Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика пәнінен 5В060200-Информатика мамандығында сырттай оқитын 1 курс студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар



бет1/183
Дата28.06.2017
өлшемі16,73 Mb.
#20381
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   183
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Ақпараттық технологиялар факультеті
Математика кафедрасы

Беркімбай Р.Ә.

Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика пәнінен 5В060200-Информатика мамандығында сырттай оқитын 1 курс студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар









Қостанай, 2010



ББК 22.17

Б 45
Авторы:



Беркімбай Р.Ә. – А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің математика кафедрасының аға оқытушысы
Рецензенттер:

М.Калжанов - физика-математика ғылымдарының кандидаты, А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің математика кафедрасының доценті
Р.С. Ысмагул - физика-математика ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің математика кафедрасының доценті

Б 45. Беркімбай Р.Ә. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика пәнінен 5В060200-Информатика мамандығында сырттай оқитын 1 курс студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар – Қостанай: А.Байтурсынов атындағы ҚМУ, 2009 – 80 б.


Бұл әдістемелік құрал «Информатика» мамандығында 1-курста сырттай оқитын студенттерге арналған бақылау жұмыстарының тапсырмаларын; қажетті теориялық мәліметтерді, типтік тапсырмаларды шығару мысалдарын, емтихан сұрақтарын және тестік тапсырмаларды қамтиды.
Ақпараттық технологиялар факультетінің Әдістемелік кеңесімен бекітілген, ___ . ___ 2010 ж, хаттама №_____.

© А.Байтурсынов атындағы

Қостанай мемлекеттік университеті
Мазмұны

Бақылау жұмысын орындауға жалпы нұсқаулар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4



Дистанциялық оқыту бағдарламасының оқу жоспары... . . . . . . . . . . . ... . . . . 5
Пәннің мазмұны. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . .5
Ұсынылған әдебиеттер тiзiмi. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .8
Бақылау жұмысына әдiстемелiк нұсқаулар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . 9
Бақылау жұмысына берілген есептердi шығару мысалдары . . . . . . . . . . . . . 15
Бақылау жұмысына тапсырмалар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
Емтихан сұрақтары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .24
Тест тапсырмалары ..............................................................................................27










Бақылау жұмысын орындауға жалпы нұсқаулар



Математика курсын оқығанда студент екі бақылау жұмысын орындайды. Бақылау жұмысы нұсқасының нөмірі сынақ кітапшасының нөмірін 20-ға бөлгенде қалған қалдыққа тең. Егер қалдық нөлге тең болса, онда студент 20-шы нұсқаны орындайды.

Бақылау жұмысын орындағанда мына ұсыныстарды орындау қажет:

1. Бақылау жұмысы оқушы дәптеріне орындалады.

2. Дәптердің сыртында студент аты-жөнін, мамандығын, оқу нысанын, топ нөмірін, нұсқа нөмірін көрсетуі қажет.

3. Есептер берілген ретпен орналастырылады, есеп шарты толық жазылуы қажет. Әр есепті жаңа бетке жаз.

4. Әр есептің шығарылуы толық түсіндірілуі керек.

Бақылау жұмысын студент сырттай бөлімнің әдістемелік кабинетіне емтихан сессиясы басталғанға дейін 10 күн қалғанша тапсыруға болады.

Егер жұмыс сыналмаған болса, онда кафедра лаборанты жұмысты сырттай бөлімнің әдіскеріне қайтарады. Ол жағдайда студент рецензенттің ұсынысын ескере отырып қатемен жұмыс жасап (сол дәптерде), оны қайтадан тексеруге тапсырады.



Сыналған дәптерлер кафедрада қалады және емтихан алдында студентке қайтарылады. Емтиханға студент сыналған бақылау жұмысымен келуі қажет және оның орындалуын түсіндіруге дайын болуға міндетті.


  1. Пән туралы мәлімет


Пәннің атауы: Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

Сабақты өткізу орны мен уақыты: Сабақтар бекітілген кесте бойынша №1а ғимаратта өткізіледі

Кеңес сағаты: кафедрадағы СОӨЖ кестесі бойынша

2 Пәннің пререквизиттері

«Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнiн оқу үшiн студенттерге математикалық талдау, алгебра, геометрия және жиындар теориясынан жақсы бiлiм қажет.

3 Пәннің постреквизиттері

«Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнiнiң негiздерi сенiмдiлiк теориясында, көпшiлiкке қызмет көрсету теориясында, теориялық физикада, геодезияда, астрономияда, бақылаудың қателiктерi теориясында, автоматты басқару теориясында, байланыстың жалпы теориясында, криптографияда, және ғылымның басқада көптеген теориялық әрi қолданбалы салаларында да қолданылады.


  1. Пән туралы қысқаша мәлімет

«Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнi мiндеттi негiзгi пәнге жатады.

Ықтималдықтар теориясы – бiртектi кездейсоқ құбылыстардың ықтималдық заңдылықтарын зерттейдi.

Ықтималдықтар теориясының тәсiлдерi жаратылыстану мен техниканың әртүрлi салаларында: сенiмдiлiк теориясында; көпшiлiкке қызмет көрсету теориясында; теориялық физикада; геодезияда; астрономияда; ату теориясында; бақылаудың қателiктерi теориясында; басқаруды автоматтандыру теориясында; байланыстың жалпы теориясында қолданылады.

Ықтималдықтар теориясы – өндiрiстi жоспарлау мен ұйымдастыруға, технологиялық процестердi талдауға, өнiм сапасын тексеруге қолданылатын математикалық және қолданбалы статистикада маңызды роль атқарады.

Математикалық статистика – белгiлi ықтималдық моделiнiң жекелей параметрлерi мен құрылымын, оның статистикалық мәлiметтерi бойынша сынақтап, әртүрлi болжамдарды тексеру тәсiлдерiн қарастырып, қажеттi статистикалық мәлiметтер беретiн эксперименттердi жоспарлау ережелерiн нұсқаумен айналысады.

Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика ғылым мен техниканың әртүрлi салаларына тереңдей енiп, олардың кеңiнен дамуына ықпал етедi.



  1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Пәндi оқытудың мақсаты:

  • ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың негiзгi ұғымдары мен заңдылықтарын және олардың түрлi салаларда қолданылуын зерттеу;

  • нақтылы есептердi шешу тәсiлдерi мен әдiстерiн меңгеру;

  • табиғи процестердiң математикалық модельдерi құра және құралған модельдi сынақтау тәсiлдерiн таңдай бiлу;

  • ғылыми және ақпаратты әдебиеттердi пайдалана бiлу;

  • математикалық интуицияны дамыту;

  • математикалық мәдениетке тәрбиелеу;

  • ғылыми көзқарас пен логикалық ойлау қабiлетiн қалыптастыру.

Осы мамандық бойынша оқу бiтiрушiлер:

  • ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың негiзгi ұғымдары мен заңдылықтарын еркiн қолдануға;

  • математикалық есептердi қоя бiлуге;

  • ықтималдық модельдерiн құра бiлуге;

  • қолайлы ықтималдық тәсiлдердi және есеп шешiмiнiң алгоритмiн таңдай алуға;

  • сапалы статистикалық зерттеулер жүргiзуге;

  • жүргiзiлген талдаулар негiзiнде қолдануға қажеттi және iс жүзiнде тиiмдi нұсқаулар ұсынуға мiндеттi.


6 Пән мазмұны

6.1 Дәрістер


№ п/п

Тақырыптың аты

Тақырыптың мазмұны

Ак. сағат саны

1

Кездейсоқ оқиғалар және кездейсоқ шамалар

Элементар оқиғалар кеңістігі. Оқиға түрлері. Оқиғалар алгебрасы. Ықтималдықтың классикалық, статистикалық және геометриялық анықтамалары. Ықтималдық. Ықтималдықтың қасиеттері. Кездейсоқ шамалар және оның үлестірім заңдары, сандық сипаттамалары.

1

2

Математикалық статистика

Бас жиын және таңдама. Таңдау тәсілдері. Таңдаманың статистикалық үлестірімі. Полигон және гистограмма. Таңдаманың сандық сипаттамалары және оларды есептеу әдістері.

1







Барлық сағ.

2


6.2 Тәжірибелік сабақтар

Рет



Тақырып атауы

Тақырып мазмұны

Ак. сағат саны

1

Кездейсоқ оқиғалар

Комбинаторика элементтері. Элементар оқиғалар кеңістігі. Оқиға түрлері. Оқиғалар алгебрасы. Ықтималдықтың классикалық, статистикалық және геометриялық анықтамалары. Ықтималдық. Ықтималдықтың қасиеттері.

1

2

Қосу және көбейту теоремалары

Ықтималдықтың қосу теоремалары. Шартты ықтималдық. Ықтималдықтың көбейту теоремасы. Толық ықтималдық формуласы. Байес формуласы.

1

3

Тәуелсіз қайталамалы тәжірибелер

Сынақтарды қайталау сүлбесі. Бернулли схемасы. Бернулли формуласы. Пуассон теоремасы. Лапластың локальды және интегралдық теоремасы.

1

4

Дискретті кездейсоқ шаманың үлестірім заңдары және сандық сипаттамалары

Кездейсоқ шамалардың түрлері. Үлестірім заңы. Дискретті кездейсоқ шаманың үлестірім заңдары. Биномальды үлестірім. Пуассон үлестірімі. Дискретті кездейсоқ шаманың математикалық үміті және дисперсиясы және олардың қасиеттері.

1

5

Үзіліссіз кездейсоқ шаманың үлестірім заңдары және сандық сипаттамалары

Үлестірім функциясы және оның қасиеттері. Үлестірім тығыздығы және оның қасиеттері. Қалыпты үлестірім. Қалыпты үлестірімнің стандартты түрі. Бірқалыпты үлестірім. Көрсеткіштік үлестірім. Стьюдент үлестірімі. Үзіліссіз кездейсоқ шаманың математикалық үміті және дисперсиясы.

1

6

Үлкен сандар заңы.

Чебышев теңсіздігі және теоремасы. Бернулли теоремасы

1

7

Таңдамалық тәсіл

Бас жиын және таңдама. Таңдау тәсілдері. Таңдаманың статистикалық үлестірімі. Полигон және гистограмма. Таңдаманың сандық сипаттамалары.

1

8

Үлестірім параметрлерін бағалау

Статистикалық баға және оның түрлері. Ығыспаған, толымды бағалаулар. Бас орташаны бағалау. Үлестірім параметрлерін нүктелік бағалау. Моменттер әдісі. Сенімділік ықтималдығы. Сенімділік интервалдары. Қалыпты үлестірімнің математикалық үмітінің, дисперсиясының сенімділік интервалдары.

1







Барлық сағат

8



7 Студенттің өзіндік жұмысы
7.1 Оқытушы жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы


Рет


Тақырып атауы

СОӨЖ мазмұны



Ак. сағат саны







СОӨЖ ауд. барлық сағ.

-







СОӨЖ оф. барлық сағ.

4







СОӨЖ барлық сағ.

4



7.2 СӨЖ тапсырмалары


Рет

Тақырып, тапсырма, жұмыс түрлері

Ак.сағат саны

Әдебиет

тер


Бақылау және есептеу нысаны

Тапсыру мерзімі,

апта


1

Классикалық анықтама

6

1,4,5

ҮЖТ №1(1)

3

2

Толық ықтималдық формуласы

6

1,3,4,7

ҮЖТ №1(2)

4

3

Дискретті кездейсоқ шаманың үлестірім заңы

6

1,3,4,7

ҮЖТ №1(3)

5

4

Дискретті кездейсоқ шаманың сандық сипаттамасы

6

1,3,4,7

ҮЖТ №1(4)

6

5

Үзіліссіз кездейсоқ шаманың үлестірім заңы

6

1,3,4,7

ҮЖТ №1(5)

7

6

Кездейсоқ шаманың жүйелері

6

1,3,4,7

ҮЖТ №1(6)

8

7

Таңдаманың сандық сипаттамалары

6

1,3,4,7

ҮЖТ №2(1)

9

8

Үлестірім параметрлерін статистикалық бағалау

6

1,3,4,7

ҮЖТ №2(2)

10

9

Статистикалық параметр туралы болжамды тексеру.

6

1,3,4,7

ҮЖТ №2(3)

11

10

Таңдаманың регрессиялық теңдеуі

8

1,3,4,7

ҮЖТ №2(4)

12

СӨЖ бойынша басқа жұмыстар түрлері

11

Тәжірибелік сабақтарға дайындық (0,5 х 12)

6

5,8,9

Дәріс оқу

1-14

12

Ағымдағы бақылау шараларына дайындық (1сағ х бақылау түрі)

4

5,8,9

Есептер шығару

1-14

13

Шектік бақылауға дайындық (2 сағат х 1РК)

4

5,8,9

Тест шығару

6,14




Барлық СӨЖ сағ.

76












Ұсынылған әдебиеттер тiзiмi

Негiзгi:

1 Жаңбырбаев Б.С. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтері.- Алматы: «Қайнар», 1988.- 384б.

2 Бектаев Қ. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Алматы: «Рауан», 1991ж.

3 Казешев А, Абенов М, Қойлышев Ү. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика бойынша есептер жинағы.–А.: Ғылым, 2005.-183 б.

4 Гмурман В.Е. Теория вероятностей и математическая статистика.- М.: Высшая школа, 2000.- 479 б.

5 Гмурман В.Е. Руководство к решению задач по теории вероятностей и математической статистике.- М.: Высшая школа, 2000.- 400 б.


Қосымша:

6 Севастьянов Б.А. Курс теории вероятностей и математической статистики. – М.: Наука, 1982.- 253 б.

7 Виленкин Н.Я., Потапов В.Г. Задачник практикум по теории вероятности и математической статистике – М. Просвещение, 1979. -108 б.

8 Кремер Н.Ш. Теория вероятностей и математическая статистика.– М.: Юнити, 2000.- 543 б.

9 Гурский Е.И. Теория вероятностей с элементами математической статистики.– М.: Высшая школа, 1971.-327 б.

10 Колемаев В.А., Колемаев В.Н. Теория вероятностей и математическая статистика.- М.: Инфра, 2001. – 301 б.

11 Севастьянов Б.А. Чистяков В.П. Зубков А.М. Сборник задач по теории вероятностей – М.: Наука, 1989.- 189 б.

12 Боровков А.А. Теория вероятностей. М.: Наука, 1976. – 352 б.

13 Саханов Н.С. Жаңбырбаев Б.С. Жоғарғы математика.- А.: Қайнар, 1993.- 384б.
Әдістемелік нұсқаулар.

14 Беркімбай Р.Ә. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Оқу-әдістемелік кешені - Костанай: КГУ им. А.Байтурсынова, 2007.-68 б.



Бақылау жұмысына әдiстемелiк нұсқаулар

Негізгі ұғымдар.

Анықтама 1. Белгiлi бiр шарттар комплексi орындалғанда болуы да болмауы да мүмкiн оқиға кездейсоқ оқиға деп аталады.

Шарттар комплексi деп қорытындысын бақылауға болатын тәжiрибе жасалуын түсiнемiз.



Анықтама 2. Тәжiрибе нәтижесiнде болуы мүмкiн элементар оқиғалар тәжiрибе нәтижелерi деп аталады.

Кез келген оқиға тәжiрибе нәтижелерiнiң жиыны.

Анықтама 3. Тәжiрибе нәтижесiнде ең болмағанда бiреуi пайда болатын оқиғалар жиыны толық топ деп аталады.

Анықтама 4. Егер А оқиғасы пайда болуының нәтижесiнде В оқиғасы да пайда болса, онда А оқиғасы В оқиғасына қолайлы деп аталады.

Анықтама 5. А оқиғасының классикалық ықтималдығы деп шамасы аталады, мұнда

n – тәжiрибенiң өзара үйлесiмсiз, тең мүмкiндi нәтижелерiнiң саны; ал mА оқиғасы пайда болуына қолайлы нәтижелер саны.

Анықтама 6. А оқиғасының салыстырмалы жиiлiгi деп шамасы аталады, мұнда

n – тәжiрибелер саны; ал mn тәжiрибе жасалғанда А оқиғасы пайда болу саны.
Статистикада ықтималдық ретiнде оның салыстырмалы жиiлiгiн алады.

Анықтама 7. А және В оқиғаларының қосындысы деп олардың ең болмағанда бiреуi пайда болатын С=А+В оқиғасы аталады.

Анықтама 8. А және В оқиғаларының көбейтiндiсi деп олардың екеуi де пайда болатын Д=АВ оқиғасы аталады.

Анықтама 9. А оқиғасы пайда болмады дегендi бiлдiретiн оқиғасы А оқиғасына қарама-қарсы оқиға деп аталады.
Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   183




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет