Қыту әдістемесі


Информатиканы оқытуды жобалау



бет33/105
Дата08.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#195872
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105
Байланысты:
f641702a4b2211 (1)

2.5. Информатиканы оқытуды жобалау
Сабаққа және жалпы оқытуға дайындық кез келген саналы әрекет сияқты жоспарлаудан басталады. В.И.Загвязинский атап өткендей, мұғалімнің бұл жұмысын шартты түрде жанама және тікелей деп бөлуге болады [13].
Жанама дайындық мұғалімнің білім, әсер, тәжірибе жинақтауымен, мәдениетпен шұғылдануымен, бүтіндей қабілеттері мен жеке бас ерекшеліктерінің дамуымен байланысты. Бұл үрдістер әдебиеттерді оқу кезінде, телебағдарламалар, кинофильмдер қарау, театрлар мен мұражайларға бару, әңгімелесу кезінде өлшеусіз және еріксіз жүреді. Жанама дайындыққа іргелі ғылыми негіздерді және пән мұғалім-ұстаз үшін базалық ғылымның жаңа жетістіктерін және де онымен шектес басқа да ғылым салаларын оқуды жатқызуға болады.
Курсты немесе курс бөлімін оқытуға тікелей дайындық бағдарламаларды, кітаптарды, оқу құралдарын, ғылыми және әдістемелік әдебиететтерді оқудан тұрады.
Тікелей дайындықтың міндетті элементі – оқытуды жоспарлау, ол білім беру үрдісін ұйымдастырудың ең маңызды кезеңі болып саналады.
Жоспарлаудың төрт түрі бар, нәтижесінде олардың әрқайсысына сәйкес жоспар болады. Олар: білім беру мекемесінің жұмыс жоспары және оқу бағдарламасы, тақырыптық (күнтізбеліктақырыптық) және сабақ жоспарлары. Соңғы екеуі мұғалімнің негізгі жоспарлары.
2.5.1. Тақырыптық жоспарлау
Тақырыптық жоспар бүтіндей оқу жылына әзірленіп, оқу курсының барлық ірі тақырыптары мен бөлімдерінің қысқаша мазмұнынан тұрады. Жалпы айтқанда, жылдық тақырыптық жоспар – бұл барлық сабақтар тақырыптарының тізімі, басты мақсаты сабақтың оңтайлы мазмұнын анықтау және оларға қажет уақытты есептеу болып табылады.
Тақырыптық жоспар мына бөлімдерден тұрады:

  1. тақырыптар атаулары мен барлық сабақтардың мақсаттары;

  2. сабақтардың формалары;

  3. оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны;

  4. тірек білім мен ептілік;

  5. алдын ала және қорыта қайталау тақырыптары;

  6. көрнекі құралдар мен оқу жабдықтарының тізімдемесі;

  7. оқу-әдістемелік құралдар;

  8. пәнаралық байланыстар;

  9. сабақ формалары (жалпылаушы және сынақ тапсырмалар бекітіледі, өздік жұмыстардың тақырыптары мен формалары белгіленеді). Әрбір тақырып бойынша негізгі ұғымдар, әрекет тәсілдері, ақпарат көзі бөлініп алынады.

Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір тақырып немесе оқу бағдарламасының бөлімі бойынша, сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстар жүйесіндегі оқу-тәрбиелік үрдістің білім беру, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін жүзеге асырудың оңтайлы жолдарын анықтауға арналған. Олар сабақты белгілі бір жүйеге салуға, жұмыстың келешегін көруге мүмкіндік береді, жабдықтарды сабаққа алдын ала даярлауға, жаңа материалды меңгеруге, қажетті білім мен ептілікті өзекті етуге бағытталған оқушыларға алдын ала тапсырмалар ойлап табуға көмектеседі. Ең бастысы, барлық тақырып арқылы жетекші ережелерді өткізу, оқушылардың бүтіндей түсінігін және әрекеттің аяқталған тәсілін қалыптастыру мүмкіндігі пайда болады. Тақырыптық жоспар – мұғалімнің күрделі ойлауының жемісі, оқытылатын тақырып мақсаттарын, сабақты, оларға жетудің жетекші құралдарын ұғыну.
Заманауи дидактика мен әдістемеде оқу үрдісін жоспарлау технология деңгейіне жетті [45 және т.б.]:

  1. Курс бойынша жұмыс бағдарламасын зерттеу немесе өздігінен әзірлеу, білім беру стандарттарына және педагогтің өзіндік ұстанымына сәйкес жүзеге асырылады. Оқу курсына бөлінген сағатты есептеу (мерекелік күндерді ескеріп). Курстың (бөлімнің) басты тақырыптық блогтарын және оқушылардың басыңқы әрекет формаларын бөліп алу. Оқу материалын логикалық аяқталған бөлімдерге бөлу.

  2. Тақырыптық және әрекеттік компоненттерін есепке алып, курстың негізгі бөлімдері бойынша жылдық сағаттың жалпы санын үйлестіру (мысалы, оқу жылының соңында курстың барлық тақырыбы бойынша практикумға немесе қайталауға уақыт бөлу). Сабақтан тыс жұмыстарға уақыт бөлу (жеке жоспар бойынша сабақтар, шығармашылық жұмыстарды қорғау, конференциялар, олимпиадалар, консультация, сынақтар, емтихандар және т.б.1).

  3. Түрлі факторларды ескеріп, тақырыптық жоспар бөлімдеріне бөлінетін оқу уақытын есептеу (мысалы, оқушылардың білім алу нәтижелерін бақылау тоқсандық бақылау жұмыстарының тақырыптарымен сәйкес келу үшін ірі бөлімдерді немесе тақырыптарды демалыс күндері басталғанға дейін аяқтаған дұрыс).

  4. Әрбір бөлім ішіндегі сабақтарды жоспарлау:

  • оқулық тақырыбы бойынша оқу материалының мазмұнымен танысу, қойылған мақсатқа сәйкес оқушылар меңгеруге тиісті негізгі ғылыми және тәрбиелік ойларды, ұғымдарды, заңдарды, ептіліктер мен дағдыларлы бөліп алу; әрбір сабақтың тақырыбын белгілеу, неғұрлым ұтымды сабақ тақырыбын таңдау;

  • бөлім бойынша сабақтың оңтайлы технологиялық

құрылымын таңдау;

  • оқытылатын сабақ формаларын, оқытудың әдістемелік тәсілін және басқа да ерекшеліктерін нақтылау (соның ішінде білімді игеру заңдылықтарына, дидактикалық қағидаларға сәйкес тақырыпты ашу логикасын дәлелдеу, әрбір сабақтың тақырыптарын белгілеу, негізгі тапсырмаларды тұжырымдау, олардың жиынтығы оқытылатын тақырыптың жалпы тапсырмалар кешенін орындауды қамтамасыз етуі тиіс).

Курстың тақырыптық және іскерлік тарауы мына мәліметтер көрсетілген тапсырмалардан тұрады:

  • тапсырманың осы тараудағы және жыл басындағы нөмірі, мысалы: 2/23 сабақ, яғни осы тақырып бойынша екінші сабақ, жыл басынан бастап жиырма үшінші сабақ;

  • сабақ тақырыбы (білім беру стандарттарында, бағдарламалар мен оқулықтарда белгіленген тақырыптар мен сұрақтарға сәйкес құрастырылады);

  • сабақ түрі (формасы) (дәріс, семинар, экскурсия, зертханалық жұмыс және т.б.);

  • сабақ мақсаты (оқушылардың жетілдіруін жоспарлауға жататын басты мақсат жазылады; сабақты жоспарлау кезінде мақсаттар бөлшектеліп нақтылануы мүмкін). Әр бөлімнің

дидактикалық және тәрбиелік мақсатын белгілеу;

  • дидактикалық құралдар (таратылатын материал, плакаттар, компьютерілк бағдарламалар және т.б.);

  • нақты сабақтағы бақылау және кері байланыс, олардың формалары;

  • үй жұмыстары (шығармашылық, оқулықтағы параграф нөмірі, тапсырмалар кітапшасындағы тапсырма нөмірі, жеке бағдарламалар бойынша және т.б.).

Мұғалім басқа әдістерді де қоса қолдана алады. Мысалы, оқыту әдістері, негізгі мәселелер, оқушылардың әрекет формалары және т.б.
5. Жылдық тақырыптық жоспардың соңғы құрастырылуы, қажет болғанда бөлімдер жүйесін және оларға алдын ала бөлінген уақытты түзету.
2.2- кесте. Тақырыптық жоспарлау (М.И. Махмутов бойынша)

Сабақтардың нөмірлері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет