Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға қойылатын талаптар: 1. Оқушылардың танымдық ойлау және қиялдау қабілеттерінің белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету шараларын анықтау:
оқушылардың оқылатын объектілері мен құбылыстарды саналы қабылдау және оларды ұғыну жолдарын жоспарлау;
сендіру, көндіру тәсілдерін қолдану;
оқушылардың материалды қабылдауын және олардың зейінін тұрақты ұстау шарттарын жоспарлау;
оқушылардың жадында алдында игерілген білімдерін, біліктіліктерін және дағдыларын өзектілендіру үшін жаңа материалды қабылдау қажет (әңгіме, жеке сұрау, қайталау бойынша жаттығулар сияқты) жұмыстың әртүрлі формаларын қолдану;
2. Жаңа білімдерді және біліктіліктерді қалыптастыру үрдісінде, ойлау және қиялдау әрекеттерін ұйымдастыру:
оқушылар білімдері мен біліктіліктерінің қалыптасу деңгейін (ұғымдарды нақты елестетіп түсіну, бейнелерді жалпылау, «жаңалық ашу», қорытындыларды тұжырымдау деңгейінде) анықтау;
оқушылардың ойлау және қиялдау әрекеттерін, жаңа бейнелерді елестету және түсіну деңгейлерін ұйымдастырғанда ұғымдарды қалыптастырудың психологиялық заңдылықтарына сүйену;
оқушылардың өздігінен ойлау қабілетін жүзеге асыратын және белсенділігін қамтамасыз ететін жұмыстың түрі мен тәсілін жоспарлау (проблемалы жағдайларды жасау, іздеу немесе танымдық жұмыстарды жүргізу, тапсырмаларды күрделендіру);
түсіну деңгейін арттыру (сипаттамалықтан бастап салыстырмалыға, түсіндірмеліктен – жалпыламалыққа, бағалауға, мәселелікке) және әңгімелесу, сөйлесу, ойқорыту, пайымдау қабілеттерін қалыптастыру;
оқушылардың шығармашылық жұмыстарының әрүрлі
формаларын қолдану (жұмыстың мақсатын, оны өңдеуді түсіндіру);
Оқушылардың жастық ерекшеліктерін ескеру:
сабақты оқушылардың жеке дербестік және жас
ерекшеліктеріне сәйкес жоспарлау;
сабақты нашар және жақсы оқитын оқушыларды ескере отырып жүргізу; сараланған әдістерді қолдану.
Жұмыстың нәтижесін бекіту:
тапсырмалар арқылы дағдыларды қалыптастыру;
алдында игерілген дағдылары мен біліктіліктерін жұмыстың жаңа жағдайында қолдануға үйрету, ойланбай ауыстырудан ескерту;
Оқушылардың ұйымшылдығы, жинақылығы:
оқушылардың оқуға деген көзқарасы, олардың өзін-өзі ұйымдастыру және ақыл-ой дамуының деңгейі;
оқушылардың оқуды қабылдау қабілетінің деңгейі бойынша топтастыру мүмкіндігі, сабақта жұмыстың жеке, топтық және жаппай формаларын анықтағанда, осы жағдайларды ескеру. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
температуралық режім;
ауаның физика-химиялық құрамы (ауаны тазарту);
кабинетті дұрыс жарықтандыру;
шаршағандықтың алдын алу;
іс-әрекет формаларының кезектесуін сақтау (тыңдаудан есептеуге, графикалық және тәжірибелік жұмыстарды орындауға
ауысу);
дене шынықтыру үзілістерін уақытында және сапалы өткізу; - оқушылардың дене қалпын дұрыс ұстауын қадағалау; - сынып жиһазының оқушының дене бітіміне сай болуы. Сабақ өткізу техникасына қойылатын талаптар: