Қыту әдістемесі


Қазіргі сабақтың формалары мен құрылымдары



бет27/105
Дата08.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#195872
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105
Байланысты:
f641702a4b2211 (1)

2.4.3. Қазіргі сабақтың формалары мен құрылымдары


Қазіргі сабақтың негізгі кезеңдері

  1. Ұйымдастырушылық кезең. Оқушылардың сабаққа сырттай және іштей (психологиялық) дайындығын білдіреді. Әдетте ұйымдастырушылық кезеңге сәлемдесу, оқушылардың, жабдықтардың, сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа қатыспағандарды белгілеу, сабақ жоспары мен мақсаттарын хабарлау кіреді.

  2. Үй жұмысын тексеру. Қойылған мақсатқа байланысты әртүрлі әдістермен орындалады.

  3. Жаңа материалды оқыту. Мұғалімнің хабарлауы негізінде немесе оқушылардың өздігінен орындауы арқылы өтеді.

  4. Жаңа материалды бекіту. Үлгі бойынша жаттығуларды қолдану және ақпаратты жаңғырту тәсілдері арқылы материалдың игерілуін ұйымдастыру. Білімді іздеу және шығармашылықта пайдалану, бұрын алған білімдері мен ептіліктері бойынша құралған проблемалы тапсырмаларды орындау арқылы тәсілдерді меңгеру.

  5. Мұғалім және оқушылар жүзеге асырған – оқу әрекетінің нәтижелерін бақылау – білімді тексеру;

  6. Үйге тапсырма. Сабақтың осы бөліміне тапсырманың орындалуын, қажет болса, орындау әдістерін түсіндіру.

  7. Сабақ қорытындысын шығару.

Сабақ аталған элементтердің барлығынан (аралас сабақ) немесе тек кейбіреуінен тұруы мүмкін (белгілі бір дидактикалық тапсырманы орындауға бағытталған арнаулы сабақ).
Жаңа материал оқытылатын сабақтың құрылымы:

  1. ұйымдастырушылық кезең;

  2. таным процесі кезінде оқушылардың жоғары ойлау

белсенділігін ескере отырып материалды алғаш рет кірістіру;

  1. оқушылардың нені есте сақтау керектігіне нұсқау;

  2. жадыда ұзақ уақыт сақтау және есте сақтау уәждемесі (орысш. – мотивация);

  3. ойда сақтау техникасын өзектілеу немесе хабарлау (тірек материалдармен жұмыс, мағыналық топтама және т.б.);

  4. мұғалімнің бақылауындағы жеке қорытындыларды тікелей қайталау арқылы алғаш рет бекіту;

  5. алғашқы ойда сақтаудың нәтижесін бақылау;

  6. қайталауға қойылатын талаптарға сәйкес, соның ішінде сараланған тапсырмаларды қысқа және ұзақ уақыттан кейін жүйелі қайталау;

  7. жаңа білімдерді алу мақсатында алынған білімді және біліктіліктерді іштен қайталау және оларды жиі қолдану;

  8. білімдерді жиі қайталауды бақылау және оларды әрдайым бағалау үшін тірек материалын қосу; 11) үйге тапсырма беру; 12) сабақтың қорытындысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет