Экскурсиялар – информатиканың өндірісті басқаруын немесе ЭЕМ-ді қолданатын мамандықтарды көрсету үшін ұйыдастырылады. Бұл сабақ не курс басында, не соңында өткізіледі.
Сабақ1. Педагогика бойынша классикалық оқу құралдарында – сабақ (басқа да оқу формаларымен толығып отыратын) оқытудың негізгі ұйымдастырушылық формасы ретінде қарастырылады. Мектепте жиі қолданылатын ұйымдастырушылық форма сынып-сабақтық оқыту болып табылады, себебі оқушылар 85–95% оқу уақытын сабақта өткізеді.
Сынып-сағаттық оқыту жүйесіне тән белгілері келесідей:
оқушылардан құралған оқу тобының тұрақты құрамы;
әрбір сыныпта оқыту мазмұнын қатаң анықтау;
оқу сабақтарының кестесін анықтау;
оқушылардың жеке және ұжымдық жұмыс формаларын
үйлестіру;
мұғалімнің жетекші рөлі;
оқушыларды жүйелі тексеру және білімдерін бағалау. - жоғарғы оқу орындарындағы (ЖОО) сияқты сабақтар (дәріс-сабақ, семинар-сабақ, практикалық сабақ, коллоквиум сабағы, консультациялық сабақ, сынақ-сабақ);
арнайы бағыттағы сабақтар (практикум-сабақ, өздік жұмыс сабағы, бақылау жұмысы сабағы, жаппай зертханалық жұмыс сабағы, экскурсия-сабақ, пәнаралық сабақ);
ойын түріндегі сабақтар (рөлдік ойын сабағы, сайыс-сабақ, сауалнама-сабақ, конференция-сабақ, кездесу-сабақ, жоба-сабақ);
мазмұнды құрылымдардан тұратын сабақтар (кітаппен жұмыс жасау сабағы, электронды жұмыс дәптерімен өткізілетін сабақ, қарқынды тірек сигналдар негізіндегі сабақ, жалпылаушы кестелер негізіндегі сабақ, диктант-сабақ, типтік бағдарламалық құрылымнан тұратын сабақ).
Информатиканы оқыту әдістері Әдіс (грек.– «methodos» – «зерттеу») – бұл тәсіл, әдіс немесе әрекет бейнесі; мақсатқа жету әдісі, қандайда бір айқындалған түрде реттелген әрекет; нақты тапсырманы шешуге бағынышты, шындықты игерудің практикалық немесе теориялық тәсілдері мен амалдардың жиынтығы.
Әдебиетте әдіс ұғымына әртүрлі анықтамалар келтіріледі:
мұғалім мен оқушы әрекетінің тәсілі;
жұмыс тәсілдерінің жиынтығы;
мұғалім оқушыларды білімсіздіктен білімге жетелейтін жол; 4) мұғалім мен оқушылар әрекеттерінің жүйесі және т.б.
Педагогтардың көпшілігі, әдістерді оқыту үрдісінің тапсырмалар жинағын шешуге бағытталған, мұғалім мен оқушының реттеліп өзара іліктелген әректерінің тәсілдері деп қарастырады.
Оқыту әдісі– бұл оқыту, дамыту және тәрбиелеу кезінде белгілі бір тапсырмалар шеңберінде қолданылатын педагог пен оқушылардың нысаналы педагогикалық қарым-қатынасын ұйымдастыру ережелері мен реттеуші қағидалар жүйесі (М.И.Махмутов1).