- құжаттарды қалыптастыру және сақтау тәртібін зерделеу;
- құқықтық көмек көрсету, құқықтық насихаттау және заңгерлік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бөлім қызметіне қатысу;
- құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша Мемлекеттік органдардың заң қызметтерімен өзара іс-қимыл туралы Бөлім жұмысына қатысу;
- әдістемелік және түсіндіру материалдарын әзірлеуге, құқық қолдану практикасын жинақтауға және реттеуге, сондай-ақ халыққа құқықтық қызмет көрсету мен заң қызметтерін көрсетуді ұйымдастыруға қатысу;
- құқықтық көмек көрсету, құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің жұмысына қатысу;
- нотариустардың, адвокаттардың және бағалаушылардың көрсететін қызметтерінің сапасы жөніндегі іс-әрекеттеріне шағымдарды қарауға қатысу
- бөлімнің функцияларын жүзеге асыруға байланысты практика жетекшісінің тапсырмаларын орындау.
Есепке студент орындаған құжаттардың жобалары қоса берілуі керек.
Азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты салада (АХАТ): - студент практикадан өтетін органның құрылымымен және құзыреттілігімен, сондай-ақ оның қызметін реттейтін актілермен танысу;
- азаматтық хал актілерін куәландыратын құжаттарды жасау ережелерін білу (туу және қайтыс болу туралы куәлік, неке қию және бұзу және т. б.);
- бала асырап алуды ресімдеу тәртібін және осы іс-әрекеттер үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарды зерделеу;
- азаматтық хал актілерін ресімдеу кезінде салтанатты рәсімдерді өткізу тәртібін зерделеу;
- азаматтық хал актілерінің телнұсқаларын беру туралы азаматтардың өтініштерін қабылдау тәртібін зерделеу;
- АХАТ жүргізетін құжаттарды есепке алу дағдыларын меңгеру;
- АХАТ мұрағатын қалыптастыру және жүргізу тәртібін зерделеу;
- фактілерді куәландыруға қажетті құжаттарды ұсыну ережелерін зерделеу;
- тегін, атын, әкесінің атын, туған уақытын өзгерту үшін қажетті құжаттарды ресімдеу ережелерін зерделеу.
Есепке студент орындаған құжаттардың жобалары қоса берілуі керек.