Емтихан материалдарына қойылатын талаптар
Информатика пәні бойынша емтихан материалдары басқа пәндер бойынша материалдардан ешқандай айырмашылықтары жоқ, (сұрақтар, билеттер, машықтану тапсырмалары).
Билеттер мен сұрақтарды өңдеу кезінде негізгі минимумда көрсетілген мазмұнның көлемін алу есепке алынуы керек, ал, оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар осы минимумдағыдан төмен болмауы керек.
Емтихандық материалдарды құрастыру келесі қағидалар бойынша жүзеге асырылады: сұрақтар информатика курсының барлық негіздері бойынша құрастырылады;
Берілген сұрақтардан әрқайсысында үш сұрақтан құрастырылады:
Бірінші сұрақ – теориялық - машықтану (теориялар, тұжырымдар, қағидалар, қасиеттері, сыныптылығы), информатиканың теориялық негіздері, компьютер жұмысының қағидалары, ақпараттық үрдістердің мағыналары, ақпараттық технологиялар (АТ) бойынша және т.б. білімін тексеруге арналған;
Екінші сұрақ – теориялық - машықтану (ақпараттық және қарым-қатынастық технологиялар және алгоритмдеу), компьютердің мүмкіндіктерін және ақпараттық технологияларды түсінуді, бағдарлама құралдарында суреттемені мысалға келтіре отырып, ауызша жауап беруін тексеруге арналған;
Үшінші – машықтану тапсырмасы, оны оқушы компьютер арқылы жұмыс істеу әдістерін көрсете білуі керек, алгоритмдер мен бағдарламаларда ұсынылған ақпараттық үрдістердің мағынасын қалай түсінетіндігін, яғни информатиканың құралдары мен тәсілдерін, тиімді әдістерін пайдалана отырып, ақпараттық есепті шешуі керек.
3.2.3 Жобалар мен рефераттарды ұйымдастыруға арналған нұсқаулар
Жалпы ережелер. Жобалар мен рефераттарды қорғау нысанында қорытынды аттестациялау ауызша емтихан түрлерінің бірі болып табылады. Шығармашылық жұмыс пәндік шеңберден шығып, білім беру мекемесінің ерекшелігін немесе сыныптың профилін көрсетуі мүмкін. Жобаны орындауды ұйымдастыру, сараптамалық рәсім және жобаны қорғау педагогикалық кеңеспен бекітіліп, алдын ала анықталуы керек.
Жоба мен рефератты дайындау өте күрделі жұмыс болып табылады. Осыған байланысты, пән бойынша жоғары деңгейлі дайындығы бар оқушыларға ұсынуға болады.
Реферат ретіндегі шығармашылық жұмыстың мақсаттарының бірі, әртүрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып, мәселелерді кешенді түрде зерттеу болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АҚТ) құралдарының көмегімен нұсқалар бірінің мәселелері немесе есептерінің шешімін шешуді, алгоритм немесе бағдарлама түріндегі модель жасауды жүзеге асыру жобаның мақсаты болып табылады. Жоба Web-сайты, электронды газет, оқытатын бағдарлама түрінде ұсынылуы мүмкін.
Реферат теориялық материалдың қорытынды жинағы болып табылады. Жобаны рефератпен салыстыратын болсақ, ол көбінесе машықтану бағдарымен жазылып, теориялық бөлімі де кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |