Ізғұтты Айтықовтың 90 жылдығына арналады


«Жұлдызды» түн бөлімінде батыр жерлесіміздің қалай барлаушыға келгендігі жайлы баяндалады



бет2/2
Дата31.12.2019
өлшемі201 Kb.
#54769
1   2

«Жұлдызды» түн бөлімінде батыр жерлесіміздің қалай барлаушыға келгендігі жайлы баяндалады:

Командирлердің ішінен орта бойлы, ашаңдау селеу шашты аға лейтенант шықты. Ол сапты асықпай жағалап жүріп, өзіне жауынгерлердің іріктей бастады.

- Қай жерденсің?

- Шығыс Қазасқтаннанмын.

- Көрші болдың ғой, аты-жөнін, білімін, мамандығын сұрады.

- Сегіз класс бітірдім. Бір жыл педучилищеде оқыдым. Сосын кенші болдым.

- Жақсы. Барлаушы болғың келе ме?

Ізғұтты запастағы полкте жүргенде, майданда қай бөлімде, кім болып соғысатыны туралы ойлаған жоқ. Сондықтан не деп жауап берермін білмеді.

- Қолымнан келе ме?

- Келеді.

- Онда барайын. Міне осылай Айтықов бірінші взводқа жіберілді.
Дәлізде жас жігіт икемсіздеу саусақтарымен балалайканы тыңқылдатып үйреніп отыр. Есіне өзінің үйден алып шыққан домбырасы түсті. Домбыра кішкене, бірақ үнді болатын. Әжесі осы домбыраны бір жабағы беріп жасатқан деуші еді. Бригадада қазақтар, өзбектер, қырғыздар көп болды. Олар орысша жөнді білмейтін. Ізғұтты оларға газет оқып, мақаланың мазмұнын түсіндіретін. Кейде қолына домбыратсын алып:

Бүгін дала гүлденіп жаңарғандай,

Күлтелі көк құлпырып оңлғандай.

Кешегі құм шөл дала шаңырқаған,

Бүгін қара тамаша таң қалғандай

«Ахау! Заулатшы-ай, құрбым заулатшы-ай!» - деп ән салатын. Тыңдаушылар мәз болып, тағы айтуын өтінуші еді...


Амандық хат

Ардақты, құрметті, аса қадірлі туған Анама!



Іні-қарындастарыма, Әжеме, Астайдың, Жанаттың үй-ішіне, Төленнің үй-ішіне, барлық сұраған жанның бәріне көптен-көп сәлем! Сәлем соңында: қалай, аман-есен жүріп жатысыңдар ма?

Ал менен хәл-хабар сұрағандарға: аман-есен, тамақ тоқ, көйлек көк, жалғыз ғана сіздерді ойлаймын. Қазақстаннан келген адамдардың алдынан шығып, фашистермен қалай төбелескенімізді айттым. Жақсы, кеш болды, подаркалар берді.

Ана-жан, мені ойлап ешуақытта жылаушы болма. өзімше етім өлі емес қой деп ойлаймын. Отанды босатып, фашистерді құртып, үлкен табыспен үйге қайтамын!

Ал енді амандықта жолығысқанша хош-сау болыңыздар!

Жазған Ізкенің. 20. ///. – 43 ж


Айтықовтың майдан жолы 1942 жылы жазда Сталинград түбінен басталады. Сөзге пысық еті тірі жігіт көп өтпей-ақ көптің көңілінен шықты. Саяси білімнің молдығын тез аңғарған полк комиссары оны барлаушылар взводының комсомол жетекшісі етіп тағайындады. Артынша ол өзін алғыр барлаушы ретінде де жақсы танытты. Сталинград түбінде ғана ол 22 «тіл» әкеліп, 50-ден астам фашистің көзін жойды. Міне, осындай батырымыздың ерлігі туралы «Их еменами названы улицы» жолсілтегішінде және 1983 жылдың 23 ақпанындағы «Комсомол туы» газетінде жазылған.

Айтықовтың ерлігі елеусіз қалмады. Литва жеріндегі батыр жерленген Зарасай қаласындағы бір көше біздің жерлесіміздің есімімен аталады. Белорусиядағы Полоцк қаласы ет комбинатының алдында Ізғұттының ескерткіші тұр. Батырдың туған жері Ұлан ауданында Ізғұтты Айтықов селосы бар. Тарғын селосындағы орта мектеп осы кісінің атымен аталады. Облыстағы қалалар мен селоларда Батыр атындағы көшелер бар. Бүкілодақтық Ленин комсомолының Орталық комитеті мен КСРО теңіз флоты министрлігінің шешімімен Николаев қаласындағы «Океан» зауытында жасалатын құрғақ жүк таситын ірі кемелер сериясына Ұлы Отан соғысында ерекше көзге түскен Кеңес Одағының Батыр комсомолдарының есімі берілетін болды. 1976 жылы зауыттан шыққан төртінші кеме «Ізғұтты Айтықов» аталып, ол Одесса мен Жапония аралығында жүк тасуда.

Ізғұтты Айтықовтың ............



Осындай бағалы және білім көзі болып отырған басылымдарымыз арқылы батыр жерлесіміздің есімі ешқешен ұмытылмас және Батыр жауынгер Ізғұтты Айтықовтың есімін ешкім ұмытпайды да.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет