М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз.
Қоғамдық өмірдегі іс-әрекеттері тұрғысынан Міржақыптың табиғаты Махатму Гандидің тұлғалық болмысына жақын дейді көптеген зерттеушілер. Өзінің бүкіл саналы ғұмырында Міржақып «ізгілік философиясын» насихаттап өткен. М.Дулатұлының қабілет-қарымының жан-жақтылығы адамды таң қалдырады. Ол – журналист, жазушы, публицист, тарихшы, лингвист, түріктанушы, филиолог, географ, педагог, ақын, композитор, мемлекет қайраткері, ойшыл... Ол – қазақ халқының Әнұранының авторы. Карелияда айдауда жүрген жылдары дәрігер мамандығын игерген. Сөйтіп, Міржақып халықтың рухани жан жарасын ғана емес, тән жарасын да емдеп жазуға тырысқан. Ол математика пәні бойынша оқулық жазып шыққан. Қазақша айтқанда, нағыз жетпіс жеті қырлы, бір сырлы асып туған ер. 1935 жылы Соловецк лагерінде тұтқында жүріп қаза тапты.
Бүгінде Шығыстан шыққан кемеңгердің тұлғалық болмысы Қазақстанның аумағынан асып, әлемдік маңызға иә болып отыр. Токио университетінің ғалымы Уямо Томихиконың Міржақыпты зерттеуін оның бір дәлелі ретінде айта кетуге болады. Жапондық ғалымның ғылыми диссертациясының тақырыбы – «ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының дүниетанымы: Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» кітабы».
Жапондық ғалым аталмыш тақырыпты зерттеу барысында негізінен екі түрлі тезисті жетекшілікке алыпты. Біріншіден, Орта Азия мен Қазақстан бұрынғы патшалық Ресей мен кейінгі Кеңестер Одағының шеткі өлкесі ғана емес, бұл тұс үш «әлемді» – Орталық Еуразия, мұсылмандық және ресейлік кеңестік құрылысты тоғыстырып отырған аймақ деп атаған. Ал, енді, осы «үш әлем» үздіксіз өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірімен және басқа әлеммен ықпалдасып, ұдайы өзгеріске түсіп отыратындықтан, ол міндетті түрде зерттелуі тиіс. Екіншіден, Орта Азия мен Қазақстан көпшілік шетелдік ғалымдар ойлағандай мономазмұнды субстанса емес. Керсінше, мұнда көптеген ұлттар мен ұлыстар тұрады, әртүрлі саяси күштер мен әлеуметтік топтар өмір сүреді. Бұл өлкенің маңыздылығы да, күрделілігі де нақ осында жатыр.
Осы негізгі екі қағида бойынша, Уямо Томихико М. Дулатұлының «Оян, қазақ», «Бақытсыз Жамал», т.б шығармаларын түбегейлі зерттеуге кіріседі. Оның таңдап алған тәсіл ғалымға ХХ ғасыр басында қазақ интеллигенциясының дүниетанымы, саяси көзқарасы және қоғамдық ой-сана қандай болғанын анықтауға мүмкіндік береді.
Енді ғалымның зерттеу тұжырымдарынан бірер мысалдар кетсек, артық болмас. «Дулатов өзінің мұсылмандық түсінігі бойынша жадидизм идеясына жақын. Ол панисламдық, пантүркілік көзқарастан ада».
«Дулатов патшалық отарлықты қатал сынады, бірақ орыс халқымен жаулық қатынаста болған жоқ. Ол қазақтардың Ресей арқылы әлемдік өркениетке қол жеткізе алатынына сенімді болды». «Дулатов туған халқының тағдыры мен болашағын ғылым мен техниканың жетістіктерімен байланыстырды. Ұлт интеллигенциясының қалың бұқараны білім мен ғылымға жетелей алатын маңызын ескере отырып, оларды осы бағыттарда тыңбай еңбектенуге үндеді. Ол жастарға ерекше үміт артты, жастарға уақытты босқа кетірмеуге шақырды». « Дулатов, біріншіден, өзін қазақпын деді, содан кейін ғана барып, екіншіден – мұсылманмын, үшіншіден, Ресей азаматымын деп таныды. Қазақ қоғамының жаңғыруын ол ең алдымен еуропалық өркениеттен, сосын мұсылмандықтан іздеді»...
Токио университетінің ғалымы Уямо Томихиконың Алаш арысы туралы айтқан ғылыми тұжырымдарының бір парасы осындай. Ол Міржақып Дулатұлыны осылай деп танып білген екен.
21-билет Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласындағы мұсылман мектептері мен медресселердің жағдайы.
1917-1918 жылдардағы Қазақстандағы ұлттық автономиялар кестесін толтырыңыз.