Қызылорда қаласы №268 орта мектеп


Жұптық жұмыс және өзара бағалау



бет2/2
Дата18.02.2017
өлшемі226,99 Kb.
#9844
1   2
Жұптық жұмыс және өзара бағалау
Негізінде жұптық жұмыс өзіне сенімі аздау балаларға жұмысқа қатысуға көп көмегін тигізді, себебі, білмегендерін жұбымен ақылдасу барысында ортақ жұптық әңгіме жүріп талқылады. Өздерінің пікірлерін барлығы дерлік ұсына алмады және менің қойған сұрақтарыма жауап беруге 3-4 оқушы ғана қатысты. Жұптармен әңгімелесу оқушылардың сабақтың негізгі идеясына байланысты не ойлайтындарын түсінуге біршама көмегін тигізді. Кейбір оқушылардың тапсырманы жылдам түсініп оңай орындаулары мені таң қалдырды. Мысалы, В деңгейлі Ә есімді сабаққа бұрын араласа бермейтін тыныш оқушы ашылып, әрі жұбымен ақылдасып жауапты дұрыс тауып отырғанын көріп, мені іштей қуаныш сезімі биледі.

Бірінші жұптасып талқылаудан кейінгі жауаптардың деңгейі төмен болды. Ал, екінші жұптасып талқылаудан кейінгі жауаптардың деңгейі жоғарырақ болды. Себебі, жауаптар сараланып, жөнделді. Әдеттегі жұптық талқылаусыз өтетін жаттығумен салыстырғанда, жауаптардың деңгейлерінде үлкен айырмашылық байқалды. Бұрын жұптық жұмыста тек А немесе В деңгейлі оқушылар ғана тапсырманы орындап С деңгейлі оқушымен талқыламай өздері ғана орындайтын. Ал, қазіргі кезде С деңгейлі оқушылар білмегендерін сұрап, жалпы тапсырманың не туралы екенін және қалай оқу керектігін түсініп отырды. Балаларға басқа оқушылардың жауаптарын тыңдау өздерінің ойларын қалыптастыруға көмегін тигізді.

«Бағдаршам» арқылы оқушылар өз жұмыстарын формативті бағалады. Жұмыс жасау кезінде формативті бағалаудың стартегиялаын пайдалану оқушыны ынталандыру, жетілдіруді көрсету мақсаттарын нақтылаудың стратегияларын пайдалану оқушыны ынталандыру және жетілдіруді көрсету мақсаттарын нақтылаудың тиімді жолы болады деп санаймын. Бағдаршамның жасыл түсін - 5 жұп, сары түсін – 1 жұп көрсетті, ал қызыл түсін – ешқандай топ көтермеді.

Балалардың жауаптары мен жасаған жұмыстарының нәтижесіне қарап , олардың сын тұрғысынан дағдыланған сабақ өткізілгені байқалды.



Сыныптағы дарынды да талантты оқушыларды анықтау мақсатында жас ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырма жеке жұмыс түрінде төртінші сабақ «Менің сүйікті рецептілерім» тақырыбында ұйымдастырылды. Жекелеген оқушылар «Ойлан, жаз, толықтыр» тапсырмасын Зонглер әдісі арқылы орындап шықты. 1тапсырма оқулықтағы кейіпкердің сүйікті тағамының рецептісін кестеге толықтырып жазып шықты. Екінші тапсырмада осы рецептіні бос кестеге толтырып жазды. Үшінші кеңейтілген тапсырмада өздерінің сүйікті рецептілерін ауызша түрде ағылшын тілінде айтып берді. Осы тапсырманы сыныптағы А деңгейлі А есімді оқушының орындай алғанын көргенде өз жұмысымның нәтиже беріп келе жатқанын түсіндім. Себебі, бірінші сабақта оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу қабілеті бүгінгі төртінші сабақтағымен салыстырғанда төмен көрсеткіште болатын. Бірақ, әлдеде де болса тілді кеңінен қолдануға ықпал жасалу керек.


Жеке жұмыс орындау барысында
Жеке жұмысты орындау барысында көмек қажет етіп отырған С деңгейлі оқушыларға ЖАДА бойынша қолдау көрсетіп, бағыт бердім. Әр түрлі деңгейдегі үш оқушыны бақылап, олар топта қалай жұмыс істейтіндерін анықтау барысында осы оқушылардың әрқайсысы ұсынылған жеке тапсырмаларды орындау кезінде қалай оқығандарына бақылау жүргіздім.

А, В, С деңгейлі оқушылардың жеке жұмыстары
Жеке жұмыстың алғашқы екі тапсырмасын А және В деңгейлі оқушылар орындай алған, бірақ грамматикалық және орфографиялық қателер жіберген, кейбір жауаптарды шатастырып жазған, тек С деңгейлі екі оқушы ғана үшінші тапсырмаға жете алмады. Бұл орындай алмаған оқушыларға не кедергі болды және оны қалай жақсартуға болады деген ой мені үнемі мазалайтын болды. Оның себебі, олар қатемен жұмыс жасамайды және білмеген тұстарын ізденіп жауабын табуға ынталанбайды. Жалпы айтқанда, олардың бойында төмен мотивация мен қызығушылықтың жоқтығы немесе өздеріне деген сенімділіктің мүлдем жоқтығы деп ой түйдім.

Мен осы жұмысты жинап алып, екі жұлдыз бір ұсыныспен бағаладым. Оқушылардың басым көпшілігі тапсырманы орындай алғандарымен, орфографиялық қателер жіберген. Оларға тапсырманы толық орындап, грамматикалық қате жібермей жұмыс жасауларын ұсындым. Осы жұмыстардың нәтижелерін ескере отырып, алдағы оқытуды түрлендіремін. Сонда, оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылықтарын оятып, оқуда кездескен қателіктерін және оқушылардың жеке жұмысты орындау кезінде туындаған қиындықтарын жөндеуге мүмкіндік аламын. Бұл формативті бағалау түрі олардың алдағы уақытта тапсырманы қалай жазу керектігін білулеріне, ұсыныспен жұмыс жасауына, тапсырма аясындағы білімдерінің дамуына, сын тұрғысынан ойлана алуларына мүмкіндік берді.



Сабақ соңындағы кері байланыста оқушылар «сабақ ұнады», «тапсырмалар ұнады», «уақыт жетпей қалды» деген сөздерді стикерге жазып мұғалімге рефлексивті көбелекке жабыстырды.

Сабақ соңындағы рефлексия

В деңгейлі Ж есімді оқушының жазған ойы:

Маған ұнағаны: «сабақтың бәрі ұнады. Басқа оқушылар ұнамаған жерлерін айтып жатыр, ал маған ұнамаған жері жоқ. Сабақ қызықты болды, апай көп қызы тапсырмалар әкелген.»

Менің ұсынысым: «Тапсырмаларды орындағанда уақыт көбірек берілсе және ойындар ойнасақ», - деп жазыпты. Тізбектелген сабақтар топтамасында өзіме ұнаған ұтымды тұстарын әр сабақтың соңында рефлексия толтыртып, не сәтті шыққанын, қандай тапсырмада оқушыларға қиындық туындайтынын, алда не білгілері келетіндерін жаздырту арқылы оқушы үнін тыңдап, бөлісіп отырған тұстарым болды.



Алдағы сабақтарда балалардың күрделілікке деген сүйіспеншіліктерін арттыратын, қызығушылықтарын оятатын тапсырмалар ұйымдастырып, олардың эмоцияларына емес танымдық аспектілеріне мән беріп, оқушыларға тілді сыныпта еркін пайдаландыруға өзімді-өзім бағыттаймын. Дәстүрлі сабақтағы 5 баллдық жүйедегі бағалау оқушының нақты қай деңгейде тұрғанын анықтап бермейді және баланың дамуына, қорытынды бағасы ретінде қабылданғанымен, нәтижеге жетуіне мүмкіндік жасамайтынына көзім жетті.
Тізбектелген сабақтар топтамасының «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модуль идеясы енгізілуінен сәтті шыққан тұстары:


  • Оқушылар формативті бағалаудың стратегияларын қолдануды үйренді;

  • Оқушылар топтарда өзара екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалауда ұсыныс жасауды үйренді;

  • Оқушылардың жұмыстарынан кейінгі алынған кері байланыстан олардың даму деңгейі мен жетістіктері жайлы хабар алдым.


Сабақ барысында туындаған қиындықтар:

  • Оқушылар сыныптасының және өз жұмыстарына шынайы баға беруге дағдыланбауы;

  • Б бақылау парағы арқылы топтардағы өзара бағалау жүргізуде рөлдердің тақырыпты ашуына қосқан үлесін емес рөлдерді қалай атқарғандарына баға бермеуі,

  • Жұптық жұмыста өз жұбын бағалаудың шынайы жүргізілмеуі.


Алдағы уақытта туындаған сәтсіздіктерді жою мақсатында төмендегі ұсыныстарды қабылдадым:


  • Балаларды сыныптастарына және өздеріне шынайы баға беруге дағдыландыру;

  • Б бақылау парағы арқылы топтардағы өзара бағалау жүргізуде рөлдердің тақырыпты ашуға үлес қосуына мән берулерін ескерту;

  • Дайын үлгі жауап бойынша жұптар өзара бағдаршам арқылы бағалауы шынайы жүргізілуі үшін сыныптағы бірнеше оқушының жұмысын оқыту.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. III (базалық) деңгей, IV басылым «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015

  2. English 7”, Т.Аяпова, З.Абильдаева, «Мектеп» баспасы, Алматы қаласы, 2012

  3. Таратпа материалдар. (Үшінші аптаның 1-2 күніндегі материалдар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет