Ықтималдықтар теориясы элементтері Дәріс Кездейсоқ оқиғалар. Элементар оқиғалар кеңістігі. Ықтималдық



бет18/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#95619
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Байланысты:
дәрістер

Математикалық үміт (күтім)
Анықтама.
Х дискретті кездейсоқ шаманың математикалық үміті деп оның мүмкін мәндерінің  олардың ықтималдықтарына  көбейтіндісінің қосындысы айтылады ( немесе ). Белгіленуі  немесе :
.
мәндері шексіз жиын болғанда соңғы теңдіктің оң жағындағы қатар абсолютті жинақты болады.
Дискретті кездейсоқ шаманың математикалық үмітінің ықтималдық мағынасы: ол жуық шамамен көп тәжірибе нәтижесінде бақыланып отырған мәндердің арифметикалық ортасына тең (немесе сынақ сандары үлкейген сайын бақыланып отырған мәндердің арифметикалық ортасы математикалық үмітке жуықталады).
Расында, n сынақ жүргізілсін, онда  мәні  рет,  -  рет, т.с.с.  -  рет және де  . Онда кездейсоқ шаманың қабылдаған барлық мәндерінің арифметикалық ортасы:  . Бірақ  - бұл  мәнінің қатысты жиілігі, ол тәжірибе саны көбейген сайын  ықтималдығына ұмтылады, ал сондықтан арифметикалық орта математикалық үмітке ұмтылады:  .
Үзіліссіз кездейсоқ шаманың математикалық үміті де осылай анықталады, тек қосынды интегралдаумен айырбасталынады.
Анықтама.
Мүмкін мәндері [a,b] кесіндісінде (немесе ) жататын, ал үлестірім тығыздығы  болатын үзіліссіз кездейсоқ шаманың математикалық үміті келесі формула бойынша есептелінеді:
(немесе , бұл интеграл абсолютті жинақты деп есептелінеді).
қасиеттері:
1)  ;
2)  ;
3)  , мұндағы  айырымы кездейсоқ шаманың математикалық үмітінен ауытқуы деп аталады.
4) кез келген  және  кездейсоқ шамалары үшін  .
5) Егер  және  тәуелсіз кездейсоқ шамалар болса, онда  .
2 және 4 қасиеттері кез келген шектеулі кездейсоқ шамалар жағдайына жалпыланады:
, мұндағы   тұрақтылар.
Бұл қасиеттерді дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамаларды анықтайтын формулаларға қойып оңай алуға болады ([1], 138-142 бет).
Тәуелсіз сынақтардағы оқиғаның пайда болу санынының математикалық үмітін анықтайтын формуланы білген пайдалы.
Теорема. Бір сынақта оқиғаның пайда болу санынының математикалық үміті осы оқиғаның ықтималдығына тең; n тәуелсіз сынақтардағы оқиғаның пайда болу санынының математикалық үміті сынақ санының әрбір сынақта пайда болу ықтималдығына көбейтіндісіне тең.
Расында, егер бір сынақ жүргізіліп, онда оқиғаның пайда болу ықтималдығы  -ға тең болса, онда пайда болмау ықтималдығы  . Бұл кездейсоқ оқиғаның үлестірім заңы:



0

1







Сондықтан математикалық үміт  ;
Егер  – n тәуелсіз сынақтарда оқиғаның пайда болу саны және - бірінші сынақта оқиғаның пайда болу саны,  - екіншіде, және т.б.,  - n-ші оқиғалардың пайда болу сандары  . Төртінші қасиет бойынша
.
Теңдіктің оң жағындағы әрбір қосылғыш бір сынақтағы оқиғаның пайда болу санының математикалық үміті және  -ға тең. Сондықтан .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет