ЫҚТИМАЛ ҚАУІПСІЗДІК ЖАҒДАЙЫНДА ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ АКТІСІНЖАСАУ, СОНДАЙ-АҚ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОПЕРАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ҚИМЫЛ-ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Ықтимал қауіпсіздік жағдайында және терроризм актісінжасау, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайында азаматтардың қимыл-әрекеттеріне жалпы ұсыныстар
• күнік тудыратын адамдарға, заттарға, кез-келген күнікті ұсақ-түйектерге назар аударыңыз. Барлық күдік тудыратын туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз;
• ешқашан танымайтын адамнан дорбаны және сөмкені алмаңыз, өзіңіздің жүгіңізді қараусыз қалдырмаңыз;
• әр отбасында өзінің төтенше жағдайларды жасайтын іс-қимыл жоспары болуы тиіс, отбасының барлық мүшелерінде телефон нөмірі, электрондық поштаның адресі болуы қажет;
• шұғыл жағдай болған жағдайда отбасыңыздың мүшелерімен кездесе алатын белгілі орын белгілеу қажет;
• эвакуациялау кезінде бірінші кезекте қажет болатын заттардың жинағын және құжаттарды алыңыз;
• әрдайым жайдан шығатын қосымша шығу есіктің орналасу жерін біліп жүріңіз;
• лифтті пайдаланбаңыз;
• қандай да жағдай болса да, күйбелектікке салынбаңыз.
Телефон арқылы террористік сипаттағы қауіпі бар хабарландыруды қабылдау тәртібі
• әңгімені сөзбе сөз есте сақтаңыз және қағаз бетіне жазып алыңыз;
• әңгімелесу барысында қоңырау шалып жатқан адамның жынысын, жасын және сөйлеу ерекшеліктерін белгілеп алыңыз;
• міндетті түрде әрбір дыбыстарды белгілеңіз (автокөлік немесе теміржол көлігінің шуы, теле-радиоаппаратураның дыбысы, дауыстар, тағы басқа);
• қоңыраудың сипатын ескеріңіз – қалалық немесе қаларалық;
• әңгіменің басталған нақты уақытын және сөйлесу уақыт мерзімін міндетті белгілеп алыңыз;
• Сіз қандай да бір шешім қабылдауға немесе іс-қимыл жасау үшін қоңырау шылып жатқан адамнан барынша уақыт аралығын ұзартуға тырысыңыз;
• әңгіме туралы тез арада құқық қорғау органдарына хабарлаңыз;
• әңгіме фактісі және оның мақмұны туралы ешкімге айтпаңыз;
• ақпаратты білетін адамдардың санын барынша шектеңіз;
• егер телефон нөмірі автоматты түрде белгілеген жағдайда, кездейсоқ жоғалтып алмау үшін оны дәптерге жазып алыңыз;
• дыбысты жазып алатын құралдың пайдаланған жағдайда, тез арада әңгіме жазылған кассетаны алып алыңыз (минидиск) және оны сақтау шараларын қолданыңыз.
Міндетті түрде оның орнына басқасын салып қойыңыз.
Қоңырау шалып жатқан адамның сөйлеу ерекшеліктерін ескеріңіз
Дауысы: қатты/баяу, төмен/жоғары.
Сөйлеу дағдысы: анық, бұзылған, тұтығып, сыбдыр, акцент немесе диалектң бар ма.
Сөйлеу қарқыны: тез / баяу.
Сөйлеу қалпы: босаңқы, үзік-үзік, боғауыз сөзімен.
Әңгімелесу барысында келесі сұрақтарға жауап алуға тырысыңыз:
• Бұл адам қайда, кімге, қандай телефон арқылы қоңырау шылып тұр?
• Ол қандай нақты талап қояды?
• Талапты өз атынан, немесе делдал ретінде, немесе қандай да бір адамдардың тобы атына қойып тұр?
• Ойлаған істерінен бас тарту үшін қандай шарттарға келіседі?
• Қалай және қашан онымен байланысуға болады?
• Бұл қоңырау туралы кімге хабар бере аласыз немесе беруіңіз қажет?
Жарылғыш құрылғы болуы мүмкін күдікті затты анықтау
Соңғы уақытта адамдар күдікті заттарды көруі жиі кездесетін жай болды. Ондай заттар автокөліктерде, баспалдақ алаңында, пәтерлердің есіктер алдында, мекемелерде және қоғамдық орындарда анықталады.
Ондай заттарды анықтаған кезінде өзіңді қалай ұстау және қандай іс-қимыл жасау қажет?
• Егер анықталған зат, сіздің ойыңызша, ол жерде болмауы тиіс болса, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз.
• Егер сіз қоғамдық көлікте ұмытылып кеткен немесе иесіз затты көрсеңіз, қасыңызда тұрған адамдарды сұрастырыңыз. Ол заттың кімдікі екенін және кім қалдырып кетуі мүмкін екенін анықтауды тырысыңыз. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы жүргізушіге (машинистке) хабарлаңыз.
• Егер сіз бегісіз затты өз үйіңіздің кіреберісінде анықтаған жағдайда, көшілеріңізден сұрастырыңыз, мүмкін ол зат олардікі. Егер иесі анықталмаса – полицияның жедел пунктіне хабарласыңыз.
• Егер сіз белгісіз затты мекеменің ішінде тапсаңыз, тез арада әкімшілікке немесе күзетшіге хабарлаңыз.
Барлық атап өткен жағдайларда:
• анықталған затты ұстамаңыз, жылжытпаңыз, ашпаңыз;
• затты анықтаған уақытты белгілеп алыңыз;
• адамдардың табылған заттан алшақ жерге кетуі үшін мүмкіндігінше барлық шаралар жасаңыз;
• міндетті түрде шұғыл тергеу тобының келуін күтіңіз (сіз өте маңызды куәгер екеніңізі есте сақтаңыз).
Есте болсын: заттың сыртқы түрі ішіндегі затты жасыруы мүмкін. жарылғыш заттар үшін сыртқы камуфляж ретінде кез-келген тұрмыстық заттар қолдануы мүмкін: сөмкелер, пакеттер, қорапшалар, ойыншықтар және т.б.
Терроризм актісін жасаған немесе қауіп төнген жағдайда, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны өткізген жағдайда эвакуациялау туралы ақпарат алу
Билік өкілдерінен немесе құқық қорғау органдарынан эвакуацияның басталуы туралы хабар алғаннан кейін, сабырлықты сақтап, олардың командасын нақты орындауға тырысыңыз.
Егер сіз пәтерде болсаңыз, келесі іс-қимылдарды орындаңыз:
• жеке құжаттарды, ақшаны, бағалы заттарды алыңыз;
• электр жүйесін, газды, суды өшіріп кетіңіз;
• қарт адамдардың және қатты науқастардың эвакуациялауына жәрдем көрсетіңіз;
• кіреберіс есікті міндетті құлыпқа жабыңыз – бұл қылмыстардың (мародер) кіріп кетуінен қорғайды;
• үрейге, күйбелекке және асығыстыққа жол бермеңіз. Жайдан ұйымшылдықпен кетіңіз.
Тастап кеткен үйлеріңізге мемлекеттік уәкілетті жауапты тұлғалардың немесе жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынан кейін ғана оралыңыз.
Сіздің әр бір қимылдарыңыздың нақтылығы мен келісімдігінен көп адамдардың өмірі мен денсаулығына себеп болатынын есте сақтаңыз.
Ықтимал қауіп немесе терроризм актісін жасаған, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны өткізген жағдайда адамдардың көп жиналатын объектілерінде іс-қимылдары
• Адамдардың көп жиналуынан алшақ болыңыз;
• болып жатқан оқиғаны қаншалықты көргіңіз келіп тұрса да, жиналған топ адамдарға қосылмаңыз;
• егер топ адамның арасында болып қалсаңыз, бірге жүреберіңіз, бірақ ақырын одан шығып кетуге тырысыңыз;
• тереңрек демалыңыз да, кеудеңіз қысылып қалмас үшін, шынатақта бүгілген қолыңызды жан-жаққа серпіңіз;
• қолдарында үлкен заттар немесе сомкелері бар адамдардан алшақ жүруге тырысыңыз;
• қандай да бір амалмен аяқта нық тұруға тырысыңыз;
• қолыңызды қалтаға салып тұрмаңыз;
• қозғалып тұрыңыз, аяғыңызды неғұрлым жоғары көтеріңіз, жоғаламаңыз, аяқтың ұшымен жүрмеңіз;
• егер адамдардың сығылысы қауіп төндірсе, тез арада қолдағы жүктен және мойын орамалын алып тастаңыз;
• егер бір нәрсені түсіріп алсаңыз, егер өте қажет зат болмаса, оны көтеру үшін еңкеймеңіз;
• егер сіз сүрініп құлап қалсаңыз, тез арада аяққа тұрып кетіңіз. Бірақ сол кезде қолыңызға сүйенбеңіз (қолыңызды басып немесе сындырып кетеді). Бір сәтке болса да ақтың ұшына немесе табанға тұруға тырысыңыз. Нақты тірек пайда болған соң жылдам жерден серпіп көтеріліңіз;
• егер көтеріле алмасаңыз, домаланып бүгіліңіз, басыңызды ыйықтарымен қорғаңыз, алақаныңызбен желкеңізді жабыңыз;
• адамдар толып кеткен жайға кірген кезінде, экстремалды шұғыл жағдайда қандай жерлер қауіпсіз екенін белгілеп алыңыз (стадиондағы секторлар арасындағы өту жолы, концерт залында шыны есіктері және тосқауыл қабырғалар), қосымша және авариялық шығаберістеріне назар аударыңыз, ойменен оларға барар жолды белгілеп алыңыз;
• топ адамдардан залдың бұрыштарында немесе қабырғаға сүйене жасырын тұрғаны оңай, бірақ ол жерлерден шығатын есікке жету қиын;
• у-шу, үрей туындаған кезінде өзіңіз ұстамды болыңыз және мән-жайға дұрыс баға беруге тырысыңыз.
Көпшіліктің тәртіпсіздігі кезінде топтың арасына кіріп кетпеңіз, өйткені арнайы бөлімше әскерінің әрекеттеріне тап толуыңыз мүмкін.
Қылмыстардың қолына түсіп қалу
Кез-келген адам жағдайдың ағымы бойынша қылмыстардың қолына түсіп қалуы мүмкін. Сонымен қылмыскерлер саяси мақсатына жету үшін, ақшаны талап ету және т.б. қара ниеттерін іске асыруы мүмкін.
Барлық жағдайларда сіздің өміріңіз террористтер үшін сауда құралына айналады.
Кезкелген жерде, қоғамдық көлікте, мекемелерде, көшелерде, пәтерлерде ұстауы мүмкін.
Егер сіз қылмыскердің қолына түсіп қалсаңыз, келесі ережені ұстануды ұсынамыз:
• күтпеген жерден қозғалыс немесе шу террористтердің тарапынан қатаң сөгіс тудыруы мүмкін. Қаруды қолдану және адам өліміне келтіретін террористтерді арандататын іс-қимылдарына жол бермеңіз;
• террористтердің көз байлауына, ауызға тығынды салуға, қолға кісен немесе арқан салып байлауға дайын болыңыз;
• олардың тарапынан тіл тигізу, қорлауына шыдамдылық танытыңыз, қылмыскердің көзіне қарамаңыз (жүйкесі ауру адам үшін ашуға бой алдыруына белгі болады), өзіңізге көп назар аудартпаңыз;
• қарсылық көрсетпеңіз, қылмыскерді қарусыздандыру үшін қажеті жоқ «ерлік» танытпаңыз;
• егер сізбен бірге балалар болса, оларға қауіпсіз орын табыңыз, оларды кездейсоқ оқтан жабуға тырысыңыз, мүмкіндігінше жанында болыңыз;
• қажет болған жағдайда қылмыстардың талаптарын орындаңыз, қарсылық білдірмеңіз, оларға сөз қайтармаңыз, айналадағы адамдар мен өзіңіздің өміріңізге қауіп төндіртпеңіз, үрей мен күйбелектікке жол бермеңіз;
• медициналық көмек қажет болған жағдайда, қылмыскерді ашуландырмай, сабырлықпен және қысқа айтыңыз, рұқсат алмайынша, ешқандай іс-қимыл жасамаңыз;
• мұқият болыңыз, қылмыскердің қандайда да белгілерін, келбетінің ерекшеліктерін, киімін, аттарын, лақап аттары, тыртықтары және күйдірген белгілері болса, сөйлеу ерекшеліктерін және мінез-құлықтарын, әңгіменің тақырыбын және т.б. есте сақтаңыз;
• егер сізге туыстарыңызбен телефон арқылы сөйлесуге рұқсат берілген болса, өзіңіз ұстамды болыңыз, жыламаңыз, айқайламаңыз, қысқа да нұсқа сөйлесіңіз;
• күзетшілермен байланыс орнатып көріңіз. Оларға сіз де адам екеніңізді түсіндіріңіз. Оларға Сіздің отбасы мүшелеріңіздің суреттерін көрсетіңіз. Оларды алдамаңыз;
• шырпымен, тастармен немесе қабырғада сызықтарды салып, өткен күндердің міндетті түрде уақыттың есебін жүргізіп отырыңыз;
• егер сіз қандай да бір жайда қамалып қалсаңыз, онда біреулердің назарын аудартуға тырысыңыз. Ол үшін терезенің шынысын сындырып, көмекке шақырыңыз, шырпы болса, қағазды жағып, өрт есептегіш құралының жанына әкеліңіз және т.б.;
• оқиғаның жайлы шешуіне ешқашан күмәнданбаңыз.
• неғұрлым көп уақыт өтсе, соғұрлы сіздің аман шығуыңызға мүмкіндігіңіз көп болады;
• сізді ұстап алғаны туралы хабар алған соң, арнайы қызметтер сол кезден бастап әрекет етеді және сізді құтқару үшін барынша атсалысатыны, есте болсын.
• есіңізде болсын: сіздің мақсатыңыз – аман қалу!
Сізді құтқару бойынша арнайы қызметтің террористтерге қарсы операцияны жүргізген кезінде, келесі талаптарды сөзсіз сақтаңыз:
• бетті төмен қаратып, еденде жатыңыз, басыңызды қолыңызбен жабыңыз және қозғалмаңыз;
• арнайы қызметтің қызметкерлерінің алдынан жүгіріп шықпаңыз немесе олардан қашпаңыз, өйткені олар сізді қылмыскер деп, ойлауы мүмкін;
• егер мүмкін болса, есіктер мен терезелердің кіреберісінен алыс тұрыңыз.
Авиатранспортты пайдаланып, терроризм актісінің жасалу қауіпі жағдайында азаматтардың іс-қимылдарына ұсыныстар
• ұшақтың соңында терезенің қасында орын алуға тырысыңыз;
• тіркеуден өту уақытын барынша қысқартыңыз;
• қандай да бір жабынды мен шығаберіске жақын жерге орналасыңыз;
• егер көрші жолаушылардың іс-қимылдары күмән туғызса, назар аударыңыз;
• ұшақты басып алу бойынша қарапайым жағдайында отбасы мүшелерімен іс-қимылдарды талқылаңыз;
• қандай да бір жағдай болса да, үрейге бой алдырмаңыз, орныңыздан тұрмаңыз, креслода отыра беріңіз. Террористтермен сөз жарыстырмаңыз, олардың қолына қару алуына мәжбүрлетпеңіз, арнайы дайындығыңыз болмаса, өз бетінше террористтерді қарусыздандыру үшін әрекеттенбеңіз, ондай әрекеттен көршіңізді тоқтатыңыз;
• террористтердің тіл тигізу, қорлау әрекеттеріне шыдамдылық танытыңыз;
• жолаушылармен террористтер туралы әңгімелеспеңіз;
• сізге назар аудартатын жайттан алшақ болыңыз;
• егер жолаушылардың арасында жылаған бала немесе науқас адамдар болса, өзіңізді ұстамды ұстаңыз, түсіністік танытыңыз. Кезкелген жағымсыз эмоциялар, өзі де күйіп тұрған жағдайды өршігіп жіберуі мүмкін;
• қандай жағдай болса да, экипаж мүшелеріне болыспаңыз. Сіздің араласуыңыз жағдайды қиындатуы мүмкін;
• ұшқыштардың әрекеттеріне наразылық білдіртпеңіз. Экипаж әрдайым дұрыс жасайды. Борт жүргізушінің бұйрығы – жолаушы үшін заң;
• террористтерге сенбеңіз. Олар өздері қалаған нәрсені айтуы мүмкін, әйтеуір өз дегеніне жетуі керек;
• ұстамды болыңыз. Өзіңізді ғана ойламаңыз, қалған жолаушыларды да ойлаңыз; егер сіз экипаж мүшелерінен біреудің тұрақ уақытында ұшақтан кеткенін көрсеңіз, бұл жайтқа басқа жолаушылардың назарын аудармаңыз. Экипаждың әрекеттерін террористтер біліп қоюы мүмкін;
• егер жанама белгілер бойынша келіссөздің нәтижесі болмағанын сезіп қойсаңыз, мүмкін болса ұшақты босату бойынша арнайы операцияның басталу сәтіне дайын болыңыз;
• егер арнайы операция жүргізілетін болса, террористтер Сізді ұстап алып, тірі қорғаныс ретінде пайдаланбау үшін мынадай қалыпта болыңыз: төмен құлаңыз, немесе креслоның арқасы артына тығылыңыз, қолыңызбен басыңызды жауып, тұруға рұқсат бермейінше, сол орынға қозғалмай отыра беріңіз (қауіпсіздік күштері қозғатқандардың бәрін террорист деп түсінуі мүмкін);
• мүмкін болса ұшақтан тез арада кетуге тырысыңыз. Жеке заттарыңызды тауып алу үшін, кідірмей кете беріңіз.
Террористтік актін жасау қауіпі кезінде іс-қимылдар
Жарылу қауіпі болуы туралы келесі белгілер бойынша білуге болады:
• белгісіз зат көлікте, есік алдында, үйдің ауласында және т.б. (жарылғыш зат сыра ыдысында, шылым қорабында, ойыншықта, бөтелкеде, кесінді құбырдың ішінде, сүт пакетінде, кезкелген орауда немесе жәшікте болуы мүмкін).
• осы орынға жат, әртүрлі материалдардың қалдықтары;
• сым, бау тартылған;
• көліктің асында сым немесе оқшаулау лентаның шығып тұруы;
• жаңадан тырналған немесе батпақ жағылған терезелер, есіктер және басқа да заттар;
• ол жерде бұрын болмаған белгісіз иеіс, мысалы сорпа дәмдегіштері (кейбір жарылғыштардың иесі сондай болады);
• жаңа қазылған немесе кеуіп кеткен жер бетінің көзге түсетін жерлері;
• сіз білмейтін, сіздің пәтеріңіздің алдында жаңа жөндеу жұмыстарының іздері (сырлаған, буласыр және т.б.);
• сіздің үйіңіздің, көліктің, пәтердің жанында жатқан бөтен сөмке, портфель, қорап немесе басқа зат.
Әрдайым айналаңыздағы жағдайды, әсіресе көлікте, мәдени ойын сауық орындарда, спорт және сауда орталықтарда бақылап жүріңіз.
Кездейсоқ әзірленіп жатқан теракт туралы біліп қалсаңыз, тез арада құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Егер қауіпсіздік күштерінің және құқық қорғау органдарының белсенділік жұмыстары басталған болса:
• қызығушылық танытпай, басқа жаққа қарай кете беріңіз;
• жағдай келіп тұрса, барынша тез арада қауіпті жерден кетуге тырысыңыз;
• кезкелген қол жетімді жасырын жерді пайдаланыңыз;
• сізді қылмыскер деп есептемес үшін жүгірмеңіз;
• жарылыстан жарақанбау үшін басыңызды жабыңыз және қауіп бар жерден теріс қараңыз;
• егер өз әрекетіңізге сенімді болмасаңыз, қауіпсіздік күштеріне көмектеспеңіз.
Қазіргі уақытта террористтердің жиі қолданатын әрекеттері адамдардың көп жиналатын жерлерде және тұрғын үйлерде жарылыстарды ұйымдастыру болып табылады. Жарылу қауіпті заттарды уақытылы анықталса, сіздің және басқа адамдардың да өмірін сақтап қалуға мүмкін болады.
Жарылыс немесе атқылау кезінде тез арада жерге жатыңыз, паналау жер болса жақсы (бордюр, сауда палаткасы, көлікке және т.б.). тіпті қауіпсіз болу үшін басыңызды қолыңызбен жабыңыз.
Егер сіз жарылған жердің аумағында болсаңыз, есіңізді біліп және қозғалуға мүмкіндігіңіз болса, бірінші кезекте түтін мен оттың жоқ жеріне қарай жүріңіз немесе еңбектеп жорғалаңыз.
Егер жарылыс кезінде жарақаттанбасаңыз, ал жаныңызда жарақаттанған адамдар болса, олардың жай-күйін қараңыз: жүрек қағысын тыңдаңыз, адам есін жиған ба. Өз бетінше адамның есін жию үшін әрекет жасамаңыз. Естен талу – ол ағзаның сыртқы әрекеттерге қорғаныс реакциясы.
Егер жарақаттанған адамның сынығы болмаса (мұқият сүйектерін ұстап көріңіз), оны бір жағына қаратып жатқызыңыз. Арқасында жатса, өз құсығына шашалуы мүмкін, ал ішінде жатса тұншығады. Егер артериядан қан атқыласа (қан ақшыл қызыл, қатты екпінмен ағады), жараны қолмен болса да жабу керек, кейін белдікпен, жіппен жараның үстінен байлау керек.
Ғимарат құрылғылары сынықтарының астында қалып қойған жағдайда іс-қимылдар:
• дауыспен немесе соққа дыбыспен адамдардың назарын аударыңыз. Егер сіз ғимарат сынықтарының астында терең болсаңыз, эхопеленгатордың Сізді табуы үшін кезкелген темір затты (сақина, кілттер және т.б.) оңға-солға қарай айналдырып тұрыңыз.
• Егер Сіздің айналаңызда кеңістік айтарлықтай бос болса, оттықты жақпаңыз, оттегіні үнемдеңіз.
• жаңа күйреуге жол бермеу үшін абайлап жылжыңыз. Сырттан келіп тұрған ауаға қарай бейімделіңіз. Егер Сіздің мүмкіндігіңіз болса, қол астындағы заттармен (тақтай, кірпіш және т.б.) төбені күйреуден тіреп қойыңыз және көмекті күтіңіз. Қатты шөлдеген кезінде аузыңызға тас салып, сорыңыз, мұрныңызбен демалыңыз.
Балалар үшін арнайы ұсыныстар
Балаларға көшеде немесе есік алдында табылған кезкелген зат қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіріп айтыңыз.
Жарылғыш зат болуы мүмкін, табылған затты немесе күмәнді заттармен өз бетінше ешқандай іс-қимыл жасамаңыз – ол жарылып кетуі мүмкін, одан көптеген өлім мен күйреуге әкеп соғады.
Балалардың жасына, есейгеніне, мекенжайына және айналысатын істеріне қарай ата-аналары жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды үйрету тиіс.
Балаларға кеңес беріңіз:
• өзінің толық аты-жөнін, мекенжайын және телефон нөмірін жаттатырып қойыңыз;
• таныс емес жерде адасып қалса (дүкенде және т.б.) полиция қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, шенді киім киген адамдарға, жасы үлкен әйелдерге көмек сұрап жүгіну қажет;
• оқшауланған көшелерден және ойын алаңынан алшақ болу керек, топпен бірге жүріп, ойнау қажет;
• отбасы мүшелеріне өзінің жүрген жері туралы хабарлап тұру керек (ол жердің қайда орналасқанын біліп алыңыз),
• танымайтын адамдармен ешқашан сөйлеспеу және ешқайта бармау керек;
• бөтен адамдарға отбасы мүшелерінің табысы, жұмысқа кету және келу уақыты, жоспарланған демалыс пен ұзақ іссапарлар туралы, басқа да жеке оңаша ақпаратты айтуға болмайды;
• белгісіз адамдардың сұрастыруы және мазалау әрекеттері туралы тез арада хабарлау керек, сонымен бірге баламен тілдесуге әрекет еткен танымайтын адамның келбетін, киген киімін, көлігін есте сақтауға тырысыңыз;
• танымайтын адамдардың өзіңі жақындатпаңыз;
• егер танымайтын адам күштеп баланы өзімен бірге жүруін талап етсе, қарсылық білдіру керек (тепкілеп, тестеп, тарнап, қашып, айқайлап, көмекке шақыру) («Мен сені танымаймын!», «Сен мені ұрлап кеткің келеді!» деген айқай міндетті түрде жаттығуды қажет етеді). Подъездің ішінде кезкелген есікті қағу, қоңырау шалу керек;
• құтылып кеткенде, жақын жердегі қауіпсіз жерге жүріру керек (дүкен, полиция, мектеп, банк және т.б.);
• ерекше оқиғалар туралы барлық ақпаратты есте сақтау;
• ешқашан танымайтын адамдарға немесе жөндеу шеберлеріне Сіздің үйіңізге кіруге рұқсат бермеңіз (кішкентай балалар үшін нақыл сөздер. «барлық кішкентай балалар, өздері жалғыз үйде отырғанда, ешқашан есікті ашпайды», «Барлық жақсы балалар, бөтен адамды үйге кіргізбейді»),
• пошталық жөнелтпені ешқашан қабылдамау;
• қандай да бір сыйлықты аларда немесе қонаққа баруда, ата-анасынан рұқсат сұрау қажет, егер ондай ұсыныс таныс адамдардан болса да (оның ішінде көршілер, сыныптастар және т.б.);
• танымайтын еркек немесе жас адаммен бірге подъезге, лифтке кірмеңіз. Егер танымайтын адам лифтке артыңыздан кірсе, тез арада одан шығуға тырысыңыз;
• егер подъездге кіргенде танымайтын еркекті көре сала, тез артқа қарай шығып кетіп, үлкендерден көмек сұрау, немесе таныс адаммен бірге қайта кіру керек;
• көшеден үйге келгенде және үйдің есігін ашпас бұрын, баспалдақ алаңында танымайтын адамның болмауына көз жеткізіп барып ашыңыз. Егер ондай адам тұрған болса, көршілерге қоңырау соғу ашпаса, төмен түсіп, танымайтын адамның кеткенін күту, немесе таныс адамды пәтерге дейін шығарып салуын өтіну;
• егер сенің артынан аңдыған адам болса, ұялмай сенім артатын өтіп бара жатқан адамнан қорауды өтіну;
• қоғамдық көлікте жүргізушінің қасына қарай отыру және қауіп болған жағдайда жүргізушіге жүгіну;
• ата-ананың аған берген кеңесін есте сақтау қажет, бөтен адамдардың бұйрығына және көңіл бөлгеніне назар аудармау керек.
Аталмыш ұсыныстарды көрнекі мысалдармен түсіндіру дұрыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |