Ыту теориясы мен технологиясы


Баланың шығармашылық қабілетінің дамуы



бет45/72
Дата08.02.2022
өлшемі232,96 Kb.
#124783
түріСеминар
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72
Байланысты:
SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021

2 Баланың шығармашылық қабілетінің дамуы
Мектеп жасына дейінгі бала психикасының қалыптасуы мен дамуы оның есейген шағымен салыстырғанда шапшаң жүреді. Балалық шақтың осы таңғажайып мүмкіншіліктері мидың, белгілі бір жүйке құрылымдарының толысып, пісіп - жетілуіне және олардың функционалдық қасиеттеріне байланысты. Бұдан шығатыны мектепке дейінгі кезеңдегі баланың жас ерекшеліктеріне байланысты қасиеттер оның шығармашылық қабілеті дамуының негізін қалайтын жағдайларды тудырады.
Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дамыту, олардың практикалық дағдыларды именденуі сәбилік кезеңнен басталады. Баланың ақыл-ой ерекшеліктері жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл-ой қабілетін дамыту, оның нақты дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты балалардың толыққанды ақыл-ой тәрбиесін сенсорлық процестерді қалыптастырудан бастау қажет.
Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дамыту, олардың практикалық дағдыларды именденуі сәбилік кезеңнен басталады. Тәрбиешінің бұл бағыттағы жұмысының ғылыми негізде құрылуының және талапты бірте - бірте, жүйелі күрделендіру, әр түрлі жастағы балалардың білімі мен іскерлігін саралап қарау принцирін сақтап, өнердің әр түрінің қазіргі кездегі даму деңгейін ескеретін белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізілуінің маңызы зор. Баланың ақыл-ой ерекшеліктері жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл-ой қабілетін дамыту, оның нақты дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты балалардың толыққанды ақыл-ой тәрбиесін сенсорлық процестерді қалыптастырудан бастау қажет.
Баланың шығармашылық қабілетін үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең – материалды тез қабылдап, жылдам меңгеретін бала.
Екінші кезең – арнаулы тапсырманы мұқият орындайтын бала.
Үшінші кезең – берілген көркемдік білімді баяу қабылдайтын бала.
Осы орайда баланың ынта-жігерін арттыру арқылы шығармашылық деңгейін дамытуға болады. Баланың қабілеттілігін дұрыс түсіну үшін баланың жас ерекшелігін психологиясын білу және ескеру қажет. Шығармашылықты тежейтін бірнеше кедергі бар: біреулер «жасай алмаймын, қолымнан келмейді» деп өздерін үрейге, қорқынышқа билетсе, екінші бала өз жұмысына өзі қанағаттанбайды; ал үшінші біреу – жасқаншақтық немесе ұяңдықтың кесірінен өз талантын танытуға енжар болады; төртіншісі – жалқаулыққа жеңдіреді. Психологиялық дайындық, яғни педагогтың психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін балаға педагогтың берер психологиялық әсері мынадай болмақ керек деп ойлаймын:
«Сенің қолыңнан бәрі келеді», «сен қабілеттісің», деген сөздермен баланың ерік-жігерін билеп, сенім білдіру;
Бүлдіршіндердің кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу.
Шығармашылық сәтте балаға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;
Балалар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;
Баланың қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беру, олардың еркіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді педагог білуі тиіс.
Қазіргі таңда шығармашылық тапсырмалар мектепалды даярлық топтарында әр сабақта ұйымдастырылады. Ал қазір дәстүрлі оқу іс-әрекеті мен шығармашылық оқу іс-әрекетінің айырмашылығын көрсете кетейін.
Мектеп жасына дейінгі өнімді шығармашылық қызметін ұйымдастыруда, бейнелеу өнерінің сабақтары барлық жас топтарында өткізіледі. Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық оқу іс-әрекетінен тыс та, ойынға бөлінген уақыт мезгілінде шұғылданады. Тәрбиеші бұл ынтаны, алынған бейнелеу дағдыларын қолдануға баланың шығармашылығын қолдап отырады. Іс-әрекетің түрлеріне үңілсек сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру – балалардың шығармашылық белсендігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік беретін сабақтардың бірі. Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу кезеңінде заттарды салыстыра алмауы мүмкін, дегенмен нәрсеге қарап сурет салуда дәл ұқсастықпен бейнелеуге мүмкіндік бар. Сондықтан бала бақша балаларына бейнелеу өнерінен білім беруде көрнекілік құралдарды жүйелі пайдаланғаны жөн.
Сурет салуда балалардың екі типін кездестіруге болады: байқағыштар және арманшылдар. Байқағыштардың шығармашылығындағы бейнелер мен сюжеттер өмірден алынған болса, ал арманшылдардың суреттерінде қиялдан алынған кейіпкерлер көбірек кездеседі. Біреулер әр түрлі көліктерді, үйлерді, өмірдегі оқиғаларды, енді біреулері тауды, космостық бейнелер, ойдан шығарылған жануарлар бейнелерін салады. Бейнелеу өнерінде баланың шығармашылық қабілеті тек қана тәрбиешінің тікелей басшылығымен дами алады. Баланың жағымды эмоциялық жағдайы бейнелеу өнері оқу іс - әрекетінде міндетті түрде қажет. Баланың шығармашылық белсенділігін арттыруда ата-аналар мен тәрбиешінің қолдау жағдайы дұрыс болуы қажет. Бейнелеген затпен қоршаған ортаға баланың қызығушылығының артуы шығармашылық қабілетін дамуына септігін тигізеді. Бала өз жұмысын айналасындағыларға көрсетуге ұмтылады. Осыны тәрбиеші естен шығармай, дұрыс бағалауы және дұрыс бағыттауы қажет. Баланың байқау қабілеті, шыдамдылығы басым болса, оның жұмысыда соншалықты қызықты болады. Бала сурет сала отырып заттар мен құбылыстарды жай ғана бейнелемейді, суретінде өз сезімдерін білдіреді.
Баланың тілін дамытуда оның шығармашылдығы қалыптасқан белгілі тақырып бойынша әңгіме құрау, сурет бойынша әңгіме құрастыру әдістерімен қатар балалардың қиялы мен арманшылдығын дамытатын «Мен ұшқыш болсам», «Мен президент болсам», «Мен әке болсам» тақырыптарда әңгіме құрастыру тапсырмалары жиі қолданылса бала қоршаған ортада өз орнын таба білуді үйренеді. Баланың сөйлеуде тапқырлығы мен анық мәнерлеп сөйлеу қабілетін жетілдіруде жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мател айтуды басынан бастап аяғына дейін балаларға айтқызу ең кеңінен таралған әдістердің бірі. Балалардың әңгіме құрауда шығармашылдығын дамыту бағытында қуыршақ театры, саусақ және үстел үстіндегі театр құралдарының әсерін ерекше атап өту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет