Модульдік технологияның гипотезасы


Қала мен дала тұрғындарының материалдық мәдениеті



бет3/3
Дата23.08.2017
өлшемі0,49 Mb.
#25154
1   2   3

Қала мен дала тұрғындарының материалдық мәдениеті


Қала сырты дуалмен қоршалып, үйлер бір немесе бірнеше бөлмеден тұрды. Қазан ошақтары жылу берді.





Қаланың орталығында байлар, үйлері ерекше. Қала ортасында тұрмысы орташалар –қолөнер шеберлері , үшінші сатыда кедей егіншілер тұрды



Құрылыс жүйелері: қыстақ-кенттер(егінш.айн., қолөнер), қорған-қамал бекіністері. Заттары бірге жерленген






Жартылай көшпелілердің материалдық мәдениеті

Негізінен мал шаруашылығымен айналысқан баспанасы-киіз үй. Қыстауларда тұрақты үйлері болды.



Үй жанынан мал қоралары болды. Үйді тас, ағаш, қамыс, шикі кірпіштен жасаған



Археологиялық зерттеулер нәтижесінде жерленген адамдар қасынан қару-жарақ, қанжар, бас киім, т.б. табылды. Соған қарап беделі анықталған




Қыш құмыра жасау, металл өңдеу, сауда мен ақша айналымы


Металл қорытып жасады. Құралдары: темір шот, қайла, балға, ағаш, темір сыналар. Аймақтар: Шу, Іле, Талас.



Бұл өнер қала тұрғындарында жақсы дамыды. Себебі, қалалықтар бір жерде тұрақты өмір сүрді, шеберханалары болды. Сапасы жоғары болды.



Сауда бағыттары: 1.халықаралық;

2. Қалалардың өз аумағындағы;

3. Қалалардың дала тұрғындарымен саудасы. Заттары: жібек, қағаз, айна, кілем, асыл тастар, шыны, мата.



Қолөнер шеберханалары



.

Қыш көзе жасайтын

шеберханалар

.

Қаладағы

күрделі құрылыстар

.

Мешіттер



Моншалар


Сарайлар

Сауда


орталығы

.

Үйлер



Көне түріктердің наным–сенімдері

Наным – сенімдері

Ата – баба

аруағына табыну

Ұмай анаға

табыну

Жер – суға

табыну

Күнге


табыну

Отқа


табыну

Будда діні

Несториан діні

Қазақстанда

тараған діндер

Ислам діні


Христиан діні


Зороастра діні

Манихей діні

Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 5 және 8-10 оқып, дайындалып келу
Сөйлесу бөлімі 2 - сабақ

Жылдам оқу ” ойыны



Ойынның мақсаты: Оқушыларға мәтінді оқытып, бір – біріне түсіндірту арқылы тақырыпты меңгерту және білім–іскерлік дағдыларын дамыту.

Ойынның шарты: 1. Оқушылар мәтінді 10-15 минут шамасында оқып шығады. Оқу жылдамдығының қаншалықты өзгеріп отыратынын өлшейді (әрбір 30 секундтан соң – гонг). Осы беттің оқылып үлгерілген-үлгерілмегеніне қарамастан, келесі бетке аударады.

Енді өз оқу жылдамдықтарыңызды бағалауға дайындалыңыздар.

2. Басқа мәтінді аламыз (1беттік). 2 минуттың ішінде оқимыз. Оны кейін серігіңізге әңгімелеп бере алатындай оқимыз.

Бастадық! Оқып болдық.



  1. Ал енді әңгімелеуді бастаймыз (1 жұп 5 минутта)

  2. Өз парақтарымызға ақырғы нәтижесін жазып аламыз: екі минут ішінде оқылған сөз мөлшерін және мәтінді игеру коэффицентін – жұптардың бірін – бірі бағалауына сай.

  3. Жүргізуші қарап шығып, жарыстың жеңімпазын айқындайды, қорытынды жасайды.

Берілетін мәтін:

§ 5-8-9-10 тақырыпшалары.



Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 5 және 8-10 оқып, дайындалып келу

3 - сабақ

«Өз жартыңды тап» ойыны

Ойынның мақсаты: Білім – іскерлік дағдыларын дамыту және білім деңгейін пысықтау.

Ойынның шарты: Мұғалім жұп карточкалар дайындайды: біреуінде - сұрақтар, екіншісінде – жауаптарға арналған тірек кестелер. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған карточкалардың түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті карточканы(әрқайсысы – біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.

Көк карточкадағы тапсырмалар:



  1. Күлтегін

  2. Ұмай ана

  3. Қалалардың құрылыс жүйесі

  4. Қыш құмыра

  5. Отбасынының қамқоршысы

  6. Үш бөліктен жасалған

  7. Шеберхана

  8. Көне ескерткіш

Жасыл карточкадағы тапсырмалар:

  1. Сардоба

  2. Ақыртас

  3. Көк бөрі

  4. Діни сенім

  5. Якка

  6. Алан Хазар

  7. Мүсін өнері

  8. Блбл

  9. Руна

  10. Орхон, Енисей

Даналық ағашы” ойыны

Ойынның мақсаты: Білім – іскерлік дағдыларын дамыту және білім деңгейін пысықтау.

Ойынның шарты: Оқушылар мәтінді жылдам, бірқ мұқият оқып шығуы тиіс. (Гонг).

Енді әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады. (Гонг).

Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды.

Жүргізуші жеңімпазды анықтайды. Білгірлерді құттықтаңыздар!

Баршаңызға рахмет. (Гонг).

Берілетін мәтін:

§ 5-8-9-10 тақырыпшалары.



Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 5 және 8-10 оқып, дайындалып келу

4 - сабақ

Білім биржасы” ойыны



Ойынның мақсаты: Білім – іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту

Ойынның шарты: Тақтаға конверттер ілінген панно бекітіледі, оларда әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар бар. Әрбір оқушы конверттерден өз мүмкіндіктері мен қабілетіне қарай тапсырма алып, дайындалып, жауап береді. Жауаптары «акциялармен» бағаланады. «Акционер» – оқушы жауабының толықтығына қарай әртүрлі түстегі «акциялар» алады. Мұғалім – «банкир» әрбір оқушының «түсімін» есептейді. Осы негізде баға қояды.

І деңгей тапсырмалары:



  1. Қала мен дала тұрғындарының мәдени байланысын сипатта.

  2. Бүгінгі қазақтар мен көне түріктердің наным – сенімі және діни ерекшелігін сипатта.

  3. Діни сәулет өнері ескерткіштерін сипатта.

  4. Бейнелеу өнері мен мүсін өнері дамуы туралы айтып бер.

  5. Қолданбалы өнер туралы не білесің?

  6. Сауданың дамуы мен ақшаның шығуы туралы сипатта.

  7. Қала тұрғындары мен дала тұрғындарының материалдық мәдениетіне сипаттама бер.

  8. Күлтегін және Тоныкөк ескерткіштеріне сипаттама бер.

ІІ деңгей тапсырмалары:

  1. Жартылай көшпелі мәдениет деп қандай мәдениетті айтамыз?

  2. Материалдық мәдениет деген не?

  3. Қолөнер дегеніміз не? Қыш құмыра жасау қалай дамыды?

  4. Металл өңдеу қалай жүргізілді?

  5. Ақыртас қандай құрылыс?

  6. Мырзарабат, Якка сардоба ғимараттары не мақсатпен салынды?

  7. Діни ғимараттарға нені жатқызуға болады?

  8. Жазба әдебиеттің дамуын неден байқауға болады?

  9. Жазбаша сақталған ескерткіштердің тарихи маңызы неде?

ІІІ деңгей сұрақтары:

  1. Сауданың негізгі үш бағытын ата

  2. Сайрам қаласы еретеде қалай аталған?

  3. Түріктер асыл тастар мен металладарды қай елден әкелген?

  4. Архитектура деген не?

  5. Қандай қалаларда архитектуралық құрылыстар салынды?

  6. Діни ғимараттарға нені жатқызуға болады?

  7. Қазақстанда түрік жазуы қай кездерде пайда болды?

  8. Жазудың пайда болуы нені көрсетеді?

  9. Қандай әдеби ескерткіштерді білесіңдер?

  10. Қолөнердің қандай салалары дамыды?

Бас қатырғылар базары” ойыны



Ойынның мақсаты: Білім – іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту

Ойынның шарты: Оқушылар үйде сөзжұмбақтар, сөзтізбелер, тарихи домино, хронологиялық лото, викториналар, құпия сөздер және т.с.с. құрастырады да, сабақта оларды шешеді. Жүргізуші ең белсенді, кәсіпкер, тапқырларды анықтайды.

Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 5 және 8-10 оқып, дайындалып келу

Қорытынды бөлімі 5 - сабақ

Тест

  1. Малды қолға үйрету қай тарихи кезеңде басталды?

А) ерте палеолитте в) ерте палеолиттің мустье

кезеңінде

с) қола дәуірінде д)темір дәуірінде

2. Сайрам қаласы ертеде қалай аталған?

А)Отырар В) Испиджаб

С)Сауран Д) Сығанақ

3. Түріктер асыл тастар мен маталарды қай елден әкелген?

А) Батыс елдерінен В) Орта және Таяу Шығыстан

С) Үндістаннан Д) Византиядан

4. Жеріміздегі сәулет өнері тамаша ескерткіштерінің бірі

А) Қостөбе В) Ақыртас ғимараты

С) Якка сардобалары Д) Білеулі ғимараты

5. «Сардоба» деген қандай құрылыс?

А) тұрғын үй В) құдық үстіне салынған ғимарат

С) малға арналған қора Д) мешіт

6. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері

А) «Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары

В) «Оғызнама» С) «Қорқыт ата» Д) руна жазуы

7. Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп кімге табынған?

А) табиғатқа В) Ұмай анаға

С) Көк бөріге Д) Тәңірге

8
VIII ғасырда мұсылман дінінің орталығы болған қалалар
.


9. Сәйкестендір.

І.Сардоба а)әдеби шығарма

ІІ. Руна в) құдық үстіне салынған

құрылыс


ІІІ. «Орхон - Енисей» с) көне түркі жазуы

ІV. «Оғызнама» д) жазба ескерткіштері



  1. Түрік философы, дана – ойшылы атанған Тоныкөк пе?

А) иә В)жоқ

11. Оғыздардың шаруашылығының түрлерін ата.


Оғыздардың шаруашылығы

12. Түріктерді аварлар деп атаған қай жақтың ғалымдары?

А) Америка В) Еуропа С) Қытай Д) Қазақ

13. Орхон – Енисей жазба ескерткіштері қай мемлекеттің жерінен табылды?

А) Қытай В) Ресей

С) Монғолия Д) Қазақстан

14. Түріктердің әліпбиі (альфавиті)..... негізінде жасалған

А) ру-тайпаларының таңбалары В) соғды жазуы

С) қытай иероглифі Д) руна жазуы

Тарихи сынақхат

................ ғасырлар аралығы Қазақстан тарихында ....... ........... ............... кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде ............ халқы әлі қазақ деп аталмағанымен, кейін оның құрамына кірген ...................... бірігу - бірлесу жағдайында болды. Қазақ жерінің ....... ............ .............. бойында жатуы сауда орталығына айналған ірі ...................... қатарын көбейтті. ................ Қазақстанда, .................. аймағында қалалар саны өсті. Олардың маңайында ................., ..................... көбейіп, .................... отырықшылық мәдениет дами түсті. ............. тұрғындары мен ............... тұрғындарының арасында ..................... байланыс өсіп, .............. тілдес тайпалар арасында ......................... және ........................ отырықшылық дәстүр қалыптасты. Тұрғындардың ......................... рухани - .................... өмірінде көптеген жаңалықтар пайда болды. ................... де, қыш - ............... ісі де, ................. өңдеу де жаңа тұрғыда дамыды. ...................... құрылыс жүйелерінде жаңа ......................... бой көтерді.

Бұл кезеңнің өзіне тән және бір жаңалығы - .............. тіліндегі ............... өнерінің жаңа тұрғыда өркендеп, .................. әдебиеттің дамуы. Түріктердің ............... - ................., онымен қатар жаңа ......... ............ - ...................... пайда болуы, .............. ................. өнерінің дамуы да осы кезеңді қамтиды.

Қорытындылау.

”Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім” деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сәйкес білім беру мүмкін емес. Осы мақсаттарды жүзеге асырудың алғы шарты – оқу-тәрбие жұмысын басқаруды әрі жүйелі жоспарлай білу, сол жоспарды жүзеге асыру.Біздің жалпы білім беретін орта мектеп жұмысында инновациялық процесті жобалау және бағдарлы білім берудегі мақсатымыз – шығармашылық ізденістегі ұстаздар қатарын толықтыру, білім беру мен оқыту әдістемесін жаңа технологиялармен байыту, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын тәрбиелеу болып табылады.



Қолданылған әдебиеттер:
1. М.М.Жанпейісова “Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде” Алматы,2002 ж

2. “Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы оқыту әдістемесі”

3. М.М.Жанпейісова, А.Ш.Орақова “Интерактивті оқыту әдістері”.

4. М. Ж. Абылова, Ә. Е. Бегалинова, А. З. Жәменкенова



«М. М. Жанпейісованың модульдік технологиясын қолдану негізінде ойын арқылы оқытуҒаламтор желісі
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет