9-билет
Әмір Темірдің Алтын Ордаға жасаған жорықтары.
Жауабы
1384-1391 ж Алтын Орда мен Моғолстанға бірнеше рет жорықтар жасады.
1390 ж жорықтардан кейін моғолстан Әмір Темірге толық тәуелділікке түсті.
1380 ж Тоқтамыс Алтын Орданың жерлерін Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Сөйтіп Тоқтамыс Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартты. 1391 ж 21 қаңтарда Әмір Темір 200 мың оған қарсы шықты. 1391 ж 18 маусымда Құндызшада Тоқтамысты жеңді. 1395 ж Терек өзенінің жағасында Тоқтамыс күйрей жеңілді.
2.1916 ж. көтеріліс жылдарындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі.
Жауабы
Жетісу көтеріліс басшыларының бірі – Тоқаш Бокин үгіт жұмысына басшылық етті:
Ол 1916 ж тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алыны, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды.
Жетісу көтерілісінің жетекшісінің бірі Бекболат Әшекеев бейбіт халықты ойрандалудан, көтерілісшілерді жазалаудан құтқару мақсатымен өкімет орындарына өз еркімен берілді. 1916 ж 9 қыркүйекте Бекболатты Боралдай асуында дарға асты.
Торғай көтерілісінің басшысы – сардарбегі Амангелді Иманов
Ұйымдаспаған көтерілісшілерден жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды.
Қару өндіруді ұйымдастырды.
Көтерілісшілерді әскер өнеріне үйретті.
Көтерілісшілерді азық-түлікпен , аттармен қамтамас ететін тыл қызметін ұйымдастырды.
Мергендер жасақтарын құрды
Әскери сап құрып, калонамен жүргізді
Амангелді Торғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінің, ішінара Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілерінің басын біріктірді.
Амангелдінің серігі, атақты мерген – Кейкі батыр.
Торғай даласында бірге басшылық етіп, Амангелдінің дүниетанымдылығын қалыптастыруға зор ықпал еткен досы Әліби Жангельдин. Ол көтерілісшілердің «руани көсемі» атанды.
Достарыңызбен бөлісу: |