Iv – нұсқа1 – билет


Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз



бет20/64
Дата02.05.2023
өлшемі2,34 Mb.
#175824
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64
Байланысты:
²V Í?ñ?à 30 áèëåò

3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
Жауабы: Қазақстандағы лагерьлер жүйесі
1930 ж. мамыр айында КСРО ХКК “Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру (ҚазЕТЛАГ) туралы” қаулы қабылдады. 1931 ж. 19 желтоқсанда шешім шығарылып, “Ги­гант” совхозы ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылды, қысқаша “Қарлаг ОГПУ” аталған бұл мекеменің “Долинское” селосында басқармасы орна­ласып, ГУЛАГ-қа тікелей бағындырылды. Қарлагтың солтүстіктен оңтүстікке дейінгі аумағы — 300 км, шығыстан батысқа — 200 км.
Қарлагқа қоныстанушылар 1930 жылдары бұрынғы партия өкілдері, кулактар мен байлар, сондай-ақ, айыпты боп табылған жұмысшылар мен шаруалар болды. Қарлаг өмір сүрген уақытта онда 1 млн. тұтқын тіркелген: тұтқындар құрамы үнемі өзгеріп отырды: жаңадан лек-легімен адамдар әкелініп, этаппен өзге лагерьлерге жөнелтіліп жатты. ГУЛАГ жобасы бойынша Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде мұнда 75 мыңдай адамға дейін ұсталды. Тұтқындар санын арттыру Қарлагқа жүктелген халықшаруашылық міндеттерімен — Қарағанды көмір алабын игеру, Жезқазған және Балқаш металлургия комбинаттарының құрылысымен тығыз байланысты болды. Алайда тұтқындардың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылды. Лагерь тұрғындарының ауыл шаруа­шылығында 98,5%-ы, ал өнеркәсіпте — 41,5%-ы істеді. Қарлаг әкімшілік жағынан 1931 ж. 14 бөлімше, 64 участокке бөлінсе, 1941 ж. — 22 бөлімше, 159 участок болды, ал 1953 ж. — 26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері белгіленді.
Қарлаг жүйесінде мал шаруашылығы фермаларымен қатар, жеміс-көкөніс өсіру, жер жырту, кірпіш зауыттары, әк өндіру карьерлері, тас көмір шахталары болды. Тұтқындар Балқаш мыс қорыту зауытының құрылысында, МАЭС-те, темір жол желілерінде еңбек етті.
30-жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде Отанға опасыздық жасағандардың отбасы мүшелерін қоғамнан аластауға арналған лагерь (ЧСИР) құрылды. Қазақстанда Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің лагері (АЛЖИР) жұмыс істеп тұрды.
1938 ж. 6 қаңтарда “Р—17” еңбекпен түзету лагеріне (Ақмола облысы) 1-ден — 3 жасқа дейінгі балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түсті. Әйелдерді елдің түкпір-түкпірінен жинаған. Бұлар қуғын-сүргінге ұшырағандар отбасыларының өкілдері еді.
Алжир (Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері) тұрғындарының арасында С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ж.Шанин, Х.Баяубаев, Т.Рысқұлов, Т.Жүргенов, С.Мең­дешев, М.Тәтімов, Ж.Садуақасов, С.Есқараев, С.Асфендияров, Н.Нұрмақов, К.Сар­молдаев, т.б. көптеген белгілі адамдардың әйелдері болды.
Алжир ерекше жағдайдағы лагерь болды: күшейтілген күзет, қатаң тәртіп пен субординация, жоғары тұрған ұйымдардың бұйрығын қалтқысыз орындау, т.б. 4 жастан асқан балалар анасынан ажыратылып, балалар үйіне жіберілді.
Соғыстан кейінгі кезеңде тұтқындардың жаңа категориясы пайда болды: бұрынғы әскери тұтқындар, басқыншыларға көмектескендер, жер аударылған халықтар, тұтқын немістер мен қылмыскерлер үшін КСРО УІМ мен МҚК-інің ерекше лагерьлері құрылды. Мұндай лагерьлер қатарына Қазақстандағы Далалық лагерь жатады. Далалық лагерь тұтқындары “Қазмысқұрылыс” тресі мен Жезқазған руда басқармасында жұмыс істеді.
1940 ж. Кеңгір өзенінің жағасында, бұрынғы пионер лагерінің орнында КСРО НКВД-сінің ірі лагері ұйымдастырылып, Жезқазған қаласының құрылысына бағытталды. 1948 ж. Жезқазғанда, Байқоңырда, Қарсақбайда, Жезді марганец кенішінде, Қорғасын, Кеңгір бө­лімшелері Далалық лагерьдің орталығына айналды. Лагерь тұтқындары ірі халық­ша­руа­шылық объектілері құрылысында ауыр дене еңбегін атқарды, жұмыс күнінің ұзақтығы 10 сағатқа созылды, емдеу-сауықтыру шаралары мүлдем болмады.
Әсіресе Кеңгірдегі 3-бөлімше айрықша белгілі болды. Мұнда 1954 ж. мамыр айында тұтқындар көтеріліс жасады, басқа ерекше лагерьдегілер сияқты, Далалық лагерь де Ста­лин­нің өлімінен кейін өзгеріс болады деп күткен еді. Алайда, рақымшылық жайлы жарлық ерек­ше лагерьлер жүйесіне қатыссыз болды. 1954 ж. 25 мамырда 3-бөлімше адамдары — 4 мың жұ­мыскер жұмысқа шығудан бас тартты. Бүлік бір айға созылды, тұтқындар қарсылығы 1954 ж. 26 маусымда лагерь зонасына әскер және танк енгізу арқылы әзер басылды.
Өзге лагерьлерге қарағанда бұл лагерьлер өнеркәсіптік профильде болды. Ел еңбекпен түзеу лагерьлеріндегілер еңбегін тоталитарлық экономика үшін пайдаланды. Халықшаруа­шылық жоспарын жасағанда ГУЛАГ экономикасы жеке есептелетін. Лагерьлер толық шаруашылық есеп жағдайында болды, тұтқындар өз еңбегімен тапқан табыстарына асырап-сақталды.
Тұтқындар қатары жаппай қуғын-сүргін кезеңінде айтарлықтай өсті. Әсіресе 1937—38 жылдары шырқау шегіне жетті. Қуғын-сүргінді үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:
І — 1928—1931 жж.: қуғын-сүргінге негізінен ұлттық интеллигенция өкілдері, бұрынғы “Алаш” партиясының мүшелері, зорлықпен жүргізілген ұжымдастыруға қарсы болғандар ұшырады.
ІІ — 1937—1938 жж.: “Алаш” партиясының бұрынғы мүшелері болған ұлттық ин­телли­ген­ация өкілдері, БК(б)П бағытынан ауытқыған кеңестік партия қызметкерлері қамалды және атылды.
ІІІ — 1948—1950 жж.: партияның идеологиялық бағытымен көзқарастары үйлеспеген ғылыми және көркемөнер интеллигенциясының өкілдері қуғындалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет