Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, С. Есқараев атындағы №27 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Cабақтың тақырыбы



бет2/2
Дата25.08.2017
өлшемі194,71 Kb.
#27458
1   2

Мағыныны тану.

Негізгі тапсырма жазылған қағаздар әр топқа бөлініп беріледі. Әр топ оқушысы берілген тапсырма мәтінімен танысады.



І топ тапсырмасы

Сіз, күйлі - қуаттысыз ба?

Энергия – қандай ұғым?

Механикалық күй дегеніміз не?



ІІ топ тапсырмасы

Механикалық энергия дегеніміз не?

Механикалық энергияның қандай түрлері бар?

ІІІ топ тапсырмасы

Толық механикалық энергия деп нені айтамыз?

Энергияның сақталу заңының мәнісі неде?

Әр топтан оқушы өз білімін ортаға салып, топ ішінде толық әңгіме құрастыру.



Энергия – дененің күйін сипаттайтын физикалық, скалярлық шама. Адамның күйі туралы айтқанда, оның қан қысымы, температурасы, сияқты, т.б. белгілі бір уақыт мезетіндегі жалпы жағдайын сипаттайтын мәліметтер туралы сөз етеміз.

Күй-дененің берілген уақыт мезетіндегі жағдайы.

Механикада дененің механикалық күйі сөз болады. Оны көрсету үшін 2 мәселеге тоқталуымыз керек:

1. дененің берілген уақыт мезетіндегі орны

2. дененің қалай қозғалатынын сипаттай алуымыз керек.

Олай болса, бұл - нүктенің қайыбір уақыт мезетіндегі координаталары мен жылдамдығын көрсету деген сөз. Бұлар күй параметрлеріне жатады.

Дененің немесе нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама - механикалық энергия деп аталады.



Механикалық энергия деп дененің механикалық жұмыс істей алу қабілетін айтады.

Энергияның өлшем бірлігі – (Е) Джоуль(Дж)




Потенциялық энергия

Ep=m*g*h;








кинетикалық энергия

Еk=m*v2/2;





Потенциялық энергия

Ep=k*x2/2;


Қозғалыстағы дененің энергиясы-кинетикалық энергия деп аталады.

Денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшктерінің өз ара орналасуына байланысты энергия-потенциялық энергия деп аталады.

Бір – бірімен өзара әрекеттесетін денелердің әр кинетикалық, әрі потенциялық энергиясы болады. Мұндай денелер тұйық жүйе деп аталады. Соқтығысқан шарлардың, «ЖЖС-Жер», серіппеге ілінген жүктің тербелісі, жоғары лақтырылған шардың жоғары-төмен қозғалуы кезіндегі энергияның түрленуін мысалға қарастыруға болады( сурет бойынша).

Жүйенің толық энергиясы тұрақты болады.

Етолық= Еk+ Ep=const
Энергияның сақталу заңы былай тұжырымдалады: табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді, жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге ауысады.

Қорыта айтқанда, механикалық жұмыс- ол энергия өзгерісі, ал кез келген энергиясы бар дене жұмыс істей алмайды. Ол жұмыс істеу үшін, энергия өзгеруі қажет.

ІV. Білімді бекітуге арналған тапсырмалар:

Кинетикалық энергия дегеніміз не?

Потенциалдық энергия дегеніміз не?

Дененің толық механикалық энергиясы дегеніміз не ?

Энергияның сақталу заңы қалай тұжырымдалады?

Анықтама кестесі.


р/с

физикалық шаманың атауы

белгіленуі

Формуласы

өлшем бірлігі

1

Дене импульсі










2

Күш импульсі










3

Күш жұмысы










4

Кинетикалық энергия










5

Потенциалдық энергия











Оқушыларға есептер шығарту

А) Ауызша есептеу:

1.Массасы 2 кг денені 100 м биіктікке көтерген кездегі дененің потенциялдық энергиясы? (2 кДж)

2.Массасы 40 кг дене қозғалып келе жатыр оның жылдамдығы 2м/с. Кинетикалық энергиясы неге тең? (80 дж)

3.Массасы 2 кг дене 3 м/с жылдамдықпен қозғала отырып,оның кинетикалық энергиясы неге тең? (9Дж)

4.Дене массасы 2 кг дене 5 м/с жылдамдықпен қозғала келеді.Оның импульсі? (10 кг м/с )

5.Денені 5 с кезінде 7 Н күшпен әсер еткенде Дене қандай импульс алады? (35 Н*с)



Дәптермен жұмыс жасау Б) жазбаша есептеу:

Деңгейлік есептер

I-деңгей.

1. Жер  бетінен  3,5 м  биіктікке  көтерілген  массасы  6 кг  дененің  потенциалдық  энергиясын  анықтаңыз.

2. 9 м/с  жылдамдықпен  қозғалатын  6 кг  дененің  кинетикалық  энергиясы неге  тең ?

II-деңгей.

1. Қатаңдығы  10 Н/м  серіппе  3 см-ге  сығылғанда оның потенциалдық  энергиясы  қалай  өзгереді ?

2. “Союз” сериялы ғарышкеменің массасы 6т болса, оның орбита бойымен 

8 м/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай?



III-деңгей.

Массасы 2кг жүкті 1 м биіктікке көтеру үшін F күші 78,5 Дж жұмыс жасайды.Жүк қандай үдеумен көтерілген.



V. Сабақты қорытындылау.Семантикалық карта арқылы оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін талдау

Семантикалық карта





Сұрақ

Кинетикалық энергия

Потенциалдық энергия

Серпімді деформацияланған дененің потенцалдық энергиясы

Дене импульсі

Күш импульсі

1

Қозғалып келе жатқан дене энергиясы қалай аталады?

+













2



+













3






+










4

Еп=Rx2/2







+







5

Р=mv










+




6

P=FΔt













+

7

Денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшктерінің өз ара орналасуына байланысты энергия-




+









VІ. Үйге тапсырма беру §22.23.19-жаттығу 1,4 20-жаттығу 2,4 3- кестені толтыру

VІІ. Оқушыларды бағалау


Бекітемін

« » _______ 2015 жыл

Мектеп директорының

оқу-ісі жөніндегі орынбасары

_____________ Д.Қауысов

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: §22.23.Энергия.Энергияның сақталу

және бір түрден екінші түрге айналу заңы

9 сынып
Пән мұғалімі: Т.Әменова


Жосалы кенті



2015-2016 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет