Ыту теориясы мен технологиясы


Бірінші және екінші кішкенталар тобында конструкциялауды үйрету



бет35/72
Дата08.02.2022
өлшемі232,96 Kb.
#124783
түріСеминар
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72
Байланысты:
SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021

3. Бірінші және екінші кішкенталар тобында конструкциялауды үйрету
Бағдарламаларды өту. Бірінші кішкентайлар тобындағы балалар 8—10 аралығында қарапайым құрылыстарды салуды үйренеді: мебель (стол, орындық, диван, кереует), мұнара, саты, төмпешік, көпір, үйшік, трам¬вай. Бірінші сабақта сәбилер алдыңғы топта жасаған құрылыстарды қайталайды, сонан кейін балалар мебель жасауға кіріседі. Әуелі әрбір зат жеке әр түрлі вариантта жасалады, сонан соң балаларға бірден 2—3 құрылыстар (стол мен орындық, стол мен диван және т. б.) жасау ұсынылады. Осы құрылыстардың ойынына арнап балдырғандарға қуыршақтар, ыдыс-аяқтар, кесінді-қиқымдар беріледі (қуыршақтар дем алып жатыр, тамақ ішіп жатыр және т. б.).
Келесі сабақтарда балалар құсқа арнап бір-бірінің үстіне койылған 3—4 кубиктен мұнаралы үй тұрғызады және оларды үстінен үш қырлы призмамен жабады. Сонан кейін 6 кубиктен немесе кірпіштен детальдарды үстінгі жағынан қоюға жаттыға отырып саты жасайды. Сонан соң таныс тәсілдермен төмпешік тұрғызады.
Балалар осы құрылыстарды меңгергенде тәрбиешінің сөзі бойынша суреттеуді үйренеді: ойнайды, екі кубиктен пластиналардан және екі кішкентай үш қырлы призмалардан көпір тұрғызуды үйренеді.
Трамвай, гараж құрылысын салған кезде төбесін жабу мен кеңістікті тұйықтай білу іскерлігін орнықтыру керек.
Балабақшаның учаскесінде және топ бөлмесінде тәрбиеші балалардың сабақта тұрғызған құрылыстарының көшірмесін қайта салуды және онымен ойнауды ұсынады.
Екінші кішкентайлар тобының алғашқы үш-төрт сабағында (егер балалар бірінші кішкентайлар тобынан келсе) жазыктыққа кірпіштерді қатарлап орналастыру арқылы жол жасатқыза отырып іскерлігін бекітеді. Балалар үйшікке карай жіңішке қысқа жол, машиналарға кең жол салады. Одан әрі трамвай жолын жасау ұсынылады: әрбір баланың қысқа жасаған жолдарын бір ұзын жолға біріктіреді. Осы сабақтың негізгі мақсаты - балаларды кірпіштерді ұқыпты біріктіріп, оларды бір жол бойына қатарлап қойып және кеңістік белгілерін айыра білуге үйрету: қыска — ұзын, тар — кең.
Келесі екі-үш сабақ балаларды кірпішті тігінен кою іскерлігіне үйретуге арналу керек: бір-біріне жақын, бір-бірінен бірдей қашықтықта. Мұнымен кірпіштерді жіңішке ұзын жазықтыққа және жіңішке қысқа жазықтыққа орналастыруға болады. Балаларды осындай мақсатпен хайуанаттарға арнап қаша-қор-шау (тәрбиеші алдымен қаша-қоршауды соғуға, ал содан кейін оған кішкентай үйрек пен күшікті қоятынына өте көңіл бөледі), үйдің алдына шарбақ және т. б. соғуға үйретеді.
Келесі сабақтарда балалар қакпаның әр түрлі варианттарын меңгереді (кірпіштен, кубиктен, пластинадан), детальдарды тігінен орналастыруды, құрылысты белгілі бір жүйелілікпен орындауды үйренеді. Балалардың тар және кең, аласа және биік деген түсініктерін анықтау мақсатымен тәрбиеші қақпа тұрғызуды ұсынады: жүк машинасына - кең, ал жеңіл машинаға — тар, сонан кейін биік қақпа үлкен матрешка үшін, ал кішкентайлары үшін аласа қақпа.
Әр қилы құрылыстарды өзгерту әдістерін меңгеруі бойынша (қақпа) бір детальды екіншісімен ауыстыру жолымен балалар¬ды құрылысты өзгертудің басқа әдістерімен таныстырады — оның биіктігі мен ұзындығына көп көңіл бөлінеді. Осындай мақсатты көздеп бірнеше сабақ өткізіледі, оның әркайсысында балаларға қатаң жүйелі түрде үйшіктің жаңа конструкциясы беріледі. Тәрбиеші жаңа конструкцияны ұсына отырып балалармен бірге қайта-қайта алдыңғымен салыстырып отырады және олардың арасындағы айырмашылығы мен -ұқсастығын табады.
Балалар тәрбиешінің үлгісі бойынша берілген конструкцияны қалай елестетуді үйренгеннен кейін, олардың алдында осы үлгіні өз бетімен қайта жасау міндеті қойылуы керек, мәселен, осындай үйшікті тек биік немесе ұзын және т.б. етіп жасау керек. Алдын ала балаларға үйшіктің алғашқы конструкциясын пайдалана отырып құрылысты биіктікке ұлғайту немесе ұзарту принципін түсіндіреді.
Міндеттердің осындай түрде қойылуы (үлгінің қайта жасалуы) балалардың ақыл-ойының артуына әкеліп соғады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет