Картоптың зияндылығы – оның құрамында көмірсулар көп болуында. Бұлар өз кезегінде адам ағзасында қанттың мөлшерін көбейтіп жібереді. Дұрысы, картоп тағамдарын дұрыс дайындай білуді үйрену керек. Картопты қуырғаннан гөрі, қабығымен бірге қайнатып жегеніңіз және қуырылған картоптан аулақ болғаныңыз өзіңіз үшін пайдалы болмақ. Ғалымдардың зерттеуінше ерте жастағы балалар дұрыс тамақтанбағандықтан мидың жұмыс істеу қабілеті төмендейді екен. 1 жастан 3 жасқа дейін балалар миының жұмыс сітеу қабілеті жақсы жұмыс атқарады екен. Чипсиді жеген баланың ойлау қабілеті төмен болады екен. Чипсидің құрамындағы тұз көп болуы сүйектердің дұрыс өсуіне кедергі келтіреді және жүрекке әсер етеді. Қытырлауық картопқа әртүрлі дәмдеуіштер де қосылады. Сондықтан адам ағзасына аллергия пайда болуы мүмкін. Осы қытырлақ картоптың әсерінен 9 жасар бала қайтыс болды. Кішкентай қыздың денсаулығына кері әсерін тигізген. Ол өзіне тәуелді етіп қояды, семіздікке ұшыратады, ағзадағы тұздың көлемі артады. Аллергиялық және онкологиялық аурулар тудырады. Өздеріңіз байқап отырғандай осы қытырлақ картоп чипсидің адам денсаулығына зиянын анықтадық..