Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
С.Есқараев атындағы №27 орта
мектептің физика пәнінің мұғалімі
Cабақтың тақырыбы: §22.23.Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге
айналу заңы.
Мақсаты:
Энергия туралы түсініктерін тереңдету.
«Күй» ұғымын қалыптастыру.
Күй параметрлерімен таныстыру.
Механикалық энергия және оның түрлерімен таныстыру, анықтама беру.
Энергияны сипаттайтын өрнектер мен олардың шамаларын анықтау.
Білімдік: Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материялын
өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету.
Дамытушылық: Есте қалдыру, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ғылыми дүниетанымын арттыру, алған білімді өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге
дағдыландыру, еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Тапсырма қағаздары,бағалау парағы,семантикалық карта
Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу.Олардың сабаққа қатысуы, даярлығын тексеру.
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.Топ басшыларын сайлау.Топ басшыларына бағалау парағын беру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Кім жылдам? » сұрақ –жауап
1.Дене импульсі дегеніміз не?
2.Күш импульсі дегеніміз не?
3.Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңдар?
4.Зымыран қалай қозғалады?
5.Реактивті қозғалыс дегеніміз не?
6. Реактивті қозғалыс жылдамдығы қандай шамаларға байланысты?
7.Ең алғаш ғарышқа қашан,кім ұшты?
8. Қазақстанның ғарышкерлерін ата?
9. Жердің жасанды серігі қашан ұшырылды?
10.2015 жылдың 2-ші қыркүйегінде ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту.Оқушыларға суреттер көрсету арқылы ойларын тыңдау.
Металл шардың жоғарыдан төмен түсіп келе жатқан суреті
Серіппеге ілінген жүктің қозғалысы.
Тапсырма: Дененің күйі, жағдайы қалай өзгереді?
Достарыңызбен бөлісу: |