Баламен сөйлесуге әрдайым дайын болыңыз. Жасөспіріммен диалог түрінде сөйлесіңіз, диалогта ересек адам мен жасөспірім көзқарасы тең дәрежеде болады.
Баланы қыспаққа алмаңыз, оған өз көзқарасыңызды таңбаңыз. Бірақ әрқашан жанында болыңыз және онымен әңгімелескенде әрқашан ашық болыңыз.
Бала үндемей ме, ақтарылып сөйлеспей ме? Ренжімеңіз. Бірақ егер жасөспірім бірдеңемен бөліскісі келсе, оны ықыласпен тыңдаңыз, сұрақтар қойыңыз, қолдау білдіріңіз.
* Сыпайы болыңыз, жағымсыз эмоцияларға ерік бермеңіз, баланы балағаттамаңыз, ол мұны ұмытпайды. Үйіп-төгіп ақылды кеңестер беру, ұрысу, қорқыту және т.с.с әрқашан оңай. Бірақ бұл әрекетіңізден бұдан былай балаңыз сізге ешқандай сырын сеніп айтпайтын болады. Сондықтан баланы өзіңіздің ересек досыңызды тыңдағандай тыңдаңыз.
* Баламен сөйлесудің мәнісі дәл, нақты мәселені ғана қозғайтындай болуы керек. Бұл жағдайда баланың жеке тұлғасына сын жаудыруға («сен сондайсың, сен ондайсың») болмайды. Сіз «айналма қорғаныс», өз абыройын, өз «Менін» қорғау түріндегі тойтарысқа тап боласыз. Жанжалды жағдайларды шешкен кезде, баланың тек нақты әрекеттеріне ғана баға беріңіз. Ол сізге жеке тұлға ретінде емес, оның мінез-құлқы ғана ұнамайтындығын білуі тиіс.