3.2. Қорытынды бақылау 3.2.1. Қорытынды бақылаудың негізгі нысандары Қорытынды бақылау информатика пәнінің негізгі курсына оқытудың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді және оқушылардың білімдері мен іскерліктеріне түзету енгізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде қорытынды бақылаудың әртүрлі нысандары мен әдістері жүзеге асырылады, оған ауызша емтиханды, жазбаша аттестациялау жұмыстарын, тестілеуді, жобалар немесе рефераттарды қорғау нысандары түріндегі аттестациялауды жатқызуға болады.
Жазбаша емтихан оқушылардың қорытынды аттестациялауының дәстүрлі нысаны болып табылады. Әртүрлі сыныптардың билеттері тапсырмалардың дәрежесі мен көлемі бойынша әртүрлі болып келеді. 9 - сыныптар үшін- бір ауызша сұрақ және тәжірибелік жұмыс; 11 сыныптар үшін - екі ауызша сұрақ және бір тәжірибелік жұмыс.
Жазбаша аттестациялау жұмысы көптеген таңдауы бар жабық түрдегі тестік тапсырмалардан, теориялық негіздер бойынша сұрақтардан, машықтану тапсырмалары мен есептерінен тұрады.
Тестілеуге бақылау жұмысы жатады және үш бөлімнен тұрады: балама жауаптары бар жабық түрдегі тестілеу, ашық түрдегі тестілеу тапсырмалар, олар толықтыруды және тиісті түрде қалпына келтіруді талап етеді, тестілеу стиліндегі машықтану тапсырмалары.
Жобалар мен рефераттарды қорғау түріндегі аттестациялау бойынша осы жұмыстар алдын ала дайындалып, ұсынылады.
Ауызша емтихан Ауызша сұрақтарды құрастыру келесі түрде жүзеге асырылады:
Біріншіден, негіздемені, пайымдауды, талдауды талап ететін теориялық сұрақтар қойлады. Екінші сұрақ – теориялық-тәжірибелік, оған оқушы компьютерді пайдалану арқылы жауап береді. Машықтану тапсырмасы бағдарламалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын, іс-әрекеттердің негізгі тәсілдерін (немесе тиімді) тексеруге, берілген тапсырманы орындау кезіндегі алған білімді пайдалана білуге бағытталады.
Оқушылар нақтылы мысалдар арқылы бағдарламалық құралдардың мүмкіндіктерін көрсете алады деп ойлаймыз.
Жазбаша аттестациялау жұмысы Жазбаша аттестациялау жұмысын ұйымдастыру кезінде жоқ дегенде екі тапсырмалық топтама дайындалуы керек. Терминологиялық меңгерулерін тексеру кезінде тестілеу тапсырмалары пайдаланылады. Алған білімдерінің тереңдігін бақылау үшін сауал-мәселелер қойылуы мүмкін, олар түсініктеме беруді, пайымдауды және негіздемені талап етеді. Іскерліктері мен дағдыларын тексеру үшін дәстүрлі машықтандырудың міндеттері мен тапсырмалары қойылады. Жазбаша аттестациялау жұмысын ұйымдастыру үшін логикалық-талдаулық міндеттемелерінің жиынтығы және машықтану тапсырмаларын пайдалануға болады.
Жазбаша аттестациялау жұмыстарының кемшіліктеріне оқытудың мазмұнын кең көлемде тексеруге мүмкіндіктің жоқтығын, жұмысты орындаудың жылдамдығының жалпы пәндік іскерлік пен дағдыларға тәуелділігін, жұмысты тексеруге салыстырмалы түрде алғанда өте көп уақыттың жұмсалуын жатқызуға болады. Пайдалы жағын алатын болсақ, жұмысты орындауға аз мөлшерде уақыт жұмсалады, емтихан жеңіл жағдайда өткізіледі, қойылған бағаны негіздеу мүмкіндігі болғандықтан, бағалау объективті түрде жүргізіледі.