Ізденіс кезеңінің мақсаты


Ізденіс кезеңіне тұжырымдама



бет2/4
Дата25.08.2017
өлшемі497,55 Kb.
#26589
1   2   3   4

Ізденіс кезеңіне тұжырымдама

Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың жеке тұлғасының, психологиясының дамуының ең басты міндеттері қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Соның ішінде мектепке дейінгі балалардың табиғатты қорғауға тәрбиелеудің орты ерекше.

Экологиялық тәрбиені дұрыс жолға қою мен қажетті нәтижелерді алу- табиғатпен тығыз байланыста болып, ойластырылған ойындарды , серуендерді, әңгімелерді ұйымдастыру. Сондықтанда менің шығармашылық жұмысымның алғашқы бөлінгіндегі балалармен жүргізілетін негізгі жұмыстар балабақша ауласында, қысқы бақтарға , саябақтарға және ауыл сыртына саяхаттар жасау кезінде жүргізіледі.

Табиғат аясында болғанда балалардың бойына адами тұлғаның баға жетпес қасиеті қалыптасады, ол- байқау, қадағалау. Сол себепті, бізбаланың бойына біліктілік танымдық қасиеттерін тиісті мерзімде қамтамасыз етуіміз қажет деп есептеймін.Жеңілден ауырға қарай іс-әрекеттерімізді жүргізіп. Кез келген құбылыстардың барлыққиындықтары мен көпқырлылығын көрсетуіміз қажет.

Серуен кезінде өткізілген іс-әрекеттер балаларға қатты ұнайды. «Жүз рет естігеннен , бір рет көрген артық» деген сөз бар, олтегін айтылмаса керек. Татиғат құбылыстарын, өзгерістерін , тірі табиғат тіршілігін байқау , табиғатты аялаудың мәні зор. Мысалға айтатын болсақ, баларға серуен кезінде құстардың шиқылдаған дауыстары, желдің дауысын естіледі, ойламаған жерден қиын жағдайлар болып табиғатқа көмек көрсету керек болады (мысалы: ағаш бұтағы сыну, құс ұясынан құлап қалу, гүлдерге су құю).Ондайда балалар ойланбастан көмек көрсетуге асығады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған орта , табиғат, табиғат құбылыстары және олардың бір-бірімен байланысын түсіндіріп, алғашқы табиғат туралы ұғыым негіздерін қалыптастыру.Қалыптасқан ұғымдары арқылы қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға баулу. Елін туғанжерін табиғатын сүйетін, оны қадірлеп қорғайтын саналы азамат өсіру, бала дүниеге келген шақтан мектепке дейінгі кезеңнен басталады. Себебі, егеменді еліміздің ертеңі жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Сол себепті мен өз шығармашылығымның бірінші бөлімін ізденіс кезеңі етіп алдым .Бұл кезеңде мақсат міндеттеріне сай дайындалған жұмыс жоспарын дайындап, сол жоспар бойынша жұмыс жүргіздім. Күнделікті өмірдегі тәжірибеде балалармен мына жұмыс түрлерін кеңінен қолдандым: күнтізбе бойынша табиғатты байқау, тірі табиғат бұрышын ұйымдастыра отырып әрбір ашық оқу іс-әрекеттерді табиғатпен байланыстырып отырдым.

Балабақша бүлдіршіндеріне қоршаған ортамын таныстыра отырып, экологиялық тәрбие беру, бүгінгі күннің өмірлік талабы, табиғи қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қажетті түсініктер қалыптастыру.

Табиғат- сұлулықтың қайнар көзі эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы, балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, талғам қиялын дамытады. Табиғат құбылыстарымен жақын таныстыру баланың мысалы: күн сәулесінің нұрын, судың сылдырын, жапырақ сыбдырын, құстардың сайраған үнін түсіне білуге баулиды.

Халықтық тәрбие тағылымындағы асыл мұралардың бірі табиғатқа үлкен құрмет, зор ілтипатпен қарауы, сондай-ақ оны көздің қарашығындай сақтап, жас ұрпаққа тәрбиелік маңызы бар әңгімелер, ұлағатты терең ойлар жеткізе білуінде. Үлкендердің балаларға «көкті жұлма» болмаса «құсты атпа», «су анасы-бұлақ», «судың да сұрауы бар» – деген сөздерін де мағынасы терең, ауқымы кең философиялық терең ой, тәлім- тәрбиелік бастау жатыр.

Экологиялық тәрбие мазмұнының дені ашық аспанда, серуендеу кезінде жүргізілетіндіктен бақылау, мақсаты серуеннің соңы ойынға ұласады. Әрбір топ балаларының жас ерекшелігіне орай алынған ойын түрлері, балалардың психологиялық ерекшеліктерін айқындап, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттырып, ептілікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.

Балалардың көңілін өсіріп, ойын сергіту мақсатындағы бағдарлаудың мазмұнына сай тәулік, апта, ай, жыл мезгілдерін бір-бірінен ажыратуға байланысты алынған дидактикалық ойындар. Уақыт бойынша бағдарлай білу, адам тәрбиелілігінің көрсеткіші атты қағиданы басшылыққы ала жүргізіледі. Күнделікті өмір тәрбиесінен алынып, табиғатқа қамқорлықты одан әрі жүргізуге бағытталған кең ауқымды тәрбие жұмысының үлгі жоспарлары табиғат қорғауға жасалған алғашқы әрекет қадамдар. Ал табиғат және халық даналығы, қызыл кітап, қорықтар, тақырыптарда қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігі, табиғат заңдылығының шынайы құндылығы. Қоршаған ортамен таныстыру және экологиялық тәрбие жұмысын жүргізудің календарлық жоспары бала санасында табиғат қорғау туралы таным, түсінік ұялатып, тәрбие жұмысының жүйкелі жүргізілуіне бағыт –бағдар береді.

 ЕСТИЯРЛАР ТОБЫ :

4-5 жастағы балаларға бойында өсімдіктердің, жануарлардың көп түрлілігі туралы, сонымен қатар табиғат маусымдары, өзгерістерді рет-ретімен ауысып келіп отыратынын айтып, ұғындырылады. Жыл мезгілдерінің бір-бірінен айырмашылығы барын көріп білуге үйрету.

Жан-жануарлар туралы көз-қарастарын қалыптастыру : танып білуге үйрету, дене мүшелерін, түр-түсін, қозғалысын, дыбыстауын, немесе қоректенетінін, келтіретін пайдасын айтып түсіндіру. Еңбек дағдысын қалыптастыру, еңбектің мәнін түсіндіру, еңбектің нәтижесі туралы талдаулар жасау, өз беттерінше бөлме ішін тазалау және табиғат бұрышының жәндіктерін күтуге үйрету.

Табиғат және жан-жануарлар туралы әңгімелер оқу.

Табиғат жайлы суреттерді, слайдыларды, көріністерді көрсету, саяхаттар ұйымдастыру.

Табиғат туралы мақал-мәтелдерден альбом дайындау.
ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫ :
Табиғат құбылыстарының себепті-тергеулі байланыстарын нақтылауға үйрету.

Тірі организмдердің елеулі белгілерін таба білуге және оларды өмірдегі жағдайға, жекелеген органдардың құрылымы аралығындағы байланысты белгілеу үшін пайдалануға үйрету.

Қорғалатын өсімдіктер мен жануарлар туралы көзқарастарын қалыптастыру.

Адам өміріне қажетті ормандар, тоғайлар, топырақтар туралы балалардың ұғымдарын кеңейту және бекіту.

Белгіленген маусымда табиғатты қоршаған ортаның өзгерістерін бақылай отырып, табиғат күнтізбесін тұрақты жүргізуге үйрету. Байқаудың нәтижелерін суретпен кескіндеуге бейімдеу, себебі соңындағы қорытынды жасау әңгімесінде осы маусым жайында байқағандарын әңгімелегенде естеріне түсіруге де қолайлы.

Табиғат бұрышының тазалығын сақтауға, бөлме ішінде өсімдіктерді күтуге, олардың атауларын білуге, су құйып отыруға, жапырақтарын сүртуге, топырақтарын қопсытып отыруға үйрету. Ауырлау жұмыстарға да баулу : жемістер мен көкөністерді жинау және қысқа дайындау (сорттап бөлу және жуу). Құрғақ бұтақтарды кесу, ағаштар мен бұталарды отырғызу, орындарды әзірлеп, шұңқырларды қазып, ағаштардың жан-жағына топырақтар салу т.б. Жыл мезгілдерінің барлық түрлерінде саяхаттарға шығу. Гүлдерден, түрлі жапырақтардан гербарийлер жасау, еңбек пәні үшін, табиғаттағы түрлі материалдарды жинау.

Қазақ халқының халық педагогикасындағы асыл мұраларының бірі-табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілігі мен оған деген асқан адамгершілік қасиеті. Қазіргі экологиялық мәселелер бүкіл адам баласын ойландырып отырған кезде халқымыздың бұл салада қалдырған тағылымдық та, тәрбиелік те мәні зор, асыл мұраларына көңіл бөлу ерекше қажет, табиғат жайындағы нақыл сөздер, өнегелі өсиеттер, жырау мен ақындар жырындағы ойлы пікірлер экологиялық тәрбие беруде және балалардың экологиялық мәденитін қалыптастыруда өте құнды құрал. Мысалы: «жері байдың елі бай», «күте білсең жер жомарт», «жер- байлықтың көзі», «жер тіршіліктің бесігі», «бір ағаш кессең он ағаш отырғыз», «атаңнан мал қалғанша тал қалсын», «жердің сәні – егін,елдің сәні-білім», «дана көптен шығады, дәрі-шөптен шығады» т.б. деген сөздер бала санасына жас кезінен сіңіп өседі.

Қорыта келгенде мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда эколгиялық ортаның алатын орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалардытабиғатты қорғауға тәрбие беруде табиғаттың маңыздылығын жас ерекшеліктеріне қарай сатылай түсіндіру, баланың ойлау қабілетін, сөзік қорын, тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Сонымен қатар эстетикалық тәрбие баланың бойындағы әдемілік, әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп табиғат сұлулығын танытып, сезіне білу оны шығармашылық пен өмірге ендіре білу қабілеті, талғам қиялын, көзін ашқан бұлақтай дамытады In My World





Байқау кезеңінің мақсаты:

Мектепке дейінгі балалардың қоршаған орта арқылы танымдық қызығушылықтарын арттыруды теориялық тұрғыда негіздеу және практика жүзінде іске асыру.




міндеттері:


  • Мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығының мазмұны мен өзіндік ерекшелігін анықтау.




  • Қоршаға ортаны қорғау арқылы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін негіздеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Түрлі тәсілдерді пайдалану арқылы бала ойын жақсы жеткізеді. Танымы артады, дамиды

  • Тұлға қалыптасады.

Байқау кезеңінің жұмыс жоспары




Жүргізілетін жұмыстар

Мерзімі

1

Байқау кезеңінің жұмыс жоспарын бекіту


Қыркүйек

2

Әдістемелік көмекші құрал жасауға дайындық


Жыл бойы

3

Аудандық семинарларға қатысу





4

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеттер




5

Байқау кезеңіне тұжырымдама жасау


Мамыр





Байқау кезеңіне тұжырымдама

Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі. Ойын–баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән–мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. 
Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. 
Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырды. Грузин педагогы Ш.А.Амонашвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ш.А.Амонашвили өз оқушыларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті–баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Ойын арқылы оқытудың

арқасында дидактикалық ойын пайда болды. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет. 
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. 
Ойындардың тиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің көңіл–күйіне де байланысты болады. Әр ойынды өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет. 

І-кішкентайлар тобы

Бұл топтағы балаларда айналардағы түрлі заттар туралы алғашқы қарапайым және жалпылама түсінік қалыптасады, сондықтанда олар табиғат дегенде жыл мезгілдерін, көктемнің шыққанын, жаздың болғанын немесе қар түсіп қыстың басталғанын тәрбиешілердің көмегімен ажырата алады.

Серуен кезінде гүлзарлардағы гүлдерді жұлмай қайта оған қамқор болып жүруге үйрету, өсімдіктерді дұрыс атай білуге, көкөніс пен жеміс-жидектерді бір-бірінен түсіне, дәміне қарай ажыратып, оларды атай білуге үйрету. Құстарды, олардың қимыл әрекеттерін оны күтіп бақылап қарауға бейімдеу.

 

ІІ-кішкентайлар тобы

Ал, екінші кішкентайлар тобының балалары айналадағы заттар мен нәрселерді танып қана қоймай, оларды жақсы-жаман, әдемі, әдемі емес деп ажырата бастайды. Бұл топта балалардың білуге деген құмарлығының шапшаң дамуына байланысты неге? неліктен? Деген сұрақтарға жауап іздеп отырады. Сондай-ақ қоршаған табиғаттың эстетикалық қасиеттерін таныстыру үлкен орын алады. Айналадағы өмірде жиі кездесетін құбылыстар жайында түсінік қалыптастыру. Жануарларға, өсімдіктерге деген ұқыпты қарым-қатынаспен оларды күтіп баптауға, қамқор болуға әсемдікті түсінуге табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, ауа-райын бақылатып, күн мен түнді айыра білуге үйрету.

Судың, қардың, саз балшықтың қасиеттеріне тоқталу, атай білуге үйрету. Қар /ақ, суық, ұстасаң еріп кетеді, су- суық, жылы болады, мұз-қатты, тайғанақ, кепкен балшық қатты ол дымқыл болғанда илеуге болады т.б./

Өсімдіктердің түріне, түсіне, үлкен, кішілігіне негізгі ерекшеліктеріне қарай ажырата білуді, бөлме өсімдігі, қатты күтім қажет етпейтін қазоты (герань), үнемі гүлдеп тұратын бегонияны бір-бірінен ажырата біледі. Бегония –сабағы түкті, жапырағы түрлі-түсті көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ортаңғы топ Бұл топта балалардың сөздік қоры молайып, айналадағы түрлі құбылыстарды сөзбен жеткізуге әрекет жасайды, табиғат туралы түсініктері одан әрі дамиды. Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттағы мерзімдік құбылыстар жайлы, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі туралы түсініктерін қалыптастыру ісін одан әрі жалғастыру. Сондай- ақ табиғат құбылыстарын мұқият бақылауға және олардың арасындағы байланысты анықтауға табиғаттың әдемілігін сезініп, сүйе білуге, өсімдіктермен жануарларға қмқорлық пен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Мысалы: гүлдерді баспай айналып өту, кесілген және уақытша жұлынып алынған өсімдіктерді суға салып қою, құстардың және басқа да жануарлардың қасынад өзін байсалды ұстау, тірі жәндіктерге қамқорлық жасау т.б.

Қорытынды кезеңінің мақсаты:

Қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет, тілдамыту, серуен кезіндегі бақылау, еңбек іс-әрекеттері бойынша зерттеу жұмыстарын қорытындылау.




Міндеттері:

Дамытушылық деңгейін арттыра отырып, алған білімін жүйелі пайдаланатын, білімі қалыптасқан ғылыми-зерттеу жұмыстарына бейімі бар этносубъект шығару.



Зерттеу жұмысының нәтижесі:
Бүгінгі қоғам талаптарына сай, жан дүниесі бай Отанын жерін елін сүйетін, табиғатқа қамқор бола білетін сауаттылығы жетілген белгілі қоғамның мүшесі қалыптасады.

Қорытынды кезеңінің жұмыс жоспары.



Жүргізілетін жұмыстар

Мерзімі

1

Қорытынды кезеңнің жоспарын бекіту

Қыркүйек

2

Балаларға анықталған қабілеттеріне байланысты жұмбақтар, өлеңдер, дидактикалық ойындар. Ертегілер құрастыру. Бейнетаспалар, слайттар дайындау.

Жыл бойы

3

Аудандық, облыстық, Республикалық басылымдарға жұмыстарды жариялау




4

Әдістемелік көмекші құрал жасауға дайындық

Жыл бойы

5

Шығармашылық есеп

Мамыр

Қазі ргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие жұмысы бұрынынғы қалыптасқын бағдарламадағы «Балаларды табиғатпен таныстыру» бөлімінен бастау алады. Ал табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларының тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау – экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырылды.

Экологиялық тәрбие жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар:

а) жеке алынған ағзаның өзінің өмірсүру ортасына ие болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі

ә) өмір сүретін тірі ағзалардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болуы.

Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі балаларның қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:

- табиғаттағы әр түрлі оқиғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін сюжетті-рольді ойын;

- балабақша және мектеп алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ақ, заттарды қайта өңдеу (ойыншықтарды, кітаптарды және т.б. жөндеу) іс-әрекеті;

- табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау;

- табиғатпен тілдесу, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерімен еркін түрде байланыс жасау – бақылау, оларды еркелету, күтіп-баптау іс-әрекеті, қолға үйрету мен белгілі-бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитын кешенді іс-әрекет;

- тәжірибе жасау – бақылау нәтижесндегі өз пікірін айтумен сабақтасып келген іс жүзіндегі танымдық іс-әрекет;

- тіл, сөйлесу іс-әрекеті, сұрақтар, хабарламалар, әңгіме, диалогқа қатысу;

- т абиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөнінді пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін айқындау;

- бақылау - өз бетінше дамытумен бірге табиғат туралы және табиғаттағы адамдардың іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету;

- табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды, суреттерді көріп тамашалу, шағын шығармалар оқу балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан түсініктерін айқындайтын және жаңа ықпал ететін іс-әрекет түрлері.

Баланың табиғаттан алған әсерін әңгімелеп, суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді. Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші-ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, оларды өз бетінше әрекет жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауғы мүмкіндік береді. Мұндай іс-әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланысты руға болады.

Балалармен экологиялық бағыттағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу тәрбиеші-ұстаздың кәсіби шеберлігін танып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін қамтамасыз етеді. Сол себепті балалардың экологиялық тәрбиелілігінң деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс түрлерін ұсынамын.

«Тіршілік иелерінің өміріне қажетті түғызу және қолдау әдісі» балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі болып саналады. Ол балалардың тәжірибе жасау дағдыларын, икемділіктерін айқындауға бағытталған. Объектілерді бақылау - өсіп-өндірудің нәтижелері қалыптаса бастаған дағдыларды бағалауға бағыт береді және оларға сипаттама беруді қамтамасыз етеді. Экологиялық тәрбиеде жақсы нәтижеге жету – осы әдіс түрінің тәжірибе мен моделденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ақ, заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Бақылау- табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Ұзақ мерзімді бақылаулаларды ұйымдастыру - өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу, балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты. Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін , тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының бақампаздығын аңғартады, осының әсерінен баланың дүниетанымы кеңейіп, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта түседі.

Табиғатты бейнелеу әдісі – экологиылқ тәрбие жүйесіндегі өзіндік орны бар әдіс түрі. Мұнда балалар табиғат көрінісін, кәсіби шеберлер дайындаған көркемдік суреттерді, музыкалық және әдеби шығармаларды тамашалап, табиғат күнтізбесімен жұмыс істеп, бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Табиғатпен тікелей байланыста алынған халқымыздың ұлттық тұмыс бұйымдары балалардың ол жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, олармен жақын танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл әдіс түрі арқылы табиғат адамдарға жоғары дәрежедегі рухани байлық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың сезімдеріне әсер ету арқылы әсемдікті сақтай білуге итермелейтіні жөнінде ұғым қалыптастырады.

Өнер туындыларынан көрмелер ұйымдастыру, ондағы табиғаттың әсем көрінісін балалардың әңгімелеп жеткізе білуі олардың сезімдік талғамын, әдемілікке ұмтылу қабілеттерін дамытады.Бұдан балалар таза ауада демалып, табиғат әсемдігінен талғамдық ләззат алады, өсімдіктер мен жануарлардың бірлестігі туралы біледі, олардың қимыл қозғалыстарын бақылайды. Тіпті тірі табиғатпен осылаша өзара қарым-қатынас жасау балалардың табиғат аясында тәртіп нормаларын сақтап, мәдениетті демалу.

Начало формы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет