Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті
Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектеп
Сейтмамбетова Айткүл, І- деңгей
Коучинг – сессия жоспары
Күні
|
27.10.2015.ж
|
Коучингтің
тақырыбы:
|
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда сын тұрғысынан ойлауға үйретудің элементтерін пайдалану.
|
Жалпы мақсат:
|
Топ мүшелерінің сыни тұрғысынан ойлауға бағыттай отырып, өз ойларын айтуға, жаңа тәсілдерді сабақта қолдануға мүмкіндік беру
|
Сілтеме:
|
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Ресурстар
|
Оқу нәтижесі:
|
Сыни тұрғыдан ойлауды оқу үрдісінде қолдана білулеріне ықпал ету, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау, әдісті тиімді қолдану дағдыларын дамыту, топтық жұмыс орындату арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
|
Ресурстар:
|
Тренинг, постар, маркерлер, бейнесюжет, кері байланыс «Алақан суреті», үлестірмелі парақшалар
|
Оқыту әдістері:
|
«Миға шабуыл», топтастыру, топтық жұмыстар, кері байланыс
|
Тапсырмалар:
|
Топтық талдау, сыни ойлау, Постер қорғау
|
Коучинг бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Коучтың іс-әрекеті
|
Мұғалімдердің
іс-әрекеті
|
Тренинг
|
«Қағаздағы саяхат» Мұғалімдер қағаз бетіне қаламды қағаздан үзбей сурет салуы керек. Сызықтар бір бірімен қиылысуы мүмкін. Әр түсті маркер қолдануға да болады. Әр адамға 10 секунд уақыт беріледі
|
Әрқайсысы постерге ортақ сурет салуға өз үлесін қосады, кезек-кезекпен бір сызықшадан қаламның ұшын қағаздан алмай жалғастырып кету керек.
|
Топқа бөлу
Қызығушылықты
ояту кезеңі
1-тапсырма
|
Түстер арқылы топқа бөлінеді.
Коучингтің тақырыбын ашу үшін Мұғалімдерге «кілт сөздер» таратылады, құрастырылған сөздер не мағына береді?
|
Түстер бойынша топтасады
Берілген сөздерден сөйлем құрайды, мағынасын ашады, постер сызып, Постерлерін топ болып қорғайды.
|
Сергіту сәті
|
Тек көрген түсті оқыңыз
|
Көңіл-күйлерін көтеру
|
2-тапсырма
|
«Қиянат пен Аманат» қазақша мультфильмін тыңдатып, белгілі жерінде үзіп, жалғастыру
1.Тақырып қою.
2.Жазғандарын оқыту.
3. Әңгіменің қалған жерін тыңдату.
4.Салыстыру
5.Бағалау
|
Топтың әрбір мүшесі өз жазғандарын оқиды және жалғасымен салыстырады.Бағалау критерийлерін жазады
|
Қорытындылау.
|
Ой-тұжырымдарын жасайды.
|
Жаңа тақырыпты пысықтайды.
|
Кері байланыс
«Алақан»
|
Бас бармақ – не ұнады?
Балан үйрек – Жаңа не білдім?
Ортан терек – Не жөнінде ойландыңыз?
Шылдыр шүмек - Өз қоржыныма не аламын?
Кішкентай бөбек – не білігім келеді?
|
Бүгінгі сабақтан алған әсерін сұрақтарға жауап беру арқылы (жазбаша) білдіреді.
|
Рефлекция:
Мен бұл сабақта тек тапсырманы беріп жұмыс жасадым, ал мұғалімдер берілген тапсырманы өздері шешіп, қандай да бір қорытындыға жетіп отырды. Топтық тапсырмаларда мұғалімдерде ортақ проблема болды, өз идеяларымен бөлісті, пікір алмасты. Ойларын талқылап, дәлелдеді. Әр топ бір-біріне сұрақ қоя білді. Топтасып жұмыс жасаудың арқасында, сол күнгі сабақтың мазмұнын терең түсініп, игеріп алды. Көптеген мағлұматтар, жаңа ұғымдар жинақтады. Мұғалімдер тапсырмалар барысында «Миға шабуыл»жасап, топтық талдау жасай білді. Сонымен қатар, сыни ойлау дағдылары дамыды, кері байланыс жасай білді.
Достарыңызбен бөлісу: |