Қыту әдістемесі


СҮМ-нің оқытушылық аспектісі



бет30/105
Дата08.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#195872
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   105
Байланысты:
f641702a4b2211 (1)

СҮМ-нің оқытушылық аспектісі – бұл басты және оны анықтайтын аспект. Ол мына талаптарды орындағаннан құралады:

  1. Әр оқушыны өздігінен білім алуға оқытып үйрету.

  2. Білімді игерудің басты талаптарының орындалуын жүзеге асыру, олар: толықтылық, тереңділік, саналылық, жүйелілік, бірізділік, икемділік, орындаушылық, беріктілік.

  3. Дағдыларды қалыптастыру – нақты, қателіксіз орындалатын, көп қайталанып автоматизмге дейін жеткізілген іс-әрекеттер.

  4. Біліктілікті қалыптастыру – іс-әрекеттің табысты орындалуын қамтамасыз ететін білім мен дағдының үйлесуі.

  5. Сабақта оқушының оқу нәтижесінде танып білу және жасай білу керектігін қалыптастыру. Сабақтың білімділік мақсатын жоспарлағанда сабақта оқушыларға қандай білім, біліктілік және дағды деңгейін алу керектігін көрсету керек: репродуктивті, конструктивті және шығармашылық.

СҮМ-нің дамытушылық аспектісі – бұл мұғалім үшін ең қиын аспект. Бұл немен түсіндіріледі? Бұл қиындықтардың туындауының екі себебі бар. Біріншісі – көп жағдайда мұғалім оқутәрбие үрдісімен салыстырғанда, баланың дамуы анағұрлым баяу жүретінін ескермей, әр сабаққа жаңа дамытушылық мақсат қоюға тырысады. Екіншісі – даму дербестігіне өте қатысты болып келеді және ол маңызды дәрежеде дұрыс ұйымдастырылған оқу мен тәрбие нәтижесі ретінде іске асырылады. Бұдан шығатын қорытынды: мақсаттың бір дамытушылық аспектісі бірнеше сабақтың үшбірлік мақсатында тұжырымдала беруі мүмкін, ал кейбір кезде бір тараудың сабақтарына да жарайды.
СҮМ-ң дамытушылық аспектісі бірнеше блоктан құралады:
Тілді дамыту – сөздік қорды молайту және күрделендіру; оның мағыналық функциясын күрделендіру (жаңа білім түсінудің жаңа аспектілерін әкеледі); сөздің коммуникативтік қасиеттерін кеңейту (бейнелі, айқын, мәнерлігі); оқушылардың тілдің шығармашылық кейіптері мен мәнерлі қасиеттерін үйренуі. Тіл дамуы – оқушының интеллектуалды және жалпы дамуының көрсеткіші.

  • Ойлау қабілетін дамыту – сұрыптауға, басты ойды ерекшелеуге, ұқсастықты құруға, салыстыруға, жалпылау мен жүйелеуге, дәлелдеу мен теріске шығаруға, ұғымдарды анықтау мен түсіндіруге, мәселені қою мен шешуге үйрету. Бұл амалдарды үйрену – ойлай білу дегенді білдіреді.

  • Сенсорлық өрісін дамыту – мұнда көз өлшемін дамыту, кеңістік пен уақытты тұспалдау, түстің, жарық пен көлеңкенің, пішіннің, дыбыстың, сөз реңінің дәлдігі мен сезімталдығын

(нәзіктігін) айыра білу.

  • Қозғалыс жүйесін дамыту – ұсақ бұлшық еттердің моторикасын, өзінің қозғалыс әрекеттерін басқара білу, ыңғайлы қозғалысты дамыту, қозғалыс өлшемін және т.б. меңгеруді қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет