мұғалімнің үлгілі іс-әрекетімен танысу арқылы сабақ өткізу педагогикалық технологияларының әмбебап элементтерін игеру;
белгілі бір сыныпта информатиканы (мектепте) оқыту ерекшеліктерімен, қолданыстағы курс бағдарламасымен, оқыту құралдарымен танысу;
педагогикалық іс-әрекеттерді және оның нәтижелерін талдау қабілеттерін дамыту;
информатиканы оқыту кезінде дидактикалық қағидаларды
пайдалану ептілігі;
әртүрлі пәндерді оқыту әдістемелерін салыстыра білу ептілігі және оқыту әдістемесі бойынша білімін бір пәннен екінші пәнге ауыстыру; педагогикалық амалдар мен нақты мұғалімнің әдістерін танып білу, баға беру және шығармашылық тұрғыда қабылдау.
Информатика сабағының талаптарына сәйкес алуан түрлі нұсқаларды салыстыра отырып, сабаққа талдау жасаудың мына сызбасына көшейік.
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Күні, мектеп, сынып, пән, мұғалімің Т.А.Ә., оқу бағдарламасының тақырыбы, сабақ тақырыбы, мақсаты мен түрі.
Сабақты ұйымдастыру Мұғалім мен оқушылардың сабаққа дайындығы.
Оқыту құралдарына және оқу ортасына шолу жасау. Кабинеттің жабдықталуы, оның оқушылар мен мұғалімге ыңғайлылығы. Оқыту құралдарының және кабинеттің дайындығы.
Сабақты жұмылдыра бастау.
Компьютермен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасының және санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуы.
3. Сабақтың құрылымы Сабақ кезеңдері, уақытты үйлестіру.
Кезеңдердің дәлдігі, негізгісін бөліп алу.
Сабақ құрылымының мақсаттары мен мазмұнына сәйкестігі.
Сабақ пен тақырыптың мазмұндылығы, толықтылығы.
Ұжымдық, топтық және жеке-дара жұмыстың үйлесімділігі.
Сабақтың ырғақтығы: жеңіл және күрделі материалдың, жазбаша және ауызша әрекеттің, компьютерлік және компьютерсіз ісәрекеттердің алмасуы. Сабақ барысындағы жүктеме.