Мемлекеттік меншік құқығы (ағылш.right of state ownership) - Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді.
Республикалық меншік мемлекеттік қазынадан және заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Жерді пайдалану құқығы (ағылш.land right) - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы.
Айрықша құқық (ағылш.exclusive right; prerogative) - Автордың немесе сабақтас құқықтар иеленушінің туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарын заңмен белгіленген мерзім ішінде өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалану жөніндегі мүліктік құқығы. Мүлік заңсыз тартылып алсынса, заң аясында қылмыс істеуші қудаланады.