ІV. Интербелсенді оқуда/оқытуда оқу мақсаттарын айқындау мәселесі. Блум таксономиясының танымдық деңгейлері



бет2/3
Дата06.12.2019
өлшемі48,25 Kb.
#53119
1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Word

- Құрастыру,

- жоспарлау,

- ұсыну,

- жасау, жасап беру,

- ретін өзгерту,

- сөзбен құрастыру,

- алмастыру,

- өзгерту,

- жинақтау,

- шығармашылық-пен орындау,

- ұйымдастыру,

- дайындау

Ж

О

О



Ғ

Р

Ғ



Ы

Кесте №19

БАҒАЛАУ

Даулы және пiкiрталас туғыза-тын мәселелер бойынша шешiм қабылдап, оны дәлелдеу.



Студенттер өз ойларын, идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негiздеуi қажет.

Бұл деңгейде жауаптарда нақтылық, логикалық жүйе, дәйектiлiк қолданады.

«Сiздiң ойыңызша бұл дұрыс па, бұрыс па?Маңызды ма,емес пе? Жақтайсыз ба? Қарсысыз ба?» деген пiкiрталас пен дау-дамай туғызатын сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.

- Тиянақтау,

- салмақтау,

- бағалау,

- маңыздылығына қарап жіктеу,

- тексеру,

- салыстыру,

- қайта қарастыру,

- рет-ретімен қою,

- сұрыптау,

- ұсыныс жасау,

- таңдау,

- өлшеу, таразылау,

- сынау, сынақтан өткізу,

- шешу,

- жақтап не жоққа шығаратын дәлелдер келтіру



Ж

О

Ғ



А

Р

Ғ



Ы

(Некоторые вопросы образования. Пер. с англ. - Алматы: Центр Демократического Образования, 2001 кітабы бойынша)

ҚОСЫМША

Блум таксономиясы аффективтік (эмоционалды-құндылықтық) салада



Бұл салаға тұлғаның өзін қоршаған әлем мен ортаның құбылыстарына деген эмоционалды-тұлғалық қатысын қалыптастыратын мақсаттар жатады. Бұл қатынас түйсік (қабылдау, перцепция) пен қызығушылықтан басталып, құндылықтарды өз бойында қалыптастыру мен оларды белсенді түрде жүзеге асыруға дейін дамиды. Осы салаға тұлғада қызығушылық пен бейімділіктерді қалыптастыру, оның сан алуан сезімдерді жан дүниесінен өткеруі, өзіндік қатынасты қалыптастыру, оны түсіну мен әрекетте қолдану мақсаттарын жатқызуға болады.

Аффективтік мақсаттар когнитивтік мақсаттармен салыстырғанда күрделі болғандықтан (олар тұлғаның қалыптасуына тереңінен үңіледі), олар тез арада нақты нәтижелерді көрсетпейді. Сол себепті де ұстаздар оларды педагогикалық диагностикада көптеп қолданбайды.

Кесте №20

Б.Блум таксономиясы бойынша

аффективтік (эмоционалды-құндылықтық) сала категориялары

(В. И. Чупрасова. Современные технологии в образовании. – Владивосток, 2000. – 58 с. - кітабы бойынша)

Катего-риялар

Мазмұны


Оқушының әрекеттері

Түйсік


Оқушының қандай да бір құбылыстар мен қоршаған әлемнен келіп жатқан қозғағыштарды (стимулдарды) қабылдауға дайындығы мен қабілеттігін білдіреді.

Мұғалім тарапынан мұндай мақсаттарға жету үшін оқушының зейінін өзіне аударып, оны қажетті нәрсеге тоқтатып, бағыттау керек.

Мұнда келесі субкатегориялар кіреді:

- түйсіну;

- түйсінуге (қабылдауға) дайын болу, соған ұмтылу.

Бұлар оқушының оқу мазмұнына деген бәлсенді (пассив) позициясынан белсендірек қатынасына (алайда әлі де толық мақсатты түрде бағытталмаған) көтерілуді көрсетеді.

- Оқудың қажеттілігін түйсінеді;

- Сыныпта өзін қоршағандардың пікірлерін мұқият тыңдайды, қарым-қатынаста киім, интерьер, сәулет пен сурет өнерінде эстетикалық факторлардың маңыздылығын түсінетіндігін көрсетеді;

- Басқа адамдардың проблемалары мен қажеттіліктеріне, қоғамдық өмірде туындаған проблемаларға өзінің икемділігін көрсетеді.

Реакция (жауап беру)

Оқушы тарапынан туындаған белсенділікті нұсқайды.

Бұл деңгейде оқушы тек түйсініп (қабылдап) қана қоймай, қандай да бір құбылысқа немесе сыртқы қозғағышқа жауап береді; пәнге, құбылысқа немесе әркеттенуге қызығушылық танытады.

Субкатегориялары:

- тәуелді түрде жауап беру;

- ерікті түрде жауап беру;

- өз жауабына қанағаттану.

- Мұғалім берген үй тапсырмасын орындайды;

- Мектеп ішінде қабылданған ережелер мен жүріс-тұрыс тәртібіне бағынады;

- Сынып ішінде туындаған мәселелерді талқылауға қатысады;

- Қоғамдық-саяси және халықаралық проблемалар баспа бетінде қалайша жарық көретіндігімен өзіндік тұрғыдан танысады;

- Тапсырмаларды орындауға өз еркімен сұранады;

- Оқу пәніне қызығушылық танытады.

Құнды-лық-тарды таңдау

Қандай да бір өмірлік құндылықтарға бағытталып, оларды өз бойына сіңірудің әртүрлі деңгейлері жатады (яғни өмірде кездесетін әртүрлі объектерге, құбылыстарға немесе әрекеттенудің түрлеріне деген көзқарас):

- құндылықтарды таңдап, қабылдау (басқаша айтқанда, пікір қалыптастыру);

- құндылықтардың қайсысы маңызды екендігін анықтау, оларға баға беру;

- таңдаған құндылықтарға деген ықылас, сенім.

- Алдына мақсат қояды, бір жетістікке жетуді қалайды (мәселен, сауатты түрде сөйлеп, жаза білу);

- Өзіндік тұжырым қалыптастыру үшін әртүрлі көзқарастарды мақсатты түрде зерттейді;

Өз көзқарасы мен идеалдарын жақтауда жоғарғы сенім көрсетеді.

Құндылық-тарды қалыптас-тыру

Әртүрлі құндылықтарды түсіну мен оларды байланыстыру арқылы таңдау жасап, өзіндік құндылықтарды қалыптастыру.

Екі түрі болады:

- өзінің қатысын түсіну:

- құндылықтар жүйесін қалыптастыру.

- Өзінің әрекеттеріне деген жауапкершілікті өзіне жүктейді;

- Өзінің мүмкіншіліктері мен шектеулерін түсінеді;

- Өзінің қабілеттері, мүдделері мен нанымдарына сәйкес болашаққа жоспарлар құрады;

- Өзінің сүйікті өнер туындысының ерекшеліктерін айқындауға тырысады.

Құнды-лықтар-дың әрекет-терден көрінуі

Тұлғаның құндылықтарды ұстану, өз бойына сіңіру деңгейін көрсетеді. Құндылықтар тұлғаның әрекеттерін айқындап, күнделікті әдетке (өмір салтына) айналады.

- Өқуда өзінділік пен дербестік танытады;

- Бірлесе жұмыс жасауға ынта танытады;

- Дәлелді айғақтар келтірілгенде өзінің көзқарастарын қайта қарастырып, әрекеттерін өзгертуге дайын екендігін көрсетеді;

- Жеке гигиена мен салауатты өмір салтын ұстанған дағдыларды тұрақты түрде көрсетеді;

- Өзінің нақтыланған әрі бірізді өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады.

V. БАҒАЛАУ

1. Жоғары оқу орындарында бағалау мәселесі туралы

1.1 Оқу сапасы және студенттердің білімін бағалау

«Бағалау не үшін керек?» деген сұраққа дәстүрлі оқыту жүйесінде «Студенттердің білімін тексеру үшін» деген жауап беріледі, өйткені мұнда бағалауды оқытушы тарапынан студенттің білім деңгейін анықтау деп қарастырылады. Осы тұрғыдан оқытушылар өз әрекеттерін межелік/аралық бақылауда немесе емтиханда студенттерден берілген сұрақтарға ауызша жауап алумен немесе тест қабылдаумен шектейді. Алайда мұндай тексеріс көп жағдайда студенттердің есте сақтау қабілетін ғана анықтап, олардың не үйренгендігін, білімділігі мен біліктілігінің жалпы деңгейін айқындамайды. Бұған қоса бұл жерде «бағалау» ұғымы «баға қою» ретінде қабылданады, ал мұндай түсінік бағалаудың мазмұны мен барлық ерекшеліктерін айқындамайды.

Бағалау бірінші кезекте білімнің сапасын айқындау үшін қажет. Егерде біз өз жұмысымызда елеулі табыстарға қол жеткізгіміз келсе, онда өткен уақыттағы және қазіргі нәтижелерімізді анықтауымыз керек, яғни жұмысымыздың оң жақтары мен кемшіліктерін айқындап, оны бағалауымыз қажет.

Жоғары мектептің жұмыс сапасы ЖОО-ның өз мақсаттарын (миссиясын) қандай деңгейде орындайтындығымен байланысты. Сапа - жоғары оқу орнының (немесе пәннің, сабақтың, оқытушының) оқу нәтижелеріне қол жеткізуде студентке қандай деңгейде көмектесіп, студенттің «не үйренгендігінің» айғағы. Осыған орай оқу/оқыту сапасын қажетті деңгейде қамтамасыздандыру үшін жоғарғы оқу орындары өз жұмысын бағалауда келесідей мәселелерге назар аударып, қойылған талаптарды орындауы керек:

1) Мақсат.

Оқудың/оқытудың мақсаттарын айқындау:

- Білім жүйесінде бағалау не үшін керек? Бағалау кім үшін қажет және оның нәтижелерін кім пайдалана алады?

а) Бағалау білім деңгейінің сапасын айқындау үшін қажет:

- студент өзінің біліми ахуалын білгісі келеді,

- оқытушы студенттің білімі қандай дәрежеде екендігін және өзінің оқыту әдіс-тәсілдерінің нәтижелігін анықтағысы келеді,

- ЖОО әкімшілігі бұл екеуінің де жұмысқа деген қабілеті мен біліми, кәсіби деңгейін білуді мақсат тұтады,

- мемлекет министрлік арқылы бюджеттік қаржының қалай жұмсалатындығын және болашақ мамандардың дайындау ісінің ахуалы мен деңгейін білгісі келеді.

ә) Бағалау жоспарланған нәтижелермен (стандарттармен) салыстырғанда білім деңгейі мен оқудың/оқытудың қаншалықты дәрежеде екендігін білу үшін қажет.

б) Бағалау оқу мен оқытуда қолданылып жатқан әдістемелік ұстанымдардың тиімділігін білу үшін қажет.

2) Нәтиже.

Оқудың/оқытудың нақты нәтижелерін айқындау және оларды ЖОО-ның, мамандық пен пәннің миссиясымен салыстыру:

- Нені бағалау керек? Оқу процесінің қандай нәтижелері (білім, білік, дағды, машық, түсінік, қатынас, т.б.) бағалау арқылы анықтауға тұрарлық (маңызды)?

Оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігі студенттердің не білгендігімен айқындалады. Жоғары мектептің бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес студенттер оқу процесі барысында және нәтижесінде келесідей білік, дағды, құзырлылықтарды меңгеруі және иемденуі керек:

- ақпараттың шексіз көп мөлшерінен (оқулықтар, ғылыми әдебиет, БАҚ, Интернет) өзіне қажеттісін таңдап алып, оны өз қажеттілігіне бейімдеп, практикада қолдану;

- өздігімен үйрене білу;

- проблемаларды шешу мен шешім қабылдау секілді күрделі тапсырмаларды орындау;

- қандай да болмасын мәселе бойынша өзіндік пікірі, ойы, тұжырымы, түсінігі болу, оларды ұтымды түрде басқаларға жеткізу, дәлелдеу және қорғау;

- қарым-қатынас құра білу (ауызша және жазбаша коммуникация), бірлесе жұмыс жасай білу: тыңдай білу, басқаларды сыйлау, өзге пікірлерге икемді және бейімді болу, олармен санасу, жанжалдардың алдын алу;

- өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын өмірлік философия (рухани, моральдік, этикалық дүниетаным) ретінде қалыптастыру, бұл философияны жалпы адами құндылықтармен байланыстыру;

- өз білімі мен танымының қандай деңгейде екендігін біліп, оларды әрқашан да дамытып отыру.

Студенттердің осындай білік, дағды, құзырлылықтары бағалауда қарастырылады.

3) Тұжырымдама.

Студенттердің жетістіктерін анықтауда қандай қағидаларды ұстану керектігін айқындау:

- Бағалауда ұстанған жалпылама қағидалардың қандай болуы керек? Бағалауда қандай саясат ұстану керек? (Қосымшада келтірілген «Бағалаудың алты қағидасын» қараңыз).

4) Құрал.

Оқу жетістігінің (үлгерімінің) дәлелдерін жинақтау:

- «Қалай бағалау керек? Студенттердің тақырып (пән) бойынша қандай білімді (білік, дағды, машық, құзырлылық, құндылықтар) және қандай деңгейде меңгергенін қалайша білуге болады? Студенттердің білім игергендігінің (бір нәрсені білгендігінің) дәлелі қандай болу керек? Бағалаудың қандай тәсілдері мен құралдарын қолдану керек?»

Мұнда студенттердің білім игеруде қандай нәтижелерге жеткендігін дәлелдейтін құралдарды (тәсілдерді) таңдап алу қажет. Бұл тәсілдердің жүзеге асырылуы үшін талдау мен қорытынды жасауға тұрарлықтай әрбір оқу мақсаты үшін көп мөлшерде тапсырмалар дайындау керек.

5) Талаптар.

Студенттердің берілген тапсырмаларды қандай дәрежеде орындайтындығын анықтайтын және олардың үйренгендігін дәлелдейтін талаптар (критерийлер) құрастыру:

- «Бағалаудың талаптары (критерийлері) қандай болуы керек?» (бұл жерде төменде келтірілген «Рубрика» атты бөлімшенің идеяларын қараңыз).

6) Жариялау.

Студенттердің жазу жұмыстарын оқу процесіне қатысушылардың назарына ұсыну жолдарын анықтау:

- «Бағалаудың нәтижелерімен көпшілікті қалай және қашан таныстыру керек?»

Бағалау процесіне қатысты адамдар үшін оның нәтижелерін жариялау маңызды. Мұнда жариялаудың әртүрлі тәсілдерін қарастыру қажет: жазу жұмыстарын аудитория қабырғасына іліп қою, «Автордың орындығынан» оқу, кітапша түрінде басып шығару, қабырға немесе электронды газет түрінде жариялау, диафильм немесе слайд жасау, т.б.

7) Кері байланыс.

Студенттердің үйрену көрсеткіштерін зерттеу және оларды өз жұмысын жақсарту үшін қолдану, оқу жоспарларын құруда оқудың/оқытудың нәтижелерін ескеру:

- «Бағалаудан кейін оқу процесіне қандай өзгерістер енгізу керек? Бағалау нәтижелері қашан қажетті болады және оларды қалайша пайдалануға болады? Бағалаудан кейін оқу процесіне қандай өзгерістер енгізу керек?»

Студенттер оқуының сапасын үнемі жетілдіру мақсатында кері байланысты оқу жоспарлары мен бағалауға өзгертулер енгізу үшін қолдану керек, өйткені бағалау студенттің оқу әрекеттерінің аяққы нәтижесі болмауы қажет. Бағалау білім игерудің белгілі бір кезеңіндегі студент жұмысының сапасын анықтайды, ал студент оның нәтижелерін өзгерту мүмкіндігіне ие болады.

1.2 Бағалаудың мағыналары туралы

С.Мирсейітова (С.Мирсеитова. Словарь RWCT.- Алматы: Верена, 2005.- 144 с.) «бағалау» терминінің ағылшын тіліндегі үш мағынасын келтіреді:

1. Бағалау (Evaluation). Мұнда бағалау - талдау ретінде қарастырылады.

2. Мониторинг (Assessment). Бағалау - құрал ретінде танылады.

3. Баға (Grade немесе Mark). Бағалау - сандық (мөлшерлік) құрал ретінде қарастырылады (С.Мирсеитова, 2005, 58-59).

Бірінші мағынада «бағалау» үйренушілердің жетістіктерін жан-жақты қарастырып, «білімді сандық және сапалық тұрғыдан анықтау» (С.Мирсеитова, 2005, 58) деп келтіріледі. Бұл тұрғыда бағалау - үйренушілердің оқу жетістіктерін белгілі бір талаптармен (критерийлер, стандарттар, үлгілер, эталондар, идеалдар) салыстыру, сол тұрғыдан нақты өлшемдер (балл, процент) көмегімен оларды сипаттап және тексеріп, соңынан қорытынды шығару. Мұндай түсініктегі бағалау «сыртқа», яғни қоғамға, социумға бағытталады.

Екінші түсінікте «бағалау» үйренушілердің жоспарланған нәтижелерге жету көрсеткіштері ретінде қарастырылады (мәселен, курстық бірлік немесе модуль аумағында); мұнда студенттердің дамуы мен өзгерістері олардың әрекеттері (нақты құралдар) арқылы көрсетіледі: тест, эссе және басқа да жазба жұмыстары, жоба, интервью, портфолио, т.б. Мұндай өлшеу (мониторинг) студенттердің өз жетістіктерін бағалау немесе ЖОО-ның оқу нәтижелерін жоспарланған нәтижелермен салыстыру үшін қажет. Өз жетістіктерін басқалардың білімі немесе өзінің кешегі білгенімен салыстыра отырып, үйренуші өзінің қаншалықты дәрежеде дамығандығын айқындап (жетістіктері мен кемшіліктері), өз білімін әрі қарай қалайша дамыта түсу керектігін анықтайды. Мұнда бағалау «ішке», яғни үйренушінің тұлғасына немесе оқу орнына бағытталады.

Үшінші вариантта «бағалау» біздің қолданысымыздағы «баға», «баға қою» ұғымымен байланыстырылады: емтихан, тест, жазба жұмысы, жобаның орындалуы немесе семестр нәтижесі бойынша рейтингтік жүйе, балл мөлшері (мәселен, жүз балдық) немесе сандық жүйе (дәстүрлі бес балдық), әріптік жүйе (A,B,C,D,F) негізінде студенттің жұмысына қойылатын баға.

Интербелсенді оқу/оқыту бағалауды үйренушінің өсуі мен дамуының көрсеткіші деп есептеп, оларды үйренушінің оқу әрекеттері арқылы анықтайды. Бұл жерде бағаланатын нәрсе - оқу процесінің өзі, сол арқылы үйренуші өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалайша даму керектігін түсінеді, яғни үйренушінің қалайша жұмыс жасағандығы, оның қалайша ойлайтындығы бағаланады.

Интербелсенді оқу/оқыту практикасында «бағалау» термині келесідей мағынада қолданады:

Бағалау - студенттердің (ЖОО-ның) оқу процесінде қаншалықты табысты (немесе, керісінше) болғандығын, білім игерудегі олардың жетістіктерін, өсуі мен дамуын анықтау.

Бағалау - студенттердің қолынан не келетіндігін (білім, білік, дағды, машық, құзырлылық, құндылықтар) айқындау.

Бағалау - білім игеру процесіне қатысушылардың (оқытушы және студенттер) әрекеттері қандай деңгейде екендігін, олардың сапасын анықтау.

Бағалау - студенттердің білімін қалайша әрі қарай дамытып, олардың алдағы білім игеру әрекеттерінің деңгейін қалайша жақсартуға болатындығын білу, жоспарлау және студенттерді соған ынталандыру.

Бағалау – оқу процесінің (студент әрекеттерінің, сабақтың, пәннің, курстың) қаншалықты нәтижелі екендігін анықтап, мақсаттардың қандай дәрежеде жүзеге асырылып жатқандығын анықтау.

Кесте №21

Оқу жүйелеріндегі бағалау ерекшеліктері

Оқу


жүйе-

лері


Пара-

метрлер


Дәстүрлі оқыту

Интербелсенді оқу

Не бағаланады

Оқытушы тарапынан берілген білім, білік, дағды.

- Өзіндік көзқарас, пікір, идеялар, дүниетаным;

- Білімді игерудегі әрекеттер;

- Білімді игеруде қалыптасқан білік, дағды, машықтар, қатынастар, құндылықтар, құзырлылықтар.

Қандай білім бағаланады

Алған теориялық білімді жаттығулар орындауда және мәселелерді шешуде қолдана білу

- Бірлесе (топ құрамында) жұмыс жасай білу;

- Проблеманы айқындай білу, оның шешу жолдарын қарастыра білу;

- Таңдау жасап, шешім қабылдай білу;

- Өз әрекеттерін жоспарлау және ұйымдастыра білу;

- Өзіндік түсінік, пікір, идея қалыптастыру және құрастыру, оларды дәлелдей білу;

- Өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғай білу.

Қандай


тәсілдер

арқылы


- Ауызша сұрау;

- тестілеу;

- курстық жұмыстар;

- бақылау жұмыстары;

- сынақ, емтихан

- Жазба жұмыстары;

- тестілеу;

- бақылау;

- интервью;

- сауалнама;

- портфолио;

- есеп беру;

- өзін-өзі бағалау.

Не үшін?


- Білім деңгейін анықтап, баға қою;

- Ынталандыру;

- Жазалау.

- Білім игерудегі жетістіктерді анықтау;

- Белгілі бір уақыт аралығында үйренушінің өсу және даму қарқынын анықтау;

-Белсенділендіру;

- Ынталандыру;

- Топ жұмысына қосқан жеке үлесін анықтау;

- Алдағы білім игеру әрекеттерінде жетістіктерге жету үшін;

- Үйренушінің білімін қалайша әрі қарай дамытуға болатындығын білу үшін;

- Үйренушілердің әрекеттері арқылы үйретушінің деңгейін анықтау.

ҚОСЫМША


«БАҒАЛАУДЫҢ АЛТЫ ҚАҒИДАСЫ»

«Методическое пособие для тренера. Программа «Street Law». Сост. Мухтарова А.К., Булуктаев Ю.О., Калинина А.А., Асанбекова Г.С. – Алматы: Фонд «ХХІ век», 2001» кітабы бойынша. -58-59 беттер.

2001 жылдың 13-14 қаңтарында Будапеште (Венгрия) «Ашық қоғам» институты (Нью-Йорк) және Street Law (АҚШ) білім беру ұйымы ұйымдастырған құқықтық және азаматтық білім беру жүйесінде бағалау мәселелеріне арналған семинар өткізілді.

Семинарда басты баяндама жасаған профессор Дайана Хесс бағалаудың келесі қағидаларын ұсынды.

Бірінші қағида: «Маңыздылық».

Бағалау үшін пәннің (курстың) ең маңызды, бағалауға тұрарлық күтілетін нәтижелерін таңдап алу қажет, өйткені бағалауға уақыт, күш және басқа да ресурстар шығындалады. Егер нәтиже маңызды болмаса (оқытушының пікірі бойынша), онда оны бағаламаса да болады.

Бағалау бұған қоса күтілетін нәтижеге (тәжірибе, білім, дағды, білік, құндылықтар) үйрену процесінің өзін жақсартады. Студенттер пәннің (курстың) бағаланатын жақтарына (мезеттеріне) ерекше түрде көңіл бөледі. Тәжірибелі оқытушылар бағалау үшін көп нәтижелер таңдамайды, олардың қағидасы: «Майда-шүйдеге назар аудармау керек! Тек маңызды нәтижелер ғана бағалануы қажет!».

Сонымен, бағалаудың бірінші қағидасын қолдану үшін ұстаздың өзіне келесідей сұрақтарды қойғаны абзал: «Мен үшін студент жұмыстарының қандай нәтижелері маңызды және бағалауға тұрарлық? Бұл нәтижелердің (білім, білік, дағды, құндылықтардың) адам өмірі үшін маңызы бар ма? Олар өмірде қаншалықты қажет болар екен?».

Екінші қағида: «Дәлдік» («Адекваттық»).

Өзіміз жоспарлаған нәтижеге қол жеткізгенімізді қалайша білеміз? Бұл үшін біз оқушылардың қажетті білім, білік, дағды, құндылықтарды қандай деңгейде меңгергендігін көрсететін бағалаудың дәл құралын таңдап алуымыз керек. Мысалы, егерде біз мақсат тұтқан нәтиже «Оқушыларды тұтынушы құқығын пайдалануға үйрету» болса, онда «Тұтынушының негізгі құқықтарын атаңыздар» деген тапсырмаға негізделген тексеру жұмысы бағалаудың дәл (адекватты) құралы бола алмайды, өйткені құқықтарды білу оларды пайдалана білуді меңземейді.

Мүмкін бұл нәтижені тексерудің дәл әрекеті ретінде оқушыларға «Тұтынушылар құқықтарын қорғаудың әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, мынандай проблеманы (нақты проблема келтіріп) шешіңіздер» тапсырмасын берген дұрыс болар. Сонда оқушылар өздерінің үйренгенін нақты әрекеттер арқылы көрсетеді: өздері келіссөз жүргізеді, өтініш немесе шағым жазады, сотқа арыз береді.

Сонымен, өзіңізге «Оқушылардың мақсат тұтқан нәтижеге жетіп, керекті білім мен білік меңгергендігін қандай жаттығулар (әрекеттер) немесе тапсырмалар дәл көрсете алады?» деген сұрақ қойыңыз.

Үшінші қағида: «Объективтік» («Дәлелділік»).

Бақылау жұмысын орындаудың нәтижелерін бағалау – көп жағдайда субъективтік процесс. Әртүрлі адамдар бір жұмысты бағалағанда, олардың бірдей баға қоюына қалайша жетуге болады? Объективтікке (тұрақтылық, беріктілік, шынайылық, адал, дәлелділік) бағалаудың нақты талаптарын (критерийлерін) таңдау арқылы жетуге болады.

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз: Жақсы орындалған жұмыстың белгілері мен ерекшеліктері қандай болуы керек? Ал қанағаттанарлық деңгейде орындалған жұмыс ше? Қанағаттанарлықсыз жұмыс қандай болуы керек? Бұл белгілер мен ерекшеліктер (критерийлер) басқа оқытушылар мен оқушылардың өздеріне түсінікті болар ма екен? Олар шұбалыңқы болмай, дәл және бір мағыналы болып шыға ма?

Төртінші қағида: «Оқудың ажырамас бөлігі».

Егерде қандай да бір жаттығуды (тапсырманы) бағалау үшін қажетті талаптар дайындайтын болсақ, олар сонымен бірге бұл тапсырманы орындаудың ережелері де болуы мүмкін, яғни нақты білім, білік, дағды, құндылықтарға үйретудің ережелеріне айналады. Демек, егер Сіз осы талаптар бойынша оқушылардың жұмысын бағалаймын десеңіз, онда оларды бұл талаптарды қолдануға үйретуіңіз керек. Дайана Хесс: «Өздеріңіз үйретпеген нәрсені бағалау әділдікке жатпайды» дейді. Бағалау оқу процесінің ажырамас бөлігіне айналу керек. Басқаша сөзбен айтқанда, бақылау жұмысының өзі де үйрету әрекеттеріне жатады. Бағалау мен үйрену – біртұтас процесс.

Мұғалімнің өзіне қоятын сұрақтары: Бағалау талаптары (критерийлері) оқу процесіне енгізілген бе? Мен оқушыларымды бағалайын деген нәрселерге үйреттім бе?

Бесінші қағида: «Жариялылық».

Бағалаудың талаптары мен тәсілдері оқушыларға алдын-ала хабарлануы керек. Баға жария түрде қойылып, оқушылар өздерінің қандай білімдері және олардың қалайша бағаланытындығын білуі керек. Профессор Д.Хесс «Бұл қағида Америка мектептерінде нағыз төңкеріс жасап, оқыту жүйесін түбегейлі өзгертіп жіберді» дейді.

Мұғалімдер бағалау жүйесін алдын-ала ойластырып, оны оқушыларға жеткізуі керек еді. Бұл жәйт мұғалімдердің артқа шегінуіне жол бермеді, өйткені оқушылар бағалаудың әрбір қағидасы бойынша берілген сұрақтарды мұғалімдердің өзіне де қоя алатын болды. Сол себепті де мұғалімдер бағалаудың барлық қағидаларын қолдануға мәжбүр болды.

Бағалаудың талаптары (критерийлері) мен тәсілдерін белгілеуге оқушылардың өздерін де қатыстыру керек. Мұндай ұстаным бағалауды оқушылардың өзіндік әрекетіне айналдырады.

Сонымен, келесі сұрақтарға жауап беріңіз: Мен оқушыларға «нені» және «қалай» бағалайтындығымды қашан және қалай хабарлаймын? Мен бағалаудың талаптары мен тәсілдерін оқушылармен бірлесе отырып белгілей аламын ба?

Алтыншы қағида: «Қарапайымдылық».

Бағалау процесі мен оның формалары қолданыста қарапайым және ыңғайлы болуы керек. Бағалау талаптарын оқу процесіне біртіндеп, оқушылардың бағалау құралдарын игеру деңгейіне байланысты енгізуге болады. Бағалау мұғалімдер мен оқушылардың секемділігін туғызбау керек.

2. БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ

Жоғары оқу орындарының оқу процесінде студенттердің білімін бағалауда келесідей тәсілдерді қолдануға болады: Тестілеу, Бақылау, Интервью, Сауалнама, Есеп беру, Рубрика, Өзін-өзі бағалау (оның ішіне топ жұмысын бағалау кіреді), Портфолио, Жазбаша жұмыс үлгілері.

2.1 Тестілеу

Тест студенттердің оқу жетістіктерін, олардың білімі, біліктері мен дағдыларының жиынтығын объективті түрде (оқытушының қатысуынсыз) өлшеу мүмкіншілігін береді. Мұнымен қатар тестілеудің артықшылығы оның технологиялық мүмкіншіліктерімен байланысты: тест қысқа уақыт ішінде компьютерді қолдану арқылы үйренушілердің көп мөлшерінің білім деңгейін өлшенбелі әрі дәл тапсырмалар арқылы анықтайды. Барлық үйренушілерге ортақ және біркелкі тапсырмалар тест нәтижелерін оқу процесін өзгерту мақсатында қолдануға тиімді етіп, студенттерді өзін-өзі бақылау және өз білімін жетілдіру ісіне ынталандырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет