5. Бейнелеу іс әрекеті жөніндегі бағдарламаны балалардың игеруі. Тәрбиешіге бейнелеу іс әрекеті жөніндегі жұмыстың қаншалықты тиімді жүріп жатқанын, «Балабақшадағы тәрбие бағдарламасы» белгілеген білімдерді, дағдыларды және іскерліктерді балалар қалай игеретінін білу өте маңызды. Осы мақсатпен кімнің тапсырманы жақсы орындағанын кейбір балаларда қандай қиындықтар кездескенін, оларға қандай көмек керек болғанын, қиыншылықтарды жеңудің сәті түскен, түспеген балалардың қайсысы тапсырманы орындап шыға алмағанын жаза отырып, әрбір сабақты талдау қажет. Мұндай талдау жүргізу үшін сабақтар үстінде балалардың жұмыстарын мұқият бақылау, ал соңынан алынған бейнелерді қарап шығу керек. Әр бір сабақтан кейін жазып отыру, тоқсан бойынша, ал кейін жыл ішіндегі нәтижелерді талдауға көмектеседі.
Тоқсанның аяқталуына орай бағдарламаны, күнделік жазуларды және балалардың жұмысын салыстыру керек.
Балалардың білімдерді дағдылармен іскерліктерді игерулерінің критерийі бағдарламаның әр түрлі бағыттағы талаптарын, олардың орындауы болып табылады. Біріншіден, заттарды бейнелеуді- олардың формасын суретте, мүсінде, аппликацияда беруді меңгеру. Мысалы, екінші кіші топтың тәрбиеленушілері үшінші тоқсанда тік бұрышты формалы заттарды салуды үйрендіме, бұрыштарды айқын бере ме: бұл әзірге кімнің қолынан келмейді немесе барлық уақытта қолынан келе бермейді.
Одан әрі балалар заттардың және олардың бөліктерінің көлемін беруді, заттың құрылысын беруді (бір-біріне қатынастары жөнінен бөліктері дұрыс орналасқан ба) қалай меңгерді? Мысалы ересектер тобының балалары жүк машинасының, автобустың немесе тралейбустың суретін салу, аппликациясын жасау кезінде балалар қараған заттың конструкциясына байланысты бөліктерді қалай орналастырады, барлық бөліктердің көлемі қандай?
Балалардың техникалық дағдылар мен іскерлікті меңгеру деңгейіне де баға беріледі. Мысалы естиярлар тобының балалары бірінші тоқсанда қағазды тіке кесу дағдысын қалай игерді, олар қылқаламды ары бері жүргізбей контур сызығының шетіне шықпай қылқаламның жоғарыдан төмен немесе солдан оңға қарай тұтас қимылының бейнелерді бояй ала ма? Сөйтіп іс – әрекетің әрбір түрі бойынша, бейнелеу міндеттерінің әрбір типі бойынша баға беріліп отырады.
Бағдарламада көрсетілген білімдерді, дағдылар мен іскерліктерді топтың барлық балалары игеруі тиіс, бірақ игшеру барысы және оның деңгейі әр түрлі: бір балалар оңай және тез, екншілері баяу және оңай, қиындықпен меңгереді. Жеке айырмашылықтар қарқынға ғана емес, мынаған да әсер етеді: кейбір балалар бір іскерліктерді, ал кейбіреулері – екіншілерін жақсы меңгереді; біреулері заттың формасын анығырақ береді, екіншілері түрді неғұрлым сезгіш, сондықтан неғұрлым бай және әдемі түр үйлесімін құрайды; кейбірі мүсінді жақсы жасайды, екіншілері суретті жақсы салады, үшіншілері қайшыны пайдалануда үлкен ептілік көрсетеді. Әрбір бала бағдарламаның барлық бөлімдерін меңгеруі, Жан-жақты білім мен іскерлікті алуына тырыса отырып, баланың дамуындағы күшті жақтарын ашып көрсету, оларды басып тастамай, дамуына мүмкіндік беру керек. Қандай да бір дағдыларды игерудегі қиыншылықтар кейбір балаларда қол қимылы дамуының кешігуімен, қимыл-қозғалыс тәжірибесінің өте аздығынан, барлық балаларға берілетін жаттығулардың жетімсіздігінен тууы мүмкін.
Көп жағдайда дағдыларды игеруге іс-әрекет жасау үшін жинақтанып, күш-жігер топтастыра білмеу, нәтижеге жетуде табандылық көрсете білмеу кедергі келтіреді. Негізгі себеп не екенін анықтау керек. Бұған баланы, оның ойындар мен еңбекте көрсеткен қылықтарын зерттеу, басқа балалрмен өзара қатынастарда көмектеседі. Осыдан кейінғана балаға ықпалды жеке көмек көрсетуге болады. Мәселен, егер қимылы нашар дамыған болса, оларды сабақтарда, ойындарда, еңбекте дамыту, ойын формасында қосымша жаттығулар ұйымдастыру керек (құмға және грифельмен жазатын тақтаға сурет салу, серуенде табиғи материалдан ұсақ-түйек жасау, ойын үшін атрибуттарды қиып алу және желімдеу, ойын үшін саз балышқтан заттарды жасау және т.с.).
Бірқатар жағдайларда күрделі қимыл әрекетті, мысалы, қайшымен жұмыс жасауды неғұрлым қарапайым қимыл әрекетке бөлу және әрбірін жеке-жеке жасап жаттығу; алдымен қайшының дөңгелегінде саусақты дұрыс тығуды, түтқаларды қысып, жазуды үйрету, бір тілім қағазды екі бүктеуге, бұрыштарын түзу біріктіруге, оған қайшының ұштарын сұғуды үйрету тиімді болып шығады.
Балаларға деген ілтипатты, ықыласыт және сабырлы қарым-қатынас оған қиындықтарды тез жеңіп шығуға көмектеседі. Керісінше, мұғалімнің шыдамсыздығы, оның ашулы үні баланың күйгелектігін, сәбидің өзіне деген сенімсіздігін тудырады, дағдылармен ептіліктерді меңгеруге кедергі келтіреді.
Айырмашылық тек қанабалалардың бейнелеу және техникалық дағдылар мен іскерліктерді меңгеруінде ғана емес, заттар мен құбылыстардың түсін, олардың формасын, конструкциясын және т.т. беруде және меңгеруде де кездеседі. Көптеген балалар түстерге ерекше сезімтал болады. Ашық түрді қабылдау оларды толқу, қанағаттану сезімін тудырады. Мұндай балаларда бір түстерді басқаларынан артық көру ерте пайда болады: олар бір түсті қарындашпен сурет салуды ұнатады және басқаларын әлдеқайда аз қолданады. Немесе бояулармен үлкен ынтамен, қарындаштармен зауықсыз сурет салады. Бұл балаларда түстерді түсіну тез дамиды.
Сонымен қатар формаға, құрылысқа, конструкцияға ықыласы ерте дамыған балалар кездеседі. Жеке жұмысты, балалардың әрқайсысымен жеке қарым-қатынасты жасауды, бұл жұмыс кездейсоқ сипатта емес, жоспарлы сипатта болу үшін, жоспарлау керек.