Мұғалім:Тусова Асель Жанибековна
Сабақтың тақырыбы: «Уақыт»
5 «А» сынып.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. “Уақыт”тақырыбы бойынша әңгімелей білу,тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу.
Дамытушылық.
Тұрақты сөздермен жұмыс жүргізе отырып, сөздік қорын молайту, ауызекі сөлеу тілін қалыптастыру.
Тәрбиелік.Сөзжұмбақтар арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыра отырып,бос уақыттарын бағалауға, адамгершілік қасиеттерін, достықтың мәнін түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:
Мәтін бойынша мазмұнын айта білу;
Рөлдерге бөліп оқи отырып, өз сезімдерін жеткізе білу;
Мәтіннен тұрақты сөз тіркестерін таба білу;
Сабақтың түрі: тіл дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ .
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, қазақ тілі;
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
1) амандасу.
2) түгендеу.
3) оқушылармен сөйлесу.
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Бір жылда неше ай бар?
-Бір жылда неше күн бар?
-Бір айда неше күн бар?
-Бір аптада неше күн бар?
-Бір тәулікте неше сағат бар?
Жаңа сабақ: «Уақыт».
1)Жұмбақты шешу.
Уақытты санайды
Ешкімнен сұрамай.
Тіліңді алмайды,
Құлағын бұрамай.
(сағат)
Зерге сатылмас
Зорға табылмас
(уақыт)
-Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Уақыт».
-Бүгін біз сұрақтарға жауап береміз, кроссворд шешеміз, талдау жасаймыз,жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрастырамыз.
Сұрақ: оқушылар, сендерге «уақыт» дегенде қандай сөздер ойларыңа келеді.
1) сызба:
2) Сөздерді пайдалана отырып сөйлем құру.
Мысалы:
Қазіргі кезеңде көп оқу керек.
сағат
заман
ғасыр
3) Сөзжұмбақты шешу. Сөздерді қазақшаға аудару.
1. «Радость» сөзінің аудармасын тап.
2. «Гордость» сөзінің аудармасын тап.
«Даулет» сөзінің синонимін табу.
Мақалды толықтыр.
... – азбайды,
Білім тозбайды.
Сегіз әріптен тұратын ең нәзік сезім.
4) Мұғалімнің сөзі:
Уақыт өткен шақтан келер шаққа қарай бір-ақ бағытта өтеді.Сондықтан уақыттың бұрын өткен бөлігі қайта оралып, екінші рет келмейді.Уақыт ел өмірінің аса маңызды бөлігі, сондықтан халық шаруашылығын ілгері үшін,өмірін жақсарту үшін уақыттың әрбір минутын есепке алып, оны ұқыпты пайдалана білу керек.
5) «Уақыт» сөзін тәуелдеңдер.
Менің уақытым Біздің уақытымыз
Сенің уақытың Сендердің уақыттарың
Сіздің уақытыңыз Сіздердің уақыттарыңыз
Оның уақыты Олардың уақыттары
6) 1-тапсырма.Диалогты оқып өзара сөйлесіңдер.
-Сағат қанша болды?
-Сағат екі.
-Сен мектепке қашан барасың?
-Мен мектепке таңертенгі сағат сегізде барамын.
-Сабақ сағат нешеде басталады?
-Сабақ сағат сегізде басталады.
-Соңғы сабақ нешеде аяқталады?
-Соңғы сабақ сағат бірде аяқталады.
-Үйірмеге қашан барасың?
-Қазақ тілі үйірмесіне сағат төртте барамын.
7)Берілген сөздерден сөйлем құрастыр.
1) Айда, күн,отыз, бір, бар.
2)Бес, бүгін, сабақ.
3)Көктем, қазір,мезгілі, жыл.
4)Төрт, мезгіл, бір, жылда.
7) Қорытынды.
Сұрақтар:
- Сендер уақыттарыңды қалай өткізесіңдер?
-Бос уақытта немен айналысасыңдар?
(Сабақты мақал-мәлдерімен аяқтау)
-«Уақыт» тақырыбына қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Үйге тапсырма:
1.«Досыңа уақытты дұрыс пайдалану мақсатында қандай кеңес айтар едің?» шағын әңгіме жазу.
Бағалау. (Сабаққа қатысқан оқушыларға баға қою )
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №18 мектеп- гимназиясы
Ашық сабақ
«Уақыт».
Мұғалім:Тусова А.Ж.
Сынып:5 «А»
2016-2017ж.
Достарыңызбен бөлісу: |