Ыту теориясы мен технологиясы


Сабақтардың заттық және сюжеттік мазмұнын іріктеу



бет42/72
Дата08.02.2022
өлшемі232,96 Kb.
#124783
түріСеминар
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   72
Байланысты:
SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021
kursovaya, 62a8c7c107d6fd0bbeb2ec3a67ffb7d1ff4b5816, 62a8c7c107d6fd0bbeb2ec3a67ffb7d1ff4b5816, SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021, SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021
4.Сабақтардың заттық және сюжеттік мазмұнын іріктеу.
Балалар білімді, ісекрлік пен дағдыларды қандайда бір заттық сюжеттік немесе декарациялық мазмұнды білдіре отырып меңгереді. Бұл мазмұнды таңдау кездейсоқ болу мүмкін емес. Балалар бар ықыласымен, сүйсіне сурет салулары, мүсін жасаулары, қиып алулары үшін ұсынылған мазмұн оларға түсінікті, жақын және қызықты болуы тиіс. Сонымен қатар дидактикалық қалыптарды негізге ала отырып, мазмұнды таңдау принціпін анықтап, қандай мазмұнда балаларды жақсырақ үйретуге, оларға қандайда бір іскерлікпен білім беруге болатынын шешу қажет.
Жоспарлау кезінде сабақтың бағдарламалық міндеттерін, мазмұнын анық белгілеу және оларға тақырыптық мазмұнды іріктеу керек.
Әрбір тоқсанда тәрбиелеу мен білім берудің осындай программалық міндеттері бөлінеді. Оларды шешу үшін тақырыптық мазмұн табуға болады.
Балалар көп нәрсені кітаптардан, радиодан. Айналадағылармен танысу процесінде біледі. Қала мен ауылдың тыныс тіршілігі құрылыс, ауыл шаруашылығы, мектеп, табиғат құбылыстары туралы т.б. осының бәрі балалар суреттерінің мүсіндерінің, аппликациясының және конструкциялық шығарғандарының мазмұны болады. Екінші жағынан әрбір тоқсанға, әр бір айға бұрын берілген техникалық дағдыларды бекіту және жаңа дағдыларды игеру жөнінде бағдарламалық талаптар ұсынылады. Іріктелген материалдарды қарай отырып, қандай заттарды бейнелеу балаларға қайсы бір форманы мүсіндеу, ойып алу, суретін салу, заттың неғұрлым жеңіл немесе күрделі құбылысын мүсіндеу, сипатты белгісімен детальдарды беру әдістерін меңгеруге мүмкіндік беретінін шешу керек.
Сабақтас мазмұнды – табиғат картиналарын, қоршаған өмір оқиғаларын, әдеби шығармалардың мазмұнын- көрсету кеңістік қатынастарын, көлем жөніндегі қатынастарды және тағы басмқа беруді талап ететінін ескеру қажет. Әр түрлі жас топтарында бір оқиға бағдарламаның талаптарына сәйкес балалар меңгерген әртүрлі құралдармен берілуі мүмкін. Қайсы бір тақырыптардың әртүрлі жас топтарында қайталануынан қорықпау керек. Балалар өздерінің суреттерінде мүсіндерінде өздеріне ұнағандпарды, өздерін толқытқан нәрселерді ерекше бейнелейді. Мысалы, өзінің сүйікті ойыншығын сала алады, мүсіндейді, немесе қиып алады және желімдейді. Мереке картинасын береді.
Егер балалар белгілі бір жүйеде заттардың түрін формасын құрылысын беруді үйренсе, олар бұл білгендерін әр түрлі заттарды бейнелеу кезінде пайдаланып, оларды әртүрлі жағдайларда түрлі мазмұнды бейнелеп көрсету үшін қолданады.
Бағдарламаны әр түрлі заттарды бейнелеуде өтуге болады. Тек бұл жағдайда балалардың алдына қойылған міндетті шешу талап етіледі. Мысалы балаларды екі түрлі бөліктен тұратын қарапайым формалы заттың құрылысын беруге үйрету үшін, осы талапқа жауап беретін заттарды іздеп табу керек. (сылдырмақ, кішкентай небаляшка, жалауша және басқалар)
Мысалы, шаршының жан-жағында және ортасында орналасқан өрнекті құруды үйрету үшін балаларға тік бұрышты формалы кез-келген затты суретттеуге беруге болады. ¤рнекті қалай орналастыру керек екенін меңгерген соң, балалар оның әртүрлі элементін өздері ойлап табады. Іскерліктерді балалар бірден емес, бірнеше реет қолданған кейін, кейде айтарлықтай ұзақ мерзім ішінде игереді. Әр түрлі мазмұндағы сабақтарды қолдану немесе оларды қызықты түрлендіру керек, сонда әрнбір жаңа тапсырма бұрынғының қарапайым қайталануы болып табылмайды. Балалар суреттерінің, мүсіндері мен аппликациясы мазмұны неғұрлым сан алуан болуы тиіс. Балалар жинақталған іскерліктерге неғұрлым көп өлшерде ие болса, түрлі мазмұнды бейнелеу үшін оларды кеңірек пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет