ІV. Интербелсенді оқуда/оқытуда оқу мақсаттарын айқындау мәселесі. Блум таксономиясының танымдық деңгейлері



бет1/3
Дата06.12.2019
өлшемі48,25 Kb.
#53119
  1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Word

ІV. Интербелсенді оқуда/оқытуда оқу мақсаттарын айқындау мәселесі. Блум таксономиясының танымдық деңгейлері

Интербелсенді әдістеме оқу мақсаттарын екі бағытта нақтылауды талап етеді:

1. Студенттердің оқу материалын меңгеру деңгейін (сапасын) бақылау.

2. Әр студенттің дамуын қадағалау.

Оқу мақсаттары өлшенбелі және нақты, айқын түрде келтірілген (мәселен, кез келген студент пен оқытушының тануына тұрарлықтай) оқу нәтижелері арқылы көрсетілуі керек. Ал өз кезегінде оқу нәтижелері студенттердің әрекеттері арқылы құрастырылады. Мұнда мақсаттарды нақтылаудың келесідей басты талабын орындау керек: мақсаттар оқу процесі нәтижесінде үйренушінің не жасай алатындығын (нақты әрекеттерді) көрсететін етістіктер арқылы сипатталуы керек.

Оқу мақсаттарын бұлайша құрастыру оңай емес, өйткені дәстүрлі оқытуда оқытушы оқу мақсаттарын бірінші мезетте өзінің жоспарлауы тұрғысынан түсініп, оларды «оқушыларды/студенттерді үйрету, оқыту, түсіндіру» сияқты жалпылама етістіктер көмегімен құрастырған. Мұндай мақсаттар студентке, оның әрекеттері мен дамуына бағытталмаған, сондықтан да олардың тиімділігі мен нәтижелігін айқындау да қиыншылықтар туғызады.

Сол себепті бұл проблеманы мақсаттардың нақты жүйесін, педагогикалық таксономияларды құрастыру арқылы шешу керек. Бұған қоса мұндай жүйенің ішінде мақсаттардың ерешеліктерін көрсететін категориялар (түрлер) мен деңгейлерді анықтау керек.

«Таксономия» ұғымы биологиядан алынған. Ол күрделігінің өсуі бойынша (яғни, иерархия бойынша) бірінен соң бірі орналастырылған және өзара тығыз байланыстағы объектілерді жіктеу (классификация) және жүйелеуді білдіреді.

Осы тұрғыдан білім беру жүйесінде кеңінен тараған педагогикалық идеялардың бірі - америкалық ғалым Бенджамин Блумның таксономиясын келтіруге болады. Б.Блум бір топ әріптестерімен бірге 1956 жылы «Таксономияның» танымдық (когнитивтік) саладағы мақсаттарды сипаттайтын бірінші бөлімін жарыққа шығарса (№13 кесте), кейінірек Д.Кратволь және басқа ғалымдар «Таксономияның» аффективтік (эмоционалды-құндылықтық) және психомоторлық салалардағы мақсаттарды қамтитын екінші бөлімін құрастырған.

Таксономия идеялары бүкіл әлем педагогикалық жұртшылығында таным және ойлау әрекеттерінің деңгейлерін, оқу мақсаттарын айқындауда кеңінен қолданыс тапты.

Кесте № 13

Деңгейлер

Көрсеткіштер

1. Білім


Ақпаратты, оқу материалын (қажетті деректерді, нақты фактілерді немесе бүтін теорияларды) есте сақтау мен қайталау (репродукция).

2. Түсіну

Оқу материалын бір формадан екінші формаға, бір белгі жүйесінен басқа жүйеге түрлендіру (интерпретация), ауыстыру, оқу мәліметін өздігінше игеру, салдары мен нәтижелерінің қандай болатындығы туралы алдын-ала болжау, жорамалдау.

Мысалы, сөздерді математикалық формулаға түсіру немесе схема, кесте түрінде көрсету; өз сөзімен түсіндіріп беру, қысқаша сипаттау.

3. Қолдану

Оқу материалын жаңа жағдайлар мен ситуацияларда қолдану.

Мәселен, ережелерді, формулаларды, түсініктерді, заңдарды, теорияларды, қағидаларды қолдана отырып қандай да бір проблеманы шешу.

4. Талдау (анализ)

Оқу материалын құрамдас бөліктерге жіктеп, олардың арасындағы байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша құралатындығын түсіну және түсіндіре білу.

5. Синтез

Оқу материалын пайдалана отырып, шығармашылық тұрғыдан жаңа мазмұн құрастыру.

Мәселен, баяндама немесе эссе жазу, жоспар немесе схема құрастыру.

6. Бағалау

Оқу материалының мағызын бағалау: салыстыру және айырмашылықтарын айқындау, дәлелдеу арқылы шешім қабылдау.

Мұнда тұжырымдар нақты талаптар (критерийлер) тұрғысынан болуы керек. Бұл критерийлер үйренушінің өмірлік тәжірибесі мен ұстанған көзқарастарына негізделетін немесе ұстаздың ұсынысынан туындайтын болуы керек.

Бағалау алдыңғы деңгейлердің нәтижелеріне жету мүмкіндігін береді.

Когнитивтік (танымдық) салаға оқу бағдарламалары, оқулықтар, ұстаздардың күнделікті практикасында келтірілетін мақсаттар кіреді. Мұндағы мақсаттар игерілген оқу материалын есте сақтау мен оны қайта келтіруден басталып, оларды өздігінше түсініп, солардың негізінде жаңа білім құрастырып (идеялар, әдістер, тәсілдер, әрекеттер, т.б.), сол арқылы қандай да болмасын проблемаларды шешуді қарастырады.

Когнитивтік мақсаттар сабақ барысындағы үйренушілердің әрекеттері ретінде келтіріледі, сол себепті де оларды педагогикалық диагностикада қолданған тиімді.

1) Білім

Қайталау немесе тану арқылы мәлiметтердiң есте қалай сақталғанын тексеру, мағлұмат пен деректердi еске түсiру арқылы жүзеге асырылатын категория. Бұл деңгейде тестілеу, қалдырып кеткен белгiлердi орнына қою, анықтамалар мен атауларды жаттау немесе қайталау, процестердің өрбу немесе орын алу тәртiбiн қайталау сияқты тапсырмалар қолданылады. Оларды орындағанда студенттер оқу материалын оқытушының лекциясында немесе оқулықта берілген күйде бұлжытпай қайталап беруге тырысады. Олардың басты мақсаты – ақпаратты жадында сақтау және іздеу болып табылады.

«Білім» деңгейі – таным мен ойлаудың басқа деңгейлерінің негізін құрайды, өйткені онсыз қалғандарының болуы, жүзеге асырылуы екіталай. Мәселен, көбейту кестесін немесе қажетті формулаларды жатқа білмей, есеп шығарумен айналысуға болмас; Абайдың өлеңін жатқа білмей оның көркемдік ерекшеліктері мен оқырманның ішкі жан дүниесінде қандай сезімдер тудыратындығы туралы ой толғап немесе шығарма жазу мүмкін емес.

Алайда педагогтар бұл деңгейге асыра назар аударып, оны оқу процесінің, оның ішінде сабақтың негізіне айналдырады. Зерттеушілердің айтуы бойынша, орташа есеппен алғанда сабақтың 80% есте сақтау мен жаттау, қайталау мен тану тапсырмалары құрайды екен. Ал бұл жәйт келесі проблемаларға алып келеді:

1. Қайталау немесе жаттау тапсырмалары негізінен үйренушілерден белсенді әрекеттерді талап етпей, олардың сабақтағы бәлсенділігіне (пассивтігіне) жол береді.

2. Үйренушілер сабақ тақырыбына ынта мен қызығушылық танытпайды, демек олар сабақтың нәтижелеріне де құлықсыз болады. Сол арқылы олар өз біліміне, өздерінің парасаттық дамуына деген жауапкершілікті көрсетпейді.

3. Бұл деңгейдегі сұрақтардың бір ғана дұрыс жауабы бар болғандықтан, олар үйренушілерден ой толғау, пікірлесу мен пікірталасты қажет етпейді. Бұл жәйттің үйренушілердің ойлау қабілеті мен коммуникативтік дағдыларының дамуына кері әсер келтіретіндігі сөзсіз.

4. Бұл деңгейде берілген тапсырмаларды орындау қайталауға негізделгендіктен, үйренушілер өзіндік ой мен идея, пікір мен көзқарас, тұжырым мен дәлелдерді ізденуге ұмтылмайды. Ал өз кезегінде бұл жәйт олардың дербес тұлға ретінде дамуына қолғабыс тигізбейді.

2) Түсіну

Түсіну дегеніміз мәліметті таныс, анық күйге (формаға) ауыстыру арқылы өзіндік түсінік қалыптастыру. Бұл деңгейде үйренушілер мағлұматты тек есте сақтамайды, олар оның ауқымы мен көлемін ұлғайтпаса да, сол берілген мөлшерде басқаша қылып көрсетеді. Олар мәлiметтердi басқа таныс жүйеге түрлендiреді, есте сақталған мағлұматты басқаларға жеткiзу жолдарын айқындайды, ұқсастықтар пен айырмашылықтарды анықтайды, салыстырады, нәтижелердi суреттейді. Мәселен, мектепте жиі қолданатын «Шығарманы (анықтаманы, ережені) өз сөздеріңізбен айтып (түсіндіріп) беріңіздер» тапсырмасы түсінік деңгейін көрсетеді.

Бұл деңгейдегі тапсырмалар «Білім» деңгейімен салыстырғанда, үйренушілерден белсенділікті талап етеді. Олар ақпаратты өздеріне таныс жүйеге көшіріп, түрлендіреді де, сол арқылы оны есте сақтауды едәуір жақсартады. Ал түсінік бірінші мезетте бірлескен әрекеттер негізінде (талқылау, пікірлесу, алмасу, ортаға салу) құралады.

Түсіну категориясын төрт топқа бөлуге болады (Некоторые вопросы образования, 6-8).

1. Түсiндiрме (интерпретация) – үйренушілердің қарым-қатынас барысында негiзгi идеяларды анықтауы және олардың өзара байланыстарын келтіруі. Әдетте екі объектінің ерекшеліктерін салыстырғанда, ұқсастырғанда немесе бір-біріне қарсы қойғанда, үйренушілер оларға белгілі бір мағына беру арқылы өздерінің түсінігін көрсетеді.

Түсіндірме әдетте «Қалай?» «Нелiктен?» сұрақтарына жауап беру мен «Салыстырыңыздар», «Айырмашылығын көрсетiңiздер» тапсырмалары арқылы жүзеге асырылады.

2. Аударма (трансформация) – мағынасын сақтай отырып, үйренушілердің идеяларды қандай да бір белгілеу жүйесінен өздеріне таныс жүйеге немесе формаға ауыстыру.

Мұнда келесідей тапсырмаларды келтіруге болады: график немесе функцияны оқып беру, математикалық формуланы сөзбен келтіру, теореманы формуламен көрсету, суреттi немесе схеманы түсiндiру, мәліметті өз сөзiмен мазмұндау немесе қысқаша келтіру, сөзбен берілген мәліметті кесте (таблица), график, диаграмма түрінде көрсету.

3. Мысалдар - мәлiметтi, ойды дұрыс түсiнгендiктi көрсету үшін практикадан алынған фактілерге жүгіну, соларды келтіру.

Әрине, үйренушілер мысалдар келтіргенде, лекция мен оқулықтарда көрсетілгендерден басқаларын айтқаны дұрыс, өйтпеген жағдайда олар қайтадан «Білім» деңгейіне оралады.

4. Анықтамалар – атау немесе түсiнiктiң мағынасын өз сөзiмен жеткiзу, таныс және түсiнiктi сөздермен анықтама түрінде тұжырымдау.

Мұнда да үйренушілер оқулықта немесе сөздікте берілген анықтаманы жатқа айтпай, өзіндік тұрғыдан ұғым немесе құбылыстың анықтамасын өздеріне таныс әрі түсінікті сөздермен құрастырады.

3) Қолдану

Қолдану - қандай да бір проблеманы (мәселені) шешу үшiн мәлiметтi іс жүзінде қолдану, жүзеге асыру. Бұл деңгейде студенттер оқытушының көмегiнсiз таныс емес проблеманы өздігiнше шешуi керек. Мұнда қорытынды нәтиже (мысалы, проблеманың шешімі) маңызды мәселе болып қалмай, сонымен бірге шешім іздену процесiнiң өзі де маңызды болып танылады: үйренушілердің мәселені шешу жолы шешiмнiң өзiнен де маңызды болуы мүмкiн.

Қолдануда үйренуші тарапынан келесі әрекеттер атқарылады:

1. Проблемамен танысады.

Проблема мүлдем таныс болмағандықтан, ол жан-жақты қарастырылады. Бұл әрекет «Білім» деңгейіне сәйкес келеді.

2. Проблеманың ерекшеліктерін анықтайды.

Проблема басқа да ұқсас мәселелермен салыстырылып, сол арқылы оның ерекшеліктері айқындалады. Бұл әрекет «Түсіну» деңгейіндегі қимылдарға ұқсас.

3. Шешім қабылдайды.

«Қалай жасаймын?», «Не істеу керек?» деген сұрақтарға жауап беріледі.

4. Шешімді жүзеге асырады, қолданысқа түсіреді.

Бұл шешім анықтама, ереже, формула, теңдеу күйінде келтірілуі мүмкін.

Мысалы, үйренушілер қандай да бір мәліметті (ереже, анықтама, формула) жатқа біледі («Білім» деңгейі). Олар мәліметті өз сөзімен түсіндіріп немесе оны басқа формада көрсетіп беріп (ауызша болса – кесте не график түрінде, формула болса – ауызша түсіндіріп), оның басқалардан айырмашылығы мен ұқсастықтарын айқындайды («Түсiну» деңгейі).

Ендi үйренушілер осы мәліметті нақты бір қолданыста көрсетеді: ереже, формула немесе анықтаманы қолданып есеп шығарады, жаттығу орындайды, проблема шешеді.

Бұл деңгейге келесідей тапсырмалар мен сұрақтар жатады:

- Қалай қолдануға болады?

- Өздеріңіз жасап көріңіздер.

- Не бiлгiңіз келедi?

- Қалай жасау керек?

- Таблица, кесте, график жасаңыздар.

4) Талдау

Егер «Қолдану» деңгейі шешім қабылдау үшін құрамдас бөліктерді біріктіруді меңзесе, «Талдау» деңгейі, керісінше, бүтін, тұтас нәрсені оның қалайша құрылғандығын түсіндіру мақсатында құрамдас бөліктерге бөлуді нұсқайды. Бұл деңгейде зерттеу нысанасының (күрделі процесс немесе объект) әртүрлі бөлшектері белгілі бір нәтижеге жету үшін қалайша бірге жұмыс істейтіндігін көрсету қажет. Үйренушілер жауап беру үшін ой қозғап, өз жауаптарының логикалық тұрғыдан мінсіз болғандығын қадағалау керек. Бұған қоса олар құрамдас бөліктердің байланыстарының қозғаушы күштерін (мотивтерін) анықтайды.

«Талдау» деңгейінің «Түсіну» деңгейіне ұқсастықтары бар (Некоторые вопросы образования, 12). Алайда түсiнумен салыстырғанда талдау мәлiметтi терең өңдеумен, игерумен ерекшеленедi. Түсінік – нәтижені суреттеу, сипаттау, ал талдау – нәтижеге қалайша жеткендікті түсіндіру.

Талдау сұрақтары мен тапсырмаларының түрлерi келесідей болады (Некоторые вопросы образования, 13-14):

1. Негiзiн тану – ауқымды әрі бүтін құрылымды құрамдас бөлiктерге жiктеу, сол арқылы берілген мәліметті әрі қарай дамыту.

Мұнда мәлiметтiң негiзгi бөлімдері арасындағы қатынастарды көрсету үшiн оның берілген ауқымынан, шеңберiнен тыс шығу керектігі меңзеледі. Бұл үшін алдымен мәліметті (ақпарат, проблема, ұғым, құбылысты) құрамдас бөліктерге жіктеп, оларды бір-бірімен салыстырып, айырмашылығын айқындау керек. Осыдан кейін әрбір бөліктің ерекшелігі, мақсаты мен міндеті анықталып, оларды белгілі бір сипаттар не талаптар бойынша түрлерге (кластарға) ажыратады.

Талдаудың бұл түріне келесі тапсырмалар жатады:

- Процестің қай кезеңдері нәтиже тұрғысынан маңызды болғандығын көрсетіп, дәлелдеңіздер.

- Өз әрекеттеріңізді тағы да сараптап, қай жерлерде ұтымды болғандығын анықтаңыздар.

- Өз қателеріңізді анықтап, оларды түзетіңіздер.

- Құрамдас бөліктердің өзара қатынасын сипаттап, олардың әрқайсының алатын орны мен маңызын анықтаңыздар.

- Құрамдас бөліктерді сипаттап, олардың қалайша бүтін құрастырып, қорытынды нәтиже сомдайтындығын дәлелдеңіздер.

2. Астарлы мағынаны ажырату - екi тұжырымның өзара қатынасын көрсету. Бұл қатынастар тура көрсетілмеген немесе айтылмаған тұжырымдарды, ассоциацияларды, нәтижелер мен салдарды келтіру арқылы көрсетіледі. Мұнда мәліметтің жасырын, астарлы ұғымы мен мағынасын айқындау керек.

Мәселен, «Біз бәріміз де Көксерекпіз!» деген ұстаным қалайша түсінесіздер?» деген сұраққа жауап беру үшін үйренушілер М.Әуезовтың «Көксерек» повесінің астарлы, жасырын мағынасын түсінуі керек. Бұл шығарманың бірден көзге түсетін проблемасы «Адам және табиғат». Ал шындығында Мұхтар Әуезов мұнда келесі сұраққа жауап беруге тырысқан сияқты: «Көксерек бұл дүниеге келгенде, көзі ашылмаған бөлтірік еді: пәк еді, бейкүнә еді. Кейіннен ол тажалға айналды. Адам да өмірге бейкүнә нәресте ретінде келеді. Алайда кейінірек ол да тажалға айналады. Неліктен? Кім кінәлі бұған: қоғам мен орта ма, әлде адамның өзі ме?» Үйренушілер шығарманың осы секілді тұспалды, көзге көрінбейтін мәнін анықтау керек.

Астарлы мағынаны ажырату айсбергтің (мұзды таудың) су астында жатқан оннан тоғыз бөлігін айқындаумен бірдей.

3. Мотивация – «Неліктен? Не себепті?» деген сұрақтарға жан-жақты жауап беру арқылы қозғаушы күштер мен себептердi айқындау.

Үйренушілер оқиғалар мен әрекеттер туралы өздері пайымдаған қосымша мағыналарды пайдалана отырып, олардың тура және жасырын (астарлы) мағыналарын таниды, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғайды.

Мәселен, «Неліктен әлемдік экономикалық дағдарыстың себебін ипотекалық несиелеумен байланыстырады?» деген сұраққа жауап беру үшін үйренушілер дағдарыстың себеп-салдарын айқандауы керек.

5) Синтез

Синтез - жаңа мазмұн мен бүтін ұғым (түсінік, құбылыс, құрылым) тудыру мақсатында жеке бөліктерді (элементтерді) шығармашылықпен бiрiктiру.

Синтез шығармашылық процестерді білдіреді. Мұндағы зерттеу жұмыстары «Қолдану» деңгейіне де, синтезге де жатуы мүмкін. Бірақ «Қолдану» жаңа ұғымды құрастыруды талап етпейді, ал синтез үйренушінің жеке тәжірибе негізінде жаңалық енгізуді, жаңаша шешімді келтіруді меңзейді. Синтез - «жинақтау» деген ұғым, ол болжау, шарттылық, мүмкiндiк ұғымдарын қолданып, құрамдас бөліктердің қалайша бірігіп, жаңа мазмұн, құрылым, модель құрайтындығын көрсетеді.

Синтездің келесідей түрлері болады (Некоторые вопросы образования, 15-16):

1. Шығармашылық жанрлар – эссе, өлең, жоба, баяндама, шығарма, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама, т.б.

2. Жоспар құрастыру, әрекеттердің тәртібін келтіру немесе тәжiрибе өткiзу.

3. Абстрактылы қатынастармен көрсетілетін нәтижелер.

Мәселен, әртүрлі құбылыстарды бақылау нәтижелерінің негізінде жаңа моделдер құрастыру: бұл қандай да бір ғылыми болжам келтіретін гипотеза болуы мүмкін.

6) Бағалау

Бағалау – күмәнді, даулы және пiкiрталас туғызатын мәселелер бойынша шешiм қабылдап, оны нанымды дәлелдер арқылы айғақтау. Мұнда да шығармашылық әрекеттердің маңызы зор.

Бұл деңгейде үйренушілер өз жауаптарында дәлдік, нақтылық, логикалық жүйе, дәйектiлiк секілді талаптарды қолданады, сөйтіп олар өздерінің таңдау жасап, шешім қабылдай алатындығын көрсетеді.

Бағалауда үйренушілер алдымен өз ойлары, идеялары, пайымдаулары қандай талаптар (критерийлер) негізінде құрастырылатындығын анықтап, содан кейін осы талаптарды қолдана отырып, өз ойларын келтіреді. Бұл талаптар үйренушілердің 1) қандай мәдени және әлеуметтік құндылықтар таңдағанына, 2) діни-рухани және тарихи идеалдарына, 3) жеке басының тұлғалық ерекшеліктері мен құндылықтарына негізделеді .

Мәселен, «Үйрету мүмкін емес, үйрену ғана ықтимал» деген тұжырыммен келісесіз бе?» деген сұраққа әртүрлі жауап алуға болады, өйткені үйренушілердің сенімдері мен ұстанған құндылықтары, түсініктері мен көзқарастары біркелкі емес.

Үйренуші бағалау» тапсырмаларын орындауда келесі әрекеттерді атқарады (Некоторые вопросы образования, 17):

1. Өз позициясының (идея, пікір, түсінік) дұрыс-бұрыстығын анықтап, оны жан-жақты пысықтайды.

2. Өзінің дербес көзқарасын қалыптастырып, тұжырым ретінде келтіреді.

3. Өз пікірін негіздейді, жақтайды: дәлел келтіреді, сілтеме жасайды, қорғайды.

Бағалау «Сiздiң ойыңызша бұл дұрыс па, бұрыс па (маңызды ма -маңызды емес пе, жақтайсыз ба - қарсысыз ба)?» деген пiкiрталас пен дау-дамай туғызатын сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.

ҚОСЫМША


Б.Блум таксономиясының деңгейлері бойынша

сұрақтар мен тапсырмалар үлгілері

МАЗМҰНЫ

Сұрақтардың үлгілері



Тапсырмалардың үлгілері

Таным деңгейі

Кесте №14

БІЛІМ


Қайталау немесе тану арқылы мәлiметтердiң есте қалай сақталғанын тексеру, мағлұмат пен деректердi еске түсiру: жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi орнына қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

- Ұлы Отан соғысы қашан басталды?

- Бастауыш деген не?

- Жай бөлшектер қалай жазылады?

- Египеттiң астанасы қандай қала?

- Анықтау,

- қайталау,

- көрсету,

- белгілеу,

- санап шығу,

- еске түсіру,

- цитата келтіру,

- атау,

- назар аудару



Т

Ө

М



Е

Н

Г



І

Кесте №15

ТҮСІНУ

Мәлiметтердi басқа таныс жүйеге түрлендiру, есте сақталған мағлұматты басқаларға жеткiзу жолдарын айқындау.



Ұқсастық пен айырмашылықты анықтау, салыстыру, нәтиженi суреттеу.

Төрт топқа бөлiнедi:

1. Түсiндiрме (интерпретация) - негiзгi идеяларды анықтау және олардың өзара байланыстарын келтіру: «Қалай?» «Нелiктен?» сұрақтары, «Салыстырыңыздар», «Айырмашылығын көрсетiңiздер» тапсырмалары.

2. Аударма (трансформация) - мағынасын сақтай отырып, идея-ларды таныс жүйеге, формаға ауыстыру: графиктi оқып беру, суреттi түсiндiру, өз сөзiмен мазмұндау.

3. Мысалдар - мәлiметтi, ойды дұрыс түсiнгендiктi көрсетедi.

4. Анықтамалар – атау немесе түсiнiктiң мағынасын өз сөзiмен

жеткiзу, таныс және түсiнiктi сөздермен анықтама тұжырымдау.

1. Түсiндiрме.

- Х пен У арасындағы айырмашылық қандай?

-Батыс және Шығыс Қазақстанның рельефiн салыстырыңыздар.

2. Аударма.

- Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз;

- Зерттеуiңiздi таблица жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз;

- Шығарманың сюжетiн өз сөзiңiзбен әңгімелеп берiңiз.

3. Мысалдар.

Тақырып (анықтама) бойынша мысал келтiрiңiздер.

4. Анықтамалар.

- 3-сынып оқушысына түсiнiктi болатындай етіп проблеманың анықтамасын берiңiз;

- Осы атауды өз сөзiңiзбен түсiндiрiп берiңiз.

- Аудару,

- сөзбен қайта құрастыру,

- суреттеу,

- сипаттау,

анықтау,


- түсіндіру,

жеткізу,


- ерекшелігін анықтау,

- өз орнына қою,

- әңгімелеп беру,

- мәлімдеп беру,

- салыстыру,

- айырмашылығын көрсету,

- қарама-қарсы қою,

- ұқсастықтарын келтіру,

- графикті оқып беру,

- болжау,

- суретті түсіндіру,

- өз сөзімен айту,

- анықтаманы тұжырымдау.

О

Р



Т

А

Кесте №16



ҚОЛДАНУ

Белгiлi бiр проблеманы шешу үшiн мәлiметтi қолдану немесе iске асыру. Студент оқытушының көмегiнсiз таныс емес проблеманы өзiнше шешуi керек.

Ұстаз тек шешiмге емес, шешу процесiнiң қалайша құрылғанына да назар салуы керек, өйткенi студенттің дамуы үшін шешу жолы шешiмнiң өзiнен де маңызды болуы мүмкiн.

Студенттер белгілі бір мәліметті (ереже, анықтама, формула) есте сақтайды (Білім), оның басқалардан айырмашы-лығын айқындайды (Түсiну), ендi осы мәліметті нақты бір қолданыста көрсетеді /«Қалай қолдануға болады? Жасап көр. Не бiлгiң келедi? Таблица, график жаса» тапсырмаларына сәйкес/.

- Интерпретациялау,

- қолдану,

- бір нәрсеге тіркеу,

- пайдалану,

- көрсетіп беру (жұмыс ретін, принципін),

- ережесін сақтап орындау (рөлді орындау),

- практикада қолдану,

- жұмысты аяқтау,

- иллюстрациялау,

- шешу,


- идеяларға жүгіну,

- жазып көрсету,

- реттеу,

- нобайын салу

О

Р

Т



А

Кесте №17

ТАЛДАУ

Зерттеу нысанасының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөлiктерге жiктеу.



Студент әртүрлi бөлiктердiң қалайша жұмыс iстейтiндiгiн және нәтижеге қалай жеткiзетiндiгiн анықтайды, түсiндiредi

Түсiнуден талдау мәлiметтi терең өңдеумен, игерумен ерекшеленедi.

Талдау сұрақтары мен тапсырмаларының түрлерi:

1. Негiзiн тану - құрамдас бөлiктерге жiктеу, айтылған ойды әрі қарай дамыту.

Мәлiметтiң негiзгi түсiнiктерi арасындағы қатынастарды көрсету үшiн студенттер оның шеңберiнен шығуы керек.

2. Астарлы мағынаны (подтекст) ажырату - екi тұжырымның өзара қатынасын көрсету.

Тура көрсетiлмеген шешiмдерді, ассоциацияларды келтiру, себеп-салдарды айқындау.

3. Мотивация - себептердi айқындау.

Студент тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттердi танып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек.

1. Негiзiн тану.

- Әңгiме құрылымы бөлімдерінің өз-ара айырмашылығын келтiрiп, олардың негізгі идеяны қалайша ашатындығын айқындаңыздар;

- Екі теореманы салыстырып, оларды қандай да бір категорияларға жіктеп, неліктен осылайша бөлінетіндігін түсіндіріп беріңіздер .

2. Астарлы мағына.

- Зейнетақы реформасының мәнi қандай?

- «Ер туған жерiне, ит тойған жерiне» деген мақалды қалай түсiнесiз?

3. Мотивация.

- Президенттің желтоқсан айында АҚШ-қа жасаған сапарының себебi қандай?

- Жердiң сатылуы туралы мәселенiң қазiргi күнi талқылануы нелiктен?

- Бөліп шығару,

- талдау,

- бөлу,

- жіктеу,



- баға беру,

- түсіндіру,

- санап шығару,

- тәжірибе жасау,

- тестілеу,

- өзара байланысын көрсету,

- қарама-қарсы қою,

- сынау,


- диаграммамен көрсету,

- тексеру,

- талқылау,

- анықтап сұрау,

- салыстыру,

- мәселені шешу,

- қорытындылау,

- категорияларға бөлу

Ж

О

Ғ



А

Р

Ғ



Ы

Кесте №18

СИНТЕЗ

Жаңа мазмұн тудыру мақсатында элементтердi шығармашылықпен бiрiктiру.



Болжау, шарттылық, мүмкiндiк ұғымдарын қолданып, өз тәжiрибесi негiзiнде жаңа мазмұн, модель, құрылым құрастыру.

Жұмыс және нәтиже түрлерi:

1. Шығармашылық жанр.

2. Жоспар құрастыру немесе тәжiрибе өткiзу.

3. Абстрактылы ұғымдармен негiзделетiн нәтижелер.

1. Шығармашылық жанрлары: эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама.

2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру. Тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау.

3. Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет