Қызылорда қаласы



Дата29.01.2017
өлшемі347,56 Kb.
#8163
түріСабақ
Қызылорда қаласы

171 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектеп



Абенова Зухра Кеңесқызы

Мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары,өзін-өзі тану пәні мұғалімі


Мектеп Қызылорда қаласы №171 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп

Мерзімі:19.10.2016ж № 8 сабақ



Мұғалім:Абенова Зухра Кеңесқызы

Тақырып: Әсемдікке ұмтылайық

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: қарапайымдылық, жауапкершілік, әдемілік, тазалық.

Сынып 6 б Оқушылар саны:19

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігінің маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • оқушыларға қоршаған ортаның әсемдігі, адамның жан сұлулығы туралы ұғындыра отырып, қарапайымдылық қасиеті туралы түсінік беру;

  • оқушылардың жан сұлулығын дамытуға баули отырып, жауапкершілік қасиетіне үйрету;

  • оқушыларды сұлулықты, тазалықты, әсемдікті сезініп бағалай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:
Оқулық,инт тақта,

дәптер

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.

5 Т ережесін еске түсіру.


Тыныштық сәті Нұрға бөлену

2.Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтың 32-33 беттеріндегі «Қыз Жібек» жырынан үзінді оқып келу.



Сұрақтар: 

1. Жырда кім туралы айтылады?

2. Қыз Жібектің тұлға ретіндегі әсемдігін неден байқадыңдар?

3. Сұлулықты қалай түсінесіңдер?

4. Адамды сұлу ететін не нәрсе?

5. Әсем, сұлу нәрсе көргенде қандай сезімде боласыңдар?

6. Адамға сұлулық қаншалықты қажет деп ойлайсың? Неліктен?





3.Дәйексөз

 Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады.

Ғ.Мұстафин

(дәйексөзді ұлдарға,қыздарға қайталату, 2-3 баладан сұрау)



Сұрақ: Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Дәйексөзді дәптерге жаздыру.


 




4.Әңгiмелеу

Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық

Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі ұсқынсыз екен, ал екіншсі болса, келбетті, жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Ұсқынсыз екінші құлды қасына шақырып:

– Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер, -дейді.

Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да мақтаудан басқа ештеңе айттыра алмапты.

Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң:

-Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса жап жақсы жігітсің,- депті.

Сөйтсе әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды.

Патша біраз тыңдаған соң:

-Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасың ұсқынсыз болса, сенің ішкі жан дүниең ұсқынсыз екен. Бар, қазірден бастан сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – депті

Адамның ішкі дүниесі, мінезі жаман болса, сұлу келбетінің құны көк тиын.

Мәтін бойынша сұрақтар қою:

1. Патша құлдарын қалай сынады?

2.Екінші құл неліктен жолдасын жамандамады?

3. Жан сұлулығын қалай түсінесіңдер?

4. Қалай ойлайсың бірінші құлдың өзгеруі мүмкін бе? Неліктен?

5. Егер сендерге жер бетіндегі ең әсем, ең сұлу нәрсені табу тапсырылса, не істер едіңдер?




5.Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларды түрлі-түсті жүрекшелер арқылы топқа бөлемін.

Әр топтың тапсырмасын түсіндіремін.

Баяу музыка қоямын.



І-топ Өлең құрастыру

Туған жерім асқар тауым дара шың,
---------------------------------------------
Табиғатым тіршілігім, тынысым,
---------------------------------------------
Табиғат бұл біле білсең өмірің,

-----------------------------------------------------
Бағын баптап, талын өсір саясында саяла.

-----------------------------------------------------
ІІ-топ «Табиғат ғажаптары» сурет салу

ІІІ-топ. «Сұлулық сыры» тақырыбына

ой толғау жазу






6. Топпен ән айту

Әдемі

Сөзі:А.Шаяхметов

Әні:Ғ.Наурызбаев

Күн сәулесі төгілгені әдемі,

Кемпірқосақ керілгені әдемі .

Көк шалғында асыр салып жүргенде,

Көк көбелек көрінеді әдемі.
Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемі,

Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі.

Қариялар жол үстінде кездесіп,

Амандықты сұрасқаны әдемі.

Қайырмасы:

Бұл-бұл құстың сайрағаны, әдемі

Қозы-лақтың ойнағаны әдемі

Ақ боз атын ерттеп мініп атамның

Қойды өріске айдағаны әдемі.
Ақ ботаның үлкен көзі әдемі,

Әжеміздің күлген көзі әдемі.

Бәріненде жасқа толған бөпемнің ,

Тәй-тәй басып жүрген кезі әдемі.




Домбыраны баппен тартсаң әдемі,

Шарықтата әнге салсаң әдемі.

Ұлан асыр думанды той үстінде

Құрбылармен ойнап күлсең әдемі

Қайырмасы:
Бұл-бұл құстың сайрағаны әдемі,

Қозы-лақтың ойнағаны әдемі .

Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,

Қойды өріске айдағаны әдемі.





7.Үй тапсырмасы

М.Жұмабаевтың «Сұлулық сезімдері» әңгімесін оқып келу.

Дәптердегі 2-тапсырманы орындау.



Оқулықта

Беттер 33-34


Дәптер 20 бет

8.Тыныштық сәті

-Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық .



Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет