Байланысты: 2-апта дәрісі , Классикалық және геометриялық ықтималдықтар
Геометриялық ықтималдық Ықтималдықтың классикалық анықтамасын сынақтың барлық жағдайлар саны мен оқиғаға қолайлы жағдайлар санын анықтау мүмкін болған жағдайда ғана қолдануға болады. Бірақ, табиғатта сжағдайлар саны болмайтын, яғни ықтималдықтың классикалық анықтамасы мағынасыз болатын сынақтар да болады. Біздің мақсатымыз - осындай сынақтар үшін ықтималдықтың анықтамасын оларға қолданылатындай етіп беру.
Анықтама 1. Берілген фигурасында сәтіне қарай белгіленген нүктенің осы фигураның ішкі фигурасына түсуінің ықтималдығы деп ішкі фигурасының өлшемінің берілген фигураның өлшеміне қатынасын айтамыз:
. (1)
Мұндағы өлшемі:
ұзындық, егер берілген фигура кесінді болса;
аудан, егер берілген фигура жазық фигура болса;
- көлем, егер берілген фигура дене болса.
Анықтама 1 геометриялық анықтама деп аталады.
Мысал 1. Квадратта сәтіне қарай белгіленген нүктенің осы квадратқа іштей сызылған дөңгелекке түсу ықтималдығын табыңыз.