Қыту әдістемесі


Педагогикалық технологиялардың жіктелуі



бет19/105
Дата08.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#195872
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   105
Байланысты:
f641702a4b2211 (1)

Педагогикалық технологиялардың жіктелуі
Педагогикалық технологияларды әртүрлі белгілер бойынша жіктеуге болады [27] (2.1-кесте).
2.1-кесте. Педагогикалық технологияларды жіктеу белгілері

Білім беру
мазмұнының сипаты

Зиялы және діни, оқытушылық және тәрбиелік, жалпы білім беру және кәсіптік бағдарлы, гуманитарлы және технократтық.

Оқушылар санаты

Жалпы мектеп; алға басқан деңгей (лицейлер, гимназиялар және т.б.); қосымша оқыту (дәлдеу, қолдау, түзету мектептері); жалпы мектеп аясында күрделі және дарынды балалармен жұмыс.

Қолдану ұзақтығы

Пән, тақырып, модуль, сабақ.

Оқу әрекетін ұйымдастыру

Сынып сағаттық жүйе (дидахография); дидахография мен техникалық құралдарды пайдалана отырып заманауи дәстүрлі оқыту, топтық және дифференцияланған оқыту тәсілдері және т.б.

Баламен қарымқатынас

Авторитарлы; жеке бағдарлы; ынтамықтастық технологиясы және т.б.

Білімді игерудің ғылыми
тұғырнамасы

Ұғымдарды қалыптастыру теориясы (Богоявленская, Менчинская, т.б.); Гештальт теориясы; ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру теориясы (Гальперин, Талызина); суггестивті теория (шамадан тыс еске сақтауға жетелейтін эмоционалды иландыру негізінде оқыту); В.В. Давыдовтың және т.б. мазмұнды жалпылай теориясы.

Жаңа технологиялар жалпы мынадай мақсаттарды көздейді: а) ынтымақтастық;
б) ұжымдаса жұмыс істеу;
в) өзіндік бастама (иницатива);
г) өз жұмысын бағалауға үйрету;
д) логикалық ойлау;
е) мәселелерді шеше білу;
ж) ақпарат алу жөне керектісін пайдалана білу.
Жоғары сыныптар үшін тиімді технологиялар: өздігінен даму технологиясы, модульдік оқыту технологиясы (МОТ), бағдарлап оқыту, ынтымақтастық, компьютерлік, сын тұрғысынан ойлау (СТО).
Орта буын сыныптарына тиімді технологиялар: түсіндіре оза оқу, дамыта оқыту, тірек сигналы арқылы оқыту, проблемалап оқыту, СТО, МОТ.
Бастауыш сыныптардағы тиімді технологиялар: ойын арқылы оқыту, білім беруді ізгілендіру, ақпаратты оқыту, зерттеу, көрнекілік технологиялары.
Өздігінен даму технологиясы – баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи болу керек, сонда бала өзін өзі дамытады. Баланың: «Мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер» – деуіне жету.
Оза оқыту технологиясында – грамматикалық ұғым, түсініктер тірек сызбаларды пайдалану арқылы блок бойынша оза оқытылады.
Тірек сигналы – сызба бойынша сөйлем құратуға, сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсетуге болады. Сызбаларда көбіне дерексіз байланыстар мен қатынастар көрсетіледі. Тілдік категориялар ұқсастығын, айырмашылығын, ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге болады.
Белсенді оқыту технологиясы – оқу әрекеті арқылы үйретуші (мұғалім), үйренуші (білім алушы) рөлін өзгертуге ықпал ететін, шәкірттерді жаңа білімді өздіктерінен ізденіп білім алуына мүмкіндік жасайды. Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аударған жөн:

  • сабақ құрылымының икемділігі, оқығаны бойынша

пікірталастың болуы;

  • дидактикалық ойындар, интенсивті өзіндік әрекет,

бірліктерді салыстыру, топтау, жүйелеуді ұйымдастыру;

  • жеке тұлғаға бағдарланған технологияда оқу тәрбие процесінде балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру; әр білім алушының оқу тапсырмаларын орындауға қолайлы жағдай туғызу

көзделеді;

  • жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін ескеру ұстанымы (әрбір шәкіртті қабылдау мүмкіндігіне сай оқыту);

  • білім беру траекториясын таңдау еркіндігі ұстанымы (міндетті білім беру деңгейінен төмен болмауы тиіс).

  • оқытудың жағдаяттылығы ұстанымы (тапсырманы орындауға жағдай туғызу).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет