III. Түсініктерді қалыптастыру...
Жаттығулар орындау
...
Оқушыларға жаттығуларды орындау шарттарын ұсы-нады. Оқушылардың жұмы-сын бақылайды.
Жаттығуларды өздігінен орындайды. Жаттығуларды орындау нәтижелерін және т.б. талқылайды.
Қорыта айтқанда, оқу үрдісін тиянақты ғылыми негізде жоспарлау сабақ берудің ұтымды шарты болып табылады.
2.6. Информатика сабағын талдау әдістемесі Мұғалімнің әдістемелік дайындығының маңызды бөлігі сабақты талдай білуі болып саналады. Дидактика және оқыту әдістемесі жөніндегі әдебиеттерде психологиялық, психологиялықпедагогикалық талдау, сабақты өздігінен талдау, ұсынымдар мен ұсыныстардың алуан түрлі нұсқалары бар [3, 13].
Педагогикалық талдаудың барлық сызбаларында мына инварианттық (өзгермеушілік) элементтері бар [13]:
сабақ мақсаттары мен міндеттерін қою дұрыстығы мен толықтығы; сабақ жүйесінде сабақтың тақырып бойынша орыны;