Модульдік технологияның гипотезасы



бет1/3
Дата23.08.2017
өлшемі0,49 Mb.
#25154
  1   2   3
Түсінік хат

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлау білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық. Отанын сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті.

Заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуы керек. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуда, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор екенін тілге тиек еткендей. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде құрылған дамытушы, тұлғалық бағдарлы, мақсатты технология болып табылады.

Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған технологиялардың бірі- Модульдік оқыту технологиясы екені анық. Сабақтың сапалы, тиімді өтуі күнтізбелік жоспарды құруға байланысты. Күнтізбелік жоспарды жасау мен оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне Модульдік оқыту технологиясы өте тиімді. Бұл технологияны қолдану білімді демократияландыруға, ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді



Модульдік технологияның гипотезасы:

Егер оқу-тәжірибе процесі модульдік технология арқылы өткізілсе, онда оқу динамикасы жағымды мінез алады.

Егер оқушы + оқушымен + топпен + ұжыммен + мұғаліммен» қатынаста болса, егер сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігі мен күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып отырса, егер әр оқушы әр сабақта тыңдап, жазып, көріп және оқу материалын сатылай меңгерсе, онда модульдік технология жалпы білім сапасын, сабақтың тиімділігін жоғарлатуға, жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. [4]

Нәтижесінде:


  • Тарих пәнінен білім сапасы жоғарылайды;

  • Оқушыны психологиялық кедергіден, ренішті жағдайдан құтқарады;

  • Шығармашылық және танымдық қабілеттері дамиды.

Практикалық тиімділігі:

Технология бойынша құрылған әдістемелік нұсқаларды басқа мұғалімдер қолдана алады.



Модульдік технологияның мүмкіндігі:

Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы.



Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:

  1. Тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейде игеруді білдіреді. Олар шамамен мынадай түрде беріледі: білу, түсіну, қолдану, талдау, топтау, бағалау.

  2. Модульдік технологияның ерекшілігі: жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу, сондай-ақ өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, шығармашылық қажеттіліктерін, сөздік қорын дамытуға бағытталған.

Жүйелі түрде сабақта технологияның қолдану барысында төмендегідей жетістіктерге жетуге болады, тиімділігін байқауға болады.

  1. Оқушылар еркін сөйлеседі.

  2. Өз ойларын ауызша, жазбаша баяндай алады.

  3. Оқушылардың белсенділігін арттырады.

  4. Оқу мотивациясы артады.

  5. Неғұрлым аз шаршайды.

Оқу қызметін көбінесе жағымды эмоциялар алады, қанағаттанады.

7 – сыныптағы Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәніне арналған оқу модульдерін назарларыңызға ұсынамын.


7 – сынып.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (68 сағат)





Тақырыбы

Бөлінетін уақыт




Кіріспе

1 сағ

Модуль № 1

Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттер


7 сағ

Модуль №2

VI – IX ғасырлардағы отырықшылар және көшпелілер мәдениеті

5 сағ

Модуль № 3

Орта орта ғасырлық кезеңде Қазақстан территориясында мемлекеттердің құрылуы

4 сағ

Модуль №4

Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолы

4 сағ

Модуль № 5

Х – ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті

7 сағ

Модуль № 6

ХІІІ – ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан

10 сағ

Модуль № 7

ХІV – ХV ғасырлардағы Қазақстандағы этникалық үдерістер, қазақ ұлтының қалыптасуы және ХІV – ХV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы

6 сағ

Модуль № 8

Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуы

3 сағ

Модуль № 9

Қазақ мемлекетінің ХVІ –ХVІІ ғасырлардағы дамуы және күшеюі

5 сағ

Модуль № 10

Қазақ мемлекетінің ХV –ХVІІ ғасырлардағы әлеуметтік –экономикалық дамуы

4 сағ

Модуль № 11

ХVІІ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан

4 сағ

Модуль № 12

ХVІ – ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті

7 сағ




Қорытынды қайталау

1 сағ

Модуль № 1 Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттер

(7 сағ)


Бөлімі

Бөлінетін сағат

Сабақтың мазмұны мен түрі

Уақыты

Кіріспе

1 – ші сабақ

1. Модульдің құрылымы мен мақсат - міндеттерімен таныстыру

2. Тірек – сызба арқылы тақырыпты түсіндіру

3. Дәптермен жұмыс

4. Қорытынды. Үйге тапсырма



5 мин
15 мин

20 мин

5 мин


Сөйлесу бөлімі

2 – ші сабақ



Оқу материалын меңгерту

1. “Қарлы кесек” ойыны

2. Қорытынды. Үйге тапсырма

40 мин


5 мин

3 – ші сабақ


Білім – іскерлік дағдыларын дамыту.

1.“Мерзімдерді жатқа айту” ойыны

2. Карточкамен жұмыс

3. Қорытынды. Үйге тапсырма



25 мин


15 мин

5 мин



4 – ші сабақ


Білім деңгейін пысықтау

1. “Сиқырлы сандықша” ойыны

2. “Қатені тап” ойыны

3. Қорытынды. Үйге тапсырма



20 мин


20 мин

5 мин



5 – ші сабақ


Білім – іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту

1. “Аукцион” ойыны

2. “Жарысты жалғастыр” ойыны

3. Қорытынды. Үйге тапсырма


25 мин


15 мин

5 мин



Қорытынды бө лімі


6 – шы сабақ


1. Тест

2. Тарихи сынақхат




30 мин

15 мин



7 – ші сабақ


Сынақ


45 мин



Білімдік мақсаты: Қазақстан жерінде алғаш пайда болған мемлекеттік

құрылымның негізгі кезеңдерімен, түркі тілдес

халықтардың тарихымен, әлеуметтік-экономикалық,

мәдени дамуымен таныстыру ;



Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды тарихты ғылыми тұрғыдан талдауға,

оны саналылықпен түсіне білуге үйрету,олардың қабілетін жан – жақты дамыту. Олардың тарихқа, халқының мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрмет сезімін дамыту;



Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға қазақ мемлекеттілігінің бастау бұлағы –

түркілер дәуірі кезеңінен тарихи мағлұмат бере отырып,

отаншылдық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Оқушылар нені білу керек:

- қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғаларды;

- тіршілігін, кәсібін, тұрмысын, еңбек құралдарын; ертедегі діни, археологиялық және өнер ескерткіштерін;

- қазақ қоғамының әлеуметтік құрамын (хан, сұлтан, батыр, би, төре, қожа, шаруа т.б),

- орта ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің калыптасып, дамуының ерекшеліктерін.

Оқушылар нені меңгеру керек:

- тарихи терминдердің анықтамасын айтуы және оларды қолдана білуі;

- мемлекет шекараларын, басқа да объектілерді көрсете алуы;

- хронологиялық, синхронды кестелер жасауы;

- тарихи мәтіннің толық жоспарын жасауы;

- орта ғасырлардағы қалаларға, түрлі ғимараттарға жазбаша сипатгама беруі;

- орта ғасырлардағы қоғамдық, мемлекеттік құрылыстарды сызбалар арқылы көрсетуі;

- Шығыс мәдениеті мен ғылымының әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесін дәлелдей алуы;

- орта ғасырлардағы дүниежүзінің геосаяси картасындағы өзгерістердің себептерін ашып көрсетуі;

-Мемлекеттік құжаттармен өздігінше жұмыс істеп, солардың негізінде рефераттар, шағын баяндамалар дайындауы.



Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. М.М.Жанпейісова “Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде” Алматы,2002 ж

  1. “Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы оқыту әдістемесі”

  1. М.М.Жанпейісова, А.Ш.Орақова “Интерактивті оқыту әдістері”.

  1. М.Қани “Қазақтың көне тарихы”

  1. Л.Гумилев “Көне түркілер” Алматы “Білім” 1994

6. Т.Жұртбаев “Дулыға” 2 - том. Алматы “Білім” 1994

Мәнжазба тақырыптары:

  1. Қазақстанның ежелгі қалалары

  1. Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер

  1. Түркі қағанаты

Негізгі ұғымдар:

Түркі қағанаты, теле, Бумын, “он – оқ бұдун”, Күлтегін, Тоныкөк, қаған, ябғу, шад, елтебер, түркеш, Сұлу, соғдылар, арабтар, қарлұқтар, оғыздар, қимақтар.



1 - сабақ

Сабақ жоспары:

Кіріспе § 1 Түрік қағанаты

§ 2 Батыс түрік қағанаты

§ 3 Түргеш Қағанаты

§ 4 Қарлұқ қағанаты

§ 6 Оғыз мемлекеті

§ 7 Қимақ қағанаты
Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттер

(Лекция тезистері, тірек – схемалар)

Жоспар:


  1. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттер.

  2. Алғашқы мемлекеттердің қоғамдық құрылысы мен саяси жағдайы.

  3. Әлеуметтік – саяси жағдайы.

  4. Мәдениеті

.


552-603 жж





Түрік қағанаты

империясының

құрылуы

.


603-704 жж.

Батыс


Шығыс

Қара түркештер



.





қытайлар


.


Қарлұқ тайпасы

.


Арабтар

.

+




Қытайларға 751 ж. Талас

түбінде соққы берді

.


Нәтижесінде 756 – 940 жж.

Қарлұқ қағанаты орнады


Қимақ қағанаты –

Шығыс және Орталық Қазақстан


Оғыз мемлекеті

Оңтүстік Қазақстан,

Сырдарияның орта және төменгі ағысы, Арал мен Каспий аралығы





Бес ғасырда Қазақстан аумағында

бес мемлекет өмір сүрді



Мемлекеттік басқару жүйесі


Қаған - хан

.

«Шад» - ханзада



.

«Тегін» - мұрагер

.

Жабғу (ябғу) –

бас уәзір

.


Еріктілер

.


Тектілер

.


Бектер

.

Тегін



.

Қаған


.

Жабғу


.

Бек


.

Түменбасы

(әскери билік иелері)

Бұдын, қара бұдын

(қарапайым халық)

Қимақ бірлестігі

.

Эймур


.

Қыпшақ


.

Имек


.

Байандұр


.

Ажлар


.

Ланиқаз


.

Татар


.

Қоғамдық құрылысы


Қаған (билеушісі)

.


Ябғу, шад-түтік, ұлы қаған, кіші қаған (тайпа көсемдері, шонжарлар)


Әскери адамдар

.

Малшылар, жатақтар



.

Көшпелі халықтардың әскери жүйесі


Әскердің

құрылымы

.

Атты



әскер

.


Жаяу

Әскер


.

Ауыр қару – жарақты әскер

.


<Ондық> <Жүздік> <мыңдық>

<онмыңдық> - бір түмен

.



Қару – жарақтары: найза, айбалта, садақ,

семсер (қылыш), күрзі

.


Басқару ісі

.

Оң

қанат



.

Сол


қанат

.


Ортаңғы

қол


.

Әскери өнердің жетілдірілуі

.

Әскери дайындық, байқау өткізу

Майданда әскери шеп құру, айқасты жүргізу

тәсілі


Соғыс жүргізу, қорғаныс жүргізу тәсілі

Әскери марапаттау, атақ беру жүйесі

Батырлардың жекпе –жегін өткізу әдістері

Қарулардың жеке түрлерін иқолдану

тәсілдері

Әскерді қаржыландыру, т.б.


Сөйлесу бөлімі 2 – сабақ

Қарлы кесек” ойыны



Ойынның мақсаты: Оқушыларға мәтінді оқытып, бір – біріне түсіндірту арқылы тақырыпты меңгерту

Ойынның шарты: Оқушылар өз еріктерімен “А”, “Б”, “В”, “Г” , “Д” сілтемелері көрсетілген топтарға бөлініп отырады. Әрбір оқушының отырған столына сәйкес нөмерлер беріледі (мысалы: “А” столына сәйкес А – 1, А – 2, А – 3, А – 4, А – 5) және осы көрсетілген нөмерлеріне сәйкес бағыттау парақтары беріледі. Осы бөлінген столдарға мұғалім оқу материалын жинақтап топтарға бөліп береді де, топ ішінде дайындалуға арнайы уақыт бөлінеді (оқу материалының көлеміне сәйкес берілетін уақытты мұғалім өзі белгілейді). Берілген дайындық уақыты өткеннен кейін мұғалімнің берген командасы бойынша оқушылар бағыттау парағында көрсетілген столдарға орналастырылып, мұғалімнің нұсқауымен 1 – тур басталады. Бұл турда оқушылар бағыттау парағында көрсетілген ретпен өздерінің дайындалған тақырыптары бойынша басқа топтың оқушыларына түсіндіреді. Осындай кезекпен топтағы барлық балалар рет – ретімен түсіндіріп болған соң, әрқайсысы өз бағыттау парақтарына ең жақсы түсіндірген оқушының нөмерін белгілейді. (Оқушылар өзін немесе 2-3 оқушыны қатар белгілеуге болмайды). Уақытты бақылап отырған мұғалім 2 – турды хабарлайды. Бұл турда оқушылар басқа құрамда кездесіп, 1 – турдағы жұмысты қайталайды. Келесі турлар осындай жүйемен өтеді. Барлық тур аяқталғаннан кейін мұғалім оқушылардың бағыттау парақтарын жинап алып, нәтижелерін жалпы жинақтау парағына түсіріп, ең көп ұпай жинаған топты және оқушыны анықтайды.

Тапсырмалары: “А” тобы § 1-2, “Б” тобы § 3-4, “В” тобы § 5-6, “Г” тобы § 7-9

Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 1-7 оқып, дайындалып келу
3 - сабақ

Мерзімдерді жатқа айту” ойыны



Ойынның мақсаты: Оқушыларға оқу материалын меңгерту және есте сақтау қабілетін дамыту

Ойынның шарты: Жүргізуші оқушылардың екі командаға бөлінуін өтінеді.

- Енді мынадай жарыс өткіземіз. Барлығыңыз оқу мәтінін мұқият қарап шығып, сосын оны есте жаңғыртып, жатқа айтасыздар. 1-ші сөзді барлығыңыз жаттап қалатын шығар деп ойлаймыз, ал әрі қарай – кімнің қаншаға шамасы келеді.

Мәтінді оқып шығып, есте сақтап қалуға 1 минут қана беріледі.

Содан кейін жарысқа қатысқысы келгендер шығады. Алдымен команданың бірінші ойыншысы мәтінді жатқа айтады, ал басқалары ол тоқтап немесе дұрыс айтпай қалғанға дейін мәтін бойынша қадағалап отырады да, уақытын белгілейді. Одан кейін екінші команда ойнайды. Бұдан әрі ойын осы тәртіппен жүреді. Қателескен жағдайда тоқта бұйрығы беріледі.

- Міне, қызық! Кімнің есте сақтау қабілеті мықты екен?

Жүргізуші қорытынды жасайды. Неғұрлым көп сөз, әсіресе мерзімдерді жатқа айтқан оқушы жеңіске жетеді.



Берілетін мәтін:

Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік ету жорықтарын бастап Иранға қарсы Византиямен одақтасты. 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы  Естеми Солтүстік Кавказды басып алып, Керчь шығанағына (Боспорға) шығып, 576 жылы Қырым жеріне енеді. Бірақ Естеми өлгеннен кейін, қағанат ішінде билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретіп, 588 жылы Герат түбінде түріктер Ираннан жеңіліс тапса, 590 жылы Византия Боспорды қайта жаулап алады. 581-618 жылдары Солтүстік Қытайдың  қағанат шекараларына шабуыл жасауы қағанатты одан бетер әлсірете түсіп, Түрік қағанатындағы саяси күйзеліс ақырында 603ж.

  қағанаттың екіге - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады.

Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлап, Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді өздеріне қаратты. Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан  және Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды.

Жегуй қаған  (610-618 жж.) мен оның інісі -  Түн-жабғы қаған (618-630 жж.) билеген кезде қағанаттың күш-қуаты арта түсті. VII ғасырдың ортасына қарай он алты жылға (640-657) созылған қағанат ішіндегі өзара тартыс, тайпалар арасындағы  соғыс қағанатты әлсіретеді. Осыны пайдаланған Таң империясы Жетісуды басып алып, онда таққа өз адамын отырғызады. Түріктер мен Таң империясы арасындағы үздіксіз соғыстардың нәтижесінде түргештер күшейіп VIII ғасырдың басында Жетісудағы билікті өз қолдарына алады.

Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді.. Сақал қаған тұсында мемлекет ішінде бірлік болмай қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Оның үстіне қағанатқа батыстан арабтар, оңтүстіктен қытайдың Таң империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төндірді. 737 жылы Сұлу қаған арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып Тохарыстанға дейін жетті, бірақ көп ұзамай жеңіліп, қайтар жолында өзінің қолбасшыларының бірінің қолынан қаза табады. Сұлудың орнына оның баласы  Тұқарсан  Құтшар қаған болды. Оның тұсында қағанат ішінде сары және қара түргештер арасында билік үшін 20 жылға созылған ұзақ күрес басталып, қағандықтың саяси және экономикалық жағдайы мүлдем әлсірейді. Осы алауыздық кезінде Жетісуға Алтайдан қарлұқ тайпалары көшіп келіп қоныстана бастайды. Түргештер қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Әлсіреген Түргеш қағанаты қайтадан қалпына келмей, 756 ж. қарлұқ тайпаларының қысымына шыдамай, біржола құлайды. Осыдан кейін бұрынғы Батыс түрік қағанатының орнына төрт мемлекет: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі  Хазар қағанаты,  Сырдың орта және төменгі ағысы мен Арал өңірінде Оғыз мемлекеті, Қазақстанның Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарында Қимақ мемлекеті, Жетісу жерінде Қарлұқ мемлекеті пайда болды.

Х ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы ішкі қырқыс, талас-тартыстардың нәтижесінде әлсіреді. Осы жағдайды пайдаланған Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар  940 жылы Баласағұн, Испиджаб қалаларын

басып алады да, Қарлұқ мемлекеті құлап, Шу аңғарында Қарахандар әулетінің үстемдігі орнайды.

Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда  Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Х ғ. аяғында орыс деректерінде оғыздардың 965 ж. Киев князі Святославпен одақтасып хазарларды және  князь Владимир 985 ж.  оғыздарымен келісе отырып,  Еділ, Кама бойындағы бұлғарларды талқандағаны туралы айтылады

ХІ ғ. екінші жартысында күшейе бастаған  қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. Оғыздардың бір бөлігі Европаның Шығысына, Кіші Азияға қарай жылжыса, кейбір бөліктері Қарахан әулетінің қарамағында қалды, біраз бөлігі Хорасан  селжұқтарының қол астына кірсе,  қалғандары қыпшақтардың құрамында қалып,  олармен сіңісіп кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет